«Мектепке гүл сыйла» тақырында Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясы "Мектепке гүл сыйла" акцияның челлендждер ұйымдастырылып жалғасуда.. "Күз бояулары" тақырыбында Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясы бастауыш сыныптар арасында, "Күз бояулары" тақырыбында онлайн суреттер және қолөнерлер көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Күз мезгіліндегі табиғат құбылыстарын (жапырақтардың түсуін) бақылау. Табиғат құбылыстарына танымдық қызығушылықтарын ояту, табиғатқа деген қамқор көзқарасқа тəрбиелеу.
Үшінші бағыт: Ұлттық тәрбие
Мақсаты: Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлау, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Мектептегі ұлттық тәрбиені халықтық педагогиканының асыл мұралары негізінде саналы тәрбие беруде қалыптастыру;
- Қоғамдағы білім беру және тәрбие мәселелерін ұлттық құндылықтармен сабақтастыру, салт-дәстүрлерді дәріптеу, жүзеге асыруға баулу;
- Сабақ барысында ұлттық тәрбиеге баулу арқылы оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға және танымдық қасиеттерінің дамуына жағдай жасау;
- Жас ұрпақты ұлтжандыққа, отансүйгіштікке, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін терең меңгеруге, ана тілін қадірлеуге үйрету.
- Жас ұрпақты ұлтжандыққа, отансүйгіштікке, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін терең меңгеруге, ана тілін қадірлеуге үйрету.
- Этникалық өзіндік санаға, этникалық сәйкестікке;
- Мемлекеттік тілді және ана тілін меңгеруіне;
- Өз халқының мәдени мұрасына;
- Қазақ халқының және өз халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрпына;
- Қазақстанның этномәдениетіне;
- Этносаралық бейбітшілік пен келісімге мақтаныш сезім және жауапкершілік таныту.
- Семинарлар, конференциялар, турнирлер, слеттер, жиналыстар, байқаулары;
- Сабақтар, оқу пәндерінде, қосымша білім беруде, сабақтан тыс іс-әрекеттерте жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды кіріктіру;
- Этнопедагогика кабинеттерінің қызметі;
Диагностикалық талдау іс-әрекеті.
«Мәңгілік ел» жобасы аясында акциялар, ҚР Елтаңбасы, Туы мен Гимнін, мемлекеттік тілді, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін, Қазақстан тарихын білу бойынша фестивальдер және байқаулар өткізу; өлкетану жұмыстары және т.б. арқылы жүзеге асырылады. Аталмыш бағыт бойынша «Ұлттық бұйымдар», «Ұлттық спорттық бұйымдар» Ұлттық фестивальдар» өткізіледі.
І. «Сырғалым» қыздар клубы -
«Сымбат» әсемдік орталығы
-
«Бұрымды ару» байқауы
-
«Шеберлер қалашығы» қолөнер бұрышы
-
«Инабат» сұхбат алаңы
-
«Шолпы» би үйірмесі
ІІ. «Ұлағат» ұлдар клубы1) «Қыран» ұлдар орталығы
2) «Шежірелер сыр шертеді» байқауы
3) «Жігіт сұлтаны» сайысы
4) «Жігітке жеті өнер де аз» қолөнер бұрышы
«Ұлағат» ұлдар мектебіМақсаты:Оқушыларға рухани және адамгершілік тәрбие беру бағытында ізгілік, шеберлік, икемділік қабілеттерін қалыптастыру, ұлдар клубының жұмысын жүйелі жүргізу арқылы отбасы құндылықтарын насихаттау.
«Ұлағат» ұлдар клубында жоспарға сәйкес ұл бала тәрбиесі бойынша дөңгелек үстел, пікір алмасу, дәріс оқу, кездесу кештері жүргізілді. Айына бір рет мұғалімдермен бірлескен түнгі рейдтерге шығады. Діни экстремизмнің алдын алуға байланысты профилактика жұмыстары, брифингтер,дебат турнирі, психологиялық тренингтер, сауалнама жұмыстары алынды. Нашақорлық пен уытқұмарлықтың алдын алудың кешенді жоспарына сәйкес оқушылар арасында психоактивті, токсиндік, спирттік, темекі заттарды пайдаланғандарды анықтау және жұмыс жасалынады. Рейдтік іс-шаралар,брифингтер,«Жастар нашақорлыққа қарсы!» атты флеш-мобтар,апталық,сауалнама шаралары өткізілді.
«Ұлағат» ұлдар клубының жоспар бойынша ұлдар арасында жиналыстар жиі өткізеді.Пікір алмасу,гигиена бойынша дәрігерлік кеңес жүргізу, дөңгелек үстел, мектеп айналысына көшеттер отырғызу жоспарға сәйкес өткізілді.
«Сырғалым» қыздар клубыМақсаты: қыз балаларға рухани және адамгершілік тәрбие беру бағытында ізгілік, шеберлік, икемділік қабілеттерін қалыптастыру
Қазан айында 6-7 сынып қыздары аралығында «Үздік шашүлгісі» байқауы, қараша айында 7-8 сынып қыздары аралығында «Шынайы достықты бағалай білесің бе?» атты сырласу кеші ұйымдастырылса, 8-10 сынып қыздары аралығында "Бұрымды қыз" фото байқауы өткізілді.
«Үздік шашүлгісі» байқауы, (6-7 сынып қыздары аралығында) қазан айында, «Шынайы достықты бағалай білесіңбе?» атты сырласу кеші, (7-8 сынып қыздары аралығында) қараша айында, "Бұрымды қыз" фото байқауы (8-10 сынып қыздары аралығында) қаңтар айында, «Үздік киім үлгісі» аты ұлттық нақыштағы киім үлгілерін жасау бойынша байқау (6-8 сынып қыздары аралығында) ақпан айында, "Ана деген тіршіліктің тірегі" сурет байқауы наурыз айында, «Ақ шағала» би байқауы (2-4 сынып қыздары аралығында) сәуір айында өткізілді.
№
| Шеберлік сағаттар саны
| Сурет, қолөнер көрмелер саны
| Мерекелік іс-шаралар саны
| Ұлттық фестивальдар
|
1
| 4
| 3
| 3
| 1
|
Төртінші бағыт: Отбасы тәрбиесіМақсаты: Қоғамдық отбасының рөлін жоғарлату, жастар арасында отбасы құндылықтары мен салт- дәстүрлерін аналық-әкелік рөлдерді кең көлемде насихаттау және отбасылық тәрбиені білім жүйесіне үздіксіз іс-әрекет ретінде енгізу.
Міндеттері: - Отбасылық тәрбиенің дәстүрлерін күшейту;
- Балалар мен жастарға өмірде адамгершілік таңдауды және шешімді қабылдауды үйрету;
- Салауатты өмір салтын дамыту, еңбекке деген күш- қуатын, дағдысын күшейту және физикалық, еңбектегі ақыл-ой қысымын мойынсыну;
- Баланың қабілеттерін, қызығушылығы мен икемін анықтау, жас адамдарға өзінің кәсіптік деңгейін анықтауға көмектесу;
- Балада күнделікті отбасылық мәдени қарым-қатынастың әдістерін орнату;
- Отбасында жақсы психологиялық хал-ахуалдың қалыптастыруна ықпал ету;
- Мектеп, отбасы және қоғам арасында үйлесімділік қарым қатынасын орнату, балаларда – рухани адамгершілік тәрбиені ерікті іс-әрекеттік мінез құлықты қамтамаз етеді;
- Отбасылық тәрбиенің мақсаты мен міндетін шешу үшін жаңашылдық әдістерді амалдардарды, отбасылық тәрбиенің формасын белсенді түрде іздеу қажет және жақсы ұлттық отбасылық салт-дәстүрлерді қамтамасыз ету.
- Әлеуметтік тәжірибе, балалардың әлеуметтік жобаларын өңдеп, жүзеге асыру, жалпы адамгершілік құндылықтарға бағыттаушы, адамгершіліктің байқалуы;
- Акциялар, БАҚ жобалары, форумдар, семинарлар, байқаулар және дөңгелек үстелдер;
- Тарихи-өлкетану іс-әрекеті, адам өзінің туған жеріне, өскен ортасына бауыр басу қасиетін қалыптастыру;
- Желі торабында ақпараттық базаны құру;
- Отбасылық құндылықтарды насихаттайтын әдебиеттер қорын кітапханаға жинақтау;
- Білім беру ұйымдарында «Ата –аналар университетін» құру;
- Жерлес танымал тұлғалардың шығармашылығын, өмірін зерттеу;
- Жарыстар, байқаулар, шығармашылық презентациялар, фестивальдар («Шынайы тұрғыдан», «ХІІ ғасыр балалары: біздің құқықтарымыз бен мүмкіндіктеріміз»);
- Ата-аналар әдісі, үлгілі отбасыларымен кездесу өткізу;
- Іс-шараларға гендерлік ұйымдарды тарту;
- Білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңесінің жұмысы;
- Өзінің санасын, өзінің танымын, өзінің тәрбиесін, өзін шектеуді, өзін бақылауды, рефлексияны және т.б реттеу.
- Үлгілі отбасыларын насихаттау: теле бағдарламаларды, бейне фильмдер, әлеуметтік роликтерді;
- Жарыстар, байқаулар, форумдар, фестивальдар, дискуссиялық алаң
- Кеңес беру орталықтарының құрылымы, «Сенім телефоны», «Қоғамдық балалар қабылдауы»;
- Белсенді іс-әрекеттегі тәрбие жағдайаттарын құру, ұжымға, қоғамға деген қарым-қатынасы мен міндеттерін;
- Балалардың іс-әрекетінің әдісі, ұжымдық оқушылардың өзін-өзі басқаруы, қоғамдық балалар ұйымына қатысу (Жас Ұлан).
Диагностикалық талдау іс-әрекеті.
«Отбасы – мақтанышым тірегім» атты отбасылық презентация;
«Отбасы шежіресі» атты отбасылық байқау;
«Отбасыммен мақтанамын» атты дискуссиялық алаң;
«Отбасым – алтын үйім» атты отбасылық жоба;
«Жанұя ағашы» атты отбасылық жоба;
«Жылы алақан» атты қамқорлық акциясы;
«Мен және менің отбасым» атты презентация портфолио;
«Сіздер ата-анасыздар» атты отбасылық жағдаяттарды шешу;
«Әке жасай алады...» атты байқау;
«Отбасынан кету: реніш немесе қапалану?» атты тренинг.
Отбасылық тәрбие бағыты аясында «Өнегелі отбасы» атты ата-аналар қоғамдастығының қатысуын белсендендіру мақсатында 5-9 сыныптар аралығында «Көшбасшы мектеп» атты ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып, жасөспірімдер арасындағы бірнеше түрлі құқықбұзушылықтар және деструктивті діни ағымдардың алдын алу жұмыстары жүргізілді.
Мектепішілік «Парасатты отбасы» байқауы аясында 3 отбасы аудандық кезеңге жолдама алып, оның ішінде: «Интелектуалды отбасы», «Спортшылар отбасы», «Оқырман отбасы» номинациялары бойынша аудандық байқаудан Сметовтар отбасы жүлделі ІІІ орынға ие болды.
«Аналар», «Әкелер» мектебінің 10 күндігі ұйымдастырылып,
«Ақжаулық» аналар мектебі
Мақсаты:аналар мектебінің жұмысын жүйелі жүргізу арқылы отбасы құндылықтарын насихаттау.
«Ақжаулық» аналар мектебінің жоспарына сәйкес гимназиямызда аналармен бірге тұрақты түрде іс-шаралар ұйымдастырылып отырады.
2021-2022 оқу жылының І жартыжылдығында "Ақжаулық" аналар мектебінде аналар және қыздардың қатысуымен онлайн түрде түрлі іс-шаралар өткізілді.
Қыркүйек айында «Қыз еркем, анасымен көркем!» атты 5-6 сынып оқушылары аралығында онлайн байқау өткізілсе, қараша айында 7-9 сынып оқушылары және олардың аналары арасында "Мен анаммен мақтанамын" аты бейнеороликтер байқауы, желтоқсан айында 10 "А" сынып жетекшісі Г.Дүйсенбекова және ата-аналардың ұйымдастыруымен "Дәмді ас-дастарханның көркі" аты сыныптан тыс шеберлік сағаты өткізілсе, сондай-ақ 1-2 сынып оқушылары және олардың әжелерімен әжелердің өнегесін кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдыру, салт-дәстүрімізді дәріптеу мақсатында "Әжелер өнегесі - тәрбие көзі" онлайн байқау ұйымдастырылды. Сондай-ақ, 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай, 5-8 сынып оқушылары аралығында «Аналар - асыл жандар!» атты онлайн құттықтаулар ұйымдастырылды.
Бесінші бағыт: Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Мақсаты: Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын, экологиялық және еңбек мәдениетін дамыту.
Міндеттері:
- жеке тұлғаның рухани бейнесінің көрінісі жалпы адами құндылықтар негізінде еңбекке деген қарым-қатынасын қалыптастыру;
- балалар мен жасөспірімдерді еңбекке баулу;
- еңбектің әдіс-тәсілдері мен ептілікке үйрету;
- өмірдің басты құндылықтарының бірі ретінде еңбекке деген оңтайлы қарым-қатынасты қалыптастыру,шығармашылықпен жұмыс жасауға бағыттау,жинақтаған білімді іс жүзінде қолдануға ұмтылу;
- жоғары моральдық қасиеттерді тәрбиелеу: еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, іскерлік, мақсат қойғыштыққа, сонымен қатар өз өмірін жақын арада, орташа және ұзақ мерзімге жоспарлай білуге тәрбиелеу;
- ұйымдастырушылық қасиеттерді дамыту: жұмыс барысында ұжыммен жұмыс істеу қабілеті, өзара түсінікті және өзара көмек беруді дамыту мақсатында жарыстыру;
еңбек барысында түрлі еңбек ету шарттары мен тәжірибелерімен қарулану.
- Мектеп оқушысына берілетін еңбек тәрбиесі негізінің мазмұнын келесідей еңбек түрлері құрайды: оқу еңбегі, қоғамдық пайдалы еңбек, өндірістік еңбек. Оқушының оқу еңбегі ой-сана және дене еңбегінен тұрады. Ой-сана еңбегі көп ойлануды, шыдамдылықты, тиянақты болуды талап етеді;