«Экоәлем» бағыты-табиғат туралы түсініктерін кеңейтуге, табиғат пен адамзат арасындағы байланысты сезінуге, қоршаған орта сұлулығын сезінуге және көре білуге, оны қорғауға, туған өлке табиғатын танып білуге, экологиялық мәдениетті қалыптастыруғы, экологиялық зардаптардың себебінтүсініп, оны жоюға ұмтылатын,жалпы экологиялық мәселенің адамзат тіршілігіне тікелей байланысын сезінуге ықпал ететін шараларды қамтиды.
«Бір тал ексең, он тал ек» тақырыбында өткен іс-шараға мектебіміздің оқушылары тал егудің өзіндік бір тәрбие екендігін дәлелдеп, белсене қатысты. Адамзат өмірінде қай заманда, қай қоғамда болмасын озық ойлы, өз заманы мен өз замандастарынан оқ бойы алда жүретін көшбасшылар жасыл желекке, ағаш егуге, атын қалдыруға ерекше мән берген.
Оқушылар арасында «Күздің кереметі» атты экибано жасады. Белсене қатысқан 9 «А» сынып оқушылары грамотамен марапатталды.
Рухани-адамгершілік тәрбие бағыты.
Мақсаты: тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру. Жыл бойы өткізілген іс-шаралар – «Мен өмірді таңдаймын» тақырыбында шаралар, қайырымдылық акциялары, қарт адамдарға үйлеріне барып көмектесу, «Қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас» оқушылар арасында ашық әңгімелесу, М. Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мәңгі өшпес жырымен із қалдырған» атты байқауы, 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған ашық сабақ, дөңгелек үстел өткізілді.
Ұлттық тәрбие бағыты.
Мақсаты: тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау. Жыл бойы өткізілген іс-шаралар – «Қазақ қызына тән ерекшеліктер» тақырыбында сынып сағаттар, «Қазақтың ұлттық нақыштары» қыздар арасында шеберлік сыныптар, «Қыз – ананың айнасы» тақырыбында ток-шоу, «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты дөңгелек үстел, «Жеті атасын білмеген жетесіз...» тақырыбында пікірталас, «Отбасындағы рухани-адамгершілік құндылықтар мәдениеті және оның балаға әсері» тақырыбындағы дөңгелек үстел, «Отбасы тәрбиесіндегі халықтық дәстүр және отбасының рухани-адамгершілік негізі» тақырыбында сынып сағаттар, «Жігіт сұлтаны», «Инабатты ару - 2018» байқаулары, «Қазақ халқының батырлары» және
«Наурыз - ұлт құндылықтарының бастауы» атты қойылымдар байқаулары.
Зияткерлік тәрбие бағыты.
Мақсаты: әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын қалыптастыру. Жыл бойы өткізілген іс-шаралар – “ХХІ ғасыр көшбасшысы”, «Ой мен ойын» атты интеллектуалды сайыстар, викториналар, мектепішілік ғылыми жобалар байқауы және т.с.с.
Экономикалық және экологиялық тәрбие бағыты.
Мақсаты: тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту. Оқушыларға табиғатты аялау, Отанды сүю, қоршаған ортаны көркейту, таза ұстау жауапкершілігін арттыру. Жыл бойы өткізілген іс-шаралар - «Мектеп – менің екінші үйім» атты тазалық сенбіліктер, «Қолжетімді кітап» акциясы, «Бизнес класс» атты жеке кәсіпкерлермен кездесулер, «Түлектердің аллеясына» тал отырғызу және көгалдандыру жұмыстары, «Берекелді алтын күз» атты күзгі жәрмеңке, қалдық қағаздарды жинау акциялары.
Көп салалы мәдениеттілік шығармашылық, көркемділік-эстетикалық және мәдени танымдылық тәрбие бағыты.
Мақсаты: тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру. Жыл бойы өткізілген іс-шаралар - «Тілім менің - айбыным» атты мәнерлеп оқу байқауы, «ЭКСПО-2017. Әлемдік экономикалық мүмкіндіктер», «Латын әлипбиі бізге керек пе?» атты 7-10 сынып оқушылар арасында мектепішілік дебат, «Әнші балапан» жас әншілер байқауы, «Атадан қалған мұрамыз» домбырашылар байқауы, «Арайлы алтын күз» және «Күз ханшайымы» байқауы, «Ортақ үйіміз - Қазақстан» - атты аудандық этно-мәдени орталығының кәріс ұлтының жетекшісімен кездесу, «Балалар әлемді бейнелейді» атты сурет көрмесі, флешмобтар, ән-би байқаулары.
Ақпараттық мәдениет бағыты.
Мақсаты: оқушыларды ақпараттық қоғамда сүру үшін сапалы біліммен қаруланған, бәсекеге қабілетті, жан-жақты ойлауға, талдау жасай білуге, ақпараттық сауаттылық пен ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу және де ата-аналарға ақпаратты жеткізу. Жыл бойы жүргізілген іс-шаралар - ата-аналар жиналыстары, «Мектеп формасы», «Мектептің ішкі тәртіп ережелері», «Қауіпсіз жол – қауіпсіз болашақ» акциясы, жас жол инспекторларының «Қауіпсіз мектеп» тақырыбында түсіндірме жұмыстары, «Бала тәрбиесінде ұлттық құндылықтар туралы» тақырыбында ата-аналар арасында дөңгелек үстел, «Жолда жүру ережелері» атты түсіндірме жұмысы, Жамбыл облысына танымал тұлғамен кездесу (ақын-жазушы Елен Әлімжан).
Салауатты өмір салты және дене тәрбиесі бағыты.
Мақсаты: салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату. Жыл бойы жүргізілген іс-шаралар – «Денсаулық фестивалі», «Мен және менің отбасым» отбасылық спорттық сайыс, «Жұқпалы аурулардың алдын алу» аудандық аурухана мамандармен кездесу, суда жүзудегі сақтық ережелері туралы сынып сабақтар, көңілді эстафета ойындары, бастауыш сынып оқушылары арасында асықтан «Ханталапай» ойыны, «Жарқыраған жас нұрлы, жаса, Наурыз дәстүрлі!» ұлттық ойындар, аула ойындары, аяқ доп жарыстары, 1 желтоқсан – Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай өткізілген акциясы, Президент сынамалары.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясындағы міндеттерін жүзеге асыру бойынша жұмыс.
Мемлекет басшысының 2019 жылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақала жарық көргені туралы барлығымыз білеміз. Елбасы қоғамдық сананы жаңғыртудың 6 бағытын айқындап берді (бәсекеге қабілеттілік, прагматизм; ұлттық сәйкестікті сақтау; білім беру ғұрпы; революциялық емес, Қазақстанның эволюциялық дамуы; сананың ашықтығы). Бағдарламалық мақаласының міндеттерін іске асыру мақсатында «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Өлкетану», «Отаным - тағдырым», «Саналы азамат» базалық бағыттары бойынша көптеген іс-шаралар жүргізілді.
«ӨЛКЕТАНУ» базалық бағытының мақсаты: Қазақстанның игілігіне арналған істерге қатысуға дайын өзінің кішкентай отанының тарихына, мәдениетіне, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне деген құрмет пен белсенді азаматтық позициясы бар патриот.
Атап айтқанда «Өлкетану» бағытының «Елімнің шежірелі байлығы» жобасы аясында 2019-2020 оқу жылында «Тарихтан тағлым - өткенге тағзым» атты ішкі туризм дамыту жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін, Байзақ ауданы көлемінде орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерді таныстыру мақсатында мектеп мұғалімдері мен оқушыларының экскурсиясының кестесі жасалынып, кестеге сәйкес 465 оқушы саяхат жасады. Оның ішінде – орталық аудандық музей, Байзақ датқа кесенесі, Оххум, Түймекент қалашығы, Ақыртас сарай кешені, Қостөбе және Барысхан қалашықтары. Тарих пәні мұғалімдері тарихи-мәдени ескерткіштері туралы оқушыларға көп мәлімет, қызықты деректер айтып берді. Рухани құндылықтар туған жерін, өскен ортасын, даңқты батырларын құрметтеп, тарихын зерделеуге жалпы патриотизмге тәрбиелейтіндігі сөзсіз. Саяхат жасаған оқушылардың тарихқа деген қызығушылықтары жоғарылап, тарихтың қойнауы терең екендігін түсініп, жақсы әсер алғандарын жасыра алмады. Ата-аналардың демеушілігімен 9-11 сынып оқушыларымен (жалпы – 50 оқушы) күзгі демалыс күндерінде Тараз қаласына экскурсия ұйымдастырылды. Алдымен, Тараз қаласында орналасқан Тектұрмас Х-ХІV ғ.ғ. сәулет комплексіне, ХІ ғ. Қарахан және ХІІІ ғ. Дауытбек кесенелер комплексіне, Бабаджа хатун кесенесіне, Айша-бибі – ХІ-ХІІ ғ.ғ. кесенесіне, ХІХ ғ. Кали-Юнус шығыс моншасына және әрі-қарай Оңтүстік Қазақстан облысына, яғни Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жол тарты. Экскурсия барысында оқушылар көптеген тарихи мағлұмат алып, білімдерін байытты.
«Алтын адам» жобасы аясында Байзақ ауданы К.Әзербаев атындағы саз мектебінде «Қазақтың ұлттық аспаптары» тақырыбында және Тараз қаласында орналасқан музей базасында «Алтын адам» тақырыбында сабақтар өткізілді.
«ОТАНЫМ – ТАҒДЫРЫМ» базалық бағытының мақсаты: шынайы прагматимз синергиясында және біртұтас ұлы ұлтқа тәнділік сезімі бар білім беру ғұрпында тәрбиеленген жеке тұлға. «Сөз - тілдің көркі» жобасы аясында мәнерлеп оқу байқаулары өтсе, «Дарынды ұрпақ – ел болашағы» жобасы аясында оқушылар әртүрлі шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары атанса, «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» жобасы аясында «Рухани жаңғыру – ұрпақ игілігіне бағытталған жол» -атты оқушылардың халықаралық ғылыми-практикалық конференция мен «Ұлы дала елінің өнерлі де, өрлі талантты ұрпағымыз!» атты оқушылардың өнер байқауы өткізілді.
«САНАЛЫ АЗАМАТ» базалық бағытының мақсаты: бүкіл өмір бойы білім алуға, қоршаған әлемнің сын-тегеурінін қабылдауға және өзінің өмір сүру сапасына қанағаттануға дайын жалпы адами құндылықтар және бәсекеге қабілеттілік негізінде белсенді өмірлік стратегиясы бар әрбір жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ететін жағдайларды жасау. «Мамандықтар әлемі» жобасы аясында табысты жеке кәсіпкерлермен кездесу, «Өнертапқыштыққа алғашқы қадамы» жобасы аясында «Физика әлемінде» өнертапқыштардың көрмесі өткізілді.
"Табысты гимназия - 2025" стратегиялық даму жоспарының "Жаңа ұрпақ" кешенді бағдарламасының 2019-2020 оқу жылдығында жүргізілген "Сәтті қадам", "Азамат","Саламат", "Тұлға" жобаларының орындалу деңгейі
Гимназия ұжымы тәрбие саласының бағыттарын негізге ала отырып, мемлекеттің дамуына үлес қосатын, көптілді және рухани кемелденген, саламатты тұлға қалыптастыру мақсатында «Табысты гимназия - 2025» стратегиялық даму жоспары негізінде жұмыс жүйесін қалыптастырды. Гимназияда тәрбие жұмыстары негізінен «Жаңа ұрпақ» кешенді бағдарламасының«Сәтті қадам», «Саламат», «Азамат», «Тұлға» жобалары арқылы жүзеге асады.
Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясының 2019-2020 оқу жылындағы «Саламат» жобасының аясындағы оқу жылында атқарылған жұмыстары туралы сараптамалық талдауы
«Саламат» жобасы оқушылардың психологиялық-әлеуметтік, спорттық, экологиялық мәдениетін жоғары деңгейде қалыптастырады.Бұл жоба аясында түрлі тренингтер, жиындар, кездесулер, жарыстар, психологиялық жаттығулар, әлеуметтік-қайырымдылық акциялар, спорттық эстофеталық сайыстар т.б іс-шаралар өткізіледі.Жоба гимназияның стратегиялық дамуында төрт саланы қамтиды, және әр сала өзінің функцияларына қарай өз бағыттарынан тұрады.
«Сенім» психологиялық орталығының мақсаттары мен міндеттері;
Мақсаты: Жан-жақты дамыған, рухани бай, өз ойын еркін айта алатын, адамгершілік тұрғыда және интеллектуалды даму деңгейі жоғары, қоршаған ортамен үйлесімді қатынаста болатын жеке тұлғаны қалыптастыру.
Міндеттері:
- Алған білім, біліктерін өмірде пайдалана білуге машықтандыру;
- Оқушылардың өзін-өзі басқару перспективалары мен концепциялары негізінде көшбасшылыққа тәрбиелеу;
- Оқушылардың өзін-өзі құрметтеу деңгейін көтере отырып, қоршаған ортаға эмоционалдық жағымды қатынастарды дамыту;
- Табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу.
«Сенім» психологиялық орталығы бес бағыт бойынша жұмыс жасайды.
1.Психологиялық анықтау
Мақсаты: Тұлғаның жеке және жас ерекшеліктерін, сондай-ақ тұлға аралық өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеу
2.Психологиялық түзету
Мақсаты: Тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау
3.Психологиялық алдын-алу
Мақсаты: Адамның психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды болдырмау, жалпы оқу дағдысын біліктілікті дамыту.
4.Психологиялық ағарту
Мақсаты: Жеке тұлғаның психология туралы түсінігін қалыптастыру және дамыту
5.Психологиялық кеңес беру
Мақсаты: Барлық қатысушыларға педагогикалық үдерістердегі мәселелерді шешуге көмек көрсету
Психологиялық анықтау
Зерттеу нәтижесіне қарай оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып, бейімделуіне, оқушының сабаққа мотивациясын, ынтасын көтеру жұмыстары жүргізіліп, оқушылармен жеке сұхбат жүргізілді.