Материал: Коммуналды мемлекеттік мекемесіні зінзі баалау орытындысы (2021202 оу жылы) Жамбыл облысы кімдігіні білім басармасы Байза ауданыны білім бліміні ани Мратбаев атындаы гимназиясы

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам


Педагогикалық кеңестің шешімі:

– Үздік аттестатқа үміткер Елемесова М. көрсеткіші төмен болуына байланысты дайындық жұмыстары күшейтілсін. Жауапты: Курманбаева Н.Е., Абдураманов Р.К, Омарова Н.С.

– Қорытынды аттестаттау өткізу үшін комиссия құрылсын.

(Көшірме: 21, 22-қосымша тіркелді).

2) 2, 3, 4-сыныптар үшін оны орындау мүмкіндігін ескере отырып үй тапсырмасына қойылатын талаптарды сақтау:

4.2.1. 2017-2018 оқу жылы

2,3,4- сыныптар үшін үй тапсырмасын орындау мүмкіндігін ескере отырып, үй тапсырмасына қойылатын талаптардың сақталуына талдау жасалды. Үй тапсырмасының көлемін талдауға негіз болған құжат: Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдама ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 182 бұйрығымен бекітілді.

Үй тапсырмасын орындау 2-сыныпта 50 минуттан, 3-4-сыныптарда 70 минуттан аспауы тиіс. Бастауыш сыныпта жүргізілетін әр пәндер бойынша үй тапсырмасы түрлі әдістемелік  жағдайды талап етеді. Сондықтан әр пәннің өзіндік ерекшелігіне орай үй тапсырмасын беруді де бастауыш сынып пән мұғалімдері соған ыңғайластырған.

- Жаратылыстану пәні бойынша үй тапсырмасы табиғатқа тікелей бақылау жасау, суретке түсіру, картасын сызу, тәжірибе жасау, табиғи заттардан коллекция жасау, табиғат материалдарынан түрлі заттар құрастыру;

-Әдебиеттік оқу пәні бойынша шығарма жазу, сурет салу, өлең құрастыру, сөзжұмбақтар құрау, ертегі кейіпкерлеріне мінездеме, рөлдік ойындар;

- Қазақ тілінен ертегілер, мәтіндер құрастыру, ребустар бойынша сөйлемдер құрастыру, дыбыс түрлерін ажыратуға тапсырмалар;

Осы тұста ортақ мақсаттар төңірегінде қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәндерінен екі пәнге де ортақ шығармашылық тапсырмалар үй тапсырмасы ретінде берілген.

Мерекелік және демалыс күндерінде үй тапсырмасының берілмеуі, берілген жағдайда көркем қосымша әдебиеттерді оқу тапсырмасы берілген.


4.2.2. 2018-2019 оқу жылы

Оқыту тәсілдерінің өзгеруіне байланысты үй тапсырмаларын ұйымдастыру мен орындау әдістемесі де өзгерді. Үй тапсырмасының маңыздылығына оқушылардың дағдылары мен құзыреттіліктерін дамыту үшін жағдайлар жасау, ішкі қызығушылықтары мен жеке дамуын ынталандыру ретінде назар аударылады. Үй тапсырмасын орындау барысында тұлғаға бағдарланған, іс-әрекеттік, денсаулық сақтау және саралау тәсілдерін қолдану өзекті болып табылады. Екпін үй тапсырмасының репродуктивтік
сипатынан алынып тасталды, яғни әр түрлі үй тапсырмаларын, мысалы сараланған, шығармашылық және кіріктірілген үй тапсырмаларын қолдану белсенділігі артты. Үй тапсырмасын орындау 2-сыныпта 50 минуттан, 3-4-сыныптарда 70 минуттан аспауы тиіс.

Мұғалімнің дайындығы үй тапсырмасы тиімділігінің басты шарты болып қала береді: оқушылардың қалаулары мен жеке бейімділігін ескере отырып және қызығушылықтарын дамыту мен оқытуға деген ынталарын, оқу іс-әрекетін жақсарту құралы ретінде әртүрлі үй тапсырмаларын құрастыру білігі.

Үй тапсырмасы туралы дәстүрлі қалыптасқан түсінік сыныпта ұйымдастырылған оқу үрдісінің жалғасы және құрамдас бөлігі болып табылады:

  1. Сабақта алынған білім мен дағдыларды кеңейту және тереңдету, олардың ұмытылуына жол бермеу, жеке бейімділікті және қабілеттерін дамыту мақсаты болып табылатын оқу үрдісінің құрамдас бөлігі.

  2. Мұғалім оқушының сабақта алған білімін, сөйлеу дағдысын, білігін бекітуге және тереңдету мақсатында ұйымдастыратын өзіндік жұмыс формасы және кейде оқу материалдарының бағдарламалары анықталған танымдық тапсырмаларды дербес шешуге арналған.

  3. Сабақта алынған бағдарламалық білімі мен дағдыларын кешенді түрде қалыптастыруға және дамытуға бағытталған білім алушылардың өзіндік жұмысының процессі.


4.2.3. 2019-2020 оқу жылы

Үй тапсырмасының заманауи түсінігі кеңейтіліп, оған жаңа функциялар қосылды: бұл білім алушының оқу материалын бекіту және тереңірек игеру, сондай-ақ оны практикада қолдану, шығармашылық қабілетін дамыту және білім, білігі мен дағдыларын жетілдіру. Үй тапсырмасының ұзақтығы гигиеналық талаптарға сай болу үшін: 2-ші сыныпта – 50 минуттан, 3-4 сыныптарда – 70 минуттан аспайтын тапсырмалардың көлемін қатаң реттеу және басқа пәндер бойынша тапсырмалары бар бір пән бойынша үй тапсырмасы үйлестіріледі.

Үй тапсырмасын ұйымдастырғанда бастауыш сынып мұғалімдері, 2-3 сынып жетекшілері: Абдиходжаева К. Ү., Кусемисова С. К., Жамалова А. К., Ганиева А. ескерген:

  • жаңа тақырып бойынша сабақта аяқталмаған тапсырманы толықтыруға және оған арналған жаттығуларды талап ететін үй тапсырмасын орындауға;

  • оқушыға мазмұны және орындалу тәсілі таныс емес тапсырмаларды орындауға;

  • үй тапсырмасын жазалау ретінде пайдалануға (әріптерді жаза беруге, адамгершілікке тәрбиелеу сипатындағы мәтіндерді көшіре беруге немесе есте сақтауға т.б.);

  • оқушыға қиындық тудыратын үй тапсырмасын ата-анасының көмегімен орындайтына сеніп тапсыруға болмайтындығын ескере отырып, үй тапсырмасын талаптар бойынша тапсырған.

Пән мұғалімдері: Имамбекова А. С, Алпысбаева Н. У, Уразалиева А. Н, Нахмедова Н. К, Байдешова Ф. Н. әртүрлі оқыту мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін үй тапсырмаларының ауқымы жеткілікті кең деңгейде 4-сынып оқушыларына берілген:

  • сабақта меңгерілген материалды қайталау, бекіту;

  • тапсырмаларды өздігінен орындау барысында оқушылардың белгілі бір дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру;

  • оқушының дербестігін дамыту, оның табандылығы және орындалатын оқу тапсырмалары үшін жауапкершілігі;

  • оқушылардың ұйымдастырушылық және уақытты басқару дағдыларын дамыту;

  • жаңа тапсырмаларды мектепте мұғалімнің жетекшілігімен орындау үшін теориялық немесе практикалық мәселелерді шешуде белгілі бір білімді меңгеру;

  • берілген пән бойынша тақырыптағы бағдарламалық материалдардан тыс, бірақ жеке оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес келетін көлемде жеке теориялық және практикалық тапсырмаларды орындау арқылы өзіндік ойлау мен іс-әрекеттерді дамыту;

  • оқушының ұзақ ауруына байланысты қалыптаспаған жағдайда баланың білімі мен дағдыларын теңестіру;

  • оқушылардың танымдық қызығушылығы мен уәжін ынталандыру;

  • сабақта жаңа тақырыпты меңгеру негізінде оқу материалдарын жинау.


4.2.4. 2020-2021 оқу жылы

Үй тапсырмасының ұзақтығы гигиеналық талаптарға сай болу үшін: 2-ші сыныпта – 50 минуттан, 3-4 сыныптарда – 70 минуттан аспайтын тапсырмалардың көлемін қатаң реттеу және басқа пәндер бойынша тапсырмалары бар бір пән бойынша үй тапсырмасы үйлестіріледі. Үй тапсырмасының көлемін талдауға негіз болған құжат: Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдама ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 182 бұйрығымен бекітілді. 2,3,4-сыныптарда үй тапсырмасына қойылатын талаптардың сақталуына талдау жасау барысында анықталғаны:

Бастауыш сынып мұғалімдері, Сарбатова У. С, Садуова С. С, Наржанова З. Т, Абдиходжаева Қ. Ү, Сейтханова С. Д, Диханбаева Ж. Ш, Хожахмедова М. Б, Шплецер Е. В, Бондарь Л. В, Майсупова К. Е 2-4 сынып жетекшілері үй тапсырмасының ұзақтығын гигиеналық талаптарға сай орындалу уақытын ескере отырып, үй тапсырмасын оқушыларға тапсырған. Атап айтқанда:

  1. Оқушылардың шамадан тыс мөлшерде үй тапсырмасын орындамауын ескерілген. Орындалуына көп уақытты қажет ететін механикалық жұмыстарға арналған тапсырмалар берілмеген.

  2. Оқушылардың өзіндік жұмыс дағдысын қалыптастыруға арналған тапсырмалармен алмастырған. (жоспарлау, уақытты ұтымды пайдалану, өзін-өзі бақылау).

  3. Сондай-ақ, кейбір оқушылардың үй тапсырмасын орындай алмайтыны үшін жазаламай, көмектесу мүмкіндігін ескерген.

  4. Үй тапсырмасын орындауға қатысты негізгі гигиеналық талаптармен оқушылардың ата-аналарын таныстыру жұмыстарын жүргізген.

  5. Оқушының жұмыс орнын ұйымдастыру, орындау тәртібі мен ұзақтығын бақылауға алу ата-аналарға тапсырылған.

  6. Үй тапсырмасын сабақ барысында арнайы тексермей, сабақтың басы «ширату» жаттығуы ретінде іске асыру жұмысы жүзеге асырылуда.

Бастауыш сынып пән мұғалімдері талаптарды ескерген. Оқушыларға берілген үй тапсырмаларының жалпы уақыты белгіленген нормадан аспайды. Тапсырма түрлері: шығармашылық тапсырмалар, оқу мақсатын бекітуге арналған тапсырмалар, ортақ тақырып бойынша дүниетану, әдебиеттік оқу пәндерінен шығармашылық тапсырма түрлері берілген. Бірінші сынып білім алушыларына үй тапсырмасы берілмейді.
4.2.5. 2021-2022 оқу жылы І жартыжылдық

Үй тапсырмасын орындау 2-сыныпта 50 минуттан, 3-4-сыныптарда 70 минуттан аспауы тиіс. Үй тапсырмасының көлемі, орындау ұзақтығы Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында
үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі
әдістемелік ұсынымдама ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы
24 сәуірдегі № 182 бұйрығымен бекітілді.

Үй тапсырмасын орындауға берілген тапсырмалар  түрлендіріліп,  ойластырылған болса, ол баланың кез- келген тапсырмаларды өз бетінше дербес орындауға құлшынысын, танымдық қабілетін  дамытып, құзыреттілігін,   өз бетінше біліп, тануға деген белсенділігін қалыптастырып,  қызығушылығын арттырады.  Сонымен қатар, ырықты зейін, рефлексия, құзіреттілік,  өзін – өзі бақылау сияқты әрекет амалдың ішкі жоспары сияқты басты – басты жаңа қабілеттер пайда болады. Кіріктірілген үй тапсырмасы – шығармашылық және өмірлік сипатқа ие, оқушылардың мүдделерін қанағаттандыруға және қабілеттерін анықтауға бағытталған өмірлік проблемаларды шешуді қамтитын, пәнаралық байланыстарын пайдалануға негізделген үй тапсырмасы. 4 сынып жетекшілері Бондарь Л. В, Майсупова К. Е, Жамалова А. К, Болысбекова З. Ш, Ганиева А. Т, Омарова Ж 2-3 пәннің оқу мақсаттарын кіріктіріп, үй тапсырмасын беру арқылы тапсырма деңгейін түрлендіріп отырған. Дүниетану, әдебиеттік оқу пәндерінен «Отбасының қоғам өміріндегі маңызы», «Мектептегі өзін – өзі басқару» тақырыптары аясында , әдебиеттік оқу , көркем еңбек пәндерінен «Қазақстанның табиғаты», «Әжеміздің сандығындағы қазына» тақырыптары бойынша ортақ мақсаттарды кіріктіре отырып шығармашылық тапсырма орындауға берілген.

Бастауыш сынып пәндері бойынша типтік оқу бағдарламалары пәндердің кіріктірілуін қамтамасыз етеді. Одан басқа, олар «шиыршық» қағидасына негізделеді, соған сәйкес әр оқу мақсаты және белгілі бір академиялық кезеңнен кейінгі әрбір тақырып біртіндеп тереңдете отырып, күрделене түседі және білім мен дағдылардың көлемін арттырады.

Кіріктірілген үй тапсырмаларын қолдану нәтижелері бойынша ұсынылады:


  1. Оқушылардың жүктемесін қысқарту үшін үй тапсырмасын кіріктіру

  2. Кіріктірілген үй тапсырмаларын әзірлеуде:

  • таңдалған пәндердің әрқайсысының бағдарлама материалдары мен оқу мақсаттарынан шығуы;

  • пәннің ерекшеліктеріне сәйкес келетін тиісті тәсілдерді қолдануға және оқу мақсаттарына жетуге үлес қосуға;

  • сабақта орындалаған тапсырмалардың қайталануын болдырмау;

  • саралау мүмкіндіктерін қарастыру.

  1. Оқушылардан көп уақыт пен күшті талап етпейтін үй тапсырмаларын әзірлеу.

  1. Тексеруден кейін оқушыларға өз уақытында және сапалы кері байланыс ұсыну.

Кіріктірілген үй тапсырмасы өмір жайлы көзқарасын жүйелеуге және кең ауқымды дағдыларды дамытуды қажет етеді. Әр түрлі үй тапсырмасының біріктірілуі, механикалық есте сақтаудан бас тарту, типтік жағдайларды қайталау, үлгі бойынша стандартты іс-әрекеттер, көптеген тапсырмалар мен балалардың мүдделеріне бағдарлау және олардың денсаулығын сақтау – бұл заманау мектептің үй тапсырмасына қойылатын талаптары болып табылады.
3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы №52 бұйрығымен бекітілген білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптарын сақтау:

      1. 2017-2018 оқу жылы

2017-2018 оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес критериалды бағалау жүйесіне 1, 2, 5, 7 сыныптар көшті. 1,2,5,7 сынып мұғалімдері бағалауды өткізу кезінде көмек ретінде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығы, 2017 жылғы 6 маусым №265 бұйрығымен өзгеріс енгізілген); «2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатын; Бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулықты; Сыныптар, пәндер және тілдер бөлінісінде қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағын және сыныптар, пәндер және тілдер бөлінісінде жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар жинағын пайдаланды. Мектепке критериалды бағалау жүйесін енгізу процесін үйлестірушілері білім алушылар мен ата-аналарға жиынтық бағалау туралы түсініктеме жұмыстарын жүргізді. Бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу жоспары мен кестесі бекітілді. Тоқсандық жиынтық бағалаудың кестесі мұғалімдерге, білім алушыларға, олардың ата-аналарына таныстырылды.
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/6693