Ұлттық тәрбие бағыты.
Мақсаты: тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау. Жыл бойы өткізілген іс-шаралар – «Қазақ қызына тән ерекшеліктер» тақырыбында сынып сағаттар, «Қазақтың ұлттық нақыштары» қыздар арасында шеберлік сыныптар, «Қыз – ананың айнасы» тақырыбында ток-шоу, «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты дөңгелек үстел, «Жеті атасын білмеген жетесіз...» тақырыбында пікірталас, «Отбасындағы рухани-адамгершілік құндылықтар мәдениеті және оның балаға әсері» тақырыбындағы дөңгелек үстел, «Отбасы тәрбиесіндегі халықтық дәстүр және отбасының рухани-адамгершілік негізі» тақырыбында сынып сағаттар, «Жігіт сұлтаны», «Инабатты ару - 2019» байқаулары, «Қазақ халқының батырлары» және «Наурыз - ұлт құндылықтарының бастауы» атты қойылымдар байқаулары.
Зияткерлік тәрбие бағыты.
Мақсаты: әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын қалыптастыру. Жыл бойы өткізілген іс-шаралар – “ХХІ ғасыр көшбасшысы”, «Ой мен ойын» атты интеллектуалды сайыстар, викториналар, мектепішілік ғылыми жобалар байқауы.
Экономикалық және экологиялық тәрбие бағыты.
Мақсаты: тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту. Оқушыларға табиғатты аялау, Отанды сүю, қоршаған ортаны көркейту, таза ұстау жауапкершілігін арттыру. Жыл бойы өткізілген іс-шаралар - «Мектеп – менің екінші үйім» атты тазалық сенбіліктер, «Қолжетімді кітап» акциясы, «Бизнес класс» атты жеке кәсіпкерлермен кездесулер, «Түлектердің аллеясына» тал отырғызу және көгалдандыру жұмыстары, «Берекелді алтын күз» атты күзгі жәрмеңке, қалдық қағаздарды жинау акциялары және т.с.с.
Көп салалы мәдениеттілік шығармашылық, көркемділік-эстетикалық және мәдени танымдылық тәрбие бағыты.
Мақсаты: тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру. Жыл бойы өткізілген іс-шаралар - «Тілім менің - айбыным» атты мәнерлеп оқу байқауы, « Әлемдік экономикалық мүмкіндіктер», «Латын әлипбиі бізге керек пе?» атты
7-10 сынып оқушылар арасында мектепішілік дебат, «Әнші балапан» жас әншілер байқауы, «Атадан қалған мұрамыз» домбырашылар байқауы, «Арайлы алтын күз» және «Күз ханшайымы» байқауы, «Ортақ үйіміз - Қазақстан» - атты аудандық этно-мәдени орталығының кәріс ұлтының жетекшісімен кездесу, «Балалар әлемді бейнелейді» атты сурет көрмесі, флешмобтар, ән-би байқаулары және т.с.с.
Ақпараттық мәдениет бағыты.
Мақсаты: оқушыларды ақпараттық қоғамда сүру үшін сапалы біліммен қаруланған, бәсекеге қабілетті, жан-жақты ойлауға, талдау жасай білуге, ақпараттық сауаттылық пен ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу және де ата-аналарға ақпаратты жеткізу. Жыл бойы жүргізілген іс-шаралар - ата-аналар жиналыстары, «Мектеп формасы», «Мектептің ішкі тәртіп ережелері», «Қауіпсіз жол – қауіпсіз болашақ» акциясы, жас жол инспекторларының «Қауіпсіз мектеп» тақырыбында түсіндірме жұмыстары, «Бала тәрбиесінде ұлттық құндылықтар туралы» тақырыбында ата-аналар арасында дөңгелек үстел, «Жолда жүру ережелері» атты түсіндірме жұмысы, Жамбыл облысына танымал тұлғамен кездесу (ақын-жазушы Елен Әлімжан).
Салауатты өмір салты және дене тәрбиесі бағыты.
Мақсаты: салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату. Жыл бойы жүргізілген іс-шаралар – «Денсаулық фестивалі», «Мен және менің отбасым» отбасылық спорттық сайыс, «Жұқпалы аурулардың алдын алу» аудандық аурухана мамандармен кездесу, суда жүзудегі сақтық ережелері туралы сынып сабақтар, көңілді эстафета ойындары, бастауыш сынып оқушылары арасында асықтан «Ханталапай» ойыны, «Жарқыраған жас нұрлы, жаса, Наурыз дәстүрлі!» ұлттық ойындар, аула ойындары, аяқ доп жарыстары, 1 желтоқсан – Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай өткізілген акциясы, Президент сынамалары.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясындағы міндеттерін жүзеге асыру бойынша жұмыс.
Мемлекет басшысының 2019 жылы 12 сәуірінде «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақала жарық көргені туралы барлығымыз білеміз. Елбасы қоғамдық сананы жаңғыртудың 6 бағытын айқындап берді (бәсекеге қабілеттілік, прагматизм; ұлттық сәйкестікті сақтау; білім беру ғұрпы; революциялық емес, Қазақстанның эволюциялық дамуы; сананың ашықтығы). Бағдарламалық мақаласының міндеттерін іске асыру мақсатында «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Өлкетану», «Отаным - тағдырым», «Саналы азамат» базалық бағыттары бойынша көптеген іс-шаралар жүргізілді.
«ӨЛКЕТАНУ» базалық бағытының мақсаты: Қазақстанның игілігіне арналған істерге қатысуға дайын өзінің кішкентай отанының тарихына, мәдениетіне, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне деген құрмет пен белсенді азаматтық позициясы бар патриот.
Атап айтқанда «Өлкетану» бағытының «Елімнің шежірелі байлығы» жобасы аясында 2017-2018 оқу жылында «Тарихтан тағлым - өткенге тағзым» атты ішкі туризм дамыту жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін, Байзақ ауданы көлемінде орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерді таныстыру мақсатында мектеп мұғалімдері мен оқушыларының экскурсиясының кестесі жасалынып, кестеге сәйкес 465 оқушы саяхат жасады. Оның ішінде – орталық аудандық музей, Байзақ датқа кесенесі, Оххум, Түймекент қалашығы, Ақыртас сарай кешені, Қостөбе және Барысхан қалашықтары. Тарих пәні мұғалімдері тарихи-мәдени ескерткіштері туралы оқушыларға көп мәлімет, қызықты деректер айтып берді. Рухани құндылықтар туған жерін, өскен ортасын, даңқты батырларын құрметтеп, тарихын зерделеуге жалпы патриотизмге тәрбиелейтіндігі сөзсіз. Саяхат жасаған оқушылардың тарихқа деген қызығушылықтары жоғарылап, тарихтың қойнауы терең екендігін түсініп, жақсы әсер алғандарын жасыра алмады. Ата-аналардың демеушілігімен 9-11 сынып оқушыларымен (жалпы – 77 оқушы) күзгі демалыс күндерінде Тараз қаласына экскурсия ұйымдастырылды. Алдымен, Тараз қаласында орналасқан Тектұрмас Х-ХІV ғ.ғ. сәулет комплексіне, ХІ ғ. Қарахан және ХІІІ ғ. Дауытбек кесенелер комплексіне, Бабаджа хатун кесенесіне, Айша-бибі – ХІ-ХІІ ғ.ғ. кесенесіне, ХІХ ғ. Кали-Юнус шығыс моншасына және әрі-қарай Оңтүстік Қазақстан облысына, яғни Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жол тарты. Экскурсия барысында оқушылар тарихи мағлұмат алып, білімдерін байытты.
«АЗАМАТ» базалық бағытының мақсаты: бүкіл өмір бойы білім алуға, қоршаған әлемнің сын-тегеурінін қабылдауға және өзінің өмір сүру сапасына қанағаттануға дайын жалпы адами құндылықтар және бәсекеге қабілеттілік негізінде белсенді өмірлік стратегиясы бар әрбір жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ететін жағдайларды жасау. «Мамандықтар әлемі» жобасы аясында табысты жеке кәсіпкерлермен кездесу, «Өнертапқыштыққа алғашқы қадамы» жобасы аясында «Физика әлемінде» өнертапқыштардың көрмесі өткізілді.
2.4.3. Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясының 2019-2020 оқу жылындағы тәрбие жұмыстарының аналитикалық талдауы
Байзақ ауданы әкімдігінің Білім бөлімінің Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясы КММ 2019-2020 оқу жылында 29.08.2021 жылы №1 педагогикалық кеңестің шешімімен Тәрбие орталығының жылдық жұмыс жоспары қарастырылып, бекітілді
Тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеті
Бүгінгі күннің сұранысы – сапалы біліммен қаруланған, бәсекеге қабілетті, белсенді, шығармашыл, өркениетті болашақ үшін күресуге барын салатын, жоғары мәдениетті, адамгершілік түсініктері берік бекіген, кез-келген ісінде патриоттық сезімі көрініс тапқан ұрпақ. Мұндай ұрпақты тәрбиелеу ісінде мемлекет мектепке зор талаптар қойып, үлкен сенім артады.
Тәрбие жұмысы мектептегі үрдістің құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған - балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру. Осыған орай оның негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.
Тәрбиенің негізгі міндеті – тұлғаның қоғамда табысты әлеуметтенуіне ықпал ету, жағдай туғызу. Тәрбие – үнемі ізденіс пен ізгілік жолындағы қиын да, қызық мәселе. Тәрбие беру – алға қойылған мақсат пен міндеттің іске асуымен бағаланып қана қоймай, оның нәтижелілігінің көрінісі мен маңызды болмақ.
Тәрбие беру бағытында мемлекеттік саясатты білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында білім беру жүйесін жаңғырту – жоғарғы мақсаттардың бірі. Тұлғаның өзін өзі билеуін, өзін өзі жүзеге асыру, отбасы және білім беру мекемелері педагогикалық ұжымдарының өзара іс-әрекеті үшін жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында тәрбиенің нақты мақсаттары мен міндеттерін анықтау, тәрбие кеңістігін модельдеу-рухани тұлға қалыптастырудың негізі болады.
Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясы осы бағытта үздіксіз білім беру жүйесіндегі жеке тұлғаның ұлттық және жеке адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы, оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау, баланы тәрбиеленуі, білім алуы мен жан-жақты қалыптасуы, ана тілі мен салт-дәстүрлерін сақтауы, денсаулығын нығайтуы сияқты Қазақстандық патриотизмге, төзімділікке, жоғары мәдениеттілікке және құқық пен еркіндікті құрмет тұтуға тәрбиелеу - «Ұлттық рухани байлық» көзі ретінде қарастырылып, осы тұрғыда оқушылардың сана-сезімін қалыптастыра отырып тәрбиелеу міндеттелген.
Гимназияның тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын, білім беруді дамытудың меклекеттік бағдарламаларын, Тәрбиенің кешенді бағдарламасын, Мемлекеттік жалпыға білім беру стандартын, барлық үлгідегі, деңгейдегі және меншік түріндегі білім беру ұйымдарында оқу бағдарламалары мен оқулықтарды, тәрбие бағдарламаларын әзірлеуде негіз болды. 2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатын негізге ала отырып жұмыс жасады.
Гимназияның тәрбие жұмысының мақсаты:Бәсекеге қабілетті, өзін-өзі басқара білетін, қарым-қатынас, ақпаратты, интеллектуалдық, жұмыс істеу білу, мәдениеті дамыған және зерттей білетін, іс-әрекет жасай білетін, дағдысы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.
Міндеттер: -
Жаңа демоктариялық қоғамда өмір сүруге қабілетті және патриот қалыптасуына: тұлғаның саяси, құқықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға, балалар мен жастардың құқықты санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатігездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұлға дайын болуына ықпал ету;
-
Тұлғаның рухани-адамгершілік және эстетикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлері мен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттары қалыптастыруға ықпал ету;
-
Тұлғаның жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлауына, ана тілді мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету;
-
Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын психологиялық-педагогикалық құзіреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету;
-
Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына, саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту;
-
Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамсыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастырылуына ықпал ету;
-
Білім беру ұйымдарына көп мәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлқы дағдыларын қалыптастыру, тұлғаны өнерде және болмыста этникалық нысандарды қабылдау, меңгеру және ықпал ету;
-
Салауатты өмір салты дағдыларының тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.