Материал: Коммуналды мемлекеттік мекемесіні зінзі баалау орытындысы (2021202 оу жылы) Жамбыл облысы кімдігіні білім басармасы Байза ауданыны білім бліміні ани Мратбаев атындаы гимназиясы

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам


«Жас Ұлан» ұйымындағы оқушылардың 2021-2022 оқу жылындағы

қабылданған оқушылар саны

491

310

801


"Руханият"адамгершілік,адалдық бағыты бойынша- «Жас Ұландықтардың» өзіндік және басқа халықтардың адамгершілік,этикалық бейнелеу-эстетикалық негіздерін дамытуға және қалыптастыруға,өз түсніктерін басқа адамдар мен әлеуметтік топтардың қызығушылықтарын біріктіруге,жеке тұлғаның әдеп ұстанымын,оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруға,қоғамның қазіргі құрлымын түсінуге және осы қоғамда әлеуметтік-адамгершілік құндылықтар және әлеуметтік бағыттар негізінде қызымет етуге мүмкіндік беретін бағыт.Балалар мен жас жеткіншектерді жалпы адамгершілік қасиеттерге ие болуға және Отанға,еңбекке,жалпы қоршаған ортаға,өзінің жеке тұлғасына деген сезімін тәрбиелеу.Даму және дамыту,ізгілік пен парасаттылық қасиеттерін сіңдірту.Жақсылық атаулыға деген арттырып,жамандыққа жол бермейтін ата-ана,туыс,достар,ұжым,халық,Отан алдындағы парызды сезінетін,адалдық,адамгершілік ұстанымдары берік сақтауға үйрететін шараларды қамтиды.

1-қыркүйек 2021 жылы білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынды ашу мәртебесі гимназиямыздың директоры Н.М.Жанұзақұлына берілді.

«Білім күні» мерекелік іс-шаралары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен ұлы ағартушы педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай, «Кел,балалар оқылық» атты салтанатты жиынмен басталды.Осы жиында 1 сынып бүлдіршіндеріне «Әліппе» оқулығы табысталды.Сонымен қатар,іс-шаралар ары қарай, «Тәуелсіздк жетістіктері» тақырыбындағы бірыңғай сынып сағаттарымен жалғасты.Осы сынып сағаттарына облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Көпбосынов Бақтияр Нұрғалиұлы қонақ ретінде қатысып,жас жеткіншектермен ой бөлісті.Руханият бағыты бойыншы 6 іс-шара өткізілді.

https://www.facebook.com/gmonline.kz

«Зерде» ( танымдық ) бағыты бойынша – «жасұландықтардың» интеллектуалдық мəдениетін, ойлау қабілетінің белсенділігін, ақыл- ой деңгейін жəне шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға жəне дамытуға,туындаған мəселелерді шешу , жоспар құру жəне өзіндік өмірлік іс-əрекеттеріңді басқаруға, бүгінгі жаңа ғылыми дүниетанымды иегеруіне, балалардың интеллектуалдық ойындарға, дебаттарға, олимпиадаларға, жобаларға жəне зерттеу жұмыстарына қатысуына əсер ететін бағыт. Өзін-өзі тану, отбасы және қоршаған орта туралы толық білу, осы заманға ғылыми және мәдени біліммен қарулану, өз елінде және өзге елде болып жатқан жаңалықтармен танысу. Сабақтан уақытта оқушылардың зияткерлік деңгейінің көтерілуін жан-жақты көзқарасының кеңейуін жетілдіруге, үнемі ізденіс пен білімге деген құштарлығын арттыруға ықпал ететін шараларды қамтиды. 18.09.2021 "Жас Ұлан"ұйымына қабылданған жалпы оқушылардың тізімі жасалынып, кеткен оқушыларды анықтау мақсатында «Жас Ұлан» ұйымының 10 сынып оқушылары дөңгелек үстел ұйымдастырды.Зерде бағыты бойынша 7 іс-шара өткізілді.
https://www.facebook.com/gmonline.kz

«Салауат» ( салауатты өмір салты ) бағыты бойынша – «жасұландықтардың» салауатты өмір салтын қалыптастыруға, спорттық, туристік, экспедициялық жəне өлкетанушылық бағдарламаларды ұйымдастыру арқылы дене шынықтыруды дамытуға əсер ететін бағыт .Ағзаны шынықтыратын, дененің дұрыс қалыптасуын, мүсіннің сымбатты болуын қамтамасыз ететін, гигиеналық дағдыларға баулитын, ұлттық ойындарды меңгертетін, олардың пайда болу және даму тарихымен таныстыратын, салауатты өмір салтын насихаттайтын, ірі спорттық жетістіктерге ынталандыратын, әр кезеңдегі спорт саңлақтарының өмірі мен спорттағы жетістіктерімен таныстыратын іс-шараларды қамтиды. 25.09.2021ж «Жас Ұлан» ұйымының оқушылары яғни 5-6 сыныптар арасында «Денсаулық фестивалі» атты спорттық іс-шарасы өткізілді.Салауат бағыты бойынша 5 іс-шара өткізілді.

https://www.facebook.com/gmonline.kz

«Еңбек» бағыты бойынша – «жасұландықтардың» бойында еңбектің ең бірінші өмірлік қажеттілік, өмірлік табыстарға жетудің басты тəсілі мен жоғары құндылық екендігін түсіндіретін, олардың мамандандырылған бейініне əсер ететін, «бизнес-инкубаторлар» мен балалар кəсіпорындарын құру арқылы кəсіптік білім беретін, кəсіпкерлік, экономикалық жəне құқықтық біліктіліктерін қалыптастыратын бағыт . Жеке тұлға ретінде қалыптасуға ықпал ететін, қоғамдық негізде қйымдастырылған жұмыстарға қатысу, өзі тұратын өңірде кең таралған еібек түрлерімен танысу арқылы қажетті еңбек дағдыларын үйрету. Туған өңірінде ір кезеңде еңбегімен танымал болған, атақты тұлғалардың өмірі мен еңбектегі жетістіктерімен таныстырып , оны мақтаныш етуге, өнер түрлері және еңбек рахатын, сқлулығын сезіне білуге ықпал ететін шаралар қамтиды. 20.09.2021ж күні гимназиямызда «Көшемізбен ауламызды көркейтейік» тақырыбында «Жас Ұлан» ұйымының 6 сынып оқушыларының қатысуымен сенбілік ұйымдастырылды. Еңбек бағыты бойынша 5 іс-шара өткізілді.https://www.facebook.com/gmonline.kz

«Жеті жарғы» (құқықтық) бағыты- мектеп Жарғысын,оқушыларға арналған мінез –құқық ережелерін білуге,оны сақтауға, мемлекет пен оның заңдарын құрметтеп қарауға , жеткіншектердің күнделікті өмірде өздерінің жүріс-тұрысына басшылық жасай білуіне ықпал ететін, өз мемлекетінің азаматтарына қамқорлықпен қарап, ел байлығын халық игілігіне жұмсауға ат салысатын оқушылардың азаматтық белсенділігін қалыптастыруға, заң бұзушылыққа қарсы күресуге ықпал ететін шараларды, жастар арасында әр түрлі жүргізілетін әлеуметтік-құқытық маңызы бар шараларды қамтиды. 03.09.2021ж күні «Абайлаңыз,балалар!»Жол апатының алдын-алу және оқушылар арасында жолда жүру және жол апатының алдын алу жұмыстарының жоспары,жас жол инспекторларының қатысуымен және Байзақ АІІБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция лейтенанты Айымбнеков Рахым Джаркынович пен гимназия тәлімгері Бибосынова Рухани Кенесбековна бірлесіп 1-4 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Жеті жарғы бағыты бойынша 6 іс-шара өткізілді.
https://www.facebook.com/gmonline.kz

«Отан» ( патриоттық ) бағыты бойынша – «жасұландықтардың» санасында қазақстандық танымның жəне мəдени түсініктің қалыптасуына, азаматтық парыздың орындалуына , толеранттылық пен патриоттық , отанға қызмет етудің маңыздылығы, өз халқың үшін мақтаныш сезімі, мемлекеттік рəміздерді, мемлекеттің жəне туған өлкеңнің идеологиялық негіздерін білуге жағдай жасайтын бағыт .Отанымыз Қазақстанның өткен тарихы мен оның қалыптасу, даму , нығайту жолдарымен таныстыратын, халық тарихына қатысты ұлы тұлғалар жөнінде білім беретін, әдеби және мәдени құндылықтарды насихаттайтын, шетелде тұратын қазақ балаларымен байланыс орнатуға ықпал жасайтын, жалпы халықтық мейрам – мерекелерді өткізуді, мемлекеттік тілді меңгертіп, оның қолдану аясын кеңейтуне бағытталған шараларды қамтиды.

01.10.2021ж күні Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясының "Жас Ұлан" балалармен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен "Қарттар күні" атты акция ұйымдастырылды. Акцияға ұйым мүшелері белсенді атсалысты. Санитарлық гигиеналық жағдайды сақтай отыра «Жас ұлан» ұйымының мүшелері жалғыз басты қарт анаТөле би 81 үйде тұратын Әтіргүл анамызға барып түрлі сыйлықтар табыстап,жыр шумақтарын арнап 6в сынып оқушылары барып қайтты.Отан бағытты бойынша 7-іс-шара өткізілді. https://www.facebook.com/gmonline.kz

«Экоәлем» (экологиялық) бағыты-табиғат туралы түсініктерін кеңейтуге, табиғат пен адамзат арасындағы байланысты сезінуге, қоршаған орта сұлулығын сезінуге және көре білуге, оны қорғауға, туған өлке табиғатын танып білуге, экологиялық мәдениетті қалыптастыруғы, экологиялық зардаптардың себебінтүсініп, оны жоюға ұмтылатын,жалпы экологиялық мәселенің адамзат тіршілігіне тікелей байланысын сезінуге ықпал ететін шараларды қамтиды 09.10.2021ж күні «Күздің кереметі» атты экибано көрмесі ұйымдастырылды. «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымының оқушылары қатысып түрлі мақтау грамоталармен марапатталды. 5 Іс-шара өткізілді https://www.facebook.com/gmonline.kz

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттарының шеңберінде балалар мен жасөспірімді тәрбилеу мазмұнын жаңартудың әлеуметтік маңызын өзектендіру: бәсекеге қабілеттілік прагматизм,ұлттық бірегейлікті сақтау.білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық даму,сананың ашықтығы аясында;


«Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі индикаторлары шеңберінде білім беру мен тәрбиелеуді дамытудың әлемдік үрдістерін тәрбие беру саласындағы педагогикалық ғылымның жаңашыл жетістіктерін, тәрбие берудің шетелдік және отандық қазіргі кездегі тұжырымдамаларының негізгі ережелерін, Қазақстан Республикасының орта білім берудің жаңартылған мазмұнын,тәрбиенің әдіснамалық негіздері мен қағидаттарын, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Назарбаев университетінің алдыңғы қатарлы тәжірибесін есепке ала отырып тәрбиенің жаңартылған мазмұнының мақсаты мен міндеттерін анықтау;

3.Білім беру ұйымдарында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін тиімді енгізудің шарттарын ашып көрсету; заманауи басым жалпыадамзаттық, ұлттық және этномәдени құндылықтар негізінде тұтас тәрбие процесінде білім алушылар тұлғасының және олардың отбасыларының, мектептің, мемлекеттің, балалардың азаматтық қоғамы, қоғамдық ұйымдарының бірлескен іс-әрекеттерін қамтамасыз ету;

4. Балалар мен жастарды тәрбиелеу мазмұнында заманауи реалиялармен, сондай-ақ іс-қимыл компонентін, шынайы әлеуметтік маңызды нәтижелерге негізделген балалар мен жастардың әлеуметтік бастамаларын кіріктіру жүйесін күшейту.

5.Күтілетін нәтиже- білім беру ұйымында тәрбиенің заманауи ахуалының ерекшеліктеріне тән сипат әлеуметтік талап етілетін құндылықтар, дәстүрлер, мінез-құлық тәжірибесі ұстанымы тұрғысынан оны жаңартуға бағытталады.Тәрбие процесіне «Рухани жанғыру» бағдарламасының міндеттері контексінде өлкетану компонентінің инновациялық моделі,білім алушылардың рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиесінің формалары мен тәсілдері, балалардың әлеуметтік маңызды бастамалары белсенді енгізілуде, мектептің, ата-аналар қауымдастығының, әлеуметтік әріптестердің, әсіресе түрлі балалар қоғамдарының, қоғамды формалды емес бірлестіктерінің қазіргі заманғы әдістерін іздеу және күшін шоғырландыру жүзіге асырылады.

«Тәуелсіздік тұғырым, желбірейді көк туым» тақырыбында Қазақстан Республикасының 30 жылдығыныа орай сурет көрмелері ұйымдастырылды.

«Табиғат аясында және күзге сағыныш» тақырыбында күзге деген сағыныштарын бейнелеу арқылы жеткізді. Сурет байқауы ұйымдастырылды. «Шынықсаң шымыр боласың» тақырыбында, денсаулық фестиваль күніне орай қыздар арасында, дене шынықтыру мұғалімдерінің ұйымдастыруымен волейболдан жарыс өткізілді.

«Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың аудандық интеллектуалдық байқау өткізілді. Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың аудандық интеллектуалдық байқауға 10 сынып оқушысы Темірхан Камилла қатысып өз отаны туралы видеоролик жасады. Халықаралық қыздар күні «Бұрымды қыз» тақырыбында, Халықаралық қыздар күніне орай қыздармен шаш өру өнерлері туралы байқау ұйымдастырылды.
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/6693