5.2.3. 2019 -2020 оқу жылы
Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясында жаңа оқу жылының басталуы, ұзақтығы, каникул кезеңі «Орта білім беру ұйымдарында 2019-2020 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 337, Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2019 жылғы 16 тамыз күнгі №441/1 бұйрығы негізінде бекітілді. 2019 -2020 оқу жылының басталу мерзімі 2019 жылдың 1 қыркүйегі болып бекітілді. Оқу жылының ұзақтығы: 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11сыныптарда – 34 оқу аптасы болып белгіленді. Каникулдар оқу жылында үш рет – күзде, қыста және көктемде беріліп, каникул уақытының ұзақтығы 39 күнді құрады. Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:
1 -11 сыныптарда: күзгі – 7 күн (2019 жылғы 29 қазан - 4 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 11 күн (2019 жылғы 31 желтоқсан – 2020 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), 1-сыныптың білім алушылары үшінші тоқсанда ұзақтығы бір апта болатын қосымша каникулға жіберілді (2020 жылғы 3-9 ақпанды қоса алғанда). Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 1 сәуір №123 бұйрығы негізінде орта білім беру ұйымдарында көктемгі демалыстың ұзақтығы - 21 күн (2020 жылғы 16 наурыздан бастап 5 сәуірді қоса алғанда ) болып белгіленді. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты 6 сәуірден бастап оқу қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 06.05.2020ж. күнгі №123-Ө бұйрығы және Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 06.05.2020ж. күнгі №197 бұйрығына сәйкес 1-11 сыныптарда оқу сабақтары 2020 жылдың 25 мамырында аяқталды. 2019-2020 оқу жылында COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейтуге байланысты каникул уақытының ұзақтығы аздап созылды.
5.2.4. 2020-2021 оқу жылы
Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясында жаңа оқу жылының басталуы, ұзақтығы, каникул кезеңі «Орта білім беру ұйымдарында 2020-2021 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 тамыз № 340, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ-нің 2020 жылғы 18 тамыз № 252-Ө, Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2020 жылғы 24 тамыз күнгі №250 бұйрығы негізінде бекітілді. 2020 -2021 оқу жылының басталу мерзімі 2020 жылдың 1 қыркүйегі болып бекітілді. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты 1 қыркүйектен бастап оқу жылы жалпы қашықтан оқыту форматында басталды. Оқу жылының ұзақтығы: 1 -сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11сыныптарда – 34 оқу аптасы болып белгіленді. Каникулдар оқу жылында үш рет – күзде, қыста және көктемде беріліп, каникул уақытының ұзақтығы 33 күнді құрады. Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері: 1-11 сыныптарда: күзгі – 10 күн (2020 жылғы 5-14 қараша аралығында), қысқы – 11 күн (2020 жылғы 31 желтоқсан – 2021 жылғы 10 қаңтар аралығында), көктемгі – 12 күн (2021 жылғы 20-31 наурыз аралығында). 1-сыныптың білім алушылары үшінші тоқсанда ұзақтығы бір апта болатын қосымша каникулға жіберілді (2021 жылғы 8-14 ақпан аралығында). Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2021 жылғы 5 мамыр күнгі №229-Ө, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің 2021 жылғы 12 мамыр күнгі №177 бұйрығына сәйкес 1-11 сыныптарда оқу сабақтары 2021 жылдың 25 мамырында аяқталды. 2020-2021 оқу жылында сыныптар бойынша оқу жылының ұзақтығына және оқу жылындағы каникул уақытының ұзақтығына қойылатын талаптар сақталды. Ауытқушылықтар болған жоқ.
5.2.5. 2021-2022 оқу жылы
Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясында жаңа оқу жылының басталуы, ұзақтығы, каникул кезеңі «Орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 27 шілдедегі №368, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің 2021жылғы 18 тамыз күнгі №229 бұйрығы негізінде бекітілді. 2021-2022 оқу жылының басталу мерзімі 2021 жылдың
1 қыркүйегі болып бекітілді. Оқу жылының ұзақтығы: 1 -сыныптарда – 33 оқу аптасы,
2-11сыныптарда – 34 оқу аптасы болып белгіленді. Каникулдар оқу жылында үш рет – күзде, қыста және көктемде берілді. Каникул уақытының ұзақтығы 30 күнді құрайды. Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері: 1-11 сыныптарда: күзгі – 7 күн (2021 жылғы 1-7 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 12 күн (2022 жылғы 19-30 наурызды қоса алғанда). 1-сыныптың білім алушылары үшін үшінші тоқсанды ұзақтығы бір апта болатын қосымша каникул уақыты беріледі (2022 жылғы 7-13 ақпанды қоса алғанда).
2021-2022 оқу жылының І жартыжылдығында сыныптар бойынша оқу жылының ұзақтығына және оқу жылындағы каникул уақытының ұзақтығына қойылатын талаптар сақталды. Ауытқушылықтар болған жоқ.
6. Алдағы 5 жылға арналған даму перспективалары:Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясының 2019-2025 жылдарға арналған гимназияның «Табысты гимназия - 2025» стратегиялық даму бағдарламасы 2019 жылдың 31 тамыз күні өткен № 1 педагогикалық кеңесінде бекітілді.
2021 жылы 5 қараша күні өткен №3 педагогикалық кеңесте «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 16.09.2021 № 472 бұйрығын басшылыққа ала отырып, Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясының 2019-2025 жылдарға арналған гимназияның «Табысты гимназия - 2025» стратегиялық даму бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, қайта бекітілді.
Мектептің миссиясы, мақсаттары мен міндеттері Пайымдау: Заманауи білім дағдылары мен мектеп құндылықтарын меңгерген түлектеріміз: рухани кемелденген, елжанды, бәсекеге қабілетті жаңашыл әрі дара тұлға ретінде мемлекет дамуына үлес қосады.
Миссия: Мемлекеттің дамуына үлес қосатын, көптілді және рухани кемелденген, саламатты тұлға қалыптастыру.
Мектептің міндеттері: -
нормативтік-құқықтық құжаттар негізінде гимназияның іс-әрекетін жергілікті басқару органдарының ұсыныстарымен реттеу;
-
гимназия компоненті есебінен тереңдетіп оқытылатын пәндердің бағдарламаларын жоғары оқу орындары мамандарымен бірлесіп жасау;
-
элективтік курстар есебінен оқу процесіне ғалымдарды тарту, ғылыми шығармашылықты дамыту;
-
гуманитарлық пәндерді оқытуда тұлғатану, тарихтану, мәдениеттану бағыттары бойынша тақырыптық жобаларды жүзеге асыру;
-
мектепішілік технопарк және модельдеу жобасын дайындау;
-
жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша «Білім инновация» мектеп-интернатымен бірлескен олимпиада мектебі жобасын дайындау;
-
«Цифрлы гимназия» жобасын жетілдіру аясында гимназия сайтын дамыту, гимназияны басқару жүйесін цифрландыру;
-
мұғалімдердің жеке қажеттіліктеріне қарай кәсіби біліктілігін арттырудың кешенді жоспарын дайындау;
-
«Гимназиялық бақылау сынағын» жүргізу тетіктерін жетілдіру, оқушылардың білім сапасына сараптамалық талдауды дамыту және цифрландыру;
-
оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған «Зияткер ата-ана» ата-аналардың қоғамдық, тәуелсіз кеңесін құру;
-
Гимназия оқушыларының статусын қалыптастыру мен моделін айқындау мақсатында «Көшбасшы шәкірт» жобасын дайындау арқылы білім алушылардың жан-жақты даму рейтингісін жасау, бағалау, марапаттау, ынталандыру жұмыстарын ұйымдастыру
-
педагог пен оқушының шығармашылық әлеуетін дамыту;
-
бастауыш, орта және жоғары буынның жекелеген пәндерді оқыту және тәрбиелеу барысында сабақтастығын белсендіру;
-
баланың денсаулығын сақтау, өз денсаулығын өзі күтуге, дене шынықтыруға мән беруге, балалардың және мұғалімдердің денсаулығын нығайтуға жағдай туғызу мүмкіндіктерін қарастыру;
-
барлық білім беру деңгейлерінде пән мұғалімдерінің нәтижелі жоғары білім беруге қол жеткізуі;
-
баланың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету;
-
оқу-тәрбие үрдісінің Қазақстандық патиротизмге, халықтық салт-дәстүр мен тарихын құрметтейтін биік мәдениетке тәрбиелеуді мұрат еткен жаңа әдістер мен материалдарды біріктіру, жетілдіру, дамыту;
-
оқыту мен тәрбиелеуде жаңа педагогикалық технологиялардың тиімділігін анықтау;
-
ұстаздардың кәсіби біліктілігін, зияткерлік деңгейін, зерттеушілік қабілетін, шығармашылық деңгейін дамыту мақсатында ғылыми-әдістемелік зертханаларын құру;
-
білім алушылардың зерттеушілік іс-әрекетін дамыту бағытында қосымша үйірмелер ұйымдастыру;
-
оқу-педагогика үрдістерін жүйелі диагностикалау;
мектеп бітірушілердің өзгермелі қоғамда оңай бейімделе алуы, білім алушылардың ізгілендіру мен адамгершілік позицияда өзін-өзі анықтап, өзін-өзі жүзеге асыруы үшін оңтайлы жағдай туғызу, икемді дағдыларды қалыптастыру.
Мектепті дамытудың басым бағыттары -
заманауи менеджмент жүйесін енгізу;
-
білім беруді дамытудың мониторинг жүйесін жетілдіру;
-
оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау;
-
мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, өмір бойы оқу;
-
мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында мұғалімдердің кәсіби қауымдастығының жұмысын тиімді пайдалану;
-
білім беру үдерісіне жеті модуль идеяларын енгізу;
-
мектептегі инклюзивті білім жүйесін жетілдіру;
-
оқушылардың метатаным және метасанасын қалыптастыру;
-
оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;
-
кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу;
-
жобалық оқытуды енгізу.
Бағдарламаны іске асыру тетіктеріСтратегиялық даму бағдарламасының құрылымы: «Табысты гимназия - 2025» стратегиялық даму бағдарламасы «Заманауи мектеп» және «Жаңа ұрпақ» кешенді жоспарынан тұрады.
«Заманауи мектеп» кешенді жоспарынан:1. «Шебер ұстаз» жобасы
2. «Цифрлы гимназия» жобасы
3. «Гимназиялық сапа» жобасы
«Жаңа ұрпақ» кешенді жоспарынан:1. «Азамат» жобасы
2. «Саламат» жобасы
3. «Тұлға» жобасы
4. «Сәтті қадам» жобасы
Күтілетін нәтижелер- Білім беру мекемесін басқаруда әрі қарай ізгілендіру және демократизациялау үрдісін дамыту жүреді.
- Гимназия түлектерінің кәсіби-ақпараттық деңгейі, өмірлік және кәсіби өзін- өзі анықтауы артады.
- Білім беруде басқарудың сапасын арттыру және жүйелеуде оқу үрдісін автоматтандыруда тиімді жұмыстар жүргізіледі.
- Білім беру үрдісіне қатысушылардың ғылыми-педагогикалық банкі және ақпараттық білім беру ресурстары құрылады.
- Гимназияның оқу-материалдық базасы нығайтылады.
- Гимназия ата-аналар мен оқушылар сұранысын жоғары деңгейде қанағаттандырады.
- Аудан ішіндегі басқа да оқу орындарымен бәсекелестігінде артықшылығы болады.
- Білім берудің жоғары сапасы қамтамасыз етіледі.
- Педагогтар мен оқушылардың ақпараттық құзыреті көтеріледі.
- Стратегиялық даму бағдарламасын іске асыру барысында жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тиімді жүзеге асатын оқу- тәрбие жұмысының үлгісі құрылады.
Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясының 2019-2025 жылдарға арналған гимназияның «Табысты гимназия - 2025» стратегиялық даму бағдарламасын жүзеге асыру барысында төмендегі индикаторларға қол жеткіздік:
-
Мектептің аудан деңгейіндегі рейтингі:
-
2016-2017 оқу жылында «Даму режиміндегі мектеп».
-
2017-2018 оқу жылында «Даму режиміндегі мектеп».
-
2018-2019 оқу жылында «Инновация режиміндегі мектеп».
-
2019-2020 оқу жылында «Инновация режиміндегі мектеп».
-
2020-2021 оқу жылында «Инновация режиміндегі мектеп».
-
2017-2018 оқу жылында Қазақстан интернет олимпиадасы рейтингісінде ІІ орын «Дарын» кубогымен марапатталды.
-
2019 жылы «Нәтижеге бағытталған білім беру жағдайында мектептегі басқару жүйесін жетілдіру» атты облыстық тәжірибелік семинарда «Табысты гимназия - 2025» стратегиялық даму бағдарламасының тұсаукесері жасалды.
-
2018-2019 оқу жылында Қазақстан интернет олимпиадасы рейтингісінде ІІ орын «Дарын» кубогымен марапатталды.
-
Мұғалімдердің сапалық құрамын тұрақтандыру, білікті жас мамандармен қамту жұмыстары жолға қойылды.
-
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру жұмыстарының жүйелі жүргізілуі нәтижесінде «Үздік педагог» республикалық байқауында екі мұғалім жеңімпаз атанды: Кудериева Бакыт Жақсылыққызы (2019 жылы), Рахметкулқызы Мөлдір (2021 жылы).
-
2019 жылы облыстық «Үздік жетекші мектеп» байқауында І орынды иеленді.
-
2019-2020 оқу жылында Қазақстан интернет олимпиадасы рейтингісінде І орын «Дарын» кубогымен марапатталды.
-
2020 жылы облысытық «Орта білім беретін үздік ұйым» грантының иегері атанды.
-
2020-2021 оқу жылында Қазақстан интернет олимпиадасы рейтингісінде І орын «Дарын» кубогымен марапатталды.
7. Кемшіліктер мен ескертулер:Ағымдағы және соңғы төрт оқу жылына талдау нәтижесінде төмендегі кемшіліктер мен ескертулер анықталды:
-
Авторлық және әдістемелік нұсқаулық дайындаған мұғалімдер үлесінің аз болуы (12%).
-
Дарынды оқушылармен жұмыс нәтижелерінің төмен болуына байланысты облыстық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жоба байқауларындағы жүлделі орындар үлесінің аз болуы.
-
«Күнделік» электронды журналында интернет байланысының нашарлығына және kundelik.kz жүйесінің техникалық тұрғыда тұрақсыз жұмыс істеуіне байланысты мұғалімдердің журналға қойған белгілерінің дұрыс түспеуі, сонымен қатар бірнеше мұғалімнің электронды журналды толтыру қағидаларын жауапкершілікпен орындамауы себебінен «өзгертулер тарихы» бөліміндегі түзетулер санының артуы.