Материал: Коммуналды мемлекеттік мекемесіні зінзі баалау орытындысы (2021202 оу жылы) Жамбыл облысы кімдігіні білім басармасы Байза ауданыны білім бліміні ани Мратбаев атындаы гимназиясы

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам


«Ұлағат» ұлдар клубында жоспарға сәйкес ұл бала тәрбиесі бойынша дөңгелек үстел, пікір алмасу, дәріс оқу, кездесу кештері жүргізілді. Айына бір рет мұғалімдермен бірлескен түнгі рейдтерге шығады. Діни экстремизмнің алдын алуға байланысты профилактика жұмыстары, брифингтер,дебат турнирі, психологиялық тренингтер, сауалнама жұмыстары алынды. Нашақорлық пен уытқұмарлықтың алдын алудың кешенді жоспарына сәйкес оқушылар арасында психоактивті, токсиндік, спирттік, темекі заттарды пайдаланғандарды анықтау және жұмыс жасалынады. Рейдтік іс-шаралар,брифингтер,«Жастар нашақорлыққа қарсы!» атты флеш-мобтар,апталық,сауалнама шаралары өткізілді.

«Ұлағат» ұлдар клубының жоспар бойынша ұлдар арасында жиналыстар жиі өткізеді.Пікір алмасу,гигиена бойынша дәрігерлік кеңес жүргізу, дөңгелек үстел, мектеп айналысына көшеттер отырғызу жоспарға сәйкес өткізілді.

Жаңа ұрпақ” кешенді бағдардамасының “Азамат” жобасы

Мақсаты: Жас жеткіншектерге “Мәңгілік ел” ұлттық идеясы құндылықтарын бойына сіңіру мен ұлы даланың қасиетті жеті қырын аманаттау аясында: тарихын, мәдениетін, тілін құрметтеу арқылы білім алуға, құқықтық сауатты,елжандыболуға тәрбиелеу

Міндеттері:

- жеткіншектерге патриоттық және рухани тәрбие беру негізінде “Мәңгілік ел” ұлттық идеясының жеті бағыты бойынша танымдық іс-шара бағдарын жүйелі жүргізу;

- “Ұлы даланың жеті қырын” ұлттық мақтаныш, ұлы мұрат ретіндегі маңыздылығын таныту, насихатталуын арттыру;

- жас буынның зияткер ұрпақ ретіндегі білім алуға деген құлшынысын дамытудығы сапалы іс-шаралардың маңыздылығын күшейту;

- оқушылардың бала жастан сыни ойлау дағдыларын тәрбиелеу мен

құқықтық сауаттылықтарын жетілдіруде жаңа форматты тәрбиелеу технологияларын тиімді қолдану.

Күтілетін нәтиже:

- “Мәңгілік ел” ұлттық идеясының жеті бағыты бойынша танымдық іс-шаралар жүйесі қалыптасады;

- “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласын насихаттаудың кешенді жұмыстары жүргізіледі;

- Жаңа буынның зияткер ұрпақ ретіндегі білім алу құлшынысын арттырудың сапалы іс-шаралар жоспары жүзеге асырылады ;

- Барлық іс –шараларда оқушылардың бала жастан сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру мен құқықтық сауаттылықтарын жетілдіруге бағдарланған жаңа форматты тәрбиелеу технологиялары тиімді қолданылады.

"Мәңгілік ел" орталығы


«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында ел бірлігін нығайтуда ұлттық мәдениеттің рөлін арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» жоспары жасалынып бекітілді. Жоспар бойынша «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы аясында бекітілген тақырыппен айына бір рет дөңгелек үстел өткізіліп отырады. «Мәңгілік ел» таңдау курсының бағдарламасы жасалынып, жыл бойына 34 сағат өткізілді. Жоспар бойынша ата-аналармен бірлесе «Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым» ертеңгілігі, «Қазақстанның табиғаты» тақырыбында суреттер көрмесі, «Туған жер деп жырлаймын» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы, «Менің сүйікті қалам» т.с.с тақырыптарда ашық іс-шаралар жүргізіледі.«Мәңгілік ел-мұратым» атты тақырыбында патриоттық акция өткізілді.

«Адал ұрпақ» еріктілер клубы

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының негізгі міндеті мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. Осындай міндеттерді негізге ала отырып, өскелең ұрпаққа адалдық пен парасаттылық құндылықтарын, рухани адамгершілік және азаматтық- патриоттық мінез-құлыққа тәрбиелеу мақсатында аудан әкімінің орыбасарымен 11 сыныптар аралығында "Адалдық жүрген жерде- адамдық жүреді" тақырыбында дөңгелек үстел форматында айына бір рет адалдық сағаты өткізіледі.ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас мамандарының қатысуымен жас жеткіншектерге отбасылық құндылықтар мен адамгершілік, адалдық қасиеттерін насихаттау мақсатында "Парасаты отбасы" байқауы өткізілді. Аталған байқауға мектебімізден Бейсембаевтар отбасы қатысып, "Оқырман отбасы" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «Жамбыл-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен орта буын оқушылары арасында "Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі" атты сурет байқауы, 8-10 сыныптар арасында әр түрлі тақырыпта эссе жазу байқауы өткізілді.

«Зерде» құқықтық сауаттылық отралығы

Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мобильдік топтардың жұмыстары ұйымдастырылды. Аудандық учаскелік полиция қызыметкерлерін шақырып 5-11 сынып оқушылары арасында айына бір рет кездесулер өткізілді.Мектептегі «қиын» балалар категориясын анықтау диагностикасы жүргізілді. Қолайсыз отбасыларымен жұмыс бойынша «Тәуекел топтағы» балалармен оның ішінде мектеп ішілік және АІІБ-де есепте тұрғандармен кешенді профилактикалық шаралар өткізілді.


«Алдаспан» әскери патриоттық клубы

Мемелекеттік рәміздерді орналастыру мен насихаттау мақсатында жоспар бойынша іс-шаралар жыл бойы өткізіледі. Жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін латын әріпіне кезең-кезеңмен ауысуын қамтамасыз етуін, әртүрлі тақырыптарда бірыңғай ашық сынып сағаттарын өткізу, оқушылар арасында ҚР мемлекеттік рәміздерге байланысты тақырыптық сурет, шығарма, эссе байқаулары өткізілді.

«Жас ұлан» БЖҰ

1-4 сыныптар арасында «Абайлаңыз балалар», 5-7 сыныптар аралығында «Жас инспектор» тақырыбында сынып сағаттары және түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Рухани Жаңғыру" бағдарламасы аясында аудандық Ұланбасылар арасында дөңгелек үстел өткізілді. 2-4 сынып оқушылары жалпы 240 оқушы «Жас қыран» қатарын толықтырып, оларға жас қыран төсбелгісі берілсе, орта буынның 5-7 сыныптың 243 оқушысына «Жас ұлан» төс белгісі тағылды, ал жоғары сыныпта оқитын 7-9 сынып оқушылары жалпы саны 150 жасұландықтарға төсбелгілер тағылды.16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына «Мен Тәуелсіз елдің ұланымын» атты ұйымға оқушыларды салтанатты қабылдауы болды.

Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясының 2020-2021 оқу жылындағы «Саламат» жобасының аясындағы оқу жылында атқарылған жұмыстары туралы сараптамалық талдауы

Жамбыл облысы әкімдігінің Байзақ ауданы Білім бөлімінің Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясы КММ 2021-2022 оқу жылында 29.08.2020 жылы №1 педагогикалық кеңестің шешімімен «Жаңа ұрпақ» кешенді жоспары бекітілді.

«Саламат» жобасы оқушылардың психологиялық-әлеуметтік, спорттық, экологиялық мәдениетін жоғары деңгейде қалыптастырады.Бұл жоба аясында түрлі тренингтер, жиындар, кездесулер, жарыстар, психологиялық жаттығулар, әлеуметтік-қайырымдылық акциялар, спорттық эстофеталық сайыстар т.б іс-шаралар өткізіледі.Жоба гимназияның стратегиялық дамуында төрт саланы қамтиды, және әр сала өзінің функцияларына қарай өз бағыттарынан тұрады.

«Сенім» психологиялық орталығының мақсаттары мен міндеттері;
Мақсаты: Жан-жақты дамыған, рухани бай, өз ойын еркін айта алатын, адамгершілік тұрғыда және интеллектуалды даму деңгейі жоғары, қоршаған ортамен үйлесімді қатынаста болатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Міндеттері:

-Алған білім, біліктерін өмірде пайдалана білуге машықтандыру;

-Оқушылардың өзін-өзі басқару перспективалары мен концепциялары негізінде көшбасшылыққа тәрбиелеу;

-Оқушылардың өзін-өзі құрметтеу деңгейін көтере отырып, қоршаған ортаға эмоционалдық жағымды қатынастарды дамыту;

-Табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу.


«Сенім» психологиялық орталығы бес бағыт бойынша жұмыс жасайды.

1.Психологиялық анықтау

Мақсаты: Тұлғаның жеке және жас ерекшеліктерін, сондай-ақ тұлға аралық өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеу

2.Психологиялық түзету

Мақсаты: Тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау

3.Психологиялық алдын-алу

Мақсаты: Адамның психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды болдырмау, жалпы оқу дағдысын біліктілікті дамыту.

4.Психологиялық ағарту

Мақсаты: Жеке тұлғаның психология туралы түсінігін қалыптастыру және дамыту

5.Психологиялық кеңес беру

Мақсаты: Барлық қатысушыларға педагогикалық үдерістердегі мәселелерді шешуге көмек көрсету

Психологиялық анықтау.

Қашықтықтан оқу кезінде жыл басында ата-аналар мен оқушыларға отбасы құндылықтарын түсіндіріп, бойына сіңірту мақсатында әр сынып (WhatsApp) чатына жаднамалар жіберілді.

Балалардың мектепке психологиялық дайындығын анықтау мақсатында онлайн форматта оқушылармен сұхбат ұйымдастырылды.

1 сынып оқушыларынан мектепке дайындығын анықтау мақсатында тест алынды.

5 сынып оқушыларының бейімділіктері мен қарым-қатынастары сауалнама арқылы анықталды.

Мектепке жаңа келген оқушылар мен мұғалімдерді анықтап,тізімі жасалынды.

Ата-аналар мен оқушылардың қарым-қатынасын анықтау мақсатында сауалнамалар жіберіліп нәтижелері өңделді.

Сонымен қатар 9-11 сынып оқушыларымен мамандық таңдау бойынша тест, сауалнамалар алынып, сынып жетекшілерге жіберілді.

Үйде оқылатын және инклюзивті білім алатын оқушыларды анықтап, тізімі жасалынды. Ата-аналарымен Zoom бағдарламасы арқылы сұхбаттасылды.

Оқушылардың жалғыздық,мазасыздық сезімдерінің деңгейін анықтау мақсатында онлайн форматта тест,сауалнамалар алынып,нәтижелері уақытылы өңделіп отырды. Жоғары сынып оқушыларымен ерте жыныстық зорлық-зомбылық,буллинг,кибербуллингті алдын алу мақсатында әр тоқсанда сауалнамалар алындып,қорытындылары назарға алыны.
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/6693