Оқушылар жыл соңында кезекші сыныптарға келіп оқығандықтан тәрбие орталығымен бірлесіп,санитарлық талаптарды сақтай отырып үйлеріне барып әлеуметтік жағдайлары мен психологиялық мінез-құлықтарын анықтадық.
Диагностикалық анықтау жұмыстары нәтижесінде оқушылардың жеке даралық дарындылық түрлері анықталды.
Жақсы жақтары
| Әлсіз жақтары
|
Оқушылардың пандемия кезінде шарасыз қалмай,заманның дамуына байланысты онлайн форматта оқу мүмкіндіктеріне ие болғандары.
| Онлайн форматта оқушыларды көзбен көрмегеніктен шамалы қиындық туғызатын жақтары болды.
|
Мүмкіндіктер
| Қауіптер
|
Мектеп тарапынан онлайн форматта оқуға құрал-жабдықпен қамту мүмкіндігіне ие болғанымыз. Смортфон,планшеттер арқылы оқушылармен байланысып уақыты жұмыс жүргізіліп отырды.
| Оқушылардың ұялы телефондарды шамасынан тыс қолданып,қауіпті сайттарға кіріп кететіндіктері алаңдатты.
|
Психологиялық түзету, алдын алу.Зерттеу нәтижесіне қарай оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып, бейімделуіне, оқушының сабаққа мотивациясын, ынтасын көтеру жұмыстары жүргізіліп, оқушылармен жеке сұхбат жүргізілді.
5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделу кезіндегі психологиялық сүйемелдеу жұмыстары бойынша алдын алу және анықтаумен қатар дамыту-түзету мақсатындағы психологиялық тренинг Zoom платформасы арқылы өткізілді.
«Үйде оқытылатын және инклюзивті білім алатын балалармен жұмыс жүргізу кезінде туындайтын мәселелерді шешу жолдары» тақырыбында семинар-оқу өткізілді. Семинар барысында пән мұғалімдері сабақ беру кезінде туындайтын қиындықтар мен мәселелерді ортаға салып, оны шешу жолдарын талқыға салды.
Орта буын оқушыларының ата-аналарымен баламен сенімді қарым-қатынас орнатуға бағытталған семинар-тренинг өткізілді. Тренинг барысында ата-аналарға әрбір баланың бақытты болуға және де ата-ана мейірімі мен махаббатына бөленіп өсуге құқылы екендігі айтылды.
Орта буын оқушыларымен «Бауыржан Момышұлы – халық қаһарманы» атты тақырыпта танымдық сағат өткізілді. Оқушыларға қазақтың батыр ұлының, майдангер жазушының қалдырған өсиет сөздері мен ерлігі насихатталды. Негізгі мақсаты балалардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру.
Аудан мектептеріне қашықтықтан білім алу басталғалы бері, ата-ана мен бала қарым-қатынасын нығайту мақсатында «Ата-ана, балаға көңіл бөл» атты көңіл бөлу сәті ұйымдастырылған болатын. Сол жұмыс бойынша ата-ана мен баланың суретін жинақтап, қорытынды жасалынды.
Бастауыш буындарына «Алғыс айту» мерекесі онлайн ұйымдастырылды.Сынып чаттарына жадынамалар жіберілді.Оқушылардан, ата-аналардан кері байланыс алынды.
«Халықаралық әйелдер күніне орай ата-аналар мен ұстаздарға құттықтау жадынамасы дайындалып, чаттарға жіберілді. Оқушыларды емтихан алды қобалжу,мазасыздық деңгейін төмендету мақсатында тренинг өткізілді. Тренинг барысында әр бір оқушыға жеке және топтық жұмыстар орындатылып,кері байланыс жасалынды.
Мемлекттік емтиханға психологиялық дайындық жаттығулары ұйымдастырылып, оқушыларға өткізілді. Емтихан алды оқушылармен қобалжу деңгейін төмендету мақсатында жаднама жасалынды. Оқушыларға жаднама таратылды.
Жүргізілген іс-шаралардың негізгі мақсаты атан-ана мен оқушыларды ұйымшыл болуға, ауызбіршілікке шақыру. Түрлі тапсырмаларды орындай отырып, ата-ана мен бала болып кез келген кедергіні еңсере білуге үйрету болды.
Жақсы жақтары
| Әлсіз жақтары
|
Оқушылардың берілген тапсырманы уақыты орындап,кері байланыс берулері.
| Әр заттың артықшылығы мен кемшілігі болады. Сол себептен онлайн сабақтарға уақыты кірмей,тапсырмаларды орындауды ұмытып кететін оқушыларда анықталып, онлайн оқудың әлсіз жақтарын да көрсетті.
|
Мүмкіндіктер
| Қауіптер
|
Салғырттық танытқан оқушыларды анықтап, жеке сұхбат жүргізілді. Тапсырманы уақытылы орындап,кері байланыста болуы керектігі түсіндірілді.
| Оқушы берілген сауалнама немесе басқа да тапсырмаларды уақытылы орындамаса, жан-дүниесіндегі өзгерістерді дер кезінде анықтай алмай қалу алаңдатушылық тудырды.
|
Психологиялық ағарту мен кеңес беру.Жыл басында оқушылар мен ата-аналарының қарым-қатынасын нығайту мақсатында онлайн форматта Zoom флатформасы арқылы семинар-тренингтер жүргізіліп отырды.
Сынып жетекшілермен бірлесе отырып, әр оқушыға талдау жасалынды. Сынып жетекшілердің ұсынысы бойынша мінез-құлқында өзгерістері бар оқушылармен жеке сұхбат жүргізілді. Ата-аналарға арналған тренинг өткізілді. Тренинг барысы тәрбие, отбасы туралы болды. Тренингке ата-аналар белсене қатысты. Ата-аналарға бейнероликтер, түрлі тапсырмалар көрсетілді. Ата-аналар бір-біріне жылы лебіз, тілектерін білдірді. Кері байланыс берілді. Сонымен қатар мектеп мұғалімдеріне шаршау, енжарлық деңгейін төмендету мақсатында тренинг өткізілді. Тренинг барысында мұғалімдер түрлі жаттығулар жасап, сергіту сәтін жасады. Кері байланыс жасалынды.
Жыл бойы мұғалімдерге, оқушыларға, ата-аналарға кеңес берілді. Кеңес беру журналына тіркелді. Барлық кеңес беру саны: 95
Мемлекттік емтиханға психологиялық дайындық жаттығулары ұйымдастырылып, оқушыларға өткізілді. Емтихан алды оқушылармен қобалжу деңгейін төмендету мақсатында жаднама жасалынды. Оқушыларға жаднама таратылды. Кеңес берілді.
Психоконсультация апталығы, оқушыларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Консультацияға келген оқушыларға жеке кеңестер берілді.
Сонымен қатар ерекше назардағы балалармен жұмыс жасау мақсатында жеке сұхбаттасу апталығы ұйымдастырылды. Ерекше назардағы оқушылармен жеке сұхбат жүргізіліп, кеңес берілді.
Оқушылардың қызығушылығын анықтау жұмысын жүргізу, мұғалімдерге психологиялық кеңес беру мақсатында тест алынды. Тест нәтижесінде оқушылар жақсы нәтиже көрсетті.
Оқушылардың қарым-қатынас деңгейін жақсартуға арналған психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг барысында қарым-қатынас мазмұны, ерекшеліктері туралы бейнеролик көрсетілді. Оқушылар өз ойларын білдірді. Әркім өзіне тән қасиеттерін атап өтті. Ең бастысы сынды қабылдай білу керектігін түсінді.
Жақсы жақтары
| Әлсіз жақтары
|
Оқушылармен онлайн форматта сауалнама,тест алған жеңіл болды. Жауабын ғаламтор автоматты түрде шығарып берді
| Сауалнаманы тапсырмаған оқушырдың болуы.
|
Мүмкіндіктер
| Қауіптер
|
Оқушыларды тізім бойынша анықтап, жеке жұмыстар жүргізу.
| Сауалнама өңделу барысында қатыспаған оқушылар салдарынан төмен көрсеткіш көрсетуі.
|
Атқарылған жұмыстар саны Сауалнама
| Тест
| Тренинг
| Кеңес беру
| Ата-аналар жиналысы
|
13
| 3
| 10
| 95
| 11
|
Келесі оқу жылына психологиялық қызмет мынадай жұмыстарды іске асыруды жоспарлайды: 1. Диагностикалық жұмыстар тест,сауалнамалар дайындау;
2. Психологиялық ағарту жұмыстарының санын көбейту;
3. Психолог кабинетіне бастауыш сынып оқушыларына танымдық процесстерін дамытуға арналған ойыншықтармен жабдықтау;
4. Өткен оқу жылындағы кеткен кемшіліктермен жұмыс жасау.
5.Оқушылардың әлеуметтік желілерді тиімсіз қолдануларын алдын алу.
- Барлық гимназия оқушыларымен, ата-аналарымен, педагогикалық ұжыммен диагностика, консультация, ағарту жұмыстары жүргізілді. Оқу жылымыз онлайн форматта болсада оқушылармен тығыз байланыста болып, барлығын қамтып жұмыстар жасалынды. Оқушының жеке тұлғасын зерттеу бағытында бастапқыда оқушы туралы мәліметтер алынды , диагностикалық карталар толтырылды, педагогикалық-психологиялық тұрғыда мінездеме берілді. Жеке тұлғаның бағыттылығы бойынша сынып ұжымына, топқа көзқарасын, өзіне көзқарасына ,психологиялық ерекшеліктерін анықтауда зерттеу жұмыстары жүргізіліп, даму деңгейінің көрсеткіші белгіленді. Оқушылардың тұлғалық типтерін анықтап,соған лайықты әр сынып оқушыларымен түсіндірме және кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген зерттеу жұмыстары оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеліп, зерттеу нәтижесі бойынша қорытынды жасалынды.
Ұсыныс:
1. Іс-шаралардың жүйелі әрі сапалы өтілуін бақылау;
2. Әр түрлі тақырыптарда өткізілетін сынып сағаттарының сапалы әрі оқушының жас ерекшелігіне сай болуын қадағалау;
3. Оқушылардың іс-шараларға белсенді түрде қатысуын бақылауға алу
1. Оқушының психологиялық мінез-құлқы әрдайым назарда ұстау
2. Мектепке жаңадан келген ұстаздар мен оқушыларға психологиялық қолдау көрсету;
3.Үйде оқытылатын және инклюзивті білім алатын оқушылардың ата-аналарымен тығыз қарым-қатынаста болу;
4. Мамандық таңдау бойынша ата-ана мен оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп,психологиялық қолдау көрсету;
5.Оқушылардың әлеуметтік желілерде уақыттарын босқа өткізбеулеріне ықпал жасау
Ғани Мұратбаев гимназиясының «ЖАҢА ҰРПАҚ» кешенді бағдарламасының «Саламат» жобасы бойынша «Мейірім» әлеуметтік орталығының талдауы.
2020-2021 оқу жылы
І. Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасыларды анықтау
Әлеуметтік көмекті қажет ететін балаларды анықтау жұмыстары оқушының тұрмысын зерделеу картасы, сынып жетекшімен, ата-анамен тығыз байланыс жасау арқылы 100% жүзеге асырылды.
№
| 2020-2021 оқу жылы
| Отбасы саны
| Оқушы саны
|
1
| Көп балалы отбасы
| 286
| 556
|
2
| Аз қамтылған
| 25
| 39
|
3
| Қамқорлықта
| 3
| 4
|
4
| Ата-әжесімен тұратын оқушылар
| 8
| 9
|
5
| Жалпы толық емес отбасы (әкесі немесе анасымен тұратын)
| 85
| 105
|
6
| Өгей ана, өгей әкемен тұратын оқушылар
| 9
| 12
|
7
| Әкесі немесе анасы қайтыс болған
| 10
| 12
|
8
| Туыстарының үйінде тұрып оқитыны
| 8
| 9
|
9
| Үйде оқытылатын
| 4
| 4
|
10
| Инклюзивті оқытылатын
| 3
| 3
|