Материал: Коммуналды мемлекеттік мекемесіні зінзі баалау орытындысы (2021202 оу жылы) Жамбыл облысы кімдігіні білім басармасы Байза ауданыны білім бліміні ани Мратбаев атындаы гимназиясы

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам



«Азамат» жобасы:

Мақсаты:

Жас жеткіншектерге “Мәңгілік ел” ұлттық идеясы құндылықтарын бойына сіңіру мен ұлы даланың қасиетті жеті қырын аманаттау аясында тарихын, мәдениетін, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды меңгерту, білім алуға құштарлығын ояту мен патриоттық және құқықтық тәрбие берудің негізін қалыптастыру.

Міндеттері:

- Жеткіншектерге патриоттық және рухани тәрбие беру негізінде “Мәңгілік ел” ұлттық идеясының жеті бағыты бойынша танымдық іс-шара бағдарын жүйелі жүргізу;

- “Ұлы даланың жеті қырын” ұлттық мақтаныш, ұлы мұрат ретіндегі маңыздылығын таныту, насихатталуын арттыру;

- Жас буынның зияткер ұрпақ ретіндегі білім алуға деген құлшынысын арттырудағы сапалы іс-шаралардың маңыздылығын күшейту;

- Оқушылардың бала жастан сыни ойлау дағдыларын тәрбиелеу мен

құқықтық сауаттылықтарын жетілдіруде жаңа форматты тәрбиелеу технологияларын тиімді қолдану.

Күтілетін нәтиже:

- “Мәңгілік ел” ұлттық идеясының жеті бағытын жүйелі жүргізу негізінде өз елінің патриоты екенін сезіне алады;

- “Ұлы даланың жеті қырын” ұлттық мақсатымыз екенін біледі;

-Жас буын білімге деген құлшынысын арттыратын іс-шараға қатыса отырып, зияткер тұлға болып қалыптасады;

-Жаңа форматты тәрбиелеу технологияларды тиімді жүргізу негізінде, оқушыларды сыни ойлау дағдысы мен құқықтық сауаттылығы артады.

Қорытынды: Оқушылардың арасындағы қоғамдық құқықбұзушылықтың алдын алу үшін семинарлар, шеберлік сыныптарды, дөңгелек үстелдер, форумдар ұйымдастыру;

Екінші бағыт: Рухани – адамгершілік тәрбие.

Мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.

Міндеттері:

- Оқушыларға пікірді өңдеуге көмектесу,оны ойлауға,өмірді бағалай білуге және рухани-адамгершіліктің мағыналарын түсінуге;

- Тәрбиеленушіні рухани-адамгершілікке жеке тұлға ретінде дайындалуға қолдау көрсету,тез аяқ астынан өзгеретін жағдайлардан өтуді қолдау;

- Адам туралы, біртұтас әлемнің көрінісін қалыптастырып, жағдай жасауды қамтамасыз ету;


- Шабыт беру, жеке тұлғаны өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылу, адамгершілікті жоғарлату және рухани даму, ұят, жақындарына деген сүйіспеншілік, әлсіздерге, науқас адамдарға көмек беруге дайын тұру және т.б;

- Әлеуметтік тәжірибелер, балалар әлеуметтік жобаларын жүзеге асыру, жалпы адамгершілік құндылықтарды бағдарлау адамгершіліктің көрінісі

- Кешенді бағдарламаны дайындап, өңдеп және педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату (өзін-өзі тану);

- Барлық оқу және оқудан тыс әдістерін рухани – адамгершілік негіздерінің іс-әрекеті;

- Бірыңғай мәдени-ақпараттық ортаның құрылуы;

- Рухани-адамгершілік сапаларды жастар және балалар қоғамдық ұйымының қалыптасуы ( «Жас Ұлан»);

- Қосымша білім беру мекемелерін, жастардың және балалардың қызығушылық мақсаттарына байланысты клубтарды кеңейтіп ұйымдастыру;

- Жарыстар, байқаулар, көріністер және қамқоршылық акциялары («Бауыржан тану», «Абай оқулары», «Оқы, тап!», «Сыйлыққа - кітап», «Bookrossing»);

- Пайдалы істерді орындау, қамқорлық, қайырымдылық іс-әрекеттері.


Оқу жылдары



«Рухани Жаңғыру» іс-шараларының сандық үлесі

Құқық қорғау қызметкерлерімен кездесулер

Жолда жүру ережелері қауіпсіздігін сақтау іс-шаралары

Өрт қауіпсіздігі алдын алу іс-шаралары

Сауалнамалар


Психологиялық тренигтер

Ата-аналармен жүргізілген іс-шаралар

Төтенше жағдай оқу жаттығулары

Сынып сағаттары

Құқықтық кеңес отырыстары


Сыныптан тыс іс-шаралар

Рейдтер

Жалпы саны

2017-2018

19

17

9

6

11

7

5

350

4

25

7

460

2018-2019

20

20

11

12

16

9

4

400

6

32

11

541

2019-2020

25

24

11

10

14

8

5

652

4

44

13

810

2020-2021

27

25

12

13

18

9

5

698

4

53

22

886

2021-2022

30

28

14

12

22

10

5

723

3

69

35

950

Жалпы саны

121

114

57

53

81

43

24

2823

21

223

88

3647



Диагностикалық талдау іс-әрекеті.

«Волонтерлық қызмет - Экосфера» клубы

Мақсаты: ағаш егу, көгалдандыру, түптерді отырғызу, салауатты өмір салтын насихаттау, экологиялық мәдениетті насихаттау.

Міндеттері:

- пәнге қатысты жаратылыстану-ғылыми түсініктер мен терминдерді, заңдар мен әдіс-тәсілдерді білу;

- жаратылыстану-ғылыми бағыттағы жобалау-зерттеу жұмыстарының міндеттері мен әдіс-тәсілдері, қоршаған ортаның сапасын бағалау технологиялары мен компоненттері, табиғи жүйелердің құрылымы мен қызметтері туралы қажетті ақпарат көлемін игеру;

- жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша зертханалық құрал-жабдықтарды, табиғат құбылыстарын, процестер мен нысандарын білу;

- қоршаған орта нысандарының жай-күйін бағалай білу;

- қоршаған ортаға антропогендік, яғни адамзаттың іс-әрекеті әсерінің жақын болашақтағы салдарларын болжау;

- қоршаған ортаның сапасын бағалаудың сандық көрсеткіштерін пайдалану;

- экологиялық жағдайды талдау, оның себептері мен экологиялық салдарларын анықтау;

- ресурс үнемдеу технологияларын білу және меңгеру, табиғат пайдалану стратегияларын бағалау.

«Мектепке жол» акциясы: «Мектепке жол» акциясының жүргізілуі, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларын қыстық киіммен қамтамасыз етуді ұйымдастыру

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Байзақ ауданының білім бөлімі ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 2 тамыздағы № 3-153018-И хатына сәйкес мектебімізде «Мектепке жол» акциясы өткізілуде.

Акцияны ұйымдастыру және өткізуі жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалынып бектілді.

Акцияның мақсаты-аз қамтылған,көп балалы отбасылардан шыққан және жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету болып табылады.

Акция барысында:

-Мектепке дайындау кезінде қолдауға мұқтаж аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан,жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетілді;

-Гимназия кітапханашыларының қамқорықтағы,көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға оқулықтар таратуы қадағаланды;


-Гимназия ұжымы,жеке кәспкерлер акцияға тартылды;

1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан,жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету мақсатында гимназия ұжымы тарапынан 15 оқушыға кеңсе тауары,3 оқушыға мектеп формасы берілді. Жалпы білім беру қорынан 42 оқушыға ақшалай көмек көрсетілді.

«Оқуға құштар мектеп» жобасысының мақсаты: әлеуметтік әріптестік арқылы білім алушылардың оқу құзіреттілігін, оқу мәдениеті мен оқу белсенділігін арттыруды, оқу сауаттылығы, оқырман қауымдастығын қалыптастыру, оқушы, ата-аналар және мұғалімдердің кітапқа деген мәдениетін арттыру. Мектебімізде акция жоспар бйынша өткізіледі. Барлығы 93 мұғалім қатысты. Акцияға 2000 жылдан бастап жарық көрген қазақ және орыс тілдеріндегі: тарихи, құқықтық, көркем және балалар әдебиеті тақырыптарындағы заманауи әдебиеттер қабылданды. Мектеп мұғалімдері ақцияға белсене қатысып, кітапханаға 35 дана кітап сыйға тартты.

Акцияның мақсаты: – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу.

Буккроссинг - бұл оқырмандарды әсіресе жастарды кітапханға тартудағы заманауи әдіс. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектеп кiтапханасында «Буккроссинг» кiтап алмасу бұрышы ұйымдастырылды. Бұл бұрышқа кез келген оқушылар үзілісте кітаппен  таныса алады және ұнаған кітапты оқуға өзімен  алуға болады. Егер ұнатса өзiне қалдырады. Ал орнына өзi оқып тастаған кiтапты немесе газет-журналдарды қойып кетедi. Бiз бақылау жүргiзбеймiз. Оқырман билетi толтырылмайды. Мұны ашық кiтапхана деуге болады. Мақсаты – кiтаптарға екiншi өмiр сыйлау, олардың пайда әкелуiне жол ашу. Яғни, кiтаптар сөрелерде бекерге шаң  басып жатпауы керек. Қорыта айтқанда, буккроссинг «өзiң оқы да, өзгеге ұсын» қағидасына негiзделген қарапайым iс-әрекеттен тұрады. Кітаптармен алмасу ізгілігі балаларға ұнады.





Шеберлік сағаттар саны

Кездесулер саны

Эссе, шығарма байқаулары

Қайырымдылық

акциялары

Байқаулар саны

Сурет, қолөнер көрмелер саны

Мерекелік іс-шаралар саны

1

13

4

3

4

5

6

4





ҒаниМұратбаев атындағы гимназиясының 2021-2022 оқу жылындағы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының 7 бағыт аясындағы оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы сараптамалық талдауы.
  Мақсаты мен міндеттері

 «Жас Ұланның» мақсаты:

  • Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.

«Жас Ұланның» міндеттері:

  • Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;

  • Балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;

  • Танымдық жұмыстарды ынталандыру;

  • Балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;

  • Жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.

Басым бағыттары:





Оқу жылы

Бағыт бойынша өткізілген іс-шаралар саны

Жалпы саны


2021-2022

Отан

Жеті жарғы

Зерде

Сала

уат

Еңбек

Руха

ният

Эко

әлем

30

5

3

4

3

4

5

6



Күшті жағы

( Strengths)

Әлсіз жағы (Weaknesses)



Мүмкіндіктер

(Opportunities)

Мектепте мұғалім мен оқушы арасында, отбасында ата-ана мен баланың арасында сенім мен ынтымақтастық мәдениетінің, қолайлы ортаның қалыптасуы;

«Отан» және «Жеті жарғы» бағыттарының жұмыстары нәтижесінде құқықтық сауаттылықты, меклекеттік рәміздерге деген құрметті, ұлттық мерекелер мен мемлекеттік мерекелердің, кәсіби және өзге де мерекелерді атап өтіп оқушы жадында сақталуына септігін тигізу;


Патриоттық сезімнің жекелеген оқушылар бойындағы әлсіздігі;

Оқушылардың өзіне деген сенімділігі мен шығармашылық белсенділігінің төмендігі





«Зерде» бағытындағы жұмыстарды жандандыру;

«Еңбек» бағыты аясында әлеуметтік жобалар жұмысын

жалғастыру;

Оқушылардың шығармашылық

белсенділігін арттырып,

көшбасшылыққа

қалыптастыру;


Источник: https://tut-files.ru/previewfile/6693