Материал: Коммуналды мемлекеттік мекемесіні зінзі баалау орытындысы (2021202 оу жылы) Жамбыл облысы кімдігіні білім басармасы Байза ауданыны білім бліміні ани Мратбаев атындаы гимназиясы

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

2.1. Қазақ тілінде оқитын 5-9 - сыныптардың жұмыстық оқу жоспарының вариативті компонентінің сағаттары төмендегідей бөлінді:

Мектеп компоненті:

  • 5-6 - сынып оқушыларының информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ақпараттық сауаттылығын дамыту мақсатында «Қызықты информатика» курсына 1 сағат;

  • 5-сынып оқушыларына психологиялық қолдау көрсету мақсатында «Психологияға кіріспе» курсына 1 сағат;

  • оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында 6-сыныпта «Мәңгілік ел» курсына 1 сағат;

  • 7-сынып оқушыларын тұлғааралық қатынастарға дайындау, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру, өз көзқарасын, дүниетанымын және пікірін мүлтіксіз қорғай білуге баулу, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу мақсатында «Көшбасшы мектебі» курсына 1 сағат;

  • оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында 9-сыныпта «Табиғат қорғау және химия» курсына 1 сағат;

  • 8-сынып оқушыларын кәсіпалды даярлау мақсатында «Тұрмыстағы химия» курсына 1 сағат;

  • 8-сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін дамыту, туған жерді қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында «Туған өлке тарихы» курсына 1 сағат;

  • 8-сынып оқушыларының ақпараттық құзыреттілігін дамыту мақсатында «ІТ технологиялар» курсына 1 сағат;

  • Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласын басшылыққа алып, 9-сыныптарда «Алаштану» курсына 1 сағат;

  • Қазақстан Республикасы Президентінің «Терроризм мен экстремизм көріністерінің алдын алу және тыю жөніндегі шаралар туралы» 2000 жылғы 10 ақпандағы №332 Жарлығын іске асыру және оқушылардың дін туралы саяси-мәдени білімдерін қалыптастыру мақсатында 9-сыныптарда «Зайырлылық және дінтану» курсына 1 сағат берілді.

Оқушы компоненті:

  • 5-сынып оқушыларының өнерге қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын қалыптастыру мақсатында «Мұрагер» домбыра үйірмесіне 1 сағат;

  • 7-сыныптарда оқушылардың биология ғылымына қызығушылығын арттыру мақсатында «Тіршілік негіздері» курсына 1 сағат;

  • 8-сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тәрбиенің ұлттық құрамдасын күшейту мақсатында «Тоғызқұмалақ» үйірмесіне 1 сағат;

  • оқушыларға психологиялық қолдау көрсету мақсатында 9-сыныпта «Психология» курсына 1 сағат берілді.

Гимназия компоненті:

  • шет тілін тереңдетіп оқыту мақсатында ағылшын тілі пәніне 5,7 - сыныптарда 2 сағат, 6,7,8 - сыныптарда 3 сағат;

  • 5-сынып оқушыларының зерттеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Зерттеу және жобалау іс-әрекетінің негіздері» курсына 1 сағат;

  • 5-сынып оқушыларын сөз өнеріне баулу, оқу мен тәрбиенің ұлттық құрамдасын күшейту мақсатында «Шешендік өнері» курсына 1 сағат;

  • 7-сынып оқушыларының туған өлкесі жайында білімін кеңейту мақсатында «Өлкетану» курсына 1 сағат;

  • оқушылардың ғылымға, ақпараттық жүйелерге қызығушылығын арттыру мақсатында «Робототехника» курсына 6-7 - сыныптарда 1 сағат;

  • оқушылардың математика пәнінен функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында 8-9 - сыныптарда «Функциялар мен графиктер» курсына 1 сағат берілді.

Үйірме жұмыстары:

  • 5-7 - сынып оқушыларында ұлттық сана-сезім қалыптастыру мақсатында «Сырғалым» қыздар клубына, 8-9 - сыныптарда «Ұлағат» ұлдар клубына 0,5 сағат;

  • салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында 5-6 - сыныпта «Футбол», 8-сыныпта «Волейбол», 7, 9 - сыныпта «Баскетбол» үйірмелеріне 1 сағат;

  • 5-6 - сыныпта оқушыларды би өнеріне баулу мақсатында «Шолпы» би үйірмесіне 1 сағат;

  • 6-сынып оқушыларына жолда жүру қауіпсіздігін меңгерту мақсатында «Жас жол инспекторы» үйірмесіне 1 сағат;

  • оқушыларды елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында 5-сыныпта «Елтану» географиялық үйірмесіне 1 сағат;

  • 7-сынып оқушыларына ұлттық қолөнерді насихаттау мақсатында «Ұлттық қолөнер» үйірмесіне 1 сағат;

  • 7-9 - сынып оқушыларының танымдық, шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында «Азамат» дебат үйірмесіне 1 сағат;

  • 5-9 - сынып оқушыларының ғылыми қоғамының жұмысын дамыту мақсатында «Жас толқын» ОҒҚ үйірмесіне 1 сағат;

  • 8-сынып оқушыларының тіл біліміне қызығушылығын дамыту мақсатында «Тіл білімінің теориясына кіріспеге» 0,5 сағат;

  • 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында «Мамандықтар әлемінде» үйірмесіне 1 сағат берілді.

2.2. Орыс тілінде оқитын 5-9 - сыныптардың вариативті компонентінің сағаттары төмендегідей бөлінді:

Мектеп компоненті:

  • 8-сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін дамыту, туған жерді қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында «История родного края» курсына 1 сағат;

  • Қазақстан Республикасы Президентінің «Терроризм мен экстремизм көріністерінің алдын алу және тыю жөніндегі шаралар туралы» 2000 жылғы 10 ақпандағы №332 Жарлығын іске асыру және 9-сынып оқушыларының дін туралы саяси-мәдени білімдерін қалыптастыру мақсатында «Светскость и основы религиоведения» курсына 1 сағат берілді.

Оқушы компоненті:

  • оқушыларды елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында 5-сыныпта «Елтану» географиялық үйірмесіне 1 сағат;

  • 8-сынып оқушыларына ерте кәсіптік бағдар беру мақсатында «Бытовая химия» курсына 1 сағат;

  • 9-сынып оқушыларына психологиялық қолдау көрсету, психология ғылымының негіздерімен таныстыру мақсатында «Психология» курсына 1 сағат берілді.

Гимназия компоненті:

  • шет тілін тереңдетіп оқыту мақсатында ағылшын тілі пәніне 5,7 - сыныптарда 2 сағат, 6,7,8 - сыныптарда 3 сағат;

  • 5-сынып оқушыларының зерттеу, іздену дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Основы проектной и исследовательской деятельности» курсына 1 сағат;

  • 5-сынып оқушыларын сөз өнеріне баулу мақсатында «Введение в риторику» курсына 1 сағат;

  • 7-сынып оқушыларының туған өлкесі жайында білімін кеңейту мақсатында «Краеведение» курсына 1 сағат;

  • оқушылардың ғылымға, ақпараттық жүйелерге қызығушылығын арттыру мақсатында «Робототехника» курсына 6-7 - сыныптарда 1 сағат;

  • математика пәнін кеңейтіп оқыту мақсатында 8-9 - сыныптарда «Функции и графики» курсына 1 сағат берілді.

Үйірме жұмыстары:

  • 5-7 сынып оқушыларында ұлттық сана-сезімін қалыптастыру мақсатында «Сырғалым» қыздар клубына, 8-9 - сыныптарда «Ұлағат» ұлдар клубына 0,5 сағаттан;

  • 5-сынып оқушыларын сахналық өнерге қызықтыру мақсатында «Сценическое искусство» үйірмесіне 1 сағат;

  • 5-6 - сыныпта оқушыларды би өнеріне баулу мақсатында «Шолпы» би үйірмесіне 1 сағат;

  • ағылшын тілі элементтерін қолдану арқылы оқушылардың көптілділік құзыреттілігін дамыту, биология ғылымына қызығушылығын арттыру мақсатында 7-сыныптарда «Шаг в мир медицины» үйірмесіне 1 сағат;

  • 7-сынып оқушыларын тұлғааралық қатынастарға дайындау, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру, өз көзқарасын, дүниетанымын және пікірін мүлтіксіз қорғай білуге баулу, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу мақсатында «Школа лидерства» курсына 1 сағат;

  • 6-сынып оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында «Мәңгілік ел» курсына 1 сағат;

  • салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында 5-6 - сыныпта «Футбол», 7, 8 - сыныпта «Волейбол», 9-сыныпта «Баскетбол» үйірмелеріне 1 сағат;

  • 8-9 - сынып оқушыларының танымдық, шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында «Азамат» дебат үйірмесіне 1 сағат;

  • 8-сынып оқушыларының тіл біліміне қызығушылығын дамыту, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында «Мәтін және сөйлем» курсына 1 сағат;

  • 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында «В мире профессий» үйірмесіне 1 сағат;

  • 5-9 - сынып оқушыларының ғылыми қоғамының жұмысын дамыту мақсатында «Новая волна» НОУ үйірмесіне 1 сағат берілді.

Жоғары саты оқушыларына ерте кәсіптік бағыт беру мақсатында қоғамдық-гуманитарлық бағытының тарихи-филологиялық бағдары «Саясаттануға кіріспе», «Іс қағаздарын жүргізу негіздері», «Мәтінді кешенді талдауға кіріспе», «Журналистика және баспасөз негіздеріне кіріспе», «Текст. Теория и практика», «Абайтану», «Орыс тілінің практикалық курсы» «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» қолданбалы курстарының мазмұны арқылы іске асырылады.

Жаратылыстану-математикалық бағытының физика-биологиялық, физика-экологиялық бағдарлары «Молекулярлық биологияға кіріспе», «Физика есептерін шығару практикумы», «Экобиология негіздеріне кіріспе», «Биофизикаға кіріспе», «Микробиология негіздеріне кіріспе», «Тіршіліктің биологиялық негіздеріне кіріспе», «Физикадан эксперименттік есептер шығару практикумы», «Ықтималдық теориясы және комбинаторика», «Цитология және гистология негіздеріне кіріспе», «Введение в социальную экологию», «Введение в экобиологию», «Научное проектирование», «Практикум решения задач по физике» қолданбалы курстарының мазмұны арқылы жүзеге асырылады.

3.1. Қоғамдық-гуманитарлық бағыты, тарихи-филологиялық бағдары бойынша жалпы орта білім берудің жұмыстық оқу жоспарының вариативтік бөлігінің оқушы, гимназия компоненттері мен үйірме сағаттары төмендегідей бөлінді: (оқытылу тілі – қазақ тілі):

Оқушы компоненті:

  • 11-сынып оқушыларының ғылыми зерттеу, жобалау дағдыларын жетілдіру мақсатында «Ғылыми жобалау» курсына 1 сағат;

  • 10-сынып оқушыларының тілдік құзыреттіліктерін дамыту мақсатында «Көркем мәтін және стиль» курсына 1 сағат;

Гимназия компоненті:

  • 10-11 - сыныптарда ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, биология, пәдерін, 11-сыныпта алгебра және анализ бастамалары пәнін кеңейтіп оқуға 1 сағат, 10-сыныпта «Ғылыми жобалау» таңдау курсына 1 сағат берілді.

Үйірме жұмыстары:

  • 10-11 - сынып оқушыларының ойлау, жады, зейін, өзін-өзі жетілдіру дағдыларын дамыту мақсатында «Психология» курсына 1 сағат;

  • оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында 10-сыныпта «Волейбол» үйірмесіне 1 сағат, 11-сыныпта «Баскетбол» үйірмесіне 1 сағат;

  • оқушыларының ой-өрісін, шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында «Тапқырлар» клубы үйірмесіне 10-сыныпта 1 сағат, 11-сыныпта 0,5 сағат;

  • 10-сынып оқушыларының биология пәніне қызығушылығын арттыру, өз бетімен білім-білік және шығармашылық әлеуетін дамыта білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Медицинадағы биология» үйірмесіне 1 сағат;

  • оқушылардың физика ғылымына қызығушылығын арттыру, өз білімін үнемі жетілдіріп, толықтырып отыру дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Квант» физикалық үйірмесіне 10-сыныпта 0,5 сағат, 11-сыныпта 1 сағат;

  • 11-сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру, пәндік білім-білік дағдыларын дамыту мақсатында «Интеграл» математикалық үйірмесіне 1 сағат берілді.

3.2. Жаратылыстану-математикалық бағыты, физика-биологиялық бағдары бойынша жалпы орта білім берудің жұмыстық оқу жоспарының вариативтік бөлігінің оқушы, гимназия компоненттері мен үйірме сағаттары төмендегідей бөлінді: (оқытылу тілі – қазақ тілі):

Оқушы компоненті:

  • 10-сыныпта «Абайтану» таңдау курстарына 1 сағат;

  • 11-сынып оқушыларының ойлау, жады, зейін, өзін-өзі жетілдіру дағдыларын дамыту мақсатында «Психология» курсына 1 сағат берілді.

Гимназия компоненті:

  • 10-11 - сыныптарда қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерін кеңейтіп оқуға 1 сағат, 10-11 - сыныпта «Ғылыми жобалау» таңдау курсына 1 сағат берілді.

Үйірме жұмыстары:

  • 10-11-сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру, пәндік білім-білік дағдыларын дамыту мақсатында «Интеграл» үйірмесіне 1 сағат;

  • оқушылардың спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында 10-сыныпта «Волейбол» үйірмесіне 1 сағат, 11-сыныпта «Баскетбол» үйірмесіне 1 сағат;

  • 10-11 - сынып оқушыларының ой-өрісін, шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында «Тапқырлар» клубы үйірмесіне 1 сағат;

  • 10-сынып оқушыларының ойлау, жады, зейін, өзін-өзі жетілдіру дағдыларын дамыту мақсатында «Психология» үйірмесіне 1 сағат;

  • оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру, өз білімін үнемі жетілдіріп, толықтырып отыру дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Квант» үйірмесіне 0,5 сағат;

  • оқушылардың химия және биология ғылымына қызығушылығын арттыру, өз білімін үнемі жетілдіріп, толықтырып отыру дағдыларын қалыптастыру мақсатында 11-сыныпта «Жас химик» үйірмесіне 1 сағат, «Медицинадағы биология» үйірмесіне 0,5 сағат берілді.

3.3. Жаратылыстану-математикалық бағыты, физика-экологиялық бағдары бойынша жалпы орта білім берудің жұмыстық оқу жоспарының вариативтік бөлігінің оқушы, гимназия компоненттері мен үйірме сағаттары төмендегідей бөлінді: (оқытылу тілі – орыс тілі):

Оқушы компоненті:

  • 10-сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын дамыту мақсатында «Теория вероятности и элементы комбинаторики» таңдау курсына 1 сағат;

  • 11-сынып оқушыларын ғылым мен мәдениеттің көрнекті өкілдері мен саяси жетекшілердің қызметіне, тарихи оқиғаларға салыстырмалы талдау жасауға дағдыландыру мақсатында «Исторические личности» курсына 1 сағат;

Гимназия компоненті:

  • 10-11 - сыныпта орыс тілі, Қазақстан тарихы, физика пәндерін, 10-сыныпта алгебра және анализ бастамалары пәнін кеңейтіп оқытуға 1 сағаттан, 10-сыныпта «Исторические личности» таңдау курсына 1 сағат берілді.
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/6693