Жаңартылған білім беру бағдарламаларын енгізу жұмыстарының барысы педагогикалық кеңесте 2 рет қаралды. БЖБ және ТЖБ-ның орындалуын тексеру қорытындылары директор жанындағы кеңесте 4 рет қаралды.
-
2020-2021 оқу жылы
2020-2021 оқу жылында Қазақстанның білім беру ұйымдарында
жаңартылған білім беру мазмұнына толық көшу жүзеге асырылды.
Білім алушылардың, педагогтердің және басқа қызметкерлердің денсаулығын сақтау мақсатында 1-11 сыныптарда оқу қашықтық форматта ұйымдастырылды. Білім беру ұйымдарының 1-4 сыныптарының білім алушылары үшін сыныпта 15 балаға дейінгі контингенті бар ата-аналарының өтініші бойынша кезекші сыныптар ұйымдастырылды. Кезекші сыныптарда барлық сабақтар жұмыс оқу жоспарына сәйкес өткізілді. 5-11 сыныптарды қашықтан оқыту үшін икемді сабақ кестесі жасалды.
2020-2021 оқу жылында критериалды бағалау жүйесі 2-11 сыныптарда
жүзеге асырылды. Бағалауды жүргізу барысында көмек ретінде әзірленген нормативтік құқықтық актілер және әдістемелік материалдар басшылыққа алынды: «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығы (2020 жылғы 28 тамыздағы өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес); Білім беру мазмұнын жаңарту аясында орта мектеп үшін критериалды бағалау және құжаттау процедуралары бойынша нұсқаулық; Бастауыш мектеп мұғалімдері үшін критериалды бағалау бойынша басшылық; Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша басшылық: оқу-әдістемелік құрал; Сыныптар, пәндер және тілдер бойынша формативті бағалау бойынша
тапсырмалар жинағы; Сыныптар, пәндер және тілдер бойынша жиынтық бағалау бойынша тапсырмалар жинағы. Білім алушылардың жетістігін бақылау электрондық журналда жүргізілді.
Бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу жоспары мен кестесі бекітілді. Тоқсандық жиынтық бағалаудың кестесі мұғалімдерге, білім алушыларға және олардың ата-аналарына таныстырылды. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда БЖБ мен ТЖБ қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып ұйымдастырылды. Бағалау «Білім алушылардың үлгерімін, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына сәйкес өткізілді. 2-11 сыныптарда бөлімге (БЖБ) 1 жиынтық жұмыс және тоқсанға (ТЖБ) 1 жиынтық жұмыс өткізілді. 1-сыныпта бағалау жүргізілген жоқ. Мұғалімнің кері байланысы орындалған тапсырмалар бойынша түсініктемелер, рубрика, ұсыныстар беру арқылы жүзеге асырылды. Tабиғи және техногендік, әлеуметтік, карантин сипаттағы төтенше жағдайлар жағдайында формативті бағалау үшін орташа балл есепке алынды, ол журналдың жеке бағанында қойылды. Формативті бағалау үшін ең жоғары балл 2-11 сыныптарда 10 балды құрады. Педагог орындалған жұмыс көлемін, оқу
тапсырмаларын ескере отырып, білім алушылардың оқу жетістіктері үшін балл қою кезеңділігін өзі анықтады. Электрондық журнал форматының қорытынды бағасын шығару кезінде балл саны мынадай арақатынаста есептелді: 1 БЖБ мен ФБ – 50%, ТЖБ – 50 %.
Жиынтық бағалау өткізу мерзімі:
Тоқсан
| БЖБ
| ТЖБ
|
І тоқсан
| 5-15 қазан күндері аралығында
| 28 қазаннан бастап
|
ІІ тоқсан
| 3-15 желтоқсан аралығында
| 21 желтоқсаннан бастап
|
ІІІ тоқсан
| 1-13 наурыз аралығында
| 15 наурыздан бастап
|
IV тоқсан
| 3-12 мамыр аралығында
| 17 мамырдан бастап
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығы басшылыққа алынып, жиынтық бағалау жүргізу қорытындылары бойынша талдау жасалды. БЖБ және ТЖБ-ның орындалуын тексеру қорытындылары директор жанындағы кеңесте 4 рет қаралды.
-
2021-2022 оқу жылы
2021-2022 оқу жылында оқу-тәрбие процесі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, 1-11 сыныптарда дәстүрлі (штаттық) форматта оқыту түрінде жүзеге асырылды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы «31» тамыздағы № 444 бұйрығымен бекітілген Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында дәстүрлі (штаттық) 2021-2022 оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарын басшылыққа ала отырып жекелеген пәндер және пәндер бойынша белгілі бір сағаттарды қашықтан оқыту ұйымдастырылды.
Жаңартылған мазмұн бағдарламалары бойынша білім алуға көшкен сыныптардағы білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критериалды бағалау жүйесі бойынша жүзеге асырылады. 2021-2022 оқу жылында критериалды бағалау жүйесі 2-11 сыныптарда іске асырылуда. 1-сыныпта бағалау жүргізілмейді. Бағалауды жүргізу барысында көмек ретінде әзірленген нормативтік құқықтық актілер және әдістемелік материалдар басшылыққа алынды: «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» ҚР БҒМ-нің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125бұйрығы (2020 жылғы 28 тамыздағы өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес); Білім беру мазмұнын жаңарту аясында орта мектеп үшін критериалды бағалау мен құжаттарды рәсімдеу бойынша нұсқаулық; Бастауыш мектеп мұғалімдері үшін критериалды бағалау бойынша нұсқаулық; Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: оқу-әдістемелік құрал; Сыныптар, пәндер және тілдер бөлінісінде формативті бағалау бойынша тапсырмалар жинағы; Сыныптар, пәндер және тілдер бөлінісінде жиынтық бағалау бойынша тапсырмалар жинағы.
Формативті бағалау, БЖБ және ТЖБ қорытындысы бойынша (білім алушылардың оқу жетістігі) балдар электрондық журналға қойылды. Ұстаздар 2-11 сыныптарда пән бойынша ФБ, БЖБ және ТЖБ-ды «Білім алушылардың үлгерімін, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы» ҚР БҒМ-нің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына сәйкес өткізуде. Tабиғи және техногендік, әлеуметтік, карантиндік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде білім алушылардың оқу жетістіктері балл қою арқылы формативті бағалануда. 2-11 сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін формативті бағалау бір балдан 10 балға дейінгі шекте жүзеге асырылуда. Кері байланыс беру үшін электронды журналдың рубрикаторлары пайдалануда. Педагог орындалған жұмыс көлемін, оқу тапсырмаларын ескере отырып, оқу жетістіктері үшін балл қою кезеңдерін және сабақ үшін балл қойылатын білім алушылардың санын дербес айқындайды. Қорытынды бағаны электрондық журнал форматында шығару кезінде балдар саны мынадай арақатынаста есептеледі: 1 БЖБ – 25%, ФБ - 25%, ТЖБ – 50 %. «Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» оқу пәндері бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді.
1-2 тоқсанда бөлім бойынша жиынтық бағалау және
тоқсан бойынша жиынтық бағалау саны пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес айқындалып, өткізу жоспары мен кестесі құрылды. БЖБ және ТЖБ мектепте штаттық форматта, өткізу мерзімдеріне сәйкес орындалды.
1 тоқсан
Оқу пәндерінен өткізілген БЖБ саны:
Сынып
| Математика
| Әдебиеттік оқу
| Орыс тілі
| Қазақ тілі
| Жаратылыстану
| Дүниетану
| Ағылшын тілі
|
2 сынып
| 3
| 2
| 2
| 2
| 1
| 1
| 2
|
3 сынып
| 3
| 2
| 2
| 2
| 1
| 1
| 2
|
4 сынып
| 3
| 2
| 2
| 2
| 1
| 1
| 2
|
Сынып
| Алгебра,
математика
| Геометрия
| Биология
| География
| Химия
| Физика
| Информатика
| Қазақ тілі
| Қазақ әдебиеті
| Орыс тілі мен әдебиеті
| Ағылшын тілі
| Қазахстан тарихы
| Дүниежүзі тарихы
| Жаратылыстану
|
5 сынып
| 3
|
|
|
|
|
| 1
| 2
| 2
| 2
| 2
| 1
| 2
| 2
|
6 сынып
| 2
|
|
|
|
|
| 1
| 2
| 2
| 2
| 2
| 1
| 2
| 2
|
7 сынып
| 2
| 2
| 1
| 1
| 2
| 2
| 2
| 2
| 2
| 2
| 2
| 2
| 2
|
|
Сынып
| Алгебра
| Геометрия
| Биология
| География
| Химия
| Физика
| Информатика
| Қазақ тілі
| Қазақ әдебиеті
| Орыс тілі мен әдебиеті
| Ағылшын тілі
| Қазахстан тарихы
| Дүниежүзі тарихы
| Құқық негіздері
|
8 сынып
| 1
| 1
| 3
| 3
| 3
| 1
| 1
| 2
| 2
| 2
| 2
| 1
| 2
| -
|
9 сынып
| 2
| 2
| 3
| 3
| 3
| 2
| 2
| 2
| 2
| 2
| 2
| 2
| 2
| 1
|
10 (ЖМБ)
| 3
| 1
| 3
| 2
| 3
| 2
| 2
| 2
| 2
| 2
| 2
| 1
| 1
| 1
|
10 (ҚГБ)
| 2
| 1
| 1
| 1
| 3
| 1
| 2
| 2
| 2
| 2
| 2
| 1
| 1
| 1
|
11 (ЖМБ)
| 2
| 1
| 3
| 3
| 1
| 3
| 1
| 2
| 2
| 2
| 2
| 1
| 1
| 1
|
11 (ҚГБ)
| 2
| 1
| 3
| 3
| 1
| 2
| 1
| 2
| 2
| 2
| 2
| 1
| 1
| 1
|
2 тоқсан
Оқу пәндерінен өткізілген БЖБ саны:
| Математика
| Әдебиеттік оқу
| Орыс тілі
| Қазақ тілі
| Жаратылыстану
| Информатика
| Дүниетану
| Ағылшын тілі
|
2 сынып
| 3
| 2
| 2
| 2
| 1
|
| 1
| 2
|
3 сынып
| 3
| 2
| 2
| 2
| 1
|
| 1
| 2
|
4 сынып
| 2
| 2
| 2
| 2
| 1
|
| 1
| 2
|