3.2. Қоғамдық-гуманитарлық бағыты, тарихи-филологиялық бағдары бойынша жалпы орта білім берудің 11 «А» сыныбына арналған жұмыстық оқу жоспарының вариативтік бөлігінің оқушы, гимназия компоненттері мен үйірме сағаттары төмендегідей бөлінді (оқытылу тілі – қазақ тілі)
:Оқушы компоненті: -
оқушылардың ғылыми зерттеу, жобалау дағдыларын жетілдіру мақсатында «Ғылыми жобалау» курсына 1 сағат;
Гимназия компоненті: -
ағылшын тілі, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы, биология пәндерін кеңейтіп оқытуға 1 сағат берілді.
Үйірме жұмыстары: -
оқушылардың ойлау, жады, зейін, өзін-өзі жетілдіру дағдыларын дамыту мақсатында «Психология» үйірмесіне 1 сағат;
-
оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында 11-сыныпта «Баскетбол» үйірмесіне 1 сағат;
-
оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысын дамыту мақсатында «Жас толқын» ОҒҚ үйірмесіне 0,5 сағат;
-
оқушылардың физика ғылымына қызығушылығын арттыру, өз білімін үнемі жетілдіріп, толықтырып отыру дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Квант» физикалық үйірмесіне 11-сыныпта 1 сағат;
-
оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, пәндік білім-білік дағдыларын дамыту мақсатында «Интеграл» математикалық үйірмесіне 1 сағат берілді.
3.3. Жаратылыстану-математикалық бағыты, физика-биологиялық бағдары бойынша жалпы орта білім берудің 11 «Ә» сыныбына арналған жұмыстық оқу жоспарының вариативтік бөлігінің оқушы, гимназия компоненттері мен үйірме сағаттары төмендегідей бөлінді (оқытылу тілі – қазақ тілі)
:Оқушы компоненті: -
оқушылардың ойлау, жады, зейін, өзін-өзі жетілдіру дағдыларын дамыту мақсатында «Психология» курсына 1 сағат берілді.
Гимназия компоненті: -
қазақ тілі, химия, ағылшын тілі, география пәндерін кеңейтіп оқуға 1 сағаттан берілді.
Үйірме жұмыстары: -
оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, пәндік білім-білік дағдыларын дамыту мақсатында «Интеграл» үйірмесіне 1 сағат;
-
оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында «Баскетбол» үйірмесіне 1 сағат;
-
оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысын дамыту мақсатында «Жас толқын» ОҒҚ үйірмесіне 1 сағат;
-
оқушылардың химия және биология ғылымына қызығушылығын арттыру, өз білімін үнемі жетілдіріп, толықтырып отыру дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Жас химик» үйірмесіне 1 сағат, «Медицинадағы биология» үйірмесіне 0,5 сағат берілді.
3.4. Жаратылыстану-математикалық бағыты, физика-экологиялық бағдары бойынша жалпы орта білім берудің 11 «Б» сыныбына арналған жұмыстық оқу жоспарының вариативтік бөлігінің оқушы, гимназия компоненттері мен үйірме сағаттары төмендегідей бөлінді: (оқытылу тілі – орыс тілі)
:Оқушы компоненті: -
11-сынып оқушыларын ғылым мен мәдениеттің көрнекті өкілдері мен саяси жетекшілердің қызметіне, тарихи оқиғаларға салыстырмалы талдау жасауға дағдыландыру мақсатында «Исторические личности» курсына 1 сағат;
Гимназия компоненті: -
Қазақстан тарихы, физика, химия, алгебра және анализ бастамалары пәндерін кеңейтіп оқытуға 1 сағат берілді.
Үйірме жұмыстары: -
оқушылардың ойлау, жады, зейін, өзін-өзі жетілдіру дағдыларын дамыту мақсатында «Психология» курсына 0,5 сағат;
-
оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, пәндік білім-білік дағдыларын дамыту мақсатында «Мәтін және сөйлем» үйірмесіне 1 сағат;
-
оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында «Баскетбол» үйірмесіне 1 сағат;
-
оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысын дамыту мақсатында НОУ «Новая волна» үйірмесіне 1 сағат;
-
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, курс мазмұны арқылы өз білімін үнемі жетілдіріп, толықтырып отыру дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Теория вероятности и элементы комбинаторики» үйірмесіне 1 сағат берілді.
2.8.4. 2020-2021 оқу жылы1.1. Қазақ тілінде оқитын 1-4 сыныптардың вариативті компонентінің сағаттары төмендегідей бөлінді:Таңдауы бойынша сабақтар: -
2, 3-сынып оқушыларының математикаға қызығушылығын арттыру мақсатында «Логика» курсына 1 сағат, 4-сынып оқушыларының тілдік құзыреттілігін дамыту, сауаттылығын арттыру мақсатында «Қазақ тілі орфографиясының қиын тұстары» курсына 1 сағат берілді.
Белсенді-қозғалмалы сипаттағы жеке және топтық сабақтар: -
1-сынып оқушыларының математикаға қызығушылығын арттыру мақсатында «Қызықты математика» курсына 1 сағат;
-
1-3 сынып оқушыларының тілдік құзыреттілігін мен сауаттылығын дамыту мақсатында «Көркем жазу», «Қызықты грамматика» курстарына 1 сағат;
-
4-сынып оқушыларының математикаға қызығушылығын арттыру мақсатында «Логика» курсына 1 сағат;
-
4-сынып оқушыларының мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Мәнерлеп оқу негіздері» курсына 1 сағат берілді.
Гимназия компоненті: -
оқушылардың көптілділік құзыреттілігін дамыту мақсатында ағылшын тілі пәнін кеңейтіп оқуға 1-4 сыныптарда 1 сағат;
-
оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру мақсатында математика пәнін кеңейтіп оқуға 1-4 сыныптарда 1 сағат;
-
жаратылыстану пәнін кеңейтіп оқуға 1-4 сыныптарда 1 сағат;
-
1-4 сынып оқушыларын сөз өнеріне баулу, оқу мен тәрбиенің ұлттық құрамдасын күшейту мақсатында «Шешендік өнері» курсына 1 сағат;
1.2. Орыс тілінде оқитын 1-4 сыныптардың вариативті компонентінің сағаттары төмендегідей бөлінді: Дамытушылық сипаттағы жеке және топтық сабақтар: -
1-4 сынып оқушыларының математикаға қызығушылығын арттыру
мақсатында «Логика» курсына 1 сағат;
-
1, 3 сынып оқушыларының сауаттылығын дамыту мақсатында «Чистописание» курсына 1 сағат берілді.
Гимназия компоненті: -
оқушылардың көптілділік құзыреттілігін дамыту мақсатында ағылшын тілі пәнін кеңейтіп оқуға 1-4 сыныптарда 1 сағат;
-
оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру мақсатында математика пәнін кеңейтіп оқуға 1-4 сыныптарда 1 сағат;
-
жаратылыстану пәнін кеңейтіп оқуға 1-4 сыныптарда 1 сағат;
-
1-4 сынып оқушыларын сөз өнеріне баулу, оқу мен тәрбиенің ұлттық құрамдасын күшейту мақсатында «Шешендік өнері» курсына 1 сағат;
-
оқушыларды сөз өнеріне баулу, оқу сауаттылығын арттыру мақсатында 1,3-сыныптарда «Выразительное чтение» курсына 1 сағат берілді.
Үйірме жұмыстары: -
оқушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастыру, логикалық ойлау дағдыларын дамыту мақсатында 1-сыныпта «Путешествие в науку», 2-4 сыныптарда «Основы проектной и исследовательской деятельности» үйірмелеріне 1 сағаттан, «Юный шахматист» үйірмесіне 1сағат;
-
1-сынып оқушыларын әдептілікке баулу мақсатында «Азбука этики поведения» үйірмесіне 1 сағат;
-
оқушылардың ән айту дағдысын қалыптастыру, музыка өнеріне бейімдеу мақсатында 1-2 сыныптарда «Балдәурен» хор үйірмесіне 1 сағат, дене пластикасын жетілдіру, әдемілік әлеміне баулу мақсатында 1-сыныпта «Ритмика», 2-4 сыныптарда «Балауса» би үйірмелеріне 1 сағат, 3-4 сынып оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Футбол» спорттық үйірмесіне 1 сағат;
-
оқушыларды еңбекке баулу, өнерге деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын қалыптастыру мақсатында «Умелые руки» үйірмесіне 1-4 сыныптарда 0,5 сағат берілді.
2.1. Қазақ тілінде оқитын 5-9 сыныптардың жұмыстық оқу жоспарының вариативті компонентінің сағаттары төмендегідей бөлінді:Элективті курстар: -
оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ақпараттық сауаттылығын дамыту мақсатында 5-сыныпта «Қызықты информатика», 6-сыныпта «Компьютерлік графика негіздері» курстарына 1 сағаттан;
-
5-сынып оқушыларына психологиялық қолдау көрсету мақсатында «Психологияға кіріспе» курсына 1 сағат;
-
оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында 6-сыныпта «Мәңгілік ел» курсына 1 сағат;
-
6-сынып оқушыларының тілдік құзыреттілігін дамыту мақсатында «Тіл мәдениеті» курсына 1 сағат;
-
7-сынып оқушыларын тұлғааралық қатынастарға дайындау, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру, өз көзқарасын, дүниетанымын және пікірін мүлтіксіз қорғай білуге баулу, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу мақсатында «Көшбасшы мектебі» курсына 1 сағат;
-
оқушылардың тілдік құзыреттілігін дамыту мақсатында 8-сыныпта «Ағылшын тіліндегі химия негіздері», «Ағылшын тілі элементтерін қолдану арқылы биологияны оқу» курстарына 1 сағат;
-
9-сыныпта «Абайтану», «Зайырлылық және дінтану негіздері» курстарына 1 сағаттан;
-
9 «А,Б» сыныптарында «Ағылшын тіліндегі химия» курсына 1 сағат, 9 «Ә» сыныбында «Ағылшын тілі элементтерін қолдану арқылы биологияны оқу» курсына 1 сағат берілді.