Материал: Коммуналды мемлекеттік мекемесіні зінзі баалау орытындысы (2021202 оу жылы) Жамбыл облысы кімдігіні білім басармасы Байза ауданыны білім бліміні ани Мратбаев атындаы гимназиясы

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам


Ақпараттық мәдениет бағыты.

Мақсаты: оқушыларды ақпараттық қоғамда сүру үшін сапалы біліммен қаруланған, бәсекеге қабілетті, жан-жақты ойлауға, талдау жасай білуге, ақпараттық сауаттылық пен ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу және де ата-аналарға ақпаратты жеткізу. Жыл бойы жүргізілген іс-шаралар - ата-аналар жиналыстары, «Мектеп формасы», «Мектептің ішкі тәртіп ережелері», «Қауіпсіз жол – қауіпсіз болашақ» акциясы, жас жол инспекторларының «Қауіпсіз мектеп» тақырыбында түсіндірме жұмыстары, «Бала тәрбиесінде ұлттық құндылықтар туралы» тақырыбында ата-аналар арасында дөңгелек үстел, «Жолда жүру ережелері» атты түсіндірме жұмысы, Жамбыл облысына танымал тұлғамен кездесу (ақын-жазушы Елен Әлімжан) және т.с.с.

Күшті жақтары (Strengths)

Әлсіз жақтары (Weaknesses)

Оқушылардың зияткерлік ұстанымдарын, лингвистикалық, музыкалық, логикалық зейінде ұлғайтуға бағытталған іс-шаралар өткізілді

Пәндер бойынша оқушыларға жекелеген жобалардың аздығы

Мүмкіндіктер (Opportunities)

Қауіптер (Threats)

Патриоттық тәрбие беру арқылы гимназиямыздағы 15 ұлт өкілдерінің бірлігін ұлғайту

Гимназиямыздағы орысша оқу тілімен сыныптарындағы іс-шаралардың аздығы


Салауатты өмір салты және дене тәрбиесі бағыты.

Мақсаты:  салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату. Жыл бойы жүргізілген іс-шаралар – «Денсаулық фестивалі», «Мен және менің отбасым» отбасылық спорттық сайыс, «Жұқпалы аурулардың алдын алу» аудандық аурухана мамандармен кездесу, суда жүзудегі сақтық ережелері туралы сынып сабақтар, көңілді эстафета ойындары, бастауыш сынып оқушылары арасында асықтан «Ханталапай» ойыны, «Жарқыраған жас нұрлы, жаса, Наурыз дәстүрлі!» ұлттық ойындар, аула ойындары, аяқ доп жарыстары, 1 желтоқсан – Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай өткізілген акциясы, Президент сынамалары және т.с.с.



Оқу жылдары


Білім алушылардың денсаулығын сақтаудың алдын алу іс-шараларының пайыздық үлесі (диктант, сауалнамалар, дәрігерлермен кездесу, СӨС іс-шаралары, рейдтер т.б)

1-4 сыныптар (бастауыш буын)

5-7 сыныптар (орта буын)

8-11 сыныптар

(жоғары буын)

2017-2018

392/80%

320/100%

223/90%


«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясындағы міндеттерін жүзеге асыру бойынша жұмыс.

Мемлекет басшысының 2017 жылы 12 сәуірінде «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақала жарық көргені туралы барлығымыз білеміз. Елбасы қоғамдық сананы жаңғыртудың 6 бағытын айқындап берді (бәсекеге қабілеттілік, прагматизм; ұлттық сәйкестікті сақтау; білім беру ғұрпы; революциялық емес, Қазақстанның эволюциялық дамуы; сананың ашықтығы). Бағдарламалық мақаласының міндеттерін іске асыру мақсатында «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Өлкетану», «Отаным - тағдырым», «Саналы азамат» базалық бағыттары бойынша көптеген іс-шаралар жүргізілді.

«ӨЛКЕТАНУ» базалық бағытының мақсаты: Қазақстанның игілігіне арналған істерге қатысуға дайын өзінің кішкентай отанының тарихына, мәдениетіне, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне деген құрмет пен белсенді азаматтық позициясы бар патриот.

Атап айтқанда «Өлкетану» бағытының «Елімнің шежірелі байлығы» жобасы аясында 2017-2018 оқу жылында «Тарихтан тағлым - өткенге тағзым» атты ішкі туризм дамыту жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін, Байзақ ауданы көлемінде орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерді таныстыру мақсатында мектеп мұғалімдері мен оқушыларының экскурсиясының кестесі жасалынып, кестеге сәйкес 465 оқушы саяхат жасады. Оның ішінде – орталық аудандық музей, Байзақ датқа кесенесі, Оххум, Түймекент қалашығы, Ақыртас сарай кешені, Қостөбе және Барысхан қалашықтары. Тарих пәні мұғалімдері тарихи-мәдени ескерткіштері туралы оқушыларға көп мәлімет, қызықты деректер айтып берді. Рухани құндылықтар туған жерін, өскен ортасын, даңқты батырларын құрметтеп, тарихын зерделеуге жалпы патриотизмге тәрбиелейтіндігі сөзсіз. Саяхат жасаған оқушылардың тарихқа деген қызығушылықтары жоғарылап, тарихтың қойнауы терең екендігін түсініп, жақсы әсер алғандарын жасыра алмады. Ата-аналардың демеушілігімен 9-11 сынып оқушыларымен (жалпы – 50 оқушы) күзгі демалыс күндерінде Тараз қаласына экскурсия ұйымдастырылды. Алдымен, Тараз қаласында орналасқан Тектұрмас Х-ХІV ғ.ғ. сәулет комплексіне, ХІ ғ. Қарахан және ХІІІ ғ. Дауытбек кесенелер комплексіне, Бабаджа хатун кесенесіне, Айша-бибі – ХІ-ХІІ ғ.ғ. кесенесіне, ХІХ ғ. Кали-Юнус шығыс моншасына және әрі-қарай Оңтүстік Қазақстан облысына, яғни Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жол тарты. Экскурсия барысында оқушылар көптеген тарихи мағлұмат алып, білімдерін байытты.


«ОТАНЫМ – ТАҒДЫРЫМ» базалық бағытының мақсаты: шынайы прагматимз синергиясында және біртұтас ұлы ұлтқа тәнділік сезімі бар білім беру ғұрпында тәрбиеленген жеке тұлға. «Сөз - тілдің көркі» жобасы аясында мәнерлеп оқу байқаулары өтсе, «Дарынды ұрпақ – ел болашағы» жобасы аясында оқушылар әртүрлі шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары атанса, «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» жобасы аясында «Рухани жаңғыру – ұрпақ игілігіне бағытталған жол» -атты оқушылардың халықаралық ғылыми-практикалық конференция мен «Ұлы дала елінің өнерлі де, өрлі талантты ұрпағымыз!» атты оқушылардың өнер байқауы өткізілді.

«САНАЛЫ АЗАМАТ» базалық бағытының мақсаты: бүкіл өмір бойы білім алуға, қоршаған әлемнің сын-тегеурінін қабылдауға және өзінің өмір сүру сапасына қанағаттануға дайын жалпы адами құндылықтар және бәсекеге қабілеттілік негізінде белсенді өмірлік стратегиясы бар әрбір жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ететін жағдайларды жасау. «Мамандықтар әлемі» жобасы аясында табысты жеке кәсіпкерлермен кездесу, «Өнертапқыштыққа алғашқы қадамы» жобасы аясында «Физика әлемінде» өнертапқыштардың көрмесі өткізілді.

2.4.2. Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясының 2018-2019 оқу жылындағы тәрбие жұмыстарының аналитикалық талдауы

Байзақ ауданы әкімдігінің Білім бөлімінің Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясы КММ 2018-2019 оқу жылында 30.08.2018 жылы №1 педагогикалық кеңестің шешімімен Тәрбие орталығының жылдық жұмыс жоспары қарастырылып, бекітілді

Тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеті:

Бүгінгі күннің сұранысы – сапалы біліммен, бәсекеге қабілетті, белсенді, шығармашыл, өркениетті болашақ үшін күресуге барын салатын, жоғары мәдениетті, адамгершілік түсініктері берік бекіген, кез-келген ісінде патриоттық сезімі көрініс тапқан ұрпақ. Мұндай ұрпақты тәрбиелеу ісінде мемлекет мектепке зор талаптар қойып, үлкен сенім артады.

Тәрбие беру бағытында мемлекеттік саясатты білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында білім беру жүйесін жаңғырту – жоғарғы мақсаттардың бірі. Тұлғаның өзін өзі билеуін, өзін өзі жүзеге асыру, отбасы және білім беру мекемелері педагогикалық ұжымдарының өзара іс-әрекеті үшін жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында тәрбиенің нақты мақсаттары мен міндеттерін анықтау, тәрбие кеңістігін модельдеу-рухани тұлға қалыптастырудың негізі болады.


Ғ.Мұратбаев атындағы гимназиясы осы бағытта үздіксіз білім беру жүйесіндегі жеке тұлғаның ұлттық және жеке адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы, оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау, баланы тәрбиеленуі, білім алуы мен жан-жақты қалыптасуы, ана тілі мен салт-дәстүрлерін сақтауы, денсаулығын нығайтуы сияқты Қазақстандық патриотизмге, төзімділікке, жоғары мәдениеттілікке және құқық пен еркіндікті құрмет тұтуға тәрбиелеу - «Ұлттық рухани байлық» көзі ретінде қарастырылып, осы тұрғыда оқушылардың сана-сезімін қалыптастыра отырып тәрбиелеу міндеттелген.

Гимназияның тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асырумақаласындағы «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен Патриоттық Актісіне сәйкес жүзеге асырылады, жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатын негізге ала отырып жұмыс жасады.

Гимназияның тәрбие жұмысының мақсаты:

Бәсекеге қабілетті, өзін-өзі басқара білетін, қарым-қатынас, ақпаратты, интеллектуалдық, жұмыс істеу білу, мәдениеті дамыған және зерттей білетін, іс-әрекет жасай білетін, дағдысы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.

Міндеттер:

  1. Жаңа демоктариялық қоғамда өмір сүруге қабілетті және патриот қалыптасуына: тұлғаның саяси, құқықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға, балалар мен жастардың құқықты санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатігездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұлға дайын болуына ықпал ету;

  2. Тұлғаның рухани-адамгершілік және эстетикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлері мен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттары қалыптастыруға ықпал ету;

  3. Тұлғаның жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлауына, ана тілді мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету;

  4. Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын психологиялық-педагогикалық құзіреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету;

  5. Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына, саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту;

  6. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамсыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастырылуына ықпал ету;

  7. Білім беру ұйымдарына көп мәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлқы дағдыларын қалыптастыру, тұлғаны өнерде және болмыста этникалық нысандарды қабылдау, меңгеру және ықпал ету;

  8. Салауатты өмір салты дағдыларының тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

Тәрбие жұмысының басым бағыттары:

Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының келесі бағыттары арқылы өтеді.

  1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық.

  2. Рухани-адамгершілік мәдениет

  3. Ұлттық тәрбие

  4. Зияткерлік

  5. Экономикалық, экологиялық тәрбие

  6. Көп салалы мәдениеттілік шығармашылық, көркемділік-эстетикалық және мәдени танымдылық

  7. Ақпараттық мәдениет

  8. Салауатты өмір салты және дене тәрбиесі.

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие бағыты

Мақсаты: жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты, тұлғаның саяси даярлығын қалыптастыру. Патриоттық сананы қалыптастыру бағытында – Отанымыздың тағдыры үшін, елді бейбіт және әскери жағдайда қорғауға жауапты Қазақстан азаматы мен патриотының тұлғасын тәрбиелеу. Жыл бойы өткізілген іс-шаралар – жаңа оқу жылының басталуына байланысты «Алғашқы қоңырау» мерекелік іс-шара, «Мен – өз елімнің патриотымын!» тақырыбындағы тәрбие сағаттар, «Ауылым - алтын бесігім!» - тәрбие сағаттар, «Ғасырдың ғажап азаматы - Нұрсұлтан Назарбаев» атты кітап көрмесі, 1 желтоқсан ҚР Президент күніне және «Тәуелсіздік – ел тірегі» тақырыбында салтанатты жиындар, «Мәңгілік ел - мұратым» тақырыбында патриоттық акция, «Достық» Республикасының өзін-өзі басқару күндері (қазан, қаңтар айларында), «Жас ұлан» ұйымының жұмысы, «Туған жерім тұғырым - Қазақстан» тақырыбында дөңгелек үстел, «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс», «ҚР Мемлекеттік рәміздері», «Менің құқығым және міндеттерім» тақырыбында тәрбие сағаттар, «Ауған ақиқаты» - атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу, «Айбын» патриоттық-спорттық сайысы.

Оқу жылдары



Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие бағыты

Құқық қорғау қызметкерлерімен кездесулер

Жолда жүру ережелері қауіпсіздігін сақтау іс-шаралары

Өрт қауіпсіздігі алдын алу іс-шаралары

Сауалнамалар


Психологиялық тренигтер

Ата-аналармен жүргізілген іс-шаралар

Төтенше жағдай оқу жаттығулары

Сынып сағаттары

Құқықтық кеңес отырыстары


Сыныптан тыс іс-шаралар

Рейдтер

Жалпы саны

2018-2019

20

19

11

8

10

9

4

191

4

41

21

338
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/6693