Үлгерімі 100%, білім сапасы 79,5%
№
| Предмет: Русский язык и литература для 11 класса с казахским языком обучения и казахский язык с русским языком обучения
|
Кол-во участников
| оценка "5"
| оценка "4"
| оценка "2"
|
Всего
| с каз. яз. обуч
| с рус. яз. обу
| Всего
| %
| с каз.яз. обуч
| с рус.яз. обу
| Всего
| %
| с каз. яз. обуч
| с рус.яз. обу
| Всего
| с каз. яз.обуч
| с рус. яз. обу
|
1
| 49
| 39
| 10
| 21
| 42,8
| 17
| 4
| 24
| 49,0
| 19
| 5
| 0
| 0
| 0
|
Үлгерімі 100%, білім сапасы 91,8%
11 сыныптарда әрбір пән бойынша жазбаша емтихандар, тестілеулер өткеннен кейін комиссия сол күні білім алушыларға емтихан бағалары мен қорытынды бағаларын қойып, хаттамаға енгізді. Бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз баға алған 11 сынып мектеп бітірушілері болған жоқ.
Қорытынды аттестаттау қорытындысы бойынша білім сапасында өзгеріс болған жоқ. «Алтын белгі» төс белгісінен үміткер жаратылыстану-математикалық бағыттағы қазақ сыныбының оқушылары Абдуқахар Ақбопе, Қарсақбаева Жанель, орыс сыныбының оқушысы Павлова Лиана және ерекше үлгідегі аттестатқа үміткер Айтех Жамбыл, Сыздыкова Дильназ, Рашидова Рамина барлық пәндерден бестік алып, өз білімдерін ақтады.
Педагогикалық кеңестің шешімі:
– 9 сынып бітірген 90 оқушыға негізгі мектепті аяқтағаны туралы аттестат берілсін.
– Негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымшаға енгізілетін оқыған барлық пәндерден "5" деген бағасы бар
9 «Б» сынып оқушысы Исаева Сая, Омарова Аяулым, Ахметова Сымбат және
9 «В» сынып оқушысы Бекзат негізгі орта білім туралы үздік аттестат беріліп, мақтау қағазымен марапатталсын.
– 11 сынып бітірген 43 оқушыға
жалпы орта білім туралы аттестат беру.
– Жақсы мінез-құлық танытқан және 5-11 сыныптар аралығында барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағалары "5" болған және жалпы орта білімі бойынша қорытынды аттестаттаудан "5" деген бағаға өткен Абдуқахар Ақбопе, Қарсақбаева Жанель, Павлова Лианаға жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаты және "Алтын белгі" белгісі берілсін. 10 және 11 сыныптардағы оқу кезеңінде барлық оқыған пәндерден жылдық, қорытынды және қорытынды аттестаттаудағы бағалары "5" болған Айтех Жамбыл, Сыздыкова Дильназ, Рашидова Раминаға жалпы орта білім туралы үздік аттестат берілсін.
Гимназия директорының 2021ж. 14 маусым күнгі №96, №97 бұйрығымен 9 сынып бітірген 94 оқушы және 49 мектеп бітіруші мектеп есебенен шығарылды.
Мектеп бітірушілердің жұмыспен қамтылуы:
(Жалпыға бірдей міндетті білім беру штабы отырысында қаралды)
№
| Сынып
| Мектеп бітірушілер саны
| ҰБТ-ге қатысқандар
(маусым)
| ЖОО-на түскендер
| Колледжге түскендер
| ТМД және Шет елге оқуға түскендер
| Оқуға түспегендер
|
Грант
| Ақылы
| Грант
| Ақылы
| Грант
| Ақылы
|
|
1
| 11 «А»
| 20
| 19
| 13
| 6
| -
| -
|
|
| 1
|
2
| 11 «Ә»
| 19
| 18
| 9
| 7
| 1
| 1
|
|
| 1
|
3
| 11 «Б»
| 10
| 9
| 1
| 4
| 1
| 1
|
| 2
| 1
|
| Барлығы
| 49
| 46
| 23
| 17
| 2
| 2
|
| 2
| 3
|
2020-2021 оқу жылындағы «Алтын белгі» иегерлерінің саны
| Үздік аттестат иегерлерінің саны
| Оның ішінде ЖОО түскені
| Оның ішінде грант иегерлері
|
3
| 3
| 5
| 5
|
«Серпін» бағдарламасы бойынша Тұршақбай А., Кеңес А. (Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті) грант иегері атанды.
-
1 ... 120 121 122 123 124 125 126 127 ... 130
2021-2022 оқу жылы
2021-2022 оқу жылының басында мектеп бітірушілер саны – 52 болды. 11 «А» сыныбында – 16 оқушы, 11 «Ә» сыныбында – 7 оқушы, 11 «Б» сыныбында – 21 оқушы,
11 «Б» сыныбында – 8 оқушы. «Алтын белгіге» үміткер – Маматкулова Пакизат, Сабит Фатима, Сарсенбай Гүлназ, Раушанбекова Акниет, Құралова Адэма. Үздік аттестатқа үміткер Елемесова Мадина.
9 сынып оқушылар саны 88. 9 «А» сыныбында – 20, 9 «Ә» сыныбында – 18, 9 «Б» сыныбында – 20, 9 «В» сыныбында – 21, 9 «Г» сыныбында – 9 оқушы.
Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясының 31.08.2021ж. №1 педагогикалық кеңесте
2021-2022 оқу жылына арналған мектеп түлектерін қорытынды аттестаттауға дайындау бойынша бұйрық шығарылып, дайындық жоспары бекітілді. Қосымша сабақтар кестесі құрылды.
11«А» сыныбында
Дүйсенбі – қазақ тілі, қазақ әдебиеті
Сейсенбі – алгебра және анализ бастамалары
Сәрсенбі – Қазақстан тарихы
Бейсенбі – таңдау пәні
Жұма – орыс тілі мен әдебиеті
11«Ә» сыныбында
Дүйсенбі – алгебра және анализ бастамалары
Сейсенбі – қазақ тілі, қазақ әдебиеті
Сәрсенбі – орыс тілі мен әдебиеті
Бейсенбі – Қазақстан тарихы
Жұма – таңдау пәні
11«Б» сыныбында
Дүйсенбі – қазақ тілі, қазақ әдебиеті
Сейсенбі – алгебра және анализ бастамалары
Сәрсенбі – Қазақстан тарихы
Бейсенбі – орыс тілі мен әдебиеті
Жұма – таңдау пәні
11«В» сыныбында
Дүйсенбі – русский язык, русская литература
Сейсенбі – алгебра және анализ бастамалары
Сәрсенбі – история Казахстана
Бейсенбі – таңдау пәні
Жұма – казахский язык и литература
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін, олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім болғандықтан жыл бойы қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары жүргізіліп, дайындық жұмыстарының барысы директор жанындағы кеңесте және педагогикалық кеңесте қаралуда. Мектеп түлектеріне айына 1 рет байқау сынақтарын өткізу жоспарланды.
5.11.2021ж. өтілген №3 педагогикалық кеңестің күн тәртібінде мектеп түлектерін қорытынды емтиханға дайындау мәселелері қаралды.
І тоқсан барысында мектеп түлектерінен «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен бақылау жұмысы, Қазақстан тарихы және таңдау пәндерінен 2 рет байқау сынама тесті алынды. Бақылау жұмысының қорытындысы бойынша жоғары көрсеткішті 11 «Ә» сыныбы көрсетті (білім сапасы-71%, үлгерімі-100%), ал төмен көрсеткішті 11 «В» сыныбы көрсетті ( білім сапасы-42,8%, үлгерімі-100%). 11 «А» сынып оқушысы Тажикенов Дияс, 11 «Б» сынып оқушысы Асанов Айдын бақылау жұмысынан «2» алған. 11 «А», 11 «Б», 11 «В» сынып оқушыларының басым бөлігі алғашқы функция, анықталмаған интеграл қасиеттерін, қисықсызықты трапецияның анықтамасын біледі және оның ауданын табу үшін Ньютон-Лейбниц формуласын қолдана алады. Алайда, айналу денесінің көлемін анықталған интеграл көмегімен есептеу формуласын қолданып есептеуде қате жіберген. 11 «Ә» сыныптың басым бөлігі «Алғашқы функцияны табу», «Анықталған интеграл», «Дененің көлемін интегралды қолданып есептеу» тақырыптарын жақсы меңгерсе, оқушылардың 29%-ы «Қисық сызықты трапецияның ауданын табу» тапсырмасында қателескен. Оқушылар формуланы дұрыс қолданғанымен, көбінесе арифметикалық есептеуден қате жіберген. Алынған 2 тест қорытындысы бойынша Қазақстан тарихы пәнінен түлектердің білімі төмен екені анықталды. Соңғы тест нәтижесін алдынғы сынама тест қорытындысымен салыстырғанда мектеп бойынша жалпы орташа балл -4,2 балға төмендеген. Таңдау пәндері бойынша 11 «А» сыныбында өсу динамикасы математика (+1,5 балл), география (+3 балл), 11 «Б» сыныбында ағылшын тілі (+1,9 балл), казақ тілі (+10 балл), 11 «Б» сыныбында математика (+1балл) пәні бойынша байқалды.
Педагогикалық кеңестің шешімі:
– Қазақстан тарихы, таңдау пәндері бойынша дайындық жұмыстары күшейтілсін. Жауапты: Жарылғапова Ж., Курманбаева Н., Байманова А.
– Бақылау жұмысынан «2» алған оқушылармен жеке жұмыс жүргізілсін. Жауапты: Абдураманов Р.
– Өткізілген сынама жұмысының қорытындысымен ата-аналар таныстырылсын. Жауапты: сынып жетекшілері.
9.01.2022ж. өтілген №4 педагогикалық кеңестің күн тәртібінде “Алтын белгі”, ерекше аттестатқа үміткерлермен жұмыс барысы қаралды.
«Алтын белгіге» үміткер – Маматкулова Пакизат, Сабит Фатима. Үздік аттестатқа үміткер Елемесова Мадина.
І жартыжылдықта үміткерлерден «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен бақылау жұмысы, ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе алынды. Бақылау жұмысының және эссе қорытындысы бойынша үміткерлер жақсы нәтиже көрсетті. Орыс тілі пәні бойынша дайындық деңгейін және үміткерлердің коммуникативті-тілдік құзіреттілігінің қалыптасу деңгейлерін анықтау мақсатында сынама жұмысы (тест) өткізілді. Тест үш блокқа бөлінген 40 сұрақтан тұрды: лексико-грамматикалық блок, «Тыңдалым» блогы, «Оқылым» блогы. Тест нәтижесі бойынша үміткерлер орыс тілін жақсы менгергені анықталды. 1-2 тоқсанда 4 рет байқау сынағы алынды. Өткізілген байқау сынақтарының қорытындысы бойынша «Алтын белгіге» үміткер оқушылардың көрсеткіштері өсуде, ал үздік аттестатқа үміткер Елемесова Мадинаның көрсеткіштері баяу көтерілуде. Соңғы тест нәтижесі бойынша Маматкулова Пакизат, Сабит Фатиманың орташа балы 100 балдан асып тұр.