Педагогикалық кеңестің қабылдаған шешімі:
– Қорытынды аттестаттауға дайындауда эссе жазу бойынша аргументтерді қалай пайдалануға болатыны үйретілсін.
– Қосымша материалдар, көркем әдебиеттер, аргументтер жинату, грамматика бойынша түсіндіру жұмыстар жүргізілсін. (жауапты: Кудериева Б., Салимова А.).
– Қазақстан тарихы және таңдау пәндерінен түзету жұмыстарын жүргізіліп, тарау бойынша қайталау, түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізілсін (жауапты: пән мұғалімдері).
– «Алтын белгі», үздік аттестатқа үміткерлермен жеке жұмыс жүргізілсін (жауапты: пән мұғалімдері).
– Ата-аналарды өткізілген сынама жұмысының қорытындысымен таныстыру.
11.01.2019ж. өтілген №3 педагогикалық кеңестің күн тәртібінде “Алтын белгі”, ерекше аттестатқа үміткерлермен жұмыс барысы қаралды.
«Алтын белгіге» үміткер 10 оқушы Муратбекова Д., Тажмағамбет К., Молдасынова А., Бахаева А., Жанұзақ М., Мирзабай А., Тургалиева З., Радкулов Е., Турдиева А., Бешли-оглы С., үздік аттестатқа үміткер 1 оқушы - Тұрғымбеков Е. «Алтын белгі» мен ерекше үлгідегі аттестат үміткерлеріне қорытынды аттестаттауға дайындалуға көмек көрсету мақсатында қосымша жұмыс ұйымдастырылды. Дайындық барысында олармен психологиялық тренингтер, үрейді басу психологиялық жаттығулар және кесте бойынша қосымша сабақтар өткізілді.
Айына 1 рет «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен бақылау жұмысы және «Қазақ тілі мен әдебиетінен» эссе жазды. Мектеп бітірушілердің орыс сыныптарында қазақ тілі және қазақ сыныптарында орыс тілі пәні бойынша дайындық деңгейін және түлектердің коммуникативті-тілдік құзіреттілігінің қалыптасу деңгейлерін анықтау мақсатында 2 рет жалпы мектепішілік сынама жұмысы (тест) алынды. І жартыжылдықта 6 рет байқау сынағы алынды.
Өткізілген байқау сынақтарының қорытындысы бойынша «Алтын белгіге» үміткер оқушылар бірде жоғары, бірде төмен көрсеткіш көрсетіп, оқу үрдісіндегі жүйесіздікті байқатты. Муратбекова Д., Тажмағамбет К., Молдасынова А., Бахаева А., Жанұзақ М., Турдиева А., Бешли-оглы С., Тұрғымбеков Е. орташа балы 90 балдан жоғары, ал Мирзабай А., Тургалиева З., Радкулов Е. орташа балы 74-80 аралығында.
Педагогикалық кеңестің қабылдаған шешімі:
– «Алтын белгіге» үміткер оқушылармен қосымша жеке жұмыс жүргізу (жауапты: пән мұғалімдері).
– Тестілеудің қорытындысы бойынша көрсеткіші төмен болған Мирзабай А., Тургалиева З., Радкулов Е. дайындық жұмыстарын күшейту және олардың ата-аналарымен сөйлесу (жауапты: сынып жетекшісі Омарова К., Курманбаева Н., ДОІЖО Турапбаева А.).
– Қорытынды аттестаттау өткізу үшін комиссия құрылсын.
Қорытынды аттестаттау өткізу үшін гимназия директорының бұйрығымен (№22) комиссия құрылды.
25.03.2020ж. өтілгент №5 педагогикалық кеңестің күн тәртібінде:
– “Алтын белгі”, “Үздік аттестат”, ерекше үлгідегі негізгі орта білім туралы аттестатқа үміткерлердің тізімін бекіту;
– Оқу жылын аяқтау, бітіру емтихандары жөніндегі нұсқауды талқылау. Емтихандарды белгілеу, емтихан шарасын бекіту. Оқушыларды мемлекеттік қорытынды аттестаттауға жіберу және мемлекеттік емтиханнан босату мәселелері қаралды.
"Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 265 бұйрығына сәйкес:
– Негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымшаға енгізілетін оқыған пәндерден "5" деген бағасы бар 9 сынып бітірушілеріне "Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік аттестат беріледі.
– 10 және 11-сыныптардағы оқу кезеңінде барлық оқыған пәндерден жылдық, қорытынды және қорытынды аттестаттаудағы бағалары "5" болған 11-сынып бітірушілеріне № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.
– Жақсы мінез-құлық танытқан және 5-11 сыныптар аралығында барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағалары "5" болған және жалпы орта білімі бойынша қорытынды аттестаттаудан "5" деген бағаға өткен 11 сынып бітірушілеріне № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаты және "Алтын белгі" белгісі беріледі.
«Алтын белгі» белгісіне қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы қазақ сыныбының оқушылары Муратбекова Диназ, Мирзабай Анараны, жаратылыстану-математикалық бағыттағы қазақ сыныбының оқушылары Молдасынова Аружанды, Радкулов Ерланды, Тажмағамбет Көркемді, Турдыева Арайлымды, Жанұзақ Мадиді, Турғалиева Замираны және орыс сыныбының оқушысы Бешли-оглы Сайимді, үздік аттестатқа үміткер Тұрғымбеков Ерназды, негізгі орта білім туралы үздік аттестатқа Абдукахарова Ақботаны, Медербекова Айжанды, Құралова Адэманы, Раушанбекова Акниетті, Сарсенбай Гүлназді, Сабит Фатиманы, Маматкулова Пакизатті, Қарсақбаева Камиланы, Умирбаева Айнурды үміткерлер тізіміне енгізу ұсынылды. Жоғарыда аты аталған оқушыларды ұстаздар қауымы бірауыздан қолдады.
Оқушыларды мемлекеттік қорытынды аттестаттауға жіберу және мемлекеттік емтиханнан босату мәселесі бойынша денсаулық немесе басқа жағдайға байланысты емтиханнан босатылған оқушылар болған жоқ.
Педагогикалық кеңестің шешімі:
–"Алтын белгі" белгісіне үміткер қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы қазақ сыныбының оқушылары Муратбекова Диназ, Мирзабай Анара, жаратылыстану-математикалық бағыттағы қазақ сыныбының оқушылары Молдасынова Аружанның, Радкулов Ерланның, Тажмағамбет Көркемнің, Турдыева Арайлымның, Жанұзақ Мадидің, Турғалиева Замираның және орыс сыныбының оқушысы Бешли-оглы Сайимның, үздік аттестатқа үміткер Тұрғымбеков Ерназдың, негізгі орта білім туралы үздік аттестатқа Абдукахарова Ақбота, Медербекова Айжан, Құралова Адэма, Раушанбекова Акниет, Сарсенбай Гүлназ, Сабит Фатима, Маматкулова Пакизат, Қарсақбаева Камила, Умирбаева Айнұрдың құжаттары аудандық білім бөліміне ұсынылсын.
– Пандемия кезеңінде қашықтық режимге көшуге байланысты оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындау онлайн режимінде жалғастырылсын.
25.05.2020ж. өтілгент №7 педагогикалық кеңестің күн тәртібінде оқушылардың 2-9, 11 сыныптарға көшірілуі және 9,11 сынып оқушыларының мемлекеттік сынаққа жіберілуі қаралды.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2020 жылғы 6 мамыр №123-Ө бұйрығына, «2019-2020 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы» Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің 2020 жылғы 6 мамыр күнгі №197 бұйрығына сәйкес оқу жылын аяқтаудың мынадай мерзімдері белгіленді: қорытынды аттестаттауды 9 және 11 – сыныптардың білім алушылары тапсырмайды, аттестат ағымдағы оқу жылының жылдық бағалары негізінде беріледі.
2020 жылғы 6 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдары қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып оқуға көшуіне байланысты және «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына толықтырулар енгізуіне сәйкес карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда қорытынды аттестаттау ағымдағы оқу жылының жылдық бағаcы негізінде жүргізілді.
Пандемия кезеңінде қашықтық режимге көшуге байланысты «2019-2020 оку жылын аяқтау және білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 129 бұйрығына сәйкес:1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында оқу жылы 2020 жылғы 25 мамырда аяқталады.
2. Қорытынды аттестаттауды:
1) 9 (10) және 11 (12) - сыныптардың білім алушылары тапсырған жоқ, аттестат ағымдағы оқу жылының жылдық бағалары негізінде беріледі.
Педагогикалық кеңестің шешімі:
Оқу бағдарламаларын табысты меңгерген оқушылар мақтау қағазымен марапатталсын.
9 және 11 сыныптардың білім алушыларына қорытынды аттестаттау өтілмейді, аттестат ағымдағы оқу жылының жылдық бағалары негізінде берілсін.
Ағымдағы оқу жылының жылдық бағалары негізінде 9-сыныптың 69 оқушысына негізгі орта білім туралы
аттестат, Абдукахарова Ақбота, Медербекова Айжан, Құралова Адэма, Раушанбекова Акниет, Сарсенбай Гүлназ, Сабит Фатима, Маматкулова Пакизат, Қарсақбаева Камила, Умирбаева Айнурға оқу жылын үздік үлгеріммен аяқтағаны үшін негізгі орта білім туралы үздік аттестат беріліп, мақтау қағазымен марапатталды.
Ағымдағы оқу жылының жылдық бағалары негізінде 11-сыныптың 34 білім алушысына жалпы орта білім туралы
аттестат, 11 «А» сыныбының оқушысы Муратбекова Диназ, Мирзабай Анара, 11 «Ә» сыныбының оқушысы Молдасынова Аружан, Радкулов Ерлан, Тажмағамбет Көркем, Жанұзақ Мади, Турдыева Арайлы, Турғалиева Замира және 11 «Б» сыныбының оқушысы Бешли-оглы Сайимға
гимназияны үздік үлгеріммен аяқтағаны үшін жалпы орта білім туралы "Алтын белгі"
аттестаты және "Алтын белгі" белгісі және Тұрғымбеков Ерназға жалпы орта білім туралы үздік
аттестаты берілді.
Гимназия директорының 2020ж. 5 маусым №95, 96 бұйрығы негізінде 9 сынып бітірген
78 оқушы, 11 сынып аяқтаған 44 мектеп бітіруші мектеп есебінен шығарылды.
Мектеп бітірушілердің жұмыспен қамтылуы:
(Жалпыға бірдей міндетті білім беру штабы отырысында қаралды)
№
| Сынып
| Мектеп бітірушілер саны
| ҰБТ-ге қатысқандар
(маусым)
| ЖОО-на түскендер
| Колледжге түскендер
| ТМД және Шет елге оқуға түскендер
| Оқуға түспегендер
|
Грант
| Ақылы
| Грант
| Ақылы
| Грант
| Ақылы
|
|
1
| 11 «А»
| 16
| 16
| 14
| 2
| -
| -
|
|
|
|
2
| 11 «Ә»
| 15
| 13
| 11
| 4
| -
| -
|
|
|
|
3
| 11 «Б»
| 13
| 10
| 3
| 5
| 1
| 1
| 1
|
| 1 оқушы- Турцияға кетті
1 оқушы – тұрмысқа шықты
|
| Барлығы
| 44
| 39
| 28
| 11
| 1
| 1
| 1
| -
| 2
|
2019-2020 оқу жылындағы «Алтын белгі» иегерлерінің саны
| Үздік аттестат иегерлерінің саны
| Оның ішінде ЖОО түскені
| Оның ішінде грант иегерлері
|
9
| 1
| 10
| 10
|
«Серпін» бағдарламасы бойынша Маматкулова Перизат (М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті), Беккужиева Әйгерім (Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті) грант иегері атанды.
-
1 ... 119 120 121 122 123 124 125 126 ... 130