Материал: Коммуналды мемлекеттік мекемесіні зінзі баалау орытындысы (2021202 оу жылы) Жамбыл облысы кімдігіні білім басармасы Байза ауданыны білім бліміні ани Мратбаев атындаы гимназиясы

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам


«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзін-өзі бағалау

ҚОРЫТЫНДЫСЫ

(2021-202 оқу жылы)

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзін-өзі бағалау

ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Сарыкемер ауылы «12» қаңтар 2022 жыл
1. Білім беру ұйымы туралы жалпы мәліметтер:

1) Білім беру ұйымының толық атауы:

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

2) Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекенжайы және нақты орналасқан жерінің мекенжайы):

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Қосы батыр көшесі №47 үй.

3) Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, web-сайт):

Байланыс тел:8 726 37 2-19-37, электронды пошта: gmonline.kz@yandex.kz, web – сайт: gmonline.kz

4) Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә., лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі):

Наметкулов Мухит Жанузакович, «Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2018 жылдың 19 сәуір күнгі № 98 ж-қ бұйрығымен ауыстыру тәртібімен Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназия директоры лауазымына тағайындалды. Жұмыс телефоны: 8 726 37 21937, ұялы телефоны: 8 747 0520272, e-mail: muhitn@mail.ru.

(Көшірме: 1-қосымша тіркелді).

5) Құқық белгілейтін және құрылтай құжаттары (заңды тұлғаны және жарғыны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі):

«Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы Байзақ ауданы әкімдігінің 27.07.2018 жылғы № 319 қаулысымен бекітіліп, ҚР Жамбыл облысының әділет департаменті Байзақ аудандық әділет басқармасы 03.09.2018 жылы қайта тіркеліп, БСН 031140003614 нөмірі берілді. Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 9 қаулысының 17-қосымшасына сәйкес «Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысына өзгеріс енгізіліп, тақырып мынадай редакцияда жазылды: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. ҚР Жамбыл облысы әділет департаменті Жамбыл ауданаралық әділет басқармасында 28.01.2021 жылы қайта тіркеуден өтіп, БСН 031140003614 нөмірі берілді


(Көшірме: 2-қосымша тіркелді).

6) Рұқсат беру құжаттары (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон, білім беру қызметімен айналысуға берілген лицензия және қосымшасы):

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Жамбыл облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесінің 12.02.2021 жылғы № KZ45LAA00023447 нөмірлі лицензиясы берілген. (Көшірме: 3-қосымша тіркелді).

2. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұнына қойылатын талаптар:

1) білім беру ұйымының жылдық жұмыс жоспарының болуы және МЖМБС талаптарында айқындалған жалпы орта білім берудің базалық құндылықтарына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі (ағымдағы оқу жылының жылдық жұмыс жоспарларының көшірмелері қоса беріледі):

2.1.1. 2017-2018 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысы жоспарының мақсаттары мен міндеттері
«Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2017-2018 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының жоспары (бұдан әрі оқу-тәрбие жұмысының жоспары) 2017 жылдың 31 тамыз күні өткен № 1 педагогикалық кеңесінде бекітілді.

Оқу-тәрбие жұмысының жоспары 8 бөлімнен тұрады:

І бөлім: мектептің іс әрекетінің негізгі мақсаты, міндеттері және негізгі бағыттары.

ІІ бөлім: жалпыға бірдей міндетті білім беруді ұйымдастыру жөніндегі жұмыс жоспары.

ІІІ бөлім: педагогикалық кадрлармен жұмыс.

ІV бөлім: оқу-тәрбие үрдісіне басшылық ету.

V бөлім: мектеп-гимназияның әдістемелік жұмысы.

VI бөлім: тәрбие жұмыстарының жоспары.

VII бөлім: құқықтық тәрбие жұмыстарының жоспары.

VIII бөлім: қосымшалар

Ағымдағы жағдай: жыл бойы атқарылған оқу-тәрбие жұмыстарын қорытындылағанда Қазақстандағы жаңа қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастардың қалыптасуы мен қоғамның гуманизациялануы мен демократиялану үдерістері білім беру жүйесіне де ықпал еткені айқын. Қоғамдағы өзгерістерді әлі де болса өтпелі кезеңге тән деп сипаттауға болады. Тәрбиені әлеуметтік шартты үдеріс ретінде қарайтын болсақ, әлеуметтік-экономикалық қиындықтар мен әлемдік білім беру жүйесінің дамуы білім беру үдерісінде сәулеленеді. Әсіресе үш жаһандық үрдістің әсері айтарлықтай.


Біріншіден, префигуративтік мәдениетті қоғамның жаңа түрінің қалыптасуына алып келетін әлеуметтік үдерістердің динамикасының күшеюі сынды әлемдік үрдіс.

Қазіргі кезеңде қалыптасып жатқан префигуративтік мәдениет ұрпақтардың бір-біріне ықпал ету, бір-бірін оқыту және үйрету тіпті кішілерден үлкендердің оқу үрдісін айқындайды. Соның салдарынан үлкендер мен кішілердің қарым-қатынасына негізделген білім берудің жаңа модельін қалыптастыруды талап етеді. Білім беру жүйесіне жаңа міндет туындайды: әлеуметтік өмірдің өзгергіштігі жағдайында адамдарды өмірге дайындау.

Екіншіден, әлеуметтік-саяси, дүниетанымдық және педагогикалық деңгейде тоталитаризмді жою, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды, мәдениетті тұлғаның дамуындағы басты құрамдас ретінде бағамдау үдерісі жүріп жатыр.

Үшіншіден, тұлғаны тәрбиелеуде педагогиканың теориясы мен практикасында жеке тұлғаға бағытталған тәрбиелеудің басымдығы күшейіп бара жатыр. Жан-жақты тұлға тәрбиелеу сынды тәрбиенің дәстүрлі мақсаттары тоқырап, өмірде өзін-өзі басқара, жетілдіре алатын, бүгінгі және келешек мәдениет пен қоғамға емін-еркін интеграциялана алатын, қоғамның сұранысына сай өз күшіне сеніп, өзін-өзі жүзеге асыратын тұлға тәрбиелеу қажеттілігі туындады.

Білім беру жүйесінің үдерістеріне ықпал ететін қоғамның негізгі сипаттары төмендегідей:

  • жаңа субмәдениеттердің қалыптасуына және тұрғындардың біршама бөлігінің өмір сүру деңгейіне кері әсер ететін қоғамдағы әлеуметтік жіктелу;

  • ақпарат көздері арқылы жағымсыз ақпарат тарауының күшеюі;

  • этникалық факторлардың рөлінің күшеюі;

  • кейде қоғамда діни қарама-қайшылықтар тудыратын тұлғаның рухани дамуындағы діннің рөлінің күшеюі;

  • әлеуметтендіру саласында маңызды орын алып келген жастар мен балалар қоғамдық бірлестіктерінің жойылуы.

Бұның бәрі дәстүрлі құндылықтардың маңызын жоғалтып, антиқұндылықтардың көпшіліктің санасына енгізілуі арқылы жалпыәлеуметтік құбылыс ретіндегі білім берудің нәтижелеріне кері әсер етеді.

Білім беру жүйесінің тәрбиелеушілік қызметін жүзеге асырудағы қиындықтары ретінде төмендегіні атауға болады:

  • мекемені қаржыландыру мен материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі;

  • ұжым мүшелерінің көпшілігінің экономикалық қиындықтарымен қатар педагогикалық еңбектің ерекшелігіне байланысты мұғалімдердің жүйкесіне түсетін психикалық және интеллектуалдық салмақ;

  • білім беру үдерісін мемлекеттік тілдегі ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етудің аздығы немесе олардың сапасыздығы;

  • ата-аналардың мектеппен қарым-қатынасының төмендеуі, немесе бала тәрбиесіне жауапкершілігінің азаюы.

Еліміздегі қазіргі білім беру жүйесі білім беру стратегиясын жаңарту жағдайында дамып келеді. Мақсаттар мен міндеттер айқындалған, жаңару үдерісінің бастамасы жасалды. Жылдан-жылға инновациялық іс-әрекетке көшкен мектептердің саны артып келеді.

Білім беру мекемесінің негізгі нәтижесі тек қана білім, білік және дағды ғана емес, зияткерлік, азаматтық-құқықтық, коммуникативтік, ақпараттық және басқа салалардағы құзіреттердің жиынтығы болуы тиіс. Сонымен қатар білім беру мазмұнында маңызды орынды ақпараттық құзірет (компьютерлік технологиялар), қазақ және шет тілдері, ұлтаралық түсінушілік алуы тиіс.

Мектеп-гимназия педагогтерінің жалпы санынан жоғары және бірінші санаты бар біліктілігі жоғары педагог қызметкерлердің үлесі – 58 %-ды құрап отыр. Дегенмен, мектептің педагогикалық ұжымында 20 жылдан астам еңбек өтілі бар мұғалімдердің үлесі – 44,8 %-ды құрайды. Алдағы жылдары мектеп ұжымының негізін құрайтын білікті мұғалімдердің зейнет жасына кетуіне байланысты тоқыраудың алдын алуға бағытталған жұмыстарды жүргізу қажеттігі туындап отыр.

Проблемаға бағытталған ұжымдық сараптамалық іскер ойынның нәтижесінде мектептің жағдайы мен оның одан әрі дамуына ықпал ететін 4 фактор анықталды:

  1. Сыртқы позитивтік фактор:

  • орта білім берудің мазмұнын жаңарту;

  • білім беру компоненттерінің вариативтілігі;

  • гимназия сыныптарында гимназиялық компонентті пайдалану мүмкіндігі;

  • мектеп түлектеріне еңбек нарығының кеңеюі;

  • білім беруді дамыту үшін демеушілік көмекті пайдалану мүмкіндігі.

  1. Сыртқы негатив факторлар:

  • қаржыландырудың жеткіліксіздігі;

  • отбасылардың бала мен мектеп проблемаларын шешуге қызығушылық танытпауы;

  • рухани-адамгершілік құндылықтардың кризисі;

  • БАҚ-да қазіргі мектептерді «жаман» қырынан көрсету.

  1. Ішкі позитивті факторлар:

  • мектеп дәстүрлерінің жаңару жүйесі;

  • мектеп ұжымының шығармашылық әлеуеті;

  • мектеп ұжымындағы жағымды психологиялық орта және бастамашылдық;

  • ұжымда қалыптасқан өзектің болуы;

  • қалыптасқан әдістемелік жұмыс жүйесі;

  • мектеп мұғалімдерінің 25,2 %-ының деңгейлік білімін жетілдіру курстарында білімін жетілдіруі.

  1. Ішкі негативті факторлар:

  • мектептің білім сапасы өсу динамикасының баяулығы (6-8 сыныптардағы білім сапасының төмендігі|);

  • нәтижеге бағытталған оқытудың жеткіліксіздігі;

  • педагогтардың заманауи инновациялық технологияларды және эксперименттік зерттеушілік іс-әрекетті жеткіліксіз меңгеруі;

  • ата-аналармен қарым-қатынастың әлсіздігі және ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің төмендігі;

  • жоғары сынып оқушылары арасында тиімді қоғамдық ұйымдардың болмауы;

  • кейбір оқушылар мен түлектердің азаматтық тұғырының толық қалыптаспауы;

  • озат тәжірибе тарату механизмдерінің әлсіздігі.

Ұжым мүшелерінің айқындаған сыртқы және ішкі позитивті және негативті факторларды ескере отырып, мектептің жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының мақсаты, миссиясы және басым бағыттары айқындалды:

Мектеп-гимназия миссиясы: Көшбасшы тұлға тәрбиелеу арқылы табысты мектеп қалыптастыру.

Мектеп-гимназия әдістемелік тақырыбы:

Нәтижеге бағытталған білім мен өнегелі тәрбие беру арқылы бәсекеге қабілетті табысты тұлға қалыптастыру.

Мақсаты: Нәтижеге бағытталған білім беру арқылы бәсекеге қабілетті, рухани бай, көптілді, көпмәдениетті тұлға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

- білім сапасын көтеруді тиімді басқару жүзеге асырылады;

- білім алуда ақпараттық ортаны қалыптастыру жұмыстары атқарылады;

- денсаулық сақтау және салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру қамтамасыз етіледі;

- мұғалімдердің кәсіби шеберлігі көтеріледі;

- әрбір оқушының құқығын құрметтеу, оған субъекті ретінде өзін-өзі дамытуына, реттеуіне, өзіндік сынын және тағы басқа дамыту қағидаларын айқындауына жағдай жасалады;

- оқушылардың, индивидтің өзіне тән ерекше қабілеттерін ескерген түрде, шығармашыл тұлғаның қалыптасуына қажетті

арнайы жағдай жасалады;

- мектеп-гимназиядағы дара білім алу траекториясын құру үшін және мектеп бітірген соң жемісті кәсіби өсуі үшін қажетті білім, білік дағдылары беріледі.

Ұжымның шешімімен мектеп-гимназия миссиясы мен мақсатын орындаудың, яғни табысты мектеп қалыптастырудың 10 қадамы айқындалды (Джон Макбет «Табысты мектеп критерийлері»):

  1. Мектеп ахуалы:

  • Рух

  • Патриотизм

  • Коллаборативті орта – жайлы орта

  • Статус – бедел

  • Шығармашылық орта

  1. Қарым-қатынас:

  • Мұғалім – оқушы

  • Сыпайылылық

  • Қолдау

  • Мейірімділік

  • Тәрбие

  • Интеллигенттік

  1. Сынып ахуалы:

  • Достық

  • Нәтижелілік

  • Қарым-қатынас

  • Ұйымшылдық

  • Оқу жетістігі

  • Белсенділік

  1. Оқуды қолдау:

  • Білімнің әр оқушыға қол жетімділігі

  • Ынталандыру

  • Жетістікке итермелеу

  • Үйірмелер – факультативтер

  • Сыныптан тыс іс-шаралар

  • Олимпиада, конкурстарға даярлау

  • Ғылыми жобаларға даярлау

  • Интернет ресурстар

  1. Оқытуды қолдау:

  • Мұғалімге ақпараттық-техникалық көмек беру

  • Мұғалімге білімін жетілдіруге жағдай жасау

  • Мұғалімге моральдік көмек

  • Мектепте инфрақұрылымдық жағдай жасау
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/6693