1.2. Орыс тілінде оқитын 1-4 сыныптардың вариативті компонентінің сағаттары төмендегідей бөлінді: Дамытушылық сипаттағы жеке және топтық сабақтар: -
1-4 сынып оқушыларының математикаға қызығушылығын арттыру
мақсатында «Логика» курсына 1 сағат;
-
1, 3 сынып оқушыларының сауаттылығын дамыту мақсатында «Чистописание» курсына 1 сағат берілді.
Гимназия компоненті: -
оқушылардың көптілділік құзыреттілігін дамыту мақсатында ағылшын тілі пәнін кеңейтіп оқуға 1-4 сыныптарда 1 сағат;
-
оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру мақсатында математика пәнін кеңейтіп оқуға 1-4 сыныптарда 1 сағат;
-
жаратылыстану пәнін кеңейтіп оқуға 1-4 сыныптарда 1 сағат;
-
1-4 сынып оқушыларын сөз өнеріне баулу, оқу мен тәрбиенің ұлттық құрамдасын күшейту мақсатында «Шешендік өнері» курсына 1 сағат;
-
оқушыларды сөз өнеріне баулу, оқу сауаттылығын арттыру мақсатында 1,3-сыныптарда «Выразительное чтение» курсына 1 сағат берілді.
Үйірме жұмыстары: -
оқушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастыру, логикалық ойлау дағдыларын дамыту мақсатында 1-сыныпта «Путешествие в науку», 2-4 сыныптарда «Основы проектной и исследовательской деятельности» үйірмелеріне 1 сағаттан, «Юный шахматист» үйірмесіне 1сағат;
-
1-сынып оқушыларын әдептілікке баулу мақсатында «Азбука этики поведения» үйірмесіне 1 сағат;
-
оқушылардың ән айту дағдысын қалыптастыру, музыка өнеріне бейімдеу мақсатында 1-2 сыныптарда «Балдәурен» хор үйірмесіне 1 сағат, дене пластикасын жетілдіру, әдемілік әлеміне баулу мақсатында 1-сыныпта «Ритмика», 2-4 сыныптарда «Балауса» би үйірмелеріне 1 сағат, 3-4 сынып оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Футбол» спорттық үйірмесіне 1 сағат;
-
оқушыларды еңбекке баулу, өнерге деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын қалыптастыру мақсатында «Умелые руки» үйірмесіне 1-4 сыныптарда 0,5 сағат берілді.
2.1. Қазақ тілінде оқитын 5-9 сыныптардың жұмыстық оқу жоспарының вариативті компонентінің сағаттары төмендегідей бөлінді:Элективті курстар: -
оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ақпараттық сауаттылығын дамыту мақсатында 5-сыныпта «Қызықты информатика», 6-сыныпта «Компьютерлік графика негіздері» курстарына 1 сағаттан;
-
5-сынып оқушыларына психологиялық қолдау көрсету мақсатында «Психологияға кіріспе» курсына 1 сағат;
-
оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында 6-сыныпта «Мәңгілік ел» курсына 1 сағат;
-
6-сынып оқушыларының тілдік құзыреттілігін дамыту мақсатында «Тіл мәдениеті» курсына 1 сағат;
-
7-сынып оқушыларын тұлғааралық қатынастарға дайындау, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру, өз көзқарасын, дүниетанымын және пікірін мүлтіксіз қорғай білуге баулу, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу мақсатында «Көшбасшы мектебі» курсына 1 сағат;
-
оқушылардың тілдік құзыреттілігін дамыту мақсатында 8-сыныпта «Ағылшын тіліндегі химия негіздері», «Ағылшын тілі элементтерін қолдану арқылы биологияны оқу» курстарына 1 сағат;
-
9-сыныпта «Шерхантану», «Зайырлылық және дінтану негіздері» курстарына 1 сағаттан;
-
9 «А,Б» сыныптарында «Ағылшын тіліндегі химия» курсына 1 сағат, 9 «Ә» сыныбында «Ағылшын тілі элементтерін қолдану арқылы биологияны оқу» курсына 1 сағат берілді.
Жоғары саты оқушыларына ерте кәсіптік бағыт беру мақсатында қоғамдық-гуманитарлық бағытының тарихи-филологиялық бағдары «Саясаттануға кіріспе», «Іс қағаздарын жүргізу негіздері», «Журналистика және баспасөз негіздеріне кіріспе», «Тіл білімінің негіздері», «Стилистика русского языка», «Қазақстан тарихы: тұлғалар және сандар» қолданбалы курстарының мазмұны арқылы іске асырылады.
Жаратылыстану-математикалық бағытының физика-биологиялық, физика-экологиялық бағдарлары «Молекулярлық биологияға кіріспе», «Физика есептерін шығару практикумы», «Экобиология негіздеріне кіріспе», «Биофизикаға кіріспе», «Микробиология негіздеріне кіріспе», «Тіршіліктің биологиялық негіздеріне кіріспе», «Физикадан эксперименттік есептер шығару практикумы», «Химия және экология», «Цитология және гистология негіздеріне кіріспе», «Введение в социальную экологию», «Введение в экобиологию», «Биологическая форма изменчивости», «Практикум решения задач по физике» қолданбалы курстарының мазмұны арқылы жүзеге асырылады.
3.1. Жаратылыстану-математикалық бағыты, физика-биологиялық бағдары бойынша жалпы орта білім берудің 10-сыныптарына арналған жұмыстық оқу жоспарының таңдау пәндері мен стандарттық деңгей, гимназия компоненттері мен үйірме сағаттары төмендегідей бөлінді:Таңдау пәндері: -
10 «А» сынып (қазақ тілінде оқитын сынып) оқушыларының таңдауы бойынша физика және география пәндерін тереңдетіп оқытуға 4 сағаттан;
-
10 «Ә» сынып (қазақ тілінде оқитын сынып) оқушыларының таңдауы бойынша химия және биология пәндерін тереңдетіп оқытуға 4 сағаттан;
-
10 «Б» сынып (орыс тілінде оқитын сынып) оқушыларының таңдауы бойынша физика және география пәндерін тереңдетіп оқытуға 4 сағаттан берілді.
Стандарттық деңгей: -
10 «А, Ә, Б» сынып оқушыларының таңдауы бойынша кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәніне 2 сағат берілді;
Гимназия компоненті: -
10 «А, Б» сыныбында химияны кеңейтіп оқытуға, 10 «Ә» сыныбында физиканы кеңейтіп оқытуға 4 сағаттан берілді
Үйірме жұмыстары: -
10 «А, Ә» сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру, пәндік білім-білік дағдыларын дамыту мақсатында «Интеграл» үйірмесіне 1 сағат;
-
оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында 10-сыныпта «Волейбол» үйірмесіне 1 сағат;
-
оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысын дамыту мақсатында «Жас толқын» үйірмесіне (НОУ «Новая волна») үйірмесіне 1 сағат;
-
10 «А, Ә» сынып оқушыларының ойлау, жады, зейін, өзін-өзі жетілдіру дағдыларын дамыту мақсатында «Психология» үйірмесіне 1 сағат, орыс тілінде оқитын 10 «Б» сыныбында 0,5 сағат;
-
оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру, өз білімін үнемі жетілдіріп, толықтырып отыру дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Квант» үйірмесіне 10 «А, Ә» сыныптарда 0,5 сағат;
-
10 «Б» сыныбында оқушылардың биология пәніне қызығушылығын арттыру мақсатында «Теория вероятности и элементы комбинаторики» үйірмесіне 1 сағат берілді.