-
Уақыт пен ресурстарды пайдалану:
-
Уақыт менеджментін игеру
-
Дербес компьютерді меңгеру деңгейі
-
Интернет ресурстарды меңгеру
-
45 минут сабақ уақытын пайдалану сауаттылығы
-
Мектептегі ресурстарды тиімді пайдалану
-
Ұйымдастыру мен өзара әрекет:
-
Мұғалімдердің ұйымшылдығы
-
Мектеп персоналының ұйымшылдығы
-
Мұғалімдердің мобильділігі
-
Мұғалімдердің ауызбірлігі
-
Мұғалімдердің өзара әрекетке бейімділігі
-
Өзара әрекеттің нәтижелілігі
-
Теңдік пен әділдік:
-
Теңдік пен әділдік қағидасының сақталуы
-
Оқушыларға тең мүмкіндік беру
-
Мұғалімдердің әділдік деңгейі
-
Өзін-өзі әділ бағалау деңгейі
-
Жетістікті тану:
-
Нәтижені бағалау
-
Формативті бағалау
-
Әр оқушының ерекшелігін бағалау
-
Әділ мониторинг жүйесінің болуы
-
Мектеп пен отбасының арасындағы байланыс:
-
Ата-аналар белсенділігі
-
Мектеп пен ата-ана арасындағы сыйластық деңгейі
-
Ата-аналардың мектепті қолдауы
-
Арыз-шағым деңгейі
Табысты мектеп қалыптастырудың айқындалған он қадамы негізінде жаңа оқу жылының басымдықтары мен оны жүзеге асыру межелері белгіленді.
Мұғалімдердің сапалық құрамының мониторингі: №
| Санаты
| Оқу жылдары
|
2015-2016
| 2016-2017
| 2017-2018
|
1
| жоғары
| 40 (37,4%)
| 38 (33%)
| 38 (32%)
|
2
| І санат
| 22 (20,6%)
| 23 (20%)
| 21 (18%)
|
3
| ІІ санат
| 22 (20,6%)
| 25 (22%)
| 24 (20%)
|
4
| санаты жоқ
| 23 (21,5%)
| 29 (25%)
| 36 (30%)
|
5
| Педагогтер саны
| 107
| 115
| 119
|
6
| Жоғары және бірінші санатты педагогтер үлесі
| 62 (57.9 %)
| 61 (53 %)
| 59 (49,6 %)
|
2017-2018 оқу жылында мұғалімдердің сапалық құрамының үш жылдық мониторингінің нәтижесінде жоғары және бірінші санатты педагогтердің үлесі 8,3 %-ға төмендегенін байқаймыз. Сапалық құрамның көрсеткіштерінің төмен болуының басты факторларының бірі – мониторинг жасалған кезеңде жас мамандар үлесінің 12 %-ға артуымен түсіндіруге болады.
Жылдар бойы жинақталған тәжірибе және оқу-тәрбие үдерісін оңтайлы деңгейге жеткізуге деген құлшыныс, білім беру ісіне жаңа міндеттердің қойылуы мектеп әкімшілігін кадрлық саясатқа жаңа талаптар қоюға жетелейді:
-
педагогикалық ұжымды бір мақсатқа біріктіру;
-
жұмыс тәртібін белгілейтін нормативтік-құқықтық құжаттармен
белсенді жұмыс;
-
мектеп ұжымын жасарту және сапасын арттыру;
-
нақты талаптар мен міндеттер қою және бақылауды жүргізу;
-
педагогтардың біліктілігін арттыру жұмыстарын жүйелі жүргізу;
-
сапалы және нәтижелі жұмыс істеуге жетелейтін орта қалыптастыру;
-
қазіргі кезде мектеп штаттық кестеге сәйкес кадрлармен қамтамасыз етілгенімен, математика пәнінен білікті маманға сұраныс бар;
-
ағымдағы кезеңде бірінші және жоғары санатты мұғалімдердің үлесі қалыпты жоғары деңгейде.
Оқушылардың білім сапасы деңгейінің салыстырмалы көрсеткіші: Оқу жылдары
| Төменгі деңгей
(30 % дейін)
| Шектеулі деңгей
(31 % -50 % дейін)
| Жеткілікті деңгей
(51 % -80 % дейін)
| Оңтайлы деңгей
(81 %-100 % дейін)
|
2015-2016 о.ж.
| 15,2 %
| 17,4 %
| 54,3 %
| 13,0 %
|
2016-2017 о.ж.
| 4,2 %
| 23,4 %
| 66 %
| 6,4 %
|
2017-2018 о.ж.
| 6 %
| 12 %
| 74 %
| 8 %
|
Кестеден «төмен» және «шектеулі», «оңтайлы» деңгейдегі білім сапасы көрсеткіші динамикасының тұрақсыздығын байқауға болады. Дегенмен, «жеткілікті деңгейдегі» білім сапасы үлесінің тұрақты өсу динамикасы сақталып отыр. Негізгі мақсат: «жеткілікті деңгейдегі» білім сапасының динамикасын сақтау және «оңтайлы деңгейдегі» білім сапасын тұрақтандыру.
Білім сапасының үш жылдық мониторингі: Оқу жылдары
| 2015-2016
| 2016-2017
| 2017-2018
|
Білім сапасы
| 63 %
| 63,1 %
| 65,6 %
|
«Жеткілікті деңгейдегі» білім сапасының тұрақты өсу динамикасының нәтижесінде мектеп-гимназия оқушыларының жалпы білім сапасының да өсуін байқаймыз.
Оқу жылының аудандық рейтинг қорытындысы бойынша 2017-2018 оқу жылында Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясы «Даму режиміндегі мектеп» атанды.
2.1.2. 2018-2019 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысы жоспарының мақсаттары мен міндеттері2018 жылдың 29-тамыз күні өткен № 1 педагогикалық кеңесте ұжым мүшелерінің айқындаған сыртқы және ішкі позитивті және негативті факторларды ескере отырып
, мектептің жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының мақсаты, миссиясы және басым бағыттары айқындалды:
Пайымдау: Заманауи білім дағдылары мен мектеп құндылықтарын меңгерген түлектеріміз: рухани кемелденген, елжанды, бәсекеге қабілетті жаңашыл әрі дара тұлға ретінде мемлекет дамуына үлес қосады.
Гимназия миссиясы: Мемлекеттің дамуына үлес қосатын, көптілді және рухани кемелденген, саламатты тұлға қалыптастыру.
Гимназия әдістемелік тақырыбы: Жаңартылған мазмұнда білім беруге жағдайында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін енгізу арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру
Мақсаты: Заманауи педагогикалық зерттеу дағдыларын меңгеру арқылы үздіксіз кәсіби дамитын шебер ұстаз қалыптастыру.
Міндеттері:
- Педагогтардың біліктілігін жетілдіруі мен үздіксіз дамуына басшылық жасау.
- Мектептің даму бағдарламасын жоспарлауға және жүзеге асыруға педагогтардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
- Мемлекеттік білім беру стандарты мен оқу бағдарламаларының жүзеге асырылуын қадағалау.
- Қол жеткізілген нәтижелер мен даму деңгейі үдерісіне сараптау жасап, шығармашылық жұмысқа қолдау көрсету.
- Озық педагогикалық тәжірибенің таратылуын ұйымдастыру және қолдау.
- Кәсіби дамуды әдістемелік қолдау арқылы үздіксіз жетілуді қамтамасыз ету.
- Оқушылардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету.
Күтілетін нәтиже:
- Педагогтардың біліктілігін жетілдіруі мен үздіксіз дамуы жүзеге асады.
- Мектептің даму бағдарламасын жоспарлауға және жүзеге асыруға педагогтар белсенді қатысады.
- Мемлекеттік білім беру стандарты талаптары мен оқу бағдарламалары орындалады.
- Қол жеткізілген нәтижелер мен даму деңгейі үдерісіне сараптау жасалып, шығармашылық жұмысқа қолдау көрсетіледі.
- Озық педагогикалық тәжірибенің таратылып, мұғалімдердің кәсіби шеберлігі шыңдалады.
- Кәсіби дамуды әдістемелік қолдау жүргізіледі.
- Оқушылардың сапалы білім алуына қол жеткізіледі.
- Мектептің біліктілікті арттыру жүйесі қалыптасады.
Оқу-тәрбие жұмысының жоспары 8 бөлімнен тұрады:
І бөлім: мектептің іс әрекетінің негізгі мақсаты, міндеттері және негізгі бағыттары.
ІІ бөлім: жалпыға бірдей міндетті білім беруді ұйымдастыру жөніндегі жұмыс жоспары.
ІІІ бөлім: педагогикалық кадрлармен жұмыс.
ІV бөлім: оқу-тәрбие үрдісіне басшылық ету.