1-сыныпта бірінші жартыжылдықтың оқу материалын меңгеру деңгейіне жиынтық бағалау жүргізілген жоқ, тоқсандық бағалар тек 3 және 4-тоқсандарда қойылды. Тоқсандық баға 50% де 50% пайыздық қатынасында бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерінің негізінде қойылды. Бұл білім алушы тоқсандық бағаның 50%-ын бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелері, 50%-ын – тоқсандық жиынтық жұмыстың нәтижелері бойынша жинайтынын білдіреді. Осы екі бөліктің қосындысы тоқсанға қойылатын қорытынды бағаны көрсетеді.
1-сыныпта жылдық баға 3 және 4-тоқсандардағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің негізінде 50% де 50% пайыздық қатынасында қойылды. Жылдық бағаны есептеу үшін білім алушының бөлімдер/ортақ тақырыптар үшін алған жиынтық бағалауының және тоқсандық жиынтық бағалауының
жалпы балдары қосылды. Бұдан әрі оқу жылының балдық пайыздық мазмұны пайыздық қатынаста (50% : 50%) анықталды. Бағаларды санау электрондық журналға енгізілген формула бойынша автоматты түрде жүзеге асырылды. 5, 7 сынып оқушыларына портфолио арналды.
Мектеп-гимназия директорының бұйрығына сәйкес тоқсандық жиынтық бағалау І тоқсанда 2017 жылдың 23-26 қазан, ІІ тоқсанда 20-27 желтоқсан, ІІІ тоқсанда 12-15 наурыз, IV тоқсанда 15-22 мамыр аралығында өткізілді. Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру спецификацияға сәйкес бір параллельдегі барлық сыныптарда бірыңғай талаптар негізінде жүзеге асырылды. Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру спецификацияға сәйкес бір параллельдегі барлық сыныптарда бірыңғай талаптар негізінде жүзеге асырылады. Мектеп үйлестірушісі жиынтық бағалаудың балдарын қою кезеңінде арнайы кестеге сәйкес мұғалімдердің балл қою үдерісіне қатысты мониторинг жүргізіп, тоқсан соңында білім алушылардың нәтижелеріне талдау жасап, өңірлік үйлестірушіге өткізіп отырды.
Жаңартылған білім беру бағдарламаларын енгізу жұмыстарының барысы директор жанындағы кеңесте 3 рет қаралды.
Бағалаудың жаңа жүйесі мұғалімнің ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді және ата-аналармен тығыз байланыс орнатуды талап етеді. Білім алушылардың ата-аналарына бағалаудың жаңа жүйесінің мақсаты мен негізгі принциптері түсіндіру мақсатында, 1 «А», 1 «Ә», 1 «Б», 1 «В» сынып мұғалімдері Қ. Абдиходжаева, З. Қожахметова, С. Кусемисова, Ж. Сейткулова ата-аналар үшін практикалық тренингтер, шеберлік сыныптарын өткізді. Мұғалімдер, ата-аналар жиналысын критерийлері алдын-ала белгілі тапсырмалар тарату, дескрипторларды талқылау және ата-аналармен топтық және жұптық жұмыс жүргізу арқылы, сабақ түрінде өткізді. Сабақта ата-аналарға да олардың балаларына берілген сияқты өзін-өзі бағалауға, өзара бағалауға, нәтижелерді талқылауға мүмкіндіктер берілді. Ата-аналар жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқу процесімен танысып, бағалау механизмдерін түсініп, өз балаларының жетістіктерімен бөлісіп, жаңартылған бағдарлама туралы практикаға бағытталған нақты ақпарат алды. Бұл тәжірибе жаңа білім стандартын ата-аналардың түсінуі мен қанағаттануын қамтамасыз етудің үлгісі болып табылды.
-
1 ... 122 123 124 125 126 127 128 129 130
2018-2019 оқу жылы
2018-2019 оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес критериалды бағалау жүйесіне 1,2,3,5,6,7,8 сыныптар көшті. Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасында қолданылатын негізгі құжаттар: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), оқу бағдарламасы, оқу жоспары, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық, қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы, жиынтық бағалауға арналған ұсыныстар.
Бағалау бойыша басшылыққа алатын негізгі құжаттар тізімі:
– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы №265 бұйрығы “Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидалары”;
– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы №52 бұйрығымен бекітілген «Білім алушылардың білімін бағалау өлшем шарттары”;
– 2018-2019 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат;
– Пән мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық.
Бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу жоспары мен кестесі бекітілді. Тоқсандық жиынтық бағалаудың кестесі мұғалімдерге, білім алушыларға, олардың ата-аналарына таныстырылды. «Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру» пәндері бойынша жиынтық бағалау жүргізілмеді. Тоқсанның («Дене шынықтыру»), жарты жылдықтың («Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка») және оқу жылының соңында аталған пәндерден «есептелінді»/«есептелінген жоқ» деген белгі жазылды. Формативті және жиынтық бағалау тапсырмаларын пән мұғалімдерінің өзі дайындады. Тілдік пәндерден жиынтық бағалау сөйлеу әрекетінің төрт түрі бойынша жүргізілді (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым). Тыңдалым (тыңдау) және айтылым дағдыларын бағалау жиынтық бағалауды өткізу жоспарланған аптаның ішінде сабақтың барысында жүргізілді. Білім алушылардың тоқсандағы оқу жетістіктерінің нәтижелері бойынша жазбаша түрде өткізілетін жиынтық бағалауда объективтілік және ашықтықты қамтамасыз ету үшін модерация жүргізілу ұсынылды. Балл түріндегі білім алушылардың жиынтық бағалау нәтижелері балдарды бағаға ауыстыру шәкілі бойынша тоқсандық және жылдық бағаларға ауыстырылды. Формативті бағалау нәтижелері тоқсандық және оқу жылының бағасын қою кезеңінде есепке алынбады.Тоқсандық баға бөлім (ортақ тақырып) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау қорытындысының негізінде 50%-да 50% пайыздық арақатынаста қойылды. 1-сыныпта бірінші жарты жылдықтың оқу материалын меңгеру деңгейіне жиынтық бағалау жүргізілген жоқ, тоқсандық бағалар тек 3 және 4 тоқсандарда қойылды.Тоқсандық баға 50% де 50% пайыздық қатынасында бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерінің негізінде қойылды. Бұл білім алушы тоқсандық бағаның 50%-ын бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелері, 50%-ын – тоқсандық жиынтық жұмыстың нәтижелері бойынша жинайтынын білдіреді. Осы екі бөліктің қосындысы тоқсанға қойылатын қорытынды бағаны көрсетеді. 1-сыныпта жылдық баға 3 және 4-тоқсандардағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің негізінде 50% де 50% пайыздық қатынасында қойылды. Жылдық бағаны есептеу үшін білім алушының бөлімдер/ортақ тақырыптар үшін алған жиынтық бағалауының және тоқсандық жиынтық бағалауының жалпы балдары қосылды. Бұдан әрі оқу жылының балдық пайыздық мазмұны пайыздық қатынаста (50%:50%) анықталды. Бағаларды санау электрондық журналға енгізілген формула бойынша автоматты түрде жүзеге асырылды.
Мектеп үйлестірушісі Ш. Молдахалықованың ұйымдастыруымен мектеп мұғалімдеріне арналған
«Жаңартылған білім мазмұны-заман талабы» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Семинар-практикум барысында бөлім бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру үшін нақты ұсыныстар айтылды: БЖБ саны оқу бағдарламасына сәйкес анықталады, өткізу ұзақтығы 15-20 минуттан артық болмағаны ұсынылды. 15-20 минуттық шектеу шартты болып келеді, бұл – сабақтың бір бөлігін қамтитын, шағын тапсырмалардан тұратын бағалау жұмыстарын қолдану қажет екендігін көрсетеді. БЖБ-ды қандай түрде (бақылау, практикалық, шығармашылық жұмыс, проект, ауызша сұрау, эссе және т.б.) және қай сабақта өткізетінін мұғалім өз бетінше анықтады. БЖБ тапсырмаларын құрастыру кезінде тек өтілген материалдарды ғана қамту керек екендігі пән мұғалімдеріне ескертілді. БЖБ үшін тапсырмалар мен дескрипторларды пән мұғалімдері өз бетінше құрастырды (әдістемелік нұсқаулықта берілген тапсырмаларды қолдануға рұқсат етілді). БЖБ өткізу тоқсан аяқталғанға дейін кемінде 1 апта бұрын жоспарланды. Мұғалімге кез келген қолжетімді және қолайлы формада (электрондық күнделік арқылы ақпараттандыру қарастырылуда) БЖБ нәтижелері туралы оқушыны, ата-ананы ақпараттандыру қажет. Тоқсандық бағалау жұмыстарын және балдарды қою кестесін әзірлеу бір параллельдегі барлық сыныптар үшін біркелкі тест спецификациясы негізінде жүзеге асырылды. Тоқсандық жиынтық жұмыс бір параллель үшін бірдей жағдайда өткізілді.Тоқсандық жиынтық жұмыстар әр түрлі болуы мүмкін (тест, сынақтар, бақылау жұмысы және т.б.).Тоқсандық жиынтық бағалаудың орындалу уақыты 40 минутты құрады. .Жаңартылған білім беру бағдарламаларын енгізу жұмыстарының барысы педагогикалық кеңесте 2 рет, директор жанындағы кеңесте 1 рет қаралды.
-
2019-2020 оқу жылы
2019-2020 оқу жылында критериалды бағалау жүйесі 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9, 10-сыныптарда жүзеге асырылды. Мұғалім бағалауды мұғалімдерге, ата-аналар мен білім алушыларға көмек ретінде әзірленген нормативтік-құқықтық актілер мен әдістемелік материалдарға сәйкес өткізді:
– «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 14 маусымдағы №272 бұйрығы;
– «2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат;
– Жаңартылған білім беру мазмұны аясында орта мектептерге арналған критериалды бағалауды құжаттандыру және рәсімдеу бойынша нұсқаулық;
– Пән мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;
– Негізгі және орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау.
Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясында 1-10 сыныптар бойынша күнделікті оқу үдерісінде қалыптастырушы бағалау жүргізілді. ӘБ жетекшілері БЖБ алу кестелерін жасап, бекітіп отырды. Жоспарға сәйкес БЖБ және ТЖБ-лар уақытылы алынып, тексеріліп, бағалары электронды журналға қойылды. Мектеп үйлестірушісі алдын ала ТЖБ өткізу кестелерін жасап, бекітті. Оқу пәндерінің күрделілік деңгейін есепке ала отырып, бір күнде үштен артық ТЖБ және ТЖБ тоқсан аяқталатын соңғы күні өткізуге болмайтындығы ескерілді. Тоқсандық жиынтық бағалаудың орындалу уақыты 40 минутты құрады. Мұғалімдер оқу бағдарламасына сәйкес, бірінші тоқсанда өткен оқу материалының мазмұны бойынша жиынтық жұмыстардың тапсырмаларын әзірледі. 1-сыныпта бағалау жүргізілген жоқ. «Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру» пәндері бойынша жиынтық бағалау жүргізілмеді. Тоқсанның («Дене шынықтыру»), жарты жылдықтың («Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка») және оқу жылының соңында аталған пәндерден «есептелінді»/«есептелінген жоқ» деген белгі жазылды. 2019-2020 оқу жылының ІV тоқсанынан бастап елімізде орын алған пандемияға байланысты білім алушылар қашықтан оқытуға көшірілді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым миниистрінің 2020 жылғы «8» сәуірдегі №135 бұйрығының 2-қосымшасы «Қашықтықтан оқыту жағдайында жиынтық жұмыстарды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» мұғалімдерге таныстырылды. Мектепте оқу пәндерін, өткізу күні мен уақытын көрсете отырып, бөлімдік жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалауды тапсырудың икемді кестесі жасалды.
1-10-сыныптарда: апталық жүктемесі 2 және одан артық сағатты құрайтын оқу пәндері бойынша 1 БЖБ және 1 ТЖБ жүргізілді. Оқу жүктемесі аптасына 1 сағатты құрайтын оқу пәндерінен бөлім бойынша 1 жиынтық жұмыс жүргізілді. 11-сыныпта оқу пәндері бойынша бақылау жұмыстары жүргізілді. БЖБ өткізу мерзімі: оқу жүктемесі аптасына 2 және одан артық сағатты құрайтын оқу пәндері бойынша 2020 жылғы 4-11 мамыр, оқу жүктемесі аптасына 1 сағатты құрайтын оқу пәндері бойынша – 2020 жылғы 11-15 мамыр. 1-10-сыныптарда ТЖБ, ал 11-сыныпта бақылау жұмысын өткізу мерзімі: 2020 жылғы 18-22 мамыр. БЖБ мен ТЖБ саны бір күнде үш жиынтық жұмыстан аспауы тиіс.