Материал: Коммуналды мемлекеттік мекемесіні зінзі баалау орытындысы (2021202 оу жылы) Жамбыл облысы кімдігіні білім басармасы Байза ауданыны білім бліміні ани Мратбаев атындаы гимназиясы

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам


Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды үйде оқытудың жұмыстық оқу жоспары «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы №61 бұйрығының 5-қосымшасы негізінде жасалды.

«Жамбыл облыстық ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорытындысы және дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы, ата-аналардың өтініші негізінде мектепішілік бұйрықтары шығарылды. 2020 жылдың 5 қыркүйегінде №2 директор жанындағы кеңесте қаралды.

Шукурбек Мирастың психикасындағы интеллектуалдық деңгейінің, зейіннің, есте сақтаудың, кеңістіктегі бағдарының нашар дамуы байқалды. Қашықтықтан өткізілген «Шексіз шығармашылық» республикалық байқаудың «Қазақстан – менің алтын бесігім» сурет байқауына қатысып 2-орынды иеленді. Жетекшісі – М.Сулейменов.

Бахтығали Нұрдана сабаққа жақсы қатысады. Қол өнермен айналысқанды ұнатады. «Алтын қолдар» сәндік, қолданбалы «Жарамсыз материалдардан жасалған бұйымдар» өнер байқауына қатысып, сертификатқа ие болды. Оқушының дарындылығын анықтайтын сауалнамалар алынды. Сауалнама нәтижесінде оқушының математика мен спорт саласына жақын екендігі анықталды. Анықталған нәтиже бойынша сынып жетекшіге таныстырылды. Сонымен қатар, оқушымен көңіл-күйін көтеру мақсатында ойын-жаттығулар өткізілді.

Сексенбай Әлішердің сабаққа қатысуы жақсы, сұрақтарға белсенді жауап береді. Сабақ барысында оқушының өз ойын жеткізуі, тапсырмаларды орындауы орташа. Оқушының сабаққа қатысуы жақсы, сұрақтарға белсенді жауап береді. Сабақ барысында оқушының өз ойын жеткізуі, тапсырмаларды орындауы орташа. «Қазақстан – менің алтын бесігім» сурет байқауына қатысып сертификат иеленді. Жетекшісі – әлеуметтік педагог П.Абзалиева. Алишермен қимыл-қозғалыс саласын дамыту мақсатында жұмыстар атқарылды. Олар: қолдың ұсақ моторикасын дамыту мен мимика мен пантамимиканы дамыту жаттығулары. Оқушымен зерде аясын дамыту бойынша жаттығу,тапсырмалар жүргізілді. Олар: Жадын, тіл мен ойлау қабілетін,қиялын, зейінін, есту қабілетін дамытатын жаттығулар.

Бешли-оглы Расим сабаққа қатысу деңгейі орташа, сабаққа құлшына кірісе бермейді, көңіл-күйіне қарай. Сұрақ қойса жауап береді, тапсырмаларды өздігінен орындай бермейді, жалқаулығы басым. «Қиял-ғажайып әлемі» байқауына қазақ тілінен эссе байқауына қатысып 3-орынды иеленді. Жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ш. Утегенова «Алтын қолдар» сәндік қолданбалы өнер байқауы «Ермексаздан жасалған керемет дүниелер» номинациясы бойынша қатысып, сертификатқа ие болды. Оқушымен танымдық әрекеттерін түзету, дамыту жұмыстары жүргізілді. Оқушының сабаққа деген ынтасы төмен болғандықтан, есте-сақтау қабілетін арттыру мақсатында психологиялық ойын-жаттығулар жүргізілді. Расиммен сенсорлық процестері мен кеңістік бейімделуін дамыту жаттығулары орындатылды.

2.7.5. 2021-2022 оқу жылы

2021-2022 оқу жылында «Жамбыл облыстық ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорытындысы және дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы, ата-аналардың өтініші негізінде 3 оқушы үйден оқытылады. Олар: Н. Бахтығали, А.Сексенбай, М.Шукурбек.



Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Диагнозы

Оқу бағдарламасы

Мүгедектігі

Бұйрықтың шығарылған күні

Психологиялық мінездеме

Оқу жүктемесі

1

Бахтығали Нұрдана

4 «Ә»

Острый миелобластный лейкоз, М1- М2 вариант. Период клинико-гематологической ремиссии. Интеллектуальная норма

Жалпы білім беру

Бар

01.09.

2021 №80.


Оқу әс-әрекеті жақсы қалыптасқан. Психикалық дене бітімі өз жасына сай. Есте сақтау қабілеті жақсы. Сабаққа деген қызығушылығы-жоғары. Бос уақытын тиімді пайдаланады. Берілген тапсырманы уақытында,жауапкершілікпен орындайды. Психикалық ауытқушылығы жоқ.

14 сағат

2

Сексенбай Әлішер

7 «Ә»

Герминогенноклеточная опухоль головного мозга. Состояние после операции. Вторичная нисходящая атрофия ДЗН. Центральный несахарный диабет. Вторичный гипотиреоз. Интеллектуальная норма.

Жалпы білім беру

Бар

01.09.2021№79.


Оқу іс-әрекеті жақсы қалыптасқан. Сабаққа деген қызығушылығы жоғары. Зейіні-тұрақты. Отбасы мүшелерімен жақсы қарым-қатынаста. Бауырларына қамқор. Психикалық ауытқушылығы жоқ.


18 сағат

3

Шукурбек Мирас

7 «А»

Балалар церебралды салдануы, атонико-астатикалық түрі, қимыл-қозғалысының бұзылуымен. Ақыл-ойының жеңіл түрде артта қалуына теңестірілген интеллектуалды мнестикалық жетіспеушілік. Дисграфия, дислексия синдромы

Көмекші мектеп бағдарламасы

Бар

02.09.2021 №112.

Психикалық және дене бітімінің дамуы өз жасына сай емес. Оқу іс-әрекеті қалыптаспаған. Қойылған талаптарды толығымен орындай алмайды. Зейіні тұрақсыз. Бір орнында отыра алмайды, мұғалімнің көмегін үнемі қажет етеді. Тірек-қимыл аппараты бұзылысының салдарынан тепе-теңдікті ұстай алмайды.

10 сағат


Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды үйде оқытудың жұмыстық оқу жоспары «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы №61 бұйрығының 5-қосымшасы негізінде жасалды.

«Жамбыл облыстық ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорытындысы және дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы, ата-аналардың өтініші негізінде мектепішілік бұйрықтары шығарылды. 2021 жылдың қыркүйегінде №2 директор жанындағы кеңесте қаралды.

Шукурбек Мирасқа оқу жылының басында оқушының үйіне барып,жаңа оқу жылында сабаққа деген ынтасын анықтадық. Мирастың көңіл-күйі тұрақсыз болғандықтан оқушымен сенсорлық процесстері мен кеңістік бейімделуінде есте сақтау мен көру қабілеттерін дамыту үшін тапсырмалар орындатылды. Сонымен қатар оқушының қимыл-қозғалысында ақауының болуына байланысты оқушының қимыл-қозғалыс саласын дамыту жаттығулары орындатылды.

Бахтығали Нұрдана үлгерімі орташа. Үйде оқуға ата-анасы тарапынан жағдай жасалған. Ата-анасының да, оқушының да көңіл-күйілері жақсы. Cабаққа жақсы қатысады, қол өнермен айналысқанды ұнатады. Оқушының дарындылығын анықтайтын сауалнамалар алынды. Сауалнама нәтижесінде оқушының математика мен спорт саласына жақын екендігі анықталды. Анықталған нәтиже бойынша сынып жетекшіге таныстырылды. Сонымен қатар оқушымен көңіл-күйін көтеру мақсатында ойын-жаттығулар ойнатылып тұрады.

Сексенбай Әлішердің сабаққа қатысуы жақсы, сұрақтарға белсенді жауап береді. Сабақ барысында оқушының өз ойын жеткізуі, тапсырмаларды орындауы орташа. Оқушының сабаққа қатысуы жақсы, сұрақтарға белсенді жауап береді. Сабақ барысында оқушының өз ойын жеткізуі, тапсырмаларды орындауы орташа. Алишермен қимыл-қозғалыс саласын дамыту мақсатында жұмыстар атқарылды. Олар: қолдың ұсақ моторикасын дамыту мен мимика мен пантамимиканы дамыту жаттығулары. Жадын, тіл мен ойлау қабілетін, қиялын, зейінін, есту қабілетін дамытатын жаттығулар жиі өткізіліп тұрады.

(Көшірме: 10-қосымша тіркелді).

8) ЖББ ҮОЖ сәйкес жүзеге асырылатын вариативтік компоненттің факультативтері мен таңдау курстарын іске асыру (ағымдағы оқу жылының вариативтік компонент сабақ кестелерінің көшірмелері, сонымен қатар зияткерлік олимпиадалар мен конкурстарға қатысу нәтижелері қоса беріледі):

2.8.1. 2017-2018 оқу жылы

1.1. Қазақ тілінде оқитын 1-4 - сыныптардың вариативті компонентінің сағаттары төмендегідей бөлінді:

Мектеп компоненті:

  • оқушылардың сауаттылығын дамыту, тіл біліміне қызығушылығын арттыру мақсатында 3-сыныпта «Көркем жазу», 4-сыныпта «Қазақ тілі орфографиясының қиын тұстары» курстарына 1 сағат;

  • 2-сынып оқушыларының математикаға қызығушылығын арттыру мақсатында «Қызықты математика» курсына 1 сағат;

  • 3-4 - сынып оқушыларын отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Ұлттық дүниетаным» курсына 1 сағат;

  • 3-4 - сынып оқушыларының ойлау дағдысын қалыптастыру мақсатында «Логика» курсына 1 сағат берілді.

Оқушы компоненті:

  • 1-сынып оқушыларының математикаға қызығушылығын арттыру мақсатында «Қызықты математика» курсына 1 сағат;

  • 1-2 - сынып оқушыларының сауаттылығын дамыту мақсатында «Көркем жазу» курсына 1 сағат;

  • оқушылардың тіл біліміне қызығушылығын арттыру, сөз өнеріне баулу, оқу мен тәрбиенің ұлттық құрамдасын күшейту мақсатында 3-4 - сыныпта «Шешендік өнері» курсына 1 сағат берілді.

Гимназия компоненті:

  • оқушылардың көптілділік құзыреттілігін дамыту мақсатында ағылшын тілі пәніне 1-2 - сыныптарда 1 сағат, 3-4 - сыныптарда 2 сағат;

  • 1-2 - сынып оқушыларын сөз өнеріне баулу, оқу мен тәрбиенің ұлттық құрамдасын күшейту мақсатында «Шешендік өнері» курсына 1 сағат;

  • оқушылардың ойлау дағдысын, математикалық сауаттылығын дамыту мақсатында 1-2 - сыныпта «Логика», 3-4 - сыныпта «Қызықты математика» курстарына 1 сағат;

  • оқушылардың оқу дағдыларын дамыту, тіл біліміне қызығушылығын арттыру мақсатында 1-2 - сыныпта «Көркем оқу», 3-4 - сыныпта «Қызықты грамматика» курстарына 1 сағат берілді.

Үйірме жұмыстары:

  • оқушыларды еңбекке баулу, өнерге қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын қалыптастыру мақсатында «Шебер қолдар» үйірмесіне 1-2 - сыныптарда 0,5 сағат, 3-4 - сыныптарда 1 сағат;

  • оқушылардың ән айту дағдысын қалыптастыру, музыка өнеріне қызығушылығын арттыру мақсатында 1-2 - сыныптарда «Балдәурен» хор үйірмесіне 1 сағат, дене пластикасын жетілдіру, әдемілік әлеміне баулу мақсатында 1-сыныптарда «Ырғақты би», 2-4 - сыныптарда «Балауса» би үйірмелеріне 1 сағат, 3-4 – сынып оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Футбол» спорттық үйірмесіне 1 сағат;

  • 1-сынып оқушыларын әдептілікке баулу мақсатында «Әдеп әліппесі» үйірмесіне 1 сағат;

  • оқушыларды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында 1-2 - сыныпта «Ұлттық дүниетаным» үйірмесіне 1 сағат;

  • оқушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында 2-4 - сыныпта «Зерттеу және жобалау іс-әрекетінің негіздері» үйірмесіне 1 сағат;

  • 3-4 - сыныптарда оқушылардың логикалық ойлау дағдысын қалыптастыру мақсатында «Жас шахматшы» үйірмесіне 0,5 сағаттан берілді.

1.2. Орыс тілінде оқитын 1-4 - сыныптардың вариативті компонентінің сағаттары төмендегідей бөлінді:

Мектеп компоненті:

  • оқушылардың сауаттылығын дамыту мақсатында 3-4 - сыныпта «Чистописание», 4-сыныпта «Трудные случаи орфографии русского языка» курстарына 1 сағат берілді;

  • 1-2 - сынып оқушыларының математикаға қызығушылығын арттыру мақсатында «Занимательная математика» курсына 1 сағат;

  • оқушыларды сөз өнеріне баулу, оқу мен тәрбиенің ұлттық құрамдасын күшейту мақсатында 1-сыныпта «Риторика» курсына 1 сағат берілді.

Оқушы компоненті:

  • 3-4 - сынып оқушыларының зерттеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Основы проектной и исследовательской деятельности» курсына 1 сағат берілді.

  • Гимназия компоненті:

  • оқушылардың көптілділік құзыреттілігін дамыту мақсатында ағылшын тілі пәніне 1-2 - сыныптарда 1 сағат, 3-4 - сыныптарда 2 сағат;

  • 1-2 - сынып оқушыларының сауаттылығын дамыту мақсатында «Чистописание» курсына 1 сағат;

  • оқушылардың оқу дағдыларын дамыту, сөз өнеріне баулу, оқу мен тәрбиенің ұлттық құрамдасын күшейту мақсатында 1-2 - сыныпта «Выразительное чтение» курсына, 3-4 - сыныпта «Занимательная грамматика» курстарына 1 сағат;

  • 1-2 сынып оқушыларының ойлау дағдысын қалыптастыру мақсатында «Юные умники и умницы» курсына 1 сағат;

  • 3-4 - сынып оқушыларының математикаға қызығушылығын арттыру мақсатында «Занимательная математика» курсына 1 сағат берілді.

Үйірме жұмыстары:

  • оқушыларды еңбекке баулу, өнерге деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын қалыптастыру мақсатында «Умелые руки» үйірмесіне 1-сыныптарда 0,5 сағат, 2-4 - сыныптарда 1 сағат;

  • оқушылардың ән айту дағдысын қалыптастыру, музыка өнеріне бейімдеу мақсатында 1-2 - сыныптарда «Балдәурен» хор үйірмесіне 1 сағат, дене пластикасын жетілдіру, әдемілік әлеміне баулу мақсатында 1-сыныпта «Ритмика», 2-4 - сыныптарда «Балауса» би үйірмелеріне 1 сағат, 3-4 – сынып оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Футбол» спорттық үйірмесіне 1 сағат;

  • 1-сынып оқушыларын әдептілікке баулу мақсатында «Азбука этики» үйірмесіне 1 сағат;

  • оқушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастыру, логикалық ойлау дағдыларын дамыту мақсатында 1-сыныпта «Путешествие в науку», 2-сыныпта «Основы проектной и исследовательской деятельности», 3-4 - сыныпта «Логика» үйірмелеріне 1 сағаттан, 2-4 - сыныпта «Юный шахматист» үйірмесіне 0,5 сағаттан берілді.
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/6693