Өткізілген БЖБ және ТЖБ нәтижелері шығарылып, талдау жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі №472 бұйрығы басшылыққа алынып, жиынтық бағалау жүргізу қорытындылары бойынша талдау жасалды. Талдау барысында тапсырмаларды орындау кезінде білім алушыларға туындаған қиындықтар тізбесі анықталды. БЖБ және ТЖБ-ның орындалуын тексеру қорытындылары директор жанындағы кеңесте 2 рет қаралды.
4) МЖМБС талаптарына сәйкес ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту кезінде инклюзивті білім берудің (дамудың бұзылуын түзету және әлеуметтік бейімдеу) талаптарын орындау:
4.4.1. 2017-2018 оқу жылы
2017-2018 оқу жылында гимназиямызда «Жамбыл облыстық ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорытындысын негізге ала отырып 9 оқушы инклюзивті білім алды. Оның ішінде 4 оқушының психолигиялық дамуының тежелуі бар. Олар: Д.Өмірзақ, Е.Өмірзақ, Е.Волошина Д. Косухин, Бұл балалардың интеллектуалдық деңгейі, есте сақтауы, кеңістіктегі бағдарлары нашар дамыған, сол себепті олардың кәдімгі балаларға қарағанда 20-30% төмен. Әр баламен психолог маманы жеке жұмыс жүргізген.
Данилдың психикасының тежелуіне байланысты танымдық әрекеттерін дамыту жұмыстары жүргізілді. Есту арқылы есте сақтауын дамыту мақсатында «Түрлі-түсті доптар» ойыны ойнатылды. Сыныппен қарым-қатынас деңгейін анықтау мақсатында Дж.Морено әдістемесі бойынша «Социометрия» сауалнамасы алынды. Сауалнама қорытындысы бойынша Данил топ құрамында екендігі анықталды. Сыныппен «Мен жеке тұлғамын» тақырыбында тренинг өткізілді.
Өмірзақ Даниярдың дамуында айтарлықтай өзгеріс байқалмайды. Бала өте агрессивті. Данилдың психикасының тежелуіне байланысты танымдық әрекеттерін дамыту соның ішінде есте сақтау, саусақ моторикасын, сөйлеу қабілетін жақсарту үшін «10 саусақ», «Сиқырлы сөздер» жаттығуын орындады. Психологтар тарапынан Даниярмен жеке және топтық жұмыстар үнемі жүргізіліп отырған.
Оқушылардың тұрмыс-жағдайын, ата-ананың өтініш, ұсынысын анықтау мақсатында әлеуметтік педагог оқу жылында 4 рет үйіне барды. Жаңа жыл мерекесіне орай, оқушыға сыйлықтар мен тәттілер табыстады. Оқушылардың пән мұғалімдерімен семинарлар өткізіліп, кеңестер берілді. Әлеуметтік педагогтардың тарапынан оқушылар қосымша мектепішілік үйірмелерге қатыстырылып, сыныптан тыс іс-шараларға және байқауларға қатыстырылды.
Өмірзақ Ерасылдың бойында өзгерістер байқалған: бұрынғыдан жақсы сөйлей бастады, тапсырмаларды орындайды, айтқанды тыңдайды. Ерасылдың психикасының тежелуіне байланысты жасына сай , ой-өрісін дамытатын, сабаққа қызығушылығын арттыратын тапсырмалар орындады. Танымдық әрекеттерін, дүниетанымын дамытатын танымдық-шығармашылық ойындар «Қайсы ненің даусы?», «Суреттің жұбын тап» т.б жүргізілді.
Волошина Эвелинаның сөйлегені түсініксіз, яғни тіл дамуында ешқандай өзгеріс жоқ. Оқушының зерде аясын дамыту оның ішінде қиялын, көру есін және зейінін дамыту мақсатында және релаксация ретінде «Көбелектер әлемі», «Суретті есіңе сақта» жаттығуы жүргізілді. Оқушымен жеке психологиялық кеңес беру жұмысы жүргізілді. Кеңес беру журналына тіркелді.
Қалған балалардың сабаққа қатысуы бір қалыпты, бірақ Романов Олег сабақта ұзақ отыра алмайды, тез зерігеді, рұқсатыз сабақ үстінде далаға шығып кетеді. Жұмыс жүргізу барысында психологиялық-эмоционалдық күйінде өзгерістер пайда бола бастады. Роман ашық сөйлеседі, психологиялық кеңеске қуана келді. Мақтағанды жақсы көреді.
Тіл кемістігі бар 3 балалар бар. Олар: Аманбаева Б., Иваненко А., Артамин О.
Оқушылармен жеке психологиялық жұмыстар жүргізілді. Оқушылардың тіл кемістігін жақсарту, сөздік қорын байыту, өзара тіл-табысуға тәрбиелеу мақсатында «Көкеністер» ойыны жүргізілді. Жеке психологиялық кеңестер берілді.
Аманбаева Биназир қатты тұтығады, дегенмен, психологиялық- педагогикалық түзету кабинетіне бармайды..
А.Иваненконың сабаққа деген ынтасы жақсы. Берілген тапсырамаларды орындайды. Бірақ басқа балаларға қосылмай бөлек жүреді.
Артамин Олег пен Иваненко Алексей екеуі бірге отырады, бірге ойнайды. Бір-бірінің тілін жақсы түсінеді.
Нашар еститін оқушы: Елемесова Мадина. Мадинаның сыныппен қарым-қатынас деңгейін анықтау мақсатында Дж.Морено әдістемесі бойынша «Социометрия» сауалнамасы алынды. Сауалнама қорытындысы бойынша Мадина топ көшбасшысы екендігі анықталды. Мадинамен есту қабілетін жақсарту мақсатында «Қайсы ненің дауысы?» жаттығуы жүргізілді.
Тірек-қимыл жүйесінде ақауы бар балалар: Сайпназаров Азат. Азаттың тірек-қимыл жүйесі зақымданған. Үлгерімі орташа, сабақтан қалмайды. Сыныптастарымен қарым-қатынасы жақсы.
Пән мұғалімдері сабақты ерекше оқытуды қажет ететін оқушылардың диагнозы мен жеке басының мүмкіндіктерін ескере отырып жүргізді.
Құлағы естімейтін, тіл кемістігі бар, тірек-қимыл аппараты бұзылған оқушылардың ата-аналарына психолог мамандардың тарапынан кеңестер берілді. Ерекше оқытуды қажет ететін оқушыларға сабақ беретін пән мұғалімдеріне семинар-оқу өткізіліп, мұғалімдерге нұсқаулықтар берілді.
№
| Оқушының аты-жөні
| Сыныбы
| Тіл кемістігі
| Нашар көреді
| Нашар естиді
| Тірек- қимыл аппараты бұзылған
| Психикасының тежелуі
| Ақыл-ойының кемдігі
| Бағдарламасы
| Мүгедектігі
| ПМКН қорытындысының берілген күні
| Диагнозы
|
1
| Косухин Данил
| 2
|
|
|
|
| +
|
| ПДТ бағдарламасымен мектепте жеке қаралыммен
| Жоқ
| 31.07.2017 ж.
№ 0-419
| Орталық жүйке жүйесінің резидуалды органикалық зақымдануы, психикалық дамуының тежелуі церебралды-органикалық генезді. Жалпы сөйлеу тілі дамымауының 2-деңгейі
|
2
| Елемесова Мадина
| 7
|
|
| +
|
|
|
| Жалпы білім беру
| Жоқ
| 25.04.2016 ж.
№ 0-234
| Болезнь слухового нерва, нейросенсорная тугоухость ст.слева
|
3
| Өмірзақ Д
| 1
|
|
|
|
| +
|
| Жалпы білім беру
| Жоқ
| 18.09.2017 ж.
№ 0-473
| Аутистикалық белгісі бар психикалық дамуының тежелуі. Коммуникативті бұзылуына байланысты сөйлеу қабілетіні спецификалық дамуы.
|
4
| Өмірзақ Е
| 1
|
|
|
|
| +
|
| Жалпы білім беру
| Жоқ
| 18.09.2017 ж.
№ 0-474
| Психикалық дамуының тежелуі. Жалпы тіл кемістігінің ІІ-ІІІ деңгейі
|
5
| Волошина Эвелина
| 1
|
|
|
|
| +
|
| Жалпы білім беру
| Жоқ
| 31.07.2017 ж.
| Резидуалды-церебралды жеткіліксіздік. Психикалық дамуының тежелуі. Жалпы сөйлеу тілі дамымауының ІІ- деңгейі.
|
6
| Аманбаева Биназир
| 3
| +
|
|
|
|
|
| Жалпы білім беру
| Жоқ
| 04.01.2017 ж.
№0-003
| Аралас тұтығу (ауыр дәрежеде). Интеллектісі қалыпты
|
7
| Иваненко А
| 1
| +
|
|
|
|
|
| Жалпы білім беру
| Жоқ
| 07.09.2017 ж.
№ 0-441
| Акустическая дисграфия
|
8
| Артамин Олег
| 1
| +
|
|
|
|
|
| Жалпы білім беру
| Жоқ
| 21.09.2017 ж.
№ 0-483
| Дисграфия, дислексия, обусловленные нарушением языкового анализа и синтеза
|
9
| Сайпназаров Азат
| 9
|
|
|
| +
|
|
| Жалпы білім беру
| Жоқ
| 22.09.2017 ж.
№ 0-519
| Церебралды салдануы, гемипаретикалық түрі, оң жақты гемипарез, орташа ауырлық деңгейі. Интеллектісі қалыпты.
|
4.4.2. 2018-2019 оқу жылы
2018-2019 оқу жылында «Жамбыл облыстық ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорытындысы және ата-ана өтініші негізінде ерекше оқытуды қажет ететін 2 оқушы білім алды. Облыстық ПМПК шешімі бойынша 1 оқушының психикасында тежелу бар. (ПДТ бағдарламасымен оқытылады), екінші оқушының есте сақтау қабілеті нашар дамыған жалпы білім бағдарламасымен оқытылды.
Екі оқушының да құжаттары толық жинақталған. Сабақ беретін пән мұғалімдеріне нұсқаулықтар берілген. Гимназияның педагог-психологы жұмыстар жүргізді. Бұл оқушылар басқа оқушылармен бірдей білім алды. Гимназиялық бақылау кезінде ғана тапсырманы орындау кезінде тапсырманың саны азайтылды. Пән мұғалімдері сабақты ерекше оқытуды қажет ететін оқушылардың диагнозы мен жеке басының мүмкіндіктерін ескере отырып жүргізді. Елемесова Мадинаның сабақ үлгерімі жақсы. Сабақ барысында ешқашан қиындықтар туындаған емес және диагнозына байланысты мұғалімдерден шағым түскен емес. Барлық тапсырмалар бойынша ТЖБ, БЖБ-ды жоғары деңгейде орындап, оқу жылын жақсы аяқтады. Мадина «Ауылым-алтын бесігім» атты балалардың республикалық әлеуметтік жобасына, «Қазақстан-алтын бесігім» суреттер байқауына, «Алтын қолдар» атты сәндік қолданбалы өнер байқауына және мектепішілік КТК-ға қатысып, өз өнерін көрсетті. Мадинамен жеке психологиялық жұмыстар, кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Оқушының танымдық әрекеттерін соның ішінде есту қабілетін дамыту жаттығулары орындатылды. Әуенді тыңдап, ажырату жаттығулары жасалынды.
Ал, Косухин Данилге сабақ беретін мұғалімдер тапсырмаларды оның моторикасының жақсы дамығанын ескере отырып жасады. ТЖБ, БЖБ тапсырмалары жеңілдетіліп берілді. Ауызша тапсырамалады орындау Данилге қиындық тудырмады. Данилдың биге деген қызығушылығы жоғары, сондықтан би үйірмесіне қатысты. Ол республикалық «Шексіз шығармашылық» қашықтық байқауына өзінің «Қазақстан-алтын бесігім» тақырыбына салған суретімен қатысты. Елемесова Мадина мен Косухин Данил республикалық «Қамқорлық» жәрмеңкесінің мектепішілік кезеңіне қатысты.
Данилдың логикалық ойлауын дамыту үшін «Ассоциация құру», «Артығын шығар» , «Ортақ белгісін тап» ойындары жүргізілді. Данилдың ата-анасымен тығыз байланыста болу үшін отбасына барып, таныстық жұмыстарын жүргізіп, «Мен қандай ата-анамын» тақырыбында сауалнама алынып, тренинг өткізілді.
Ерекше оқытуды қажет ететін оқушыларға сабақ беретін пән мұғалімдеріне семинар-оқу өткізіліп, мұғалімдерге нұсқаулықтар берілді. Мектепте педагогикалық-психологиялық комиссия құрылып, жоспары жасалды. 2018-2019 оқу жылында ПМК-ның 6 отырысын өткізу жоспарланды. Ерекше оқытуды қажет ететін оқушылардың мәселесі педагогикалық кеңесте қаралып, жыл соңында пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің есебі тыңдалды.
Әлеуметтік педагогтар оқу жылының басында оқушылардың тұрмыс-жағдайын, ата-ананың өтініш, ұсынысын анықтау мақсатында үйіне 4 рет барды. Әлеуметтік жағдайлары жақсы, жеке бөлмелері мен оқу бұрыштары бар. Отбасы мүшелерінің қарым-қатынастары жақсы. Сабақтарына қатысып оқуға деген белсенділіктерінің жақсы екендігі анықталды.Сабаққа уақытылы келіп, мектепішілік іс-шараларға қатыстырылды.
№
| Оқушының аты-жөні
| Сыныбы
| Тіл кемістігі
| Нашар көреді
| Нашар естиді
| Тірек- қимыл аппараты бұзылған
| Психикасының тежелуі
| Ақыл-ойының кемдігі
| Бағдар ламасы
| Мүгедектігі
| ПМКН қорытындысының берілген күні
| Диагнозы
|
1
| Косухин Данил
| 3
|
|
|
|
| +
|
| ПДТ бағдарламасы
| Жоқ
| 24.08. 2018ж
№0-400
| Орталық жүйке жүйесінің резидуалды органикалық зақымдануы, психикалық дамуының тежелуі церебралды-органикалық генезді. Жалпы сөйлеу тілі дамымауының 2-деңгейі
|
2
| Елемесова Мадина
| 8
|
|
| +
|
|
|
| Жалпы білім беру
| Жоқ
| 29.05.
2018ж
№0-256
| Болезнь слухового нерва, нейросенсорная тугоухость ст.слева
|