Күшті жақтары (Strengths)
| Әлсіз жақтары (Weaknesses)
|
Оқушылардың патриоттық сезімінің жоғары болуы, әр өткен іс-шаралар немесе патриоттық сайыстарға белсене қатысуы, патриот-азамат тәрбиелеуге толық мүмкiндiктердің бар екендiгі анықталды.
| Гимназиямыздағы орыс сыныптарындағы іс-шаралардың қазақ сыныптарына қарағанда аздығы, «Жасұлан» және «Адал ұрпақ» ұйымдарында орыс сыныптарының аздығы
|
Мүмкіндіктер (Opportunities)
| Қауіптер (Threats)
|
Патриоттық тәрбие беру арқылы гимназиямыздағы 15 ұлт өкілдерінің бірлігін ұлғайту
| Гимназиямыздағы орысша оқу тілімен сыныптарындағы іс-шаралардың аздығынан патриоттық тәрбие әлсіреуі мүмкін
|
Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясының 2018-2019 оқу жылындағы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының 7 бағыт аясындағы оқу жылында атқарылған жұмыстары туралы сараптамалық талдауы. Мақсаты мен міндеттері «Жас Ұланның» мақсаты: -
Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
«Жас Ұланның» міндеттері: -
Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;
-
Балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;
-
Танымдық жұмыстарды ынталандыру;
-
Балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
-
Жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.
Басым бағыттары:
Оқу жылы
| Бағыт бойынша өткізілген іс-шаралар саны
| Жалпы саны
|
2018-2019
| Отан
| Жеті жарғы
| Зерде
| Сала
уат
| Еңбек
| Руха
ният
| Эко
әлем
| 30
|
5
| 3
| 4
| 3
| 4
| 5
| 6
|
Күшті жағы
( Strengths)
| Әлсіз жағы (Weaknesses)
|
| Мүмкіндіктер
(Opportunities)
|
Мектепте мұғалім мен оқушы арасында, отбасында ата-ана мен баланың арасында сенім мен ынтымақтастық мәдениетінің, қолайлы ортаның қалыптасуы;
«Отан» және «Жеті жарғы» бағыттарының жұмыстары нәтижесінде құқықтық сауаттылықты, меклекеттік рәміздерге деген құрметті, ұлттық мерекелер мен мемлекеттік мерекелердің, кәсіби және өзге де мерекелерді атап өтіп оқушы жадында сақталуына септігін тигізу;
| Патриоттық сезімнің жекелеген оқушылар бойындағы әлсіздігі;
Оқушылардың өзіне деген сенімділігі мен шығармашылық белсенділігінің төмендігі
|
| «Зерде» бағытындағы жұмыстарды жандандыру;
«Еңбек» бағыты аясында әлеуметтік жобалар жұмысын
жалғастыру;
Оқушылардың шығармашылық
белсенділігін арттырып,
көшбасшылыққа
қалыптастыру;
|
«Жас Ұлан» ұйымындағы оқушылардың 2018-2019 оқу жылындағықабылданған оқушылар саны
297
130
167
«Руханият» ( адамгершілік, адалдық ) бағыты бойынша – «жасұландықтардың» өзіндік жəне басқа халықтардың адамгершілік, этикалық, бейнелеу- эстетикалық негіздерін дамытуға жəне қалыптастыруға, өз түсініктеріңді басқа адамдар мен əлеуметтік топтардың қызығушылықтарымен біріктіруге, жеке тұлғаның əдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дəстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін жəне бағдарларын қалыптастыруға, қоғамның қазіргі құрылымын түсінуге жəне осы қоғамда əлеуметтік- адамгершілік құндылықтар жəне əлеуметтік бағыттар негізінде қызмет етуге мүмкіндік беретін бағыт .Балалар мен жас жеткіншектерді жалпы адамгершілік қасиеттерге ие боуға және Отанға, еңбекке, жалпы қоршаған ортаға, өзінің жеке тұлғасына деген сезімін тәрбиелеу. Даму және дамыту, ізгілік пен парасаттылық қасиеттерін сіңдірту.Жақсылық атаулыға деген арттырып, жамандыққа жол бермейтін ата- ана, туыс, достар, ұжым, халық, Отан алдындағы парызды сезінетін , адалдық,, адамгершілік ұстанымдарды берік сақтауға үйрететін шараларды қамтиды.
«Елбасы- біздің тірегіміз » -атты іс шара Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымы мүшелері мерекелік іс – шарада өз өнерлерін көрсетті.
«Зерде» ( танымдық ) бағыты бойынша – «жасұландықтардың» интеллектуалдық мəдениетін, ойлау қабілетінің белсенділігін, ақыл- ой деңгейін жəне шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға жəне дамытуға,туындаған мəселелерді шешу , жоспар құру жəне өзіндік өмірлік іс-əрекеттеріңді басқаруға, бүгінгі жаңа ғылыми дүниетанымды иегеруіне, балалардың интеллектуалдық ойындарға, дебаттарға, олимпиадаларға, жобаларға жəне зерттеу жұмыстарына қатысуына əсер ететін бағыт. Өзін-өзі тану, отбасы және қоршаған орта туралы толық білу, осы заманға ғылыми және мәдени біліммен қарулану, өз елінде және өзге елде болып жатқан жаңалықтармен танысу. Сабақтан уақытта оқушылардың зияткерлік деңгейінің көтерілуін жан-жақты көзқарасының кеңейуін жетілдіруге, үнемі ізденіс пен білімге деген құштарлығын арттыруға ықпал ететін шараларды қамтиды.«Зерде» (танымдық) бағыты бойынша «Жас Ұлан» ұйымының оқушыларының қатысуымен "Қыс келбеті" сурет байқауы өткізілді.«Қыс келбеті» атты мектепішілік көркем сурет байқауын өткізіп,жеңімпаздарды мақтау қағаздарымен марапаттады.
«Салауат» (салауатты өмір салты) бағыты бойынша – «жасұландықтардың» салауатты өмір салтын қалыптастыруға, спорттық, туристік, экспедициялық жəне өлкетанушылық бағдарламаларды ұйымдастыру арқылы дене шынықтыруды дамытуға əсер ететін бағыт .Ағзаны шынықтыратын, дененің дұрыс қалыптасуын, мүсіннің сымбатты болуын қамтамасыз ететін, гигиеналық дағдыларға баулитын, ұлттық ойындарды меңгертетін, олардың пайда болу және даму тарихымен таныстыратын, салауатты өмір салтын насихаттайтын, ірі спорттық жетістіктерге ынталандыратын, әр кезеңдегі спорт саңлақтарының өмірі мен спорттағы жетістіктерімен таныстыратын іс-шараларды қамтиды.
"Салауат" бағыты бойынша "Біз есірткісіз өмірді қолдаймыз!" атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың салуатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Сурет байқауына Жас қыран топтарынан 3-4 сынып оқушылары және Жас Ұлан топ мүшелері белсене атсалысып қатысты. Жеңімпаз оқушыларға алғыс хаттар мен мадақтамалар берілді.
«Жеті жарғы» (құқықтық) бағыты- мектеп Жарғысын,оқушыларға арналған мінез –құқық ережелерін білуге,оны сақтауға, мемлекет пен оның заңдарын құрметтеп қарауға , жеткіншектердің күнделікті өмірде өздерінің жүріс-тұрысына басшылық жасай білуіне ықпал ететін, өз мемлекетінің азаматтарына қамқорлықпен қарап, ел байлығын халық игілігіне жұмсауға ат салысатын оқушылардың азаматтық белсенділігін қалыптастыруға, заң бұзушылыққа қарсы күресуге ықпал ететін шараларды, жастар арасында әр түрлі жүргізілетін әлеуметтік-құқытық маңызы бар шараларды қамтиды. «Жетті жарығы» (құқықтық) бағыты бойынша «Мемлекеттік рәміздер –ұлттық мақтанышым» мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.«Жеті Бұл-біздің Ту», «Бұл-біздің Елтаңба», «Бұл-біздің Гимн» атты патриоттық іс-шара жас ұрпаққа нағыз елжандылық пен отансүйгіштіктің азаматтық пен ұлылықтың үлгісін көрсету, оқушыларды отан сүйгіштікке, адамгершілікке, бағыттау.
«Экоәлем» (экологиялық) бағыты-табиғат туралы түсініктерін кеңейтуге, табиғат пен адамзат арасындағы байланысты сезінуге, қоршаған орта сұлулығын сезінуге және көре білуге, оны қорғауға, туған өлке табиғатын танып білуге, экологиялық мәдениетті қалыптастыруғы, экологиялық зардаптардың себебінтүсініп, оны жоюға ұмтылатын,жалпы экологиялық мәселенің адамзат тіршілігіне тікелей байланысын сезінуге ықпал ететін шараларды қамтиды. «Құстар біздім досымыз» Құстар туралы білімдерін толықтыру,құстарға деген сүйіспеншілік сезімге,қамқорлық жасау-балаларды табиғат арқылы адамгершілікке тәрбиелеу және экологиялық білім-дерін толық ұғымға жетілдіру мақсатында әнгімелер айтылды,құстарға қамқорлық, ұялар орнатылды.
«Отан» (патриоттық) бағыты бойынша – «жасұландықтардың» санасында қазақстандық танымның жəне мəдени түсініктің қалыптасуына, азаматтық парыздың орындалуына , толеранттылық пен патриоттық , отанға қызмет етудің маңыздылығы, өз халқың үшін мақтаныш сезімі, мемлекеттік рəміздерді, мемлекеттің жəне туған өлкеңнің идеологиялық негіздерін білуге жағдай жасайтын бағыт .Отанымыз Қазақстанның өткен тарихы мен оның қалыптасу, даму , нығайту жолдарымен таныстыратын, халық тарихына қатысты ұлы тұлғалар жөнінде білім беретін, әдеби және мәдени құндылықтарды насихаттайтын, шетелде тұратын қазақ балаларымен байланыс орнатуға ықпал жасайтын, жалпы халықтық мейрам – мерекелерді өткізуді, мемлекеттік тілді меңгертіп, оның қолдану аясын кеңейтуне бағытталған шараларды қамтиды.Гимназиямызда оқушыларды алғырлыққа, патриоттыққа рухани адамгершілікке,Отанын сүюге,тәуелсіз еліміздің білікті де, білімді азаматтары болуға,аға буын өкілдерін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Ауған соғысына арналған» іс-шара өткізілді. Іс-шара өткізілді. Іс-шараға 4-11 сынып оқушылары мен Ауған соғысына қатысқан ардагерлер қатысты.Оқушыларымыз келген қонақтарға сұрақтар қойып,дайындаған ән,би,көрністерін, және мәнерлеп оқу шығармашылығын көрсетті. Іс-шараға «Жас Ұлан» «Жас Қыран» ұйымының оқушылары да белсенді түрде ат салысты. Ауған соғысының ардагерлерін құттықтау, жас ұрпаққа патриоттық сезімдерін ояту мақсатында «Ауғаныстан асуында от кешкендер» ауған соғысы ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
«Еңбек» бағыты бойынша – «жасұландықтардың» бойында еңбектің ең бірінші өмірлік қажеттілік, өмірлік табыстарға жетудің басты тəсілі мен жоғары құндылық екендігін түсіндіретін, олардың мамандандырылған бейініне əсер ететін, «бизнес-инкубаторлар» мен балалар кəсіпорындарын құру арқылы кəсіптік білім беретін, кəсіпкерлік, экономикалық жəне құқықтық біліктіліктерін қалыптастыратын бағыт . Жеке тұлға ретінде қалыптасуға ықпал ететін, қоғамдық негізде қйымдастырылған жұмыстарға қатысу, өзі тұратын өңірде кең таралған еібек түрлерімен танысу арқылы қажетті еңбек дағдыларын үйрету. Туған өңірінде ір кезеңде еңбегімен танымал болған, атақты тұлғалардың өмірі мен еңбектегі жетістіктерімен таныстырып, оны мақтаныш етуге, өнер түрлері және еңбек рахатын, сқлулығын сезіне білуге ыөпал ететін шаралар қамтиды.
Рухани-адамгершілік тәрбие бағыты.Мақсаты: тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру. Жыл бойы өткізілген іс-шаралар – «Мен өмірді таңдаймын» тақырыбында шаралар, қайырымдылық акциялары, қарт адамдарға үйлеріне барып көмектесу, «Қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас» оқушылар арасында ашық әңгімелесу, М. Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мәңгі өшпес жырымен із қалдырған» атты байқауы, 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған ашық сабақ, дөңгелек үстел өткізілді.
Оқу жылдары
| Рухани-адамгершілік тәрбие бағыты.
|
Қоғамға қызмет іс-шаралары
| Волонтерлық іс-шаралар
| Насихаттау
| Сауалнамалар
| Тренигтер
| Ата-аналармен жүргізілген іс-шаралар
| Сынып сағаттары
| Сыныптан тыс іс-шаралар
| Экологиялық рейдтер
| Жалпы саны
|
2018-2019
| 14
| 20
| 24
| 5
| 11
| 4
| 185
| 211
| 24
| 498
|