Материал: Коммуналды мемлекеттік мекемесіні зінзі баалау орытындысы (2021202 оу жылы) Жамбыл облысы кімдігіні білім басармасы Байза ауданыны білім бліміні ани Мратбаев атындаы гимназиясы

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам


8. Қорытынды:

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзін-өзі бағалау жұмыстарының нәтижесінде мектептің бес жылдық жұмысына сараптамалық талдау жасалды.

Сараптамалық талдау қорытындысы бойынша мектепте ағымдағы және соңғы төрт оқу жылында төмендегі жетістіктерге қол жеткізілді:

    1. 2017-2018 оқу жылында облыстық рейтинг қорытындысы бойынша Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясы «Даму режиміндегі мектеп» атанды.

    2. 2018-2019 оқу жылында облыстық рейтинг қорытындысы бойынша Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясы «Инновация режиміндегі мектеп» атанды.

    3. 2019-2020 оқу жылында облыстық рейтинг қорытындысы бойынша Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясы «Инновация режиміндегі мектеп» атанды.

    4. 2020-2021 оқу жылында облыстық рейтинг қорытындысы бойынша Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясы «Инновация режиміндегі мектеп» атанды.

    5. 2019-2020 оқу жылында «Табысты гимназия - 2025» стратегиялық даму бағдарламасы бекітіліп, инновациялық жобалар жүзеге асырыла бастады.

    6. 2019 жылы облыстық «Үздік жетекші мектеп» байқауында І орынды иеленді.

    7. 2020 жылы облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым» грантының иегері атанды.

    8. 2020-2021 оқу жылында «Цифрлық мектеп» инновациялық жобасы енгізіліп, осы жоба арқылы мектепті басқару және педагогтардың кәсіби портфолиоларын қалыптастыру мүмкіндік берді.

    9. Мектептің педагогикалық ұжымын жасарту жұмыстары сәтті жүзеге асырылып, 2017-2018 оқу жылында 10 жылға дейінгі педагогикалық өтілі бар мұғалімдердің үлесі 24,3 %-ды құраса, 2021-2022 оқу жылының І жартыжылдығында 10 жылға дейінгі педагогикалық өтілі бар мұғалімдердің үлесі – 40,1 %-ға жетті. Сонымен қатар жоғары және бірінші, педагог-шебер, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы санатты мұғалімдердің үлесі 63%-дан 64,2%-ға жетті.

Қорытындылай келе 2022 жылдың 31 қаңтар күні 4, 9, 11-сыныптардың білім алушылары арасында оқыту нәтижелеріне бағалау жүргізілді. Оқыту нәтижелерін бағалауға 4, 9, 11-сынып білім алушыларының 92,8 %-ы



Источник: https://tut-files.ru/previewfile/6693