Мектеп компоненті: -
Қазақстан Республикасы Президентінің «Терроризм мен экстремизм көріністерінің алдын алу және тыю жөніндегі шаралар туралы» 2000 жылғы 10 ақпандағы №332 Жарлығын іске асыру және 9-сынып оқушыларының дін туралы саяси-мәдени білімдерін қалыптастыру мақсатында «Светскость и основы религиоведения» курсына 1 сағат берілді.
Оқушы компоненті: -
оқушыларға психологиялық қолдау көрсету, психология ғылымының негіздерімен таныстыру мақсатында «Психология» курсына 1 сағат берілді.
Гимназия компоненті: -
шет тілін тереңдетіп оқыту мақсатында ағылшын тілі пәніне 9 - сыныпта 4 сағат берілді.
Үйірме жұмыстары: -
салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында «Баскетбол» үйірмесіне 1 сағат;
-
оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында «Азамат» дебат үйірмесіне 1 сағат;
-
оқушылардың тіл біліміне қызығушылығын дамыту, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында «Сөз сыры» үйірмесіне 1 сағат;
-
оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында «В мире профессий» үйірмесіне 1 сағат берілді.
Жоғары саты оқушыларына ерте кәсіптік бағыт беру мақсатында қоғамдық-гуманитарлық бағытының тарихи-филологиялық бағдары «Саясаттануға кіріспе», «Іс қағаздарын жүргізу негіздері», «Журналистика және баспасөз негіздеріне кіріспе», «Текст. Теория и практика», «Тіл білімінің негіздері», «Стилистика русского языка», «Көркем мәтін және стиль», «Қазақстан тарихы: тұлғалар және сандар» қолданбалы курстарының мазмұны арқылы іске асырылады.
Жаратылыстану-математикалық бағытының физика-биологиялық, физика-экологиялық бағдарлары «Молекулярлық биологияға кіріспе», «Физика есептерін шығару практикумы», «Экобиология негіздеріне кіріспе», «Биофизикаға кіріспе», «Микробиология негіздеріне кіріспе», «Тіршіліктің биологиялық негіздеріне кіріспе», «Физикадан эксперименттік есептер шығару практикумы», «Химия және экология», «Цитология және гистология негіздеріне кіріспе», «Введение в социальную экологию», «Введение в экобиологию», «Научное проектирование», «Практикум решения задач по физике» қолданбалы курстарының мазмұны арқылы жүзеге асырылады.
3.1. Қоғамдық-гуманитарлық бағыты, тарихи-филологиялық бағдары бойынша жалпы орта білім берудің жұмыстық оқу жоспарының вариативтік бөлігінің оқушы, гимназия компоненттері мен үйірме сағаттары төмендегідей бөлінді:
(оқытылу тілі – қазақ тілі)
:Оқушы компоненті: -
11-сынып оқушыларының ғылыми зерттеу, жобалау дағдыларын жетілдіру мақсатында «Ғылыми жобалау» курсына 1 сағат;
-
10-сынып оқушыларының тілдік құзыреттіліктерін дамыту мақсатында «Қазақ тілі практикумы» курсына 1 сағат;
Гимназия компоненті: -
10-11 - сыныптарда ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, биология, пәндерін, 11-сыныпта алгебра және анализ бастамалары пәнін, 10-сыныпта физика пәнін кеңейтіп оқытуға 1 сағат берілді.
Үйірме жұмыстары: -
10-11 - сынып оқушыларының ойлау, жады, зейін, өзін-өзі жетілдіру дағдыларын дамыту мақсатында «Психология» үйірмесіне 1 сағат;
-
оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында 10-сыныпта «Волейбол» үйірмесіне 1 сағат, 11-сыныпта «Баскетбол» үйірмесіне 1 сағат;
-
оқушыларының ой-өрісін, шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында «Тапқырлар» клубы үйірмесіне 10-сыныпта 1 сағат, 11-сыныпта 0,5 сағат;
-
10-сынып оқушыларының биология пәніне қызығушылығын арттыру, өз бетімен білім-білік және шығармашылық әлеуетін дамыта білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Медицинадағы биология» үйірмесіне 1 сағат;
-
оқушылардың физика ғылымына қызығушылығын арттыру, өз білімін үнемі жетілдіріп, толықтырып отыру дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Квант» физикалық үйірмесіне 10-сыныпта 0,5 сағат, 11-сыныпта 1 сағат;
-
11-сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру, пәндік білім-білік дағдыларын дамыту мақсатында «Интеграл» математикалық үйірмесіне 1 сағат берілді.
3.2. Жаратылыстану-математикалық бағыты, физика-биологиялық бағдары бойынша жалпы орта білім берудің жұмыстық оқу жоспарының вариативтік бөлігінің оқушы, гимназия компоненттері мен үйірме сағаттары төмендегідей бөлінді: (оқытылу тілі – қазақ тілі)
:Оқушы компоненті: -
10-сыныпта «Абайтану» таңдау курстарына 1 сағат;
-
11-сынып оқушыларының ойлау, жады, зейін, өзін-өзі жетілдіру дағдыларын дамыту мақсатында «Психология» курсына 1 сағат берілді.
Гимназия компоненті: -
10-11 - сыныптарда қазақ тілі, химия, ағылшын тілі, география пәндерін кеңейтіп оқуға 1 сағаттан берілді.
Үйірме жұмыстары: -
10-11-сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру, пәндік білім-білік дағдыларын дамыту мақсатында «Интеграл» үйірмесіне 1 сағат;
-
оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында 10-сыныпта «Волейбол» үйірмесіне 1 сағат, 11-сыныпта «Баскетбол» үйірмесіне 1 сағат;
-
10-11 - сынып оқушыларының ой-өрісін, шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында «Тапқырлар» клубы үйірмесіне 1 сағат;
-
10-сынып оқушыларының ойлау, жады, зейін, өзін-өзі жетілдіру дағдыларын дамыту мақсатында «Психология» үйірмесіне 1 сағат;
-
оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру, өз білімін үнемі жетілдіріп, толықтырып отыру дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Квант» үйірмесіне 10-сыныпта 0,5 сағат;
-
оқушылардың химия және биология ғылымына қызығушылығын арттыру, өз білімін үнемі жетілдіріп, толықтырып отыру дағдыларын қалыптастыру мақсатында 11-сыныпта «Жас химик» үйірмесіне 1 сағат, «Медицинадағы биология» үйірмесіне 0,5 сағат берілді.
3.3. Жаратылыстану-математикалық бағыты, физика-экологиялық бағдары бойынша жалпы орта білім берудің жұмыстық оқу жоспарының вариативтік бөлігінің оқушы, гимназия компоненттері мен үйірме сағаттары төмендегідей бөлінді: (оқытылу тілі – орыс тілі)
:Оқушы компоненті: -
10-сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын дамыту мақсатында «Теория вероятности и элементы комбинаторики» таңдау курсына 1 сағат;
-
11-сынып оқушыларын ғылым мен мәдениеттің көрнекті өкілдері мен саяси жетекшілердің қызметіне, тарихи оқиғаларға салыстырмалы талдау жасауға дағдыландыру мақсатында «Исторические личности» курсына 1 сағат;
Гимназия компоненті: -
10-11 сыныптарда Қазақстан тарихы, физика, химия, пәндерін, 10-сыныпта биологияны, 11-сыныпта алгебра және анализ бастамалары пәндерін кеңейтіп оқытуға 1 сағат берілді.
Үйірме жұмыстары: -
10-11 сынып оқушыларының ойлау, жады, зейін, өзін-өзі жетілдіру дағдыларын дамыту мақсатында «Психология» курсына 0,5 сағат;
-
10-11 сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру, пәндік білім-білік дағдыларын дамыту мақсатында «Мәтін және сөйлем» үйірмесіне 1 сағат;
-
оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында 10-сыныпта «Волейбол» үйірмесіне 1 сағат, 11-сыныпта «Баскетбол» үйірмесіне 1 сағат;
-
10-11 сынып оқушыларының ой-өрісін, шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында «Клуб «Знатоков» үйірмесіне 1 сағат;
-
10-11 сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту, курс мазмұны арқылы өз білімін үнемі жетілдіріп, толықтырып отыру дағдыларын қалыптастыру мақсатында 10-11 сыныптарда «Биологическая форма изменчивости» үйірмесіне 1 сағат берілді.
2.8.3. 2019-2020 оқу жылы1.1. Қазақ тілінде оқитын 1-4 сыныптардың вариативті компонентінің сағаттары төмендегідей бөлінді:Таңдауы бойынша сабақтар: -
2, 3-сынып оқушыларының математикаға қызығушылығын арттыру мақсатында «Логика» курсына 1 сағат, 4-сынып оқушыларының тілдік құзыреттілігін дамыту, сауаттылығын арттыру мақсатында «Қазақ тілі орфографиясының қиын тұстары» курсына 1 сағат берілді.
Белсенді-қозғалмалы сипаттағы жеке және топтық сабақтар: -
1-сынып оқушыларының математикаға қызығушылығын арттыру мақсатында «Қызықты математика» курсына 1 сағат;
-
1-3 сынып оқушыларының тілдік құзыреттілігін мен сауаттылығын дамыту мақсатында «Көркем жазу», «Қызықты грамматика» курстарына 1 сағат;
-
4-сынып оқушыларының математикаға қызығушылығын арттыру мақсатында «Логика» курсына 1 сағат;