Материал: Коммуналды мемлекеттік мекемесіні зінзі баалау орытындысы (2021202 оу жылы) Жамбыл облысы кімдігіні білім басармасы Байза ауданыны білім бліміні ани Мратбаев атындаы гимназиясы

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

1.2. Орыс тілінде оқитын 1-4 сыныптардың вариативті компонентінің сағаттары төмендегідей бөлінді:

Гимназия компоненті:

  • оқушылардың көптілділік құзыреттілігін дамыту мақсатында ағылшын тілі пәнін кеңейтіп оқуға 1-4 сыныптарда 1 сағат;

  • оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру мақсатында математика пәнін кеңейтіп оқуға 1-4 сыныптарда 1 сағат;

  • жаратылыстану пәнін кеңейтіп оқуға 1-4 сыныптарда 1 сағат;

  • 1-сыныпта оқушылардың жазу машығын дамыту мақсатында «Чистописание» курсына 1 сағат;

  • 2-4 сынып оқушыларын сөз өнеріне баулу, көркем оқу дағдыларын дамыту мақсатында «Выразительное чтение» курсына 1 сағат берілді.

Үйірме жұмыстары:

  • оқушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастыру, логикалық ойлау дағдыларын дамыту мақсатында 3-4 сыныптарда «Основы проектной и исследовательской деятельности» үйірмелеріне 1 сағаттан, «Юный шахматист» үйірмесіне 1сағат;

  • 1-сынып оқушыларын әдептілікке баулу мақсатында «Азбука этики поведения» үйірмесіне 1 сағат;

  • оқушылардың қол моторикасын дамыту мақсатында «Умелые ручки» үйірмесіне 1-2 сыныпта 1 сағат;

  • оқушылардың ән айту дағдысын қалыптастыру, музыка өнеріне бейімдеу мақсатында 1-2 сыныптарда «Балдәурен» хор үйірмесіне 1 сағат, дене пластикасын жетілдіру, әдемілік әлеміне баулу мақсатында 1-сыныпта «Ритмика», 2-4 сыныптарда «Балауса» би үйірмелеріне 1 сағат, 3-4 сынып оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Футбол» спорттық үйірмесіне 1 сағат;

2.1. Қазақ тілінде оқитын 5-9 сыныптардың жұмыстық оқу жоспарының вариативті компонентінің сағаттары төмендегідей бөлінді:

Жаһандық құзыреттілік немесе таңдау бойынша басқа курстар:

  • оқушылардың бойында адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру мақсатында 5-сыныпта «Парасаттылық және әдеп» курсына 1 сағат;

  • 6-сыныпта оқушылардың экологиялық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында «Экология» курсына 1 сағат;

  • 7-сыныпта оқушылардың бойында сыни ойлау дағдыларын жетілдіру мақсатында «Эмоционалды интеллект және сыни ойлау» курсына 1 сағат;

  • 8-сыныпта оқушылардың ақпараттық сауатылығын дамыту мақсатында «Медиасауаттылық» курсына 1 сағат;

  • 9-сыныпта оқушылардың діни сауаттылығын дамыту мақсатында «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсына 1 сағат берілді.

Элективті курстар:

  • 5-сынып оқушыларына психологиялық қолдау көрсету мақсатында «Психологияға кіріспе» курсына 1 сағат;

  • оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында 6-сыныпта «Мәңгілік ел» курсына 1 сағат;

  • 7-сынып оқушыларының туған өлкесі жайында білімін кеңейту мақсатында «Өлкетану» курсына 1 сағат;

  • 8-сынып оқушыларының діни сауаттылығын арттыру мақсатында «Мектепте діни сауаттылықты қалыптастырудың негіздері» курсына 1 сағат;

  • 9-сынып оқушыларына психологиялық қолду көрсету мақсатында «Психология» үйірмесіне 1 сағат берілді.

Гимназия компоненті:

  • ағылшын тілі пәнін тереңдетіп оқыту мақсатында 5 «А», 6 «А, В», 7 «А, В», 8 «А», 9 «А» сыныптарында 3 сағат;

  • ағылшын тілі пәнін кеңейіп оқыту мақсатында 5 «Ә, Б», 6 «Ә, Б» сыныптарында 1 сағат;

  • математика пәнін тереңдетіп оқыту мақсатында 5 «Ә, Б», 6 «Ә, Б» сыныптарында 2 сағат;

  • математика пәнін кеңейтіп оқыту мақсатында 5 «А», 6 «А, В» сыныптарында 1 сағат;

  • алгебра пәнін тереңдетіп оқыту мақсатында 7, 8, 9 «Ә» сыныптарында 3 сағат, кеңейтіп оқыту мақсатында 7, 8, 9 «Б» сыныптарында 1 сағат берілді.

  • жаратылыстану пәнін кеңейтіп оқыту мақсатында 5 «Ә, Б», 6 «Ә, Б» сыныптарында 1 сағат;

  • физика пәнін кеңейтіп оқыту мақсатында 7 «Ә», 8 «Ә», 9 «Ә» сыныптарында 1 сағат;

  • химия пәнін кеңейтіп оқыту мақсатында 7 «А, В», 8, 9 «А» сыныптарында 1 сағат, 7, 8, 9 «Б» сыныптарында 2 сағат;

  • биология пәнін кеңейтіп оқыту мақсатында 7, 8, 9 «Б» сыныптарында 1 сағат берілді.

Үйірме жұмыстары:

  • салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында 5-9 сыныптарда «Футбол», «Волейбол», «Баскетбол» үйірмелеріне 1 сағат;

  • оқушыларды өнерге баулу мақсатында 5-сыныпта «Шолпы» би үйірмесіне 1 сағат, 6-сыныпта «Рауан» хор үйірмесіне 1 сағат;

  • оқушыларды елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында 5-сыныпта «Елтану» географиялық-танымдық үйірмесіне 1 сағат;

  • оқушылардың ғылымға, ақпараттық жүйелерге қызығушылығын арттыру мақсатында «Робототехника» үйірмесіне 6-7 - сыныптарда 1 сағат;

  • 5, 6 сынып оқушыларының ғылыми қоғамының жұмысын дамыту мақсатында «Жас толқын» ОҒҚ үйірмесіне, оқушыларды олимпиадаға сапалы дайындау мақсатында 7, 8 сыныптарда «Кіші олимпиада мектебі» үйірмесіне 1 сағат;

  • 7, 8, 9 сынып оқушыларының танымдық, шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында «Азамат» дебат үйірмесіне 1 сағат;

  • 8-сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін дамыту, туған жерді қастерлеуге тәрбиелеу, тіл өнеріне баулу мақсатында «Сөз өнері» үйірмесіне 1 сағат;

  • оқушыларының ұлттық сана-сезімін дамыту, тәрбиенің құрамдасын күшейту мақсатында 9-сыныптарда «Ұлағат» ұлдар клубы мен «Сырғалым» қыздар клубы үйірмесіне 1 сағат;

  • оқушыларға ерте кәсіби бағдар беру мақсатында «Мамандықтар әлемінде» үйірмесіне 1 сағат берілді берілді.

2.2. Орыс тілінде оқитын 5-9 сыныптардың вариативті компонентінің сағаттары төмендегідей бөлінді:

Жаһандық құзыреттілік немесе таңдау бойынша басқа курстар:

  • оқушылардың бойында адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру мақсатында 5-сыныпта «Добропорядочность и этика» курсына 1 сағат;

  • 6-сыныпта оқушылардың экологиялық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында «Экология» курсына 1 сағат;

  • 7-сыныпта оқушылардың бойында сыни ойлау дағдыларын жетілдіру мақсатында «Эмоциональный интеллект и критическое мышление» курсына 1 сағат;

  • 8-сыныпта оқушылардың ақпараттық сауатылығын дамыту мақсатында «Медиаграмотность» курсына 1 сағат;

  • 9-сыныпта оқушылардың діни сауаттылығын дамыту мақсатында «Светскость и основы религиоведения» курсына 1 сағат берілді.

Гимназия компоненті:

  • шет тілін тереңдетіп оқыту мақсатында ағылшын тілі пәніне 5, 6, 7 «Г» сыныптарында, 8, 9 «В» сыныптарында 3 сағат;

  • математика пәнін тереңдетіп оқыту мақсатында 5, 6 «Д» сыныптарында 2 сағат, алгебра пәнін кеңейтіп оқыту мақсатында 7 «Д», 8 «Г», 9 «Г» сыныбында 2 сағат;

  • 5-9 сыныптарда «Қазақстан тарихы» пәнін кеңейтіп оқыту мақсатында 1 сағат;

  • 5, 6 «Д» сыныптарында жаратылыстану пәнін, 7 «Д» сыныптарында физика пәнін, 8, 9 «Г» сыныбында «Применение английского языка при изучении физики» курсын оқуға 1 сағат берілді.

Үйірме жұмыстары:

  • 5-6 - сыныпта оқушыларды би өнеріне баулу мақсатында «Шолпы» би үйірмесіне 1 сағат;

  • 5-сынып оқушыларының тіл біліміне қызығушылығын дамыту, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында «Тіл дамыту» үйірмесіне 1 сағат;

  • 5, 6, 8 сынып оқушыларының ғылыми қоғамының жұмысын дамыту мақсатында НОУ «Новая волна» үйірмесіне 1 сағат;

  • оқушыларды олимпиадаға сапалы дайындау мақсатында 7 сыныптарда «Малая олимпийская школа» үйірмесіне 1 сағат;

  • оқушылардың ғылымға, ақпараттық жүйелерге қызығушылығын арттыру мақсатында «Робототехника» үйірмесіне 6-7 - сыныптарда 1 сағат;

  • 7-сынып оқушыларының туған өлкесі жайында білімін кеңейту мақсатында «Краеведение» курсына 1 сағат;

  • 7-сынып оқушыларын тұлғааралық қатынастарға дайындау, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру, өз көзқарасын, дүниетанымын және пікірін мүлтіксіз қорғай білуге баулу, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу мақсатында «Школа лидерства» курсына 1 сағат;

  • салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында 5-9 сыныптарда «Футбол», «Волейбол», «Баскетбол» үйірмелеріне 1 сағат;

  • 8-сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін дамыту, туған жерді қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында «История родного края» үйірмесіне 1 сағат;

  • 8, 9 сыныпта оқушылардың тілдік құзыреттілігін дамыту мақсатында «Введение в биологию с элементами английского языка» үйірмесіне 1 сағат;

  • 9-сыныпта оқушылардың тіл біліміне қызығушылығын дамыту, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында «Сөз сыры» үйірмесіне 1 сағат;

  • 9-сыныпта оқушыларға ерте кәсіби бағдар беру мақсатында «В мире профессий» үйірмесіне 1 сағат берілді.

Жоғары саты оқушыларына ерте кәсіптік бағыт беру мақсатында қоғамдық-гуманитарлық бағытының тарихи-филологиялық бағдары «Іс қағаздарын жүргізу негіздері», «Эссе жазудың тиімді жолдары», «Стилистика русского языка», «Қазақстан тарихы: тұлғалар және сандар» «Абайтану», «Психология», «Құқықтық сауаттылық», «Ғылыми жобалау», элективті курстарының мазмұны арқылы іске асырылады.

Жаратылыстану-математикалық бағытының физика-биологиялық, физика-экологиялық бағдарлары «Физика есептерін шығару практикумы», «Әлеуметтік экологияға кіріспе», «Медицинадағы биология», «Химия есептерін шығару практикумы», «Микробиология негіздеріне кіріспе», «Биофизикаға кіріспе» элективті курстарының мазмұны арқылы жүзеге асырылады.

3.1. Жаратылыстану-математикалық бағыты, физика-математикалық және химия-биологиялық бағдары бойынша жалпы орта білім берудің 10-сыныптарына арналған жұмыстық оқу жоспарының таңдау пәндері мен стандарттық деңгей, гимназия компоненттері мен үйірме сағаттары төмендегідей бөлінді:

Жаһандық құзыреттілік:

  • 10 «А, Ә, В» сынып оқушыларының таңдауы бойынша «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» курсына 1 сағат берілді.

Гимназия компоненті:

  • алгебра және анализ бастамалары пәнін кеңейтіп оқуға 10 «А, Ә, В» сыныптарда 1 сағат;

  • физика, география пәндерін кеңейтіп оқытуға 10 «А» сыныбында 1 сағаттан;

  • Қазақстан тарихы пәнін кеңейтіп оқытуға 10 «А, Ә, В» сыныптарында 1 сағаттан;

  • химия, биология пәндерін кеңейтіп оқытуға 10 «Ә, В» сыныптарында 1 сағаттан берілді.

Үйірме жұмыстары:

  • 10 «А, Ә» сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру, пәндік білім-білік дағдыларын дамыту мақсатында «Интеграл» үйірмесіне 1 сағат;

  • оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында 10 «А, Ә, В» сыныптарында «Волейбол» үйірмесіне 1 сағат;

  • оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру және рухани жетілдіру мақсатында «Абайтану» үйірмесіне 10 «А, Ә» сыныптарында 1 сағат;

  • 10 «А, Ә» сынып оқушыларының ойлау, жады, зейін, өзін-өзі жетілдіру дағдыларын дамыту мақсатында «Психология» үйірмесіне 1 сағат;

  • оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру, өз білімін үнемі жетілдіріп, толықтырып отыру дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Квант» үйірмесіне 10 «В» сыныбында 1 сағат;

  • 10 «В» сыныбында оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Мәтін және сөйлем» үйірмесіне 1 сағат;

  • оқушылардың ғылыми зерттеу дағдыларын дамыту мақсатында «Научное проектирование» үйірмесіне 1 сағат берілді.

3.2. Қоғамдық-гуманитарлық бағыты, тарихи-филологиялық бағдары бойынша жалпы орта білім берудің 10-сыныптарына арналған жұмыстық оқу жоспарының таңдау пәндері мен стандарттық деңгей, гимназия компоненттері мен үйірме сағаттары төмендегідей бөлінді:

Жаһандық құзыреттілік:

  • 10 «Б» сынып оқушыларының таңдауы бойынша «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» курсына 1 сағат берілді.

Гимназия компоненті:

  • 10 «Б» сыныбында ағылшын тілі, құқық негіздері, география, Қазақстан тарихы пәндерін кеңейтіп оқытуға 1 сағат берілді.

Үйірме жұмыстары:

  • 10 «Б» сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру, пәндік білім-білік дағдыларын дамыту мақсатында «Интеграл» үйірмесіне 1 сағат;

  • оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында 10-сыныпта «Волейбол» үйірмесіне 1 сағат;

  • оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту мақсатында «Ғылыми жобалау» үйірмесіне 1 сағат;

  • оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру, өз білімін үнемі жетілдіріп, толықтырып отыру дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Квант» үйірмесіне 10 «Б» сыныптарда 1 сағат берілді.

3.1. Жаратылыстану-математикалық бағыты, физика-биологиялық және физика-экологиялық бағдары бойынша жалпы орта білім берудің 11-сыныптарына арналған жұмыстық оқу жоспарының таңдау пәндері мен стандарттық деңгей, гимназия компоненттері мен үйірме сағаттары төмендегідей бөлінді:

Таңдау пәндері:

  • 11 «А» сынып (қазақ тілінде оқитын сынып) оқушыларының таңдауы бойынша физика және география пәндерін тереңдетіп оқытуға 3 сағаттан;

  • 11 «Ә» сынып (қазақ тілінде оқитын сынып) оқушыларының таңдауы бойынша химия және биология пәндерін тереңдетіп оқытуға 3 сағаттан;

  • 11 «В» сынып (орыс тілінде оқитын сынып) оқушыларының таңдауы бойынша физика және география пәндерін тереңдетіп оқытуға 4 сағаттан берілді.

Стандарттық деңгей:

  • 11 «А, Ә» сынып оқушыларының таңдауы бойынша графика және жобалау курсына 2 сағат, 11 «Б» сынып оқушыларының таңдауы бойынша «Основы предпринимательства и бизнеса» курсына 2 сағат берілді;

Гимназия компоненті:

  • 11 «А» сыныбында алгебра және анализ бастамалары, физика, Қазақстан тарихы, география пәндерін кеңейтіп оқытуға 1 сағат;

  • 11 «Ә» сыныбында алгебра және анализ бастамалары, биология, Қазақстан тарихы, химия пәндерін кеңейтіп оқытуға 1 сағат;

  • 11 «Ә» сыныбында физика, география, алгебра и начала анализа, история Казахстана пәндерін кеңейтіп оқытуға 1 сағат берілді
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/6693