Материал: Коммуналды мемлекеттік мекемесіні зінзі баалау орытындысы (2021202 оу жылы) Жамбыл облысы кімдігіні білім басармасы Байза ауданыны білім бліміні ани Мратбаев атындаы гимназиясы

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

Ұлттық тәрбие бағыты.

Мақсаты: тұлғаны ұлттық жәнежалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақхалқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау. 

Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында 7-8 сынып оқушылары аралығында «Ата өнері – балаға мұра» атты балалар қолөнерінің онлайн көрмесі өткізілді. Сондай-ақ, «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында, оқушылар арасында «Қазақтың ұлттық бұйымдары» атты бейнечеллендж ұйымдастырылды.

Отбасы тәрбиесі.

Мақсаты:ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесіне олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.

Гимназияда «Отбасы – бақыт мекені» апталығы аясында, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, заманауи отбасы бейнесін қалыптастыру және отбасының рөлі мен маңызын арттыру, отбасылық қарым-қатынастың оңтайлы тәжірибесін насихаттау мақсатында 5-7 сынып аралығында «Жанұям қорғаным, ата-анам – тірегім!» атты отбасылық челлендж, отбасындағы асыл қасиеттерді қалыптастырып, отбасылық ережелерді қатаң ұстану мақсатында «Алтын ережелер» атты 1-4 сыныптар аралығында аппликациялар байқауы және 5-7 сыныптар аралығында аталаған апталық аясында оқушылардың шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту, ойды нақты және сауатты жеткізе білуге баулу мақсатында «Отбасы – бақыт мекені» атты эссе байқауы мен 1-4 сыныптар аралығында «Отбасы – бүлдіршіндер көзімен» атты сурет байқауы өткізілді. «Қазақстан балалары – күзгі интерактив!» атты онкүндік аясында бастауыш сынып оқушылары аралығында «Біз талантты отбасымыз» тақырыбында челлендж, сондай-ақ отбасы арасындағы қарым-қатынасты нығайту, табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында «Аяулы, алтын күзге саяхат» атты отбасы мүшелерімен күзгі баққа саяхат фотокөрмесі ұйымдастырылды.

"Жамбыл адалдық алаңы" жобалық офисі және Жамбыл облыстық білім басқармасының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған облыстық "Парасатты отбасы" байқауында облыстық кезеңінен сүрінбей өткен Бейсембаевтар отбасы "Оқырман отбасы" номинациясы бойынша топ жарып, жеңімпаз атанды.

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағыты.

Мақсаты: тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту. Оқушыларға табиғатты аялау,Отанды сүю, қоршаған ортаны көркейту, таза ұстау жауапкершілігін арттыру.


2020 жылдың 3 қыркүйек күні Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясында білім алушыларды табиғатты қорғауға, экологиялық мəдениетті жəне туған өлке табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында "Табиғатты аяла" атты жас өлкетанушылар , экологтар мен табиғат зерттеушілерінің мектепішілік форумы өтті. Аталған форумға 14-16 жастағы білім алушылар "Туған өлкені зерттейміз" , "Жасыл экономика", " Денсаулық жəне қоршаған орта", "Экоболашақ", "Жасыл оазистер", " Жеңіс мамыры" номинациялар бойынша шығармашылық жəне зерттеу жұмыстарын орындады. Форумға қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды жəне үздік жұмыстар аудандық кезеңге жолдама алды. Осыған байланысты, шығармашылық және экологиялық білім беруді дамыту мақсатында оқушылар арасында облыстық «DARYN ECOART» конкурсы өткізілді. Нәтижесінде материалдар мен қалдықтардан жасалған «Үздік көркем қолөнер» номинациясы бойынша І-орынды Байзақ ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы гимназиясының 6-сынып оқушысы Ахметова Айгерім, 5-сынып оқушысы Стародубцева Милена иеленді.

Сондай-ақ гимназияда «Үнем – қоғам қуаты» жобасы аясында, экологиялық ойлауды дамыту мәселері бойынша «Табиғат - тіршілік нәрі» атты экологиялық сынып сағаттары өткізілді.

Көпмәдениетті және көркемэстетикалық тәрбие

Мақсаты: тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларынқалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандардықабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру.

16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында, бастауыш сынып оқушылары аралығында «Қазақстан – менің Отаным» тақырыбында балалар суреттерінің онлайн көрмесі, «Арайлы, алтын күз!» атты онкүндік аясында «Алтын күз» тақырыбында жас суретшілер байқауы, «Күз кереметтері» атты экибанолар байқауы өткізілді.

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі.

Мақсаты: оқушыларды ақпараттық қоғамда сүру үшін сапалы біліммен қаруланған, бәсекеге қабілетті, жан-жақты ойлауға, талдау жасай білуге, ақпараттық сауаттылық пен ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу және де ата-аналарға ақпаратты жеткізу.

26.09.20ж. күні гимназияда тәрбие орталығының ұйымдастыруымен санитарлық талаптарды сақтай отырып, жас мұғалімдерді қолдау және кәсіби диагностикалау мақсатында "Кәсіби диагностика сағаты" іс-шарасы өткізілді. Іс- шара конкурс форматында өткізіліп, арнайы 5 бекеттерден тұрды. Олар: "Салауаттылық", "Дарындылық", "Креативтілік" және "Цифрлық сауаттылық", "Мотивация" бекеттері болды.


Мектеп әкімшілігі тарапынан ұйымдастырылған осы іс -шара арқылы мұғалімдер жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге, салауатты өмір салтын ұстануға, тапқырлық пен креативті ойлау және мен дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу, өз психологиялық көңіл-күй белсенділіктерін арттыруға байланысты топтық, жеке тапсырмаларды орындап, пікірлерін ортаға салды.Жамбыл адалдық алаңы және Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясының ұйымдастыруымен Antikor орталығында "Толық адам концепциясы: Парасаттылық пен адалдық" атты тікелей эфирде облыстық вебинар өткізілді.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай, "толық адам" философиясындағы парасаттылық пен адалдықты жас жеткіншектердің бойына қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған вебинарда «Абай шығармашылығындағы толық адам мәселесі» тақырыбы бойынша филология ғылымдарының кандидаты, доцент

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Филология және журналистика» кафедрасының меңгерушісі Қарымбаева Күлзинат Мейрамбайқызы тұшымды ой-пікірімен бөліссе, гимназиямыздың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, "Үздік педагог – 2019" республикалық конкурсының жеңімпазы Күдериева Бақыт Жақсылыққызы «Абай сөздерінің оқу үдерісіндегі тәрбиелік мәні» тақырыбында сөз қозғады. Сонымен қатар, гимназияның 11-сынып оқушысы, "Адал ұрпақ" еріктілер клубының мүшесі Өндірбай Мирас «Біздің өмірлік ұстанымымыздағы - Абай өнегесі» атты тақырыпта өз ойымен бөлісті.

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.

Мақсаты:  салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату. «Қазақстан балалары – күзгі интерактив!» атты онкүндік аясында 5-сынып оқушылары аралығында «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» аты эстафеталық жарыс өткізілді.
"Табысты гимназия - 2025" стратегиялық даму жоспарының "Жаңа ұрпақ" кешенді бағдарламасының 2020-2021 оқу жылдығында жүргізілген "Сәтті қадам", "Азамат", "Саламат", "Тұлға" жобаларының орындалу деңгейі

Гимназия ұжымы тәрбие саласының бағыттарын негізге ала отырып, мемлекеттің дамуына үлес қосатын, көптілді және рухани кемелденген, саламатты тұлға қалыптастыру мақсатында «Табысты гимназия - 2025» стратегиялық даму жоспары негізінде жұмыс жүйесін қалыптастырды. Гимназияда тәрбие жұмыстары негізінен «Жаңа ұрпақ» кешенді бағдарламасының«Сәтті қадам», «Саламат», «Азамат», «Тұлға» жобалары арқылы жүзеге асады.


Жаңа ұрпақ” кешенді бағдарламасының “Сәтті қадам” жобасы

«Сәтті қадам» жобасының негізгі мақсаты жас жеткіншектерді ұлттық код негізінде тәрбиелеу арқылы рухани санасын жаңғырту. Тәрбие жұмысын жүргізудің тоғыз бағыттың ішінде рухани - танымдық тәрбие, ұлттық тәрбие, отбасылық тәрбие бағыттары «Сәтті қадам» жобасы арқылы жүзеге асады.

Міндеттері:

  • жас буынның бәсекеге қабілетті ұрпақ ретіндегі білім алуға деген құлшынысын арттырумен қатар, сапалы іс-шаралардың маңыздылығын арттыру;

  • оқушыларға рухани және адамгершілік тәрбие беру бағытында ізгілік, шеберлік, икемділік қабілеттерін қалыптастыру;

  • түлектер қауымдастығы жобасының жұмысын жүйелі жүргізу арқылы мектеп пен түлек арасындағы байланысты нығайту;

  • жеткіншектерді ұлтжанды рухта тәрбиелеудің жүйесін қалыптастыру;

  • әкелер мен аналар мектебінің жұмысын жүйелі жүргізу арқылы отбасы құндылықтарын насихаттау;

Күтілетін нәтиже:

  • заманауи икемді дағдыларды меңгеруге деген таным мен сенімділігі артады.

  • тәрбие беру бағытында ізгілік, шеберлік, икемділік қабілеттері қалыптасады.

  • оқушының шынайы қызығушылығы мен шығармашылық ізденісі дамиды.

«Алтын ұя» түлектер қауымдастығы

Мақсаты: түлектер қауымдастығы жобасының жұмысын жүйелі жүргізу арқылы мектеп пен түлек арасындағы байланысты нығайту.

Ұрпақтар сабақтастығын бекіту,алдыңғы ұрпақ пен жас ұрпақ арасындағы байланысты нығайту, жастар тәрбиесіне қолдау көрсету бағытындағы оң тәжірибелерді ортаға салу мақсатында гимназияда "Алтын ұя" түлектер қауымдасты құрылды. «Алтын ұя» түлектер қауымдастығы бойынша гимназиямызда «Кешегі түлек – бүгінгі тірек» қауымдастық алаңы құрылып мектеп бітірген түлектер туралы мәліметтер жинақталып, jambyl-tylek.kz сайтына тіркеліп отырады. Аталған сайтқа мектебіміздің 918 түлегінің мәліметі жинақталып, тіркелді. «Мектепке тағзым» акциясы талай қыранды қанаттандырып, талай ұларды ұясынан ұшырған аяулы білім ошағының әр жылғы оқу жылын тамамдаған түлектері демеушілік көрсетіп отырады.

2020-2021 оқу жылында түлектермен түрлі іс-шаралар өткізілді.

2020 жылдың қазан айында «Сен де бір кірпіш дүниеге…» атты түлектермен кездесу кеші, қараша айында 7-9 сынып оқушылары аралығында «Мен болашақ ғалыммын» атты жобалар байқауы, желтоқсан айында «Кешегі түлек - бүгінгі тірек» атты ZOOM платформасында сыр-сұбат кездесу өткізілді. Наурыз айында "Жомарт түлек" жобасы аясында танымал түлектердің табысты өмір жолын үлгі ету мақсатында 10-сынып оқушыларының қатысуымен "Мамандықты дұрыс таңдау - болашақты таңдау" атты кездесу өткізілді. Кездесуге мектебіміздің 2008 жылғы түлегі, аудандық маслихаттың депутаты, Байзақ аудандық білім саласы қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Ермеков Елнұрбек Сайланбекұлы қатысып, өз ойымен бөлісті. Кездесу барысында әрбір жас үшін мамандық таңдау ең маңызды қадам екендігі және бүгінгі таңдағы сұранысқа ие мамандықтардың маңызы жайлы айтылып өтті. Сондай-ақ, оқушылар түрлі мамандықтар бойынша сұрақтар қоя отырып, әртүрлі мамандықтар әлемінен ақпараттар алды.


«Ақжаулық» аналар мектебі

Мақсаты:аналар мектебінің жұмысын жүйелі жүргізу арқылы отбасы құндылықтарын насихаттау.

«Ақжаулық» аналар мектебінің жоспарына сәйкес гимназиямызда аналармен бірге тұрақты түрде іс-шаралар ұйымдастырылып отырады.

2020-2021 оқу жылының І жартыжылдығында "Ақжаулық" аналар мектебінде аналар және қыздардың қатысуымен онлайн түрде түрлі іс-шаралар өткізілді.

Қыркүйек айында «Қыз еркем, анасымен көркем!» атты 5-6 сынып оқушылары аралығында онлайн байқау өткізілсе, қараша айында 7-9 сынып оқушылары және олардың аналары арасында "Мен анаммен мақтанамын" аты бейнеороликтер байқауы, желтоқсан айында 10 "А" сынып жетекшісі Г.Дүйсенбекова және ата-аналардың ұйымдастыруымен "Дәмді ас-дастарханның көркі" аты сыныптан тыс шеберлік сағаты өткізілсе, сондай-ақ 1-2 сынып оқушылары және олардың әжелерімен әжелердің өнегесін кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдыру, салт-дәстүрімізді дәріптеу мақсатында "Әжелер өнегесі - тәрбие көзі" онлайн байқау ұйымдастырылды. Сондай-ақ, 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай, 5-8 сынып оқушылары аралығында «Аналар - асыл жандар!» атты онлайн құттықтаулар ұйымдастырылды.

«Парасат» әкелер мектебі

Мақсаты: әкелер мектебінің жұмысын жүйелі жүргізу арқылы отбасы құндылықтарын насихаттау

2020 жылдың қыркүйек айында ZOOM платформасында «Әке – шаңырақтың тірегі» аты әкелермен онлайн кездесу, «Өз балаңа үлгі бол» атты акция, сонымен қатар 5-6 сынып оқушылары және олардың әкелерімен "Әкеммен өткізген бір күн" атты бейнечелендж, наурыз айында «Әке тірек, бала - жүрек» атты әкелермен кездесу кеші өткізілді.

өтізілді.

«Сырғалым» қыздар клубы

Мақсаты: қыз балаларға рухани және адамгершілік тәрбие беру бағытында ізгілік, шеберлік, икемділік қабілеттерін қалыптастыру

Қазан айында 6-7 сынып қыздары аралығында «Үздік шашүлгісі» байқауы, қараша айында 7-8 сынып қыздары аралығында «Шынайы достықты бағалай білесің бе?» атты сырласу кеші ұйымдастырылса, 8-10 сынып қыздары аралығында "Бұрымды қыз" фото байқауы өткізілді.

«Ұлағат» ұлдар мектебі

Мақсаты:Оқушыларға рухани және адамгершілік тәрбие беру бағытында ізгілік, шеберлік, икемділік қабілеттерін қалыптастыру, ұлдар клубының жұмысын жүйелі жүргізу арқылы отбасы құндылықтарын насихаттау.
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/6693