Гимназия педагогтары өмір бойы білім алу қағидасын ұстана отырып, қол жеткен жетістіктерге тоқтамай, мейлінше нәтижелі жұмыс істеуге бейімделуде. Мектепте мұғалімдердің педагогикалық белсенділігін арттыру мақсатында рейтингтік жүйе жасалып, нәтижеге бағытталған бәсекелестік орта қалыптасты. Деңгейлік бағдарламалар аясында білімін жетілдіріп келген ұстаздардың бастамасымен «Өрлеу» даму командасы құрылып, өзара білімін жетілдіру, желілік қауымдастық жұмыстары жолға қойылды. Ең бастысы ұжым мүшелері өзгерістердің қажет екенін, өзгеріс өзгеден емес өздерінен бастау алатынын ұғынды.
Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясында басқару менеджментінің жаңа жүйесін енгізу нәтижесі ретінде соңғы жылдары: оқушылардың іс-әрекетінде нәтижесінің артуы, ұстаздардың мектепті басқару үзерісіне констируктивті түрде ұсыныстар тастауы, жоспарлау - болжау коммисияларына қатысуы, ұстаздардың даму командасының белсенді жұмысы, қоғамдық жауапкершілікті алуын айтуға болады.
-2019-2020 оқу жылында мектеп мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 4 аудандық, 1 облыстық семинар өткізіліп, мектеп мұғалімдері өздерінің озық іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар жаңа білім беру мазмұнын енгізу бойынша жұмыстар да жоспарға сай атқарылды. Бұл мектептің мұғалімдер ұжымының ұдайы өз тәжірибелерін жетілдіріп, кәсіби тұрғыдан үздіксіз даму үстінде екендігін айғақтайды.
- Бұл жұмыстың бәрі объетінің қашықтықтан оқыту және оқу кезінде психологиялық бағытында дайындайтындығы анық. Ата-аналар мен оқушылардың кері байланыстарында нақты сұрақтар қойылмады, дегенмен ризашылықтарын және ұнамды комментарилерін жазып отырды. Алдағы уақытта да ата-ана мен балаларға арналған арнайы келіспеушіліктер, сыныптастармен қашықтықтан оқу кезіндегі конфликтілер, отбасындағы зорлық-зомбылық, сабаққа құлшыныстың төмендеуі т.б алдын алу мақсатында слайд, бейнероликтер, ойындар сынып чаттарына жіберіліп отыратын болады. Сыныптың чатында педагог-психологтың бар екендігінің өзі ата-ана өзінің, баласының психологиялық жағдайына байланысты сұрақтарын кез-келген уақытта қоя алатындығын біледі, сондықтан жоғарыда көрсетілген жұмыстардың қашықтықтан оқыту кезінде тек жағымды әрі пайдалы әсер ететіндігі анық. Осы байланыс ошағының жалпы ата-ана мен балалардың қашықтықтан оқу кезінде сұрақтары болса, белгілі бір мектеп тарапынан көмек немесе кеңестер қажет болса уақытылы әрі сапалы көмек көрсетуге арнап құрылған. Қазіргі таңға дейін ешқандай қоңыраулар келіп түскен жоқ. Осы уақытқа дейінгі ата-аналар тарапынан келіп түскен сұрақтарға байланысты сынып жетекшілерінен ақпараттар алынды (тәрбие орталығы), нәтижесінде ата-аналар тарапынан қашықтықтан оқуға байланысты түсініспеушіліктен туындаған сұрақтар болмаған. Ата-аналармен сынып жетекшілері де өз жұмыстарын жақсы орындап, барлық жаңалықтар мен қажетті мәліметтермен бөлісіп отырғандығын көрсетеді. Дегенмен, сall-center жұмысын үзбейді. Instagram желісі арқылы оқушылармен жұмыс барысында номералогия бойынша мамандық таңдауға байланысты оқушылар аса қызығушылық танытуда, күннен-күнге парақшаға жазылушылар саны артып келеді.
2.4.4 Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясында 2020-2021 оқу жылы тәрбие жұмыстарының аналитикалық талдауы
Жамбыл облысы әкімдігінің Байзақ ауданы Білім бөлімінің Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясы КММ 2020-2021 оқу жылында 29.08.2021 жылы №1 педагогикалық кеңестің шешімімен Тәрбие орталығының жылдық жұмыс жоспары қарастырылып, бекітілді
Бүгінгі күннің сұранысы – сапалы біліммен қаруланған, бәсекеге қабілетті, белсенді, шығармашыл, өркениетті болашақ үшін күресуге барын салатын, жоғары мәдениетті, адамгершілік түсініктері берік бекіген, кез-келген ісінде патриоттық сезімі көрініс тапқан ұрпақ. Мұндай ұрпақты тәрбиелеу ісінде мемлекет мектепке зор талаптар қойып, үлкен сенім артады.
Тәрбие жұмысы мектептегі үрдістің құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған - балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру. Осыған орай оның негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.
Тәрбиенің негізгі міндеті – тұлғаның қоғамда табысты әлеуметтенуіне ықпал ету, жағдай туғызу. Тәрбие – үнемі ізденіс пен ізгілік жолындағы қиын да, қызық мәселе. Тәрбие беру – алға қойылған мақсат пен міндеттің іске асуымен бағаланып қана қоймай, оның нәтижелілігінің көрінісі мен маңызды болмақ.
Тәрбие беру бағытында мемлекеттік саясатты білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында білім беру жүйесін жаңғырту – жоғарғы мақсаттардың бірі. Тұлғаның өзін өзі билеуін, өзін өзі жүзеге асыру, отбасы және білім беру мекемелері педагогикалық ұжымдарының өзара іс-әрекеті үшін жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында тәрбиенің нақты мақсаттары мен міндеттерін анықтау, тәрбие кеңістігін модельдеу-рухани тұлға қалыптастырудың негізі болады.
Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясы осы бағытта үздіксіз білім беру жүйесіндегі жеке тұлғаның ұлттық және жеке адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы, оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау, баланы тәрбиеленуі, білім алуы мен жан-жақты қалыптасуы, ана тілі мен салт-дәстүрлерін сақтауы, денсаулығын нығайтуы сияқты Қазақстандық патриотизмге, төзімділікке, жоғары мәдениеттілікке және құқық пен еркіндікті құрмет тұтуға тәрбиелеу - «Ұлттық рухани байлық» көзі ретінде қарастырылып, осы тұрғыда оқушылардың сана-сезімін қалыптастыра отырып тәрбиелеу міндеттелген.
Гимназияның тәрбие жұмысының мақсаты:Бәсекеге қабілетті, өзін-өзі басқара білетін, қарым-қатынас, ақпаратты, интеллектуалдық,жұмыс істеу білу, мәдениеті дамыған және зерттей білетін, іс-әрекет жасай білетін, дағдысы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.
Міндеттер: -
Жаңа демоктариялық қоғамда өмір сүруге қабілетті және патриот қалыптасуына: тұлғаның саяси, құқықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға, балалар мен жастардың құқықты санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатігездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұлға дайын болуына ықпал ету;
-
Тұлғаның рухани-адамгершілік және эстетикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлері мен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттары қалыптастыруға ықпал ету;
-
Тұлғаның жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлауына, ана тілді мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету;
-
Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын психологиялық-педагогикалық құзіреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету;
-
Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына, саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту;
-
Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамсыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастырылуына ықпал ету;
-
Білім беру ұйымдарына көп мәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлқы дағдыларын қалыптастыру, тұлғаны өнерде және болмыста этникалық нысандарды қабылдау, меңгеру және ықпал ету;
-
Салауатты өмір салты дағдыларының тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
Тәрбие жұмысының басым бағыттары:Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының келесі бағыттары арқылы өтеді.
-
Қазақстандық патриотизм және азаматтық.
-
Рухани-адамгершілік мәдениет
-
Ұлттық тәрбие
-
Отбасы тәрбиесі
-
Еңбек, экономикалық, экологиялық тәрбие
-
Көп мәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
-
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
-
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты .
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие бағыты.
Мақсаты: жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты, тұлғаның саяси даярлығын қалыптастыру. Патриоттық сананы қалыптастыру бағытында – Отанымыздың тағдыры үшін, елді бейбіт және әскери жағдайда қорғауға жауапты Қазақстан азаматы мен патриотының тұлғасын тәрбиелеу.
1 қыркүйек білім күніне орай, «Бейбітшілік пен келісім» тақырыбында салтанатты жиын мен бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Осы іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Нығмашев Берік Болатұлы 1 сыныпқа келіп отырған бүлдіршіндерге өз тілегін білдірді. 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы күніне орай, 1-11 сыныптар аралығында «Біздің Тұңғыш Президент», «Елбасы –ел тірегі» атты және 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, «Мой Независымый Казахстан», «Тәуелсіздік – ел тілегі» атты 1-11 сыныптар аралығында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар, тәуелсіздік күні қарасаңында жас жеткіншектерді еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, ұлттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі байтұлғаны қалыптастыру мақсатында гимназия тәлімгері М.Симбаеваның ұйымдастыруымен «Бірыңғай Жас Ұлан балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің қатарына оқушыларды қабылдау және сертификат табыстау рәсімі өткізілді. Сондай-ақ, тарих пәнінің мұғалімі Н.Курманбаеваның ұйымдастыруымен жас мамандармен «ХХІ ғасырдағы Тәуелсіз Қазақстан» атты диалог алаңы өткізілді. Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 5-6 сыныптар аралығында «Тәуелсіздік құндылықтары: өткенге тағзым, болашаққа аманат» атты вебинар ұйымдастырылды. Өскелең ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, өз еліне , туған жеріне деген махаббатын, мақтанышын әнмен көрсету мақсатында 5-7 сыныптар аралығында «Кемелді келешекке бастар жол» атты онлайн патриоттық әндер байқауы өткізілді.
Рухани-адамгершілік тәрбие бағыты.
Мақсаты: тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік жәнеэтикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.
Хакім Абай ұлтының кемшілігін қатты сынаса да, тек бір ғана ойды – қазақ халқын білімі мен мәдениеті дамыған елге айналдыруды көздеді. Абай мұрасы ұлт санасын қалыптастыруға, жастардың бойында елі мен жеріне деген патриоттық сезімді оятуға, рухани жаңғыруымызға игі ықпалын тигізуде. Осыған орай, гимназияда пән бірлестіктерінің арасында "Ұстаз ұлағаты - Абай мұрасында" атты бейнефестиваль өткізілді. 1 қазан күні Халықаралық қарттар күніне орай, «Қарияларға қамқорлық көрсетейік» тақырыбында жалғыз басты қарт кісілерге көмек көрсету қайырымдылық акциясы өтті. Шараның мақсаты жалғызілікті қарттармен сұхбаттасып, оқушылардың қолдан келген көмектерін көрсетіп, балаларды саналы тәрбие беруге, жанашырлық, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіру, қарттарымызды құрметтеп, сыйлауға, оқушы бойына асыл қасиеттерді сіңдіруге, үлкенге өнеге, кішіге үлгі болуды үйрету болып табылады, сондай-ақ, мереке қарсаңында гимназияның 3-6 сынып оқушылары арасында «Қарты бар үй-қазына» атты қашықтықтан фото-көрме іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған сынып оқушылары өз белсенділіктерін көрсетіп, атсалысуда.
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген, - демекші ұстаздар мерекесіне орай, 4-10 сыныптар аралығында "Менің алғашқы ұстазым", "Ұстаз-ұлағатты есім" атты бейнероликтер челленджі ұйымдастырылды, сондай-ақ, ұстаздар мерекесіне орай, 1-11 сыныптар аралығында «Ұстаз – ұлы есім» атты бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен оқырмандардың Елбасы туралы білімдерін кеңейту, Отанды сүюге, Елжандылыққа, ел тарихын тануға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Елбасы – ел тірегі» атты көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ, оқушылардың рухани мәдениетке деген құндылық бағдарын қалыптастыру мақсатында «Жалпыадамзаттық құндылықтар» тақырыбында мектепшілік сурет салу, шығарма жазу, өлең шығару байқаулары өткізілді.Мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен Халық Қаһарманы Б.Момышұлының батырлығы мен ерлігін насихаттау және ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығымен сусындау мақсатында Б.Момышұлының 110 жылдығына арналған «Аңыз адам» және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, «Әлемге танылған Абай» атты виртуалды кітап көрмелері ұйымдастырылды.