Материал: Коммуналды мемлекеттік мекемесіні зінзі баалау орытындысы (2021202 оу жылы) Жамбыл облысы кімдігіні білім басармасы Байза ауданыны білім бліміні ани Мратбаев атындаы гимназиясы

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
2020-2021 оқу жылы

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2020-2021 оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталды. Оқу жылының басында 11 сыныпта 53 мектеп бітіруші білім алды. 11«А» сыныбында – 21 оқушы, 11 «Ә» сыныбында – 22 оқушы, 11 «Б» сыныбында – 10 оқушы. 9 сынып оқушылар саны 91 болды. 9 «А» сыныбында – 23 оқушы, 9 «Ә» сыныбында – 24 оқушы, 9 «Б» сыныбында – 22 оқушы, 9 «В» сыныбында – 22 оқушы. «Алтын белгіге» үміткер – 3 оқушы (Абдуқахар Ақбопе, Қарсақбаева Жанель, Павлова Лиана), үздік аттестатқа үміткер 4 оқушы (Айтех Жамбыл, Сыздыкова Дильназ, Рашидова Рамина, Іскендирова Бірғаным) болды.

Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясының 29.08.2020ж. №1 педагогикалық кеңесте

2020-2021 оқу жылына арналған мектеп түлектерін қорытынды аттестаттауға дайындау бойынша бұйрық шығарылып, дайындық жоспары бекітілді. Қосымша сабақтар (қашықтан оқыту) кестесі құрылды.

Дүйсенбі – қазақ тілі, қазақ әдебиеті/ русский язык, русская литература

Сейсенбі – алгебра және анализ бастамалары

Сәрсенбі – таңдау пәндері

Бейсенбі – тарих

Жұма – орыс тілі мен әдебиеті/ казахский язык и литература

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін, олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім болғандықтан жыл бойы қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары жүргізіліп, дайындық жұмыстарының барысы директор жанындағы кеңесте 6 рет, педагогикалық кеңесте 5 рет қаралды.

9.11.2020ж. өтілген №3 педагогикалық кеңестің күн тәртібінде мектеп түлектерін қорытынды емтиханға дайындау мәселелері қаралды.

1 тоқсанда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты мектеп түлектерін қорытынды аттестаттауға дайындау қашықтан өткізілді. Тоқсан барысында «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен алынған бақылау жұмысы, ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) жазылған эссе, Қазақстан тарихы және таңдау пәндерінен алынған сынама тест қорытындылары қаралды. Бақылау жұмысының қорытындысы бойынша ең төмен көрсеткішті 11 «А» сыныбы көрсетті ( білім сапасы-29%, үлгерімі-82%). Бегалиев А., Исламбек А. және Тлеуқұл А. «2» алған. 25% білім сапасын 11 «Ә» сыныбы көрсетті (үлгерімі-80%) Бахтыгалиев Ш., Дуйсенгалиев А., Абдуалиев Б., Жеденов Д. «2» алған. Қазақстан тарихы пәнінен де түлектердің білімі төмен екені анықталды.Соңғы сынама тестінде 11 «А» сыныбының 3 оқушысы, 11 «Ә» сыныбының 5 оқушысы, 11 «Б» сыныбының 2 оқушысы «2» алған. Көрсеткіштің нашарлауы
білім алушылардың қашықтықтан білім алуы, өз бетінше жұмыс істей алмауы және жаз бойы өз білімдерін жетілдірмеуі себеп болды.

Педагогикалық кеңестің қабылдаған шешімі:

– Қорытынды аттестаттауға дайындауда эссе жазу бойынша қосымша материалдар, көркем әдебиеттер, аргументтер жинату, грамматика бойынша түсіндіру жұмыстар жүргізілсін. (жауапты: Кудериева Б., Салимова А.).

– Алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы және таңдау пәндерінен түзету жұмыстарын жүргізіліп, тарау бойынша қайталау, түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізілсін (жауапты: пән мұғалімдері).

9.01.2021ж. өтілген №4 педагогикалық кеңестің күн тәртібінде:

“Алтын белгі”, ерекше аттестатқа үміткерлермен жұмыс барысы қаралды.

«Алтын белгіге» үміткер Абдухакар Ақбөпе, Қарсақбаева Жанель, Павлова Лиана, үздік аттестатқа үміткер Айтех Жамбыл, Іскендірова Бірғаным, Сыздыкова Дильназ, Рашидова Рамина. І жартыжылдықта үміткерлерден айына 1 рет «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен бақылау жұмысы, ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе, Қазақстан тарихы, таңдау және орыс сыныптарында қазақ тілі және қазақ сыныптарында орыс тілі пәндерінен мектепішілік сынама жұмысы (тест) алынды. Бақылау жұмысының қорытындысы бойынша барлық үміткерлер жақсы нәтиже көрсетті. Тек Іскендірова Бірғаным алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы пәнінен төмен көрсеткіш көрсетті. І жартыжылдықта ҰБТ-ге дайындау мақсатында 6 рет байқау сынағы алынды. Өткізілген байқау сынақтарының қорытындысы бойынша «Алтын белгіге», Үздік аттестатқа үміткер оқушылардың көрсеткіштері баяу көтерілуде. Соңғы тест нәтижесі бойынша Абдухакар Ақбөпе, Айтех Жамбыл, Қарсақбаева Жанель, Павлова Лиананың орташа балы 90 балдан енді асты. Көрсеткіштердің төмен болуы 1-2 тоқсанда қашықтан оқытылуы себеп болды.

Педагогикалық кеңестің шешімі:

– «Алтын белгіге», үздік аттестатқа үміткер оқушылармен қосымша жеке жұмыс жүргізілсін (жауапты пән мұғалімдері);

– Үздік аттестатқа үміткер Іскендірова Б. білім сапасының төмендеуіне байланысты дайындық жұмыстары күшейтілсін.

– Қорытынды аттестаттау өткізу үшін комиссия құрылсын.

Қорытынды аттестаттау өткізу үшін гимназия директорының бұйрығымен (№5) комиссия құрылды.

30.03.2021ж. өтілген №6 педагогикалық кеңестің күн тәртібінде:

– “Алтын белгі”, “Үздік аттестат” ерекше үлгідегі негізгі орта білім туралы аттестатқа үміткерлердің тізімін бекіту.


– Оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындау. Оқу жылын аяқтау, бітіру емтихандары жөніндегі нұсқауды талқылау. Оқушыларды мемлекеттік қорытынды аттестаттауға жіберу және мемлекеттік емтиханнан босату мәселелері қаралды.
"Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 265 бұйрығына сәйкес:
– Негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымшаға енгізілетін оқыған пәндерден "5" деген бағасы бар 9 сынып бітірушілеріне "Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік аттестат беріледі.

– 10 және 11сыныптардағы оқу кезеңінде барлық оқыған пәндерден жылдық, қорытынды және қорытынды аттестаттаудағы бағалары "5" болған 11-сынып бітірушілеріне № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.

– Жақсы мінез-құлық танытқан және 5-11 сыныптар аралығында барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағалары "5" болған және жалпы орта білімі бойынша қорытынды аттестаттаудан "5" деген бағаға өткен 11 сынып бітірушілеріне № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаты және "Алтын белгі" белгісі беріледі.

"Алтын белгі" белгісіне үміткер жаратылыстану-математикалық бағыттағы қазақ сыныбының оқушылары Абдуқахар Ақбопені, Қарсақбаева Жанельді, орыс сыныбының оқушысы Павлова Лиананы және жалпы орта білім туралы үздік аттестқа үміткер Айтех Жамбылды, Сыздыкова Дильназ, Рашидова Раминаны, негізгі орта білім туралы үздік аттестатқа 9 сынып оқушылары Исаева Саяны, Омарова Аяулымды, Ахметова Сымбаты және Бекзат Аружанды үміткерлер тізіміне енгізу ұсынылды. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 11 «Ә» қазақ сыныбының оқушысы Іскендірова Бірғанымның 11 сыныпта химия, алгебра, биология, Қазақстан тарихы пәні бойынша білім сапасының төмендеуіне, 9 «Ә» сынып оқушысы Бахытқызы Шапағат, 9 «Б» сынып оқушысы Қасымова Асемнің бірнеше сабақтан білім сапасының нашарлауына және білім алуға деген уәжінің төмендеуіне байланысты
үздік аттестатқа үміткерлер тізімінен шығару ұсынылды. Жоғарыда аты аталған үміткерлерді ұстаздар қауымы бірауыздан қолдады.
"Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 265 бұйрығына сәйкес: негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушылардың міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталады және мынадай нысандарда өткізіледі:
1) 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары;

2) 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары.

1-8, 10 сыныптардың білім алушыларына қорытынды аттестаттау қарастырылмайды.

Қорытынды аттестаттауға МЖМБС талаптарына сәйкес үлгілік жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10), 11 (12) сыныптардың білім алушылары жіберіледі.

Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10) сынып білім алушылары төрт пәннен емтихан тапсырады, оның біреуі таңдау бойынша.

9 (10) сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:

1) ана тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) (гуманитарлық циклдегі пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептердің білім алушылары үшін – шығарма, қалған білім алушылар үшін - диктант);

2) математикадан жазбаша емтихан;

3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен ауызша емтихан және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен ауызша емтихан;

4) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) ауызша емтихан;

Жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын меңгерген 11 (12) сынып білім алушылары бес емтихан түрінде қорытынды аттестаттау тапсырады, олардың біреуі таңдау бойынша.

11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:

1) ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан:


2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан;

3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан;

4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу;

5) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) тестілеу.

9 және 11 сыныптардың білім алушылары қорытынды аттестаттаудан білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен, республикалық мектептердің білім алушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі – Министр) бұйрығымен мынадай жағдайларда босатылады:

1) денсаулық жағдайына байланысты;

2) І - II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;

3) жазғы оқу-жаттығу жиындарына қатысушылар, халықаралық олимпиадаларға (жарыстарға) қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасына үміткерлер;

4) жақын туыстарының қайтыс болуы (ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер, ата, әже);

5) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар.

Денсаулық немесе басқа жағдайға байланысты емтиханнан босатылған оқушылар болған жоқ.

25.05.2021ж. өтілген №7 педагогикалық кеңестің күн тәртібінде оқушылардың

2-9 сыныптарға көшірілуі және 9,11 сынып оқушыларының мемлекеттік сынаққа жіберілуі қаралды.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2021 жылғы 5 мамырдағы №229-Ө бұйрығына, «2020-2021 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің 2021 жылғы 12 мамыр күнгі №177 бұйрығына сәйкес оқу жылын аяқтаудың мынадай мерзімдері белгіленді: 9 сыныптың білім алушыларының қорытынды бітіру емтихандары – 2021 жылы 28 мамыр – 5 маусым, мемлекеттік бітіру емтихандары – 2021 жылғы 1-10 маусым аралығында бітеді.

"Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 189 бұйрығы. Шектеу шаралары, оның ішінде карантин жарияланған 2020-2021 оқу жылы қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізілетіні жайлы айтылды.
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/6693