Материал: Коммуналды мемлекеттік мекемесіні зінзі баалау орытындысы (2021202 оу жылы) Жамбыл облысы кімдігіні білім басармасы Байза ауданыны білім бліміні ани Мратбаев атындаы гимназиясы

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
;

- Жарыстар, әскери-патриоттық ойындар және шығармашылық байқаулар («Жүрек үні», «Қауіпсіздік мектебі», «Жыл оқушысы», «Менің жетістіктерім», «Ұлан», «Алау»);

- Спорттық іс -шаралар және патриоттық кештер жасөспірімдер мен жастар клубы;

- Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу «Әлем маған да және саған да керек»;

- Балалардың сурет байқауы «Алтын қазына», «Бояулар құпиясы».

- «СПИД және ВИЧ-инфекцияларын алдын-алу»;

- «Кәмілетке толмағандардың диструктивті секталарға таратылуы»;

- «Зиянды әдеттердің алдын-алу»;

- «ТЖҚ, милиция, жедел жәрдемді жалған шақыру»;

- «Бала құқығы жөніндегі БҰҰ Конвенциясы»;

- «Жастар қылмыс мәселелері»;

- Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстарын, денсаулық сақтау, ішкі ісітер және басқа да ұйымдардың қоғамдық қорлар өкілдерімен (оның ішінде ата-ана, жастар)бірлесе отырып белсендіру;

- Жалпы білім беру үрдісіне профилактикалық бағыттағы бағдарламасын енгізу және жұмыстарды жалғастыру, оның ішінде есірткіге қарсы, құқықтық, сауаттылық, жалпы білім беру үрдісінде жалпы мәдениетті жоғарлату (балалар, ата-аналар, пед. қызметкерлер), балаларды өмір сүруге, сақ болуға, салауатты өмір салтына үйрету;

- Кәмлетке толмағандар тарапынан құқық бұзушылықтың бірі ретіндегі балалардың қараусыз қалуы, көше кезушілігн алдын-алу шарасына бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру, сәтсіз отбасын анықтау.

- Жастар арасында есірткіге қарсы және құқық бұзушылықтың болдырмау жолдары. білім алушылардың бойында Қазақстандық патриотизм сезімін, құқықтық және азаматтық сана-сезімді, жеке бас бостандығы мен ар-намысының құндылығын , парасаттылығын пен адалдықты, толеранттылықты, еңбекке деген құрметті, «Толық адам» қасиеттерін қалыптастыру, зорлық-зомбылық пен агрессиялық ой-пиғылдың, әр-түрлі типтегі кемсітушіліктің алдың алуды қарастырады.

Диагностикалық талдау іс-әрекеті.

Осы тәрбие бағыты юойынша Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясында:

«Білім күніне» Идеологиялық және тәрбиелік мақсатта патриоттық идеяны, Қазақстан Тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктерін насихаттау мақсатында 2-11 сыныптар аралығында «Тәуелсіздік жетістіктері» атты сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттардың өз деңгейінде өтуін қадағалау мақсатында гимназия ұстаздары арасында бақылаушылар тобы ұйымдастырылды. Жамбыл облысы әкімшілігінің жер қатынастары бөлімінң басшысы Көпбосынов Бахтияр Бейсенбайұлы қонаққа шақырылып оқушыларға Қазақстан Республикасының нағыз патриоттары және Тәуелсіздік жетістіктері жайында баяндап берді. «Құқықтық қоғам-қауіпсіз қоғам» Кездесіге 8-11 сынып оқушылары қатысып, инстаграмм парақшасы арқылы тікелей эфирге шығып гимназия ата-аналары, ұстаздары және оқушылары қатысып, жалпы 500 ге жуық көрермен эфирге қосылды. Кездесу барысында Бүгінгі жасөспірім ертеңгі еліміздің азаматы, болашағы. Ертеңгі болашағымыз баршамызды да алаңдататыны белгілі. Бүгінгі кездесуімізге де болашағымыз – жасөспірімдерімізге жанашыр жандар оқушыларға арнайы маман ретінде түрлі сауалдарына жауап беріп, өз ойларын ортаға салды. «Қыз тәрбиесі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында Қыз балалар жиналысы өтіп, «Жеке бас гигиенасы», «Жыныстық өзгерістер» тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Адал ұрпақ» еріктілер клубына оқушыларды қабылдау рәсімі өткізілді. Қабылдау рәсіміне аудандық «Адал ұрпақ» еріктіліер клубының үйлестірушісі А.Ибрагимова қатысып оқушыларға клубтың аясында өткен жылғы жұмыстарды таныстырып, 2021-2022 оқу жылына 40 оқушы клуб қатарына қабылданды. «Мәңгілік ел» патриоттық тәрбиені насихаттау мақсатында «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты сурет көрмесі және байқауы ұйымдастырылды. Көрме барысында Көркем еңбек мұғалімдері арасында сараптау мүшелері құралып, 5 «Ә» сынып оқушысы Нұрлан Нұрсаят І орын иеленді, 5 «Ә» сынып оқушысы Түргенбай Іңкәр ІІ орын иеленді, 6 «А» сынып оқушысы Ерболов Аюб ІІІ орын иеленді. Марапатты орын иеленген оқушыларға тәрбие орталығының тарапынан алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді. Оқушыларға Ар-ождан, жауапкершілікті, адалдықты, әділдікті насихаттап өз елінің патриоттары және азаматтары болуды қалыптастырды.

«Психологиялық қызметті және мектептегі татуласу қызметін ұйымдастыру»
мақсатында №12 бұйрығына сәйкес Психологиялық қызметті ұйымдастыру бойынша «Бойымыздағы жағымсыз эмоциялар» тақырыбында 5-7 сыныптар аралығына әр сыныппен психологиялық тренинг өткізді. Тренинг барысында кейбір сыныптарда психологиялық жұмыты қажет ететін оқушылардың ата-аналарымен байланысып, жеке көмек беруге оқушылар белгіленді.

- гимназияда қосымша білім беруді қадағалау мақсатында оқушыларға араналған түрлі үйірмелер, секциялардың жүйелі жүргізілуін бақылау мақсатында коммисия құрамы құрылып үйірме, секция жұмыстары қатаң бақылауға алынған. «Жасөспірім» атты құқық айлығы өткізілді. Айлықтың аясында:

- Құқық айлығының жоспары бекітіліп төмендегі іс-шаралар гимназиямызда өткізіліді

«Мен өз құқығымды білемін» атты аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Полиция Полковнигі Д.Мусаев, Ювеналды бөлімінің үйлестірушісі Е.Тұрғымбаев, ювеналды топ инспекторы Р.Аймбековпен кездесу өтіп, құқық айлығының ашылу салтанаты ұйымдастырылды.

- «Хат өзіңнің мұңыңмен бөліс» атты гимназия педагог-психологтарының ұйымдастыруымен сенім жәшігінің апталығы өткізілді.

- Жасөспірімдердің арасында қоғамдық құқыбұзушылықтың алдын алу мақсатында күндізгі (сағат 14/00-18/00) және түнгі «Түнгі ауыл – 2021» (сағат 22/00-02/00) аралығында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Рейд барысында күндізгі іс-шаралар кезінде 4 оқушы үйіне қайтарылды, түнгі іс-шаралар барысында оқушылар анықталған жоқ. Рейдке жалпы ер мұғалімдер қатысты. Рейдтік іс-шаралар 1 ай уақыт ұйымдастырылды.

- 2-11 сыныптар аралығында «Бала құқығы» атты тәрбие сағаттары өткізілді

- Ай сайын аудандық Ішкі Істер бөлімімен бірлескен жоспар аясында мобильдік топ бойынша ойын-сауық орталықтарына, кешкі уақытта жұмыс жасайтын мейрамханаларға рейдтік іс-шаралар жүргізіледі.

«Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылып, жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, елімізге еңсе тіркетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының келбетін меңгерту. «Отбасы, Мектеп, Қоғам мәселесі» атты ар-ожданды, жауапкершілікті, адалдықты, әділдікті насихаттау мақсатында 9-10 сыныптар аралығында ДТІЖО К.Н Сатенов, ДҚТІЖО Н.Ж Кудабаевтың ұйымдастыруымен дебат ойындары ұйымдастырылды.

«Құқықтық сана – қауымға пана» жобасы гимназиямыздағы № 19 бұйрыққа сәйкес оқушылардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталып, жоба аясында «Азамат» дебат клубы аясында негізгі заңдарды білу, түсіну, оларды міндетті түрде орындау, құқықты, заңдылықты құрметтеу, алған білімдерін күнделікті өмірде өз бетінше функционалдық сауатты түрде пайдалана білу үшін оқушылаға: құқықтық оқытулар, мен өз құқығымды білемін, адалдық академясы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жат мінездер атты тақырыптарда пікірталастар, дебат ойындары, шеберлік сағаттар, құқықтық оқытулар ұйымдастырылған.


«Мектеп пен ата-аналар балаларды қоғамға жат мінез-құлықтан бас тарту мәдениетіне тәрбиелеу» мақсатында «Көшбасшы сынып» жобасы атты 5-10 сыныптар аралығынада ата-ана, сынып жетекші, оқушы қауымдастығын арттыру және әр-түрлі мінездерді үндестіру үшін сынып аралық апталықтар бекітілген. Осы апталықтарда гимназия оқушылары мен ата-аналарға «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы», БҰҰ ковенциясы аясяындағы «Бала құқығы» заңы, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы» заңнамаларымен таныстыра отырып, оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі, мінез-құлқы мәселелерін зерттеп, қиындықтарын шешуге арналған жоба.
Оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен құқығын қорғау жұмыстарының 5 жылдық көрсеткіші


Оқу жылдары



Білім алушылардың қауіпсіздігін сақтау мен құқығын қорғау іс-шараларының сандық үлесі

Құқық қорғау қызметкерлерімен кездесулер

Жолда жүру ережелері қауіпсіздігін сақтау іс-шаралары

Өрт қауіпсіздігі алдын алу іс-шаралары

Сауалнамалар


Психологиялық тренигтер

Ата-аналармен жүргізілген іс-шаралар

Төтенше жағдай оқу жаттығулары

Сынып сағаттары

Құқықтық кеңес отырыстары


Сыныптан тыс іс-шаралар

Рейдтер

Жалпы саны

2017-2018

19

17

9

6

11

7

5

350

4

25

7

460

2018-2019

20

20

11

12

16

9

4

400

6

32

11

541

2019-2020

25

24

11

10

14

8

5

652

4

44

13

810

2020-2021

27

25

12

13

18

9

5

698

4

53

22

886

2021-2022

30

28

14

12

22

10

5

723

3

69

35

950

Жалпы саны

121

114

57

53

81

43

24

2823

21

223

88

3647




Турникеттер мен бейнебақылау камераларының соңғы 5 жылдық болуы және көрсеткіштері

Оқу жылдары

Бейнебақылау камераларының саны

2017-2018

24 дана

2018-2019

24 дана

2019-2020

33 дана

2020-2021

33 дана

2021-2022

33 дана

Ескерту: мектеп ғимаратында турникет қою 2021 жылға жоспарланып отыр.
Мектеп инспекторыларының болуы және соңғы 5 жылдың көрсеткіштері

Оқу жылдары

Мектепке бекітілген инспектордың аты-жөні

Мектеп инспекторының жұмыс кабинеті

2017-2018

Тұрғынбаев Ерлан Жанатбекұлы

Бар

2018-2019

Тұрғынбаев Ерлан Жанатбекұлы

Бар

2019-2020

Танабаев Азат Қанатұлы

Бар

2020-2021

Танабаев Азат Қанатұлы

Бар

2021-2022

Аймбеков Рахым

Бар


КТІЖИ-ның есебінде тұратын оқушылардың соңғы 5 жылдың сандық үлесі



Оқу жылдары

КТІЖИ-ның есебінде тұратын оқушылар үлесі

Мектепішілік есептегі оқушылар

Аудандық КТІЖИ есебіндегі оқушылар

2017-2018

2

0

2018-2019

1

1

2019-2020

0

0

2020-2021

0

0

2021-2022

0

0
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/6693