Жоғары саты оқушыларына ерте кәсіптік бағыт беру мақсатында қоғамдық-гуманитарлық бағытының тарихи-филологиялық бағдары «Саясаттануға кіріспе», «Іс қағаздарын жүргізу негіздері», «Эссе жазудың тиімді жолдары», «Мәтін және стиль», «Стилистика русского языка», «Қазақстан тарихы: тұлғалар және сандар» қолданбалы курстарының мазмұны арқылы іске асырылады.
Жаратылыстану-математикалық бағытының физика-биологиялық, физика-экологиялық бағдарлары «Молекулярлық биологияға кіріспе», «Физика есептерін шығару практикумы», «Экобиология негіздеріне кіріспе», «Биофизикаға кіріспе», «Микробиология негіздеріне кіріспе», «Тіршіліктің биологиялық негіздеріне кіріспе», «Физикадан эксперименттік есептер шығару практикумы», «Химия және экология», «Цитология және гистология негіздеріне кіріспе», «Введение в социальную экологию», «Введение в экобиологию», «Биологическая форма изменчивости», «Практикум решения задач по физике» қолданбалы курстарының мазмұны арқылы жүзеге асырылады.
3.1. Жаратылыстану-математикалық бағыты, физика-биологиялық және физика-экологиялық бағдары бойынша жалпы орта білім берудің 10-сыныптарына арналған жұмыстық оқу жоспарының таңдау пәндері мен стандарттық деңгей, гимназия компоненттері мен үйірме сағаттары төмендегідей бөлінді:Таңдау пәндері: -
10 «А» сынып (қазақ тілінде оқитын сынып) оқушыларының таңдауы бойынша физика және география пәндерін тереңдетіп оқытуға 4 сағаттан;
-
10 «Ә» сынып (қазақ тілінде оқитын сынып) оқушыларының таңдауы бойынша химия және биология пәндерін тереңдетіп оқытуға 4 сағаттан;
-
10 «В» сынып (орыс тілінде оқитын сынып) оқушыларының таңдауы бойынша физика және география пәндерін тереңдетіп оқытуға 4 сағаттан берілді.
Стандарттық деңгей: -
10 «А, Ә, В» сынып оқушыларының таңдауы бойынша кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәніне 2 сағат берілді;
Гимназия компоненті: -
10 «А, В» сыныбында химияны кеңейтіп оқытуға, 10 «Ә» сыныбында физиканы кеңейтіп оқытуға 4 сағаттан;
Үйірме жұмыстары: -
10 «А, Ә» сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру, пәндік білім-білік дағдыларын дамыту мақсатында «Интеграл» үйірмесіне 1 сағат;
-
оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында 10-сыныпта «Волейбол» үйірмесіне 1 сағат;
-
оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру және рухани жетілдіру мақсатында «Абайтану» үйірмесіне 1 сағат;
-
10 «А, Ә» сынып оқушыларының ойлау, жады, зейін, өзін-өзі жетілдіру дағдыларын дамыту мақсатында «Психология» үйірмесіне 1 сағат, орыс тілінде оқитын 10 «В» сыныбында 0,5 сағат;
-
оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру, өз білімін үнемі жетілдіріп, толықтырып отыру дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Квант» үйірмесіне 10 «А, Ә» сыныптарда 0,5 сағат;
-
10 «В» сыныбында оқушылардың биология пәніне қызығушылығын арттыру мақсатында «Теория вероятности и элементы комбинаторики» үйірмесіне 1 сағат берілді.