Материал: Коммуналды мемлекеттік мекемесіні зінзі баалау орытындысы (2021202 оу жылы) Жамбыл облысы кімдігіні білім басармасы Байза ауданыны білім бліміні ани Мратбаев атындаы гимназиясы

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

Тәрбие жұмысының басым бағыттары:

Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының келесі бағыттары арқылы өтеді.

  1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық.

  2. Рухани-адамгершілік мәдениет

  3. Ұлттық тәрбие

  4. Зияткерлік

  5. Экономикалық, экологиялық тәрбие

  6. Көп салалы мәдениеттілік шығармашылық, көркемділік-эстетикалық және мәдени танымдылық

  7. Ақпараттық мәдениет

  8. Салауатты өмір салты және дене тәрбиесі.

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие бағыты

Мақсаты: жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты, тұлғаның саяси даярлығын қалыптастыру. Патриоттық сананы қалыптастыру бағытында – Отанымыздың тағдыры үшін, елді бейбіт және әскери жағдайда қорғауға жауапты Қазақстан азаматы мен патриотының тұлғасын тәрбиелеу. Жыл бойы өткізілген іс-шаралар – жаңа оқу жылының басталуына байланысты «Алғашқы қоңырау» мерекелік іс-шара, «Мен – өз елімнің патриотымын!» тақырыбындағы тәрбие сағаттар, Халық қаҺарманы Ғ.Байтасовтың ерлігіне арналған дөңгелек үстел, «Туған жерге – туыңды тік», «Ауылым - алтын бесігім!» - тәрбие сағаттар, «Ғасырдың ғажап азаматы - Нұрсұлтан Назарбаев» атты кітап көрмесі, 1 желтоқсан ҚР Президент күніне және «Тәуелсіздік – ел тірегі» тақырыбында салтанатты жиындар, «Мәңгілік ел - мұратым» тақырыбында патриоттық акция, «Достық» Республикасының өзін-өзі басқару күндері (қазан, қаңтар айларында), «Жас ұлан» ұйымының жұмысы, «Туған жерім тұғырым - Қазақстан» тақырыбында дөңгелек үстел, «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс», «ҚР Мемлекеттік рәміздері», «Менің құқығым және міндеттерім» тақырыбында тәрбие сағаттар, «Ауған ақиқаты» - атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу, «Айбын» патриоттық-спорттық сайысы, ҚР қарулы күштерінің 26 жылдығы мен ҰОС 73 жылдығына арналған сапта жүріп ән айту байқауы және т.с.с.
Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясының 2019-2020 оқу жылындағы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының 7 бағыт аясындағы оқу жылында атқарылған жұмыстары туралы сараптамалық талдауы.

  Мақсаты мен міндеттері

 «Жас Ұланның» мақсаты
:

  • Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.

«Жас Ұланның» міндеттері:

  • Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;

  • Балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;

  • Танымдық жұмыстарды ынталандыру;

  • Балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;

  • Жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.

Басым бағыттары:





Оқу жылы

Бағыт бойынша өткізілген іс-шаралар саны

Жалпы саны


2020-2021



Отан

Жеті жарғы

Зерде

Сала

уат

Еңбек

Руха

ният

Эко

әлем

30

5

3

4

3

4

5

6



Күшті жағы

( Strengths)

Әлсіз жағы (Weaknesses)



Мүмкіндіктер

(Opportunities)

Мектепте мұғалім мен оқушы арасында, отбасында ата-ана мен баланың арасында сенім мен ынтымақтастық мәдениетінің, қолайлы ортаның қалыптасуы;

«Отан» және «Жеті жарғы» бағыттарының жұмыстары нәтижесінде құқықтық сауаттылықты, меклекеттік рәміздерге деген құрметті, ұлттық мерекелер мен мемлекеттік мерекелердің, кәсіби және өзге де мерекелерді атап өтіп оқушы жадында сақталуына септігін тигізу;


Патриоттық сезімнің жекелеген оқушылар бойындағы әлсіздігі;

Оқушылардың өзіне деген сенімділігі мен шығармашылық белсенділігінің төмендігі





«Зерде» бағытындағы жұмыстарды жандандыру;

«Еңбек» бағыты аясында әлеуметтік жобалар жұмысын

жалғастыру;

Оқушылардың шығармашылық

белсенділігін арттырып,

көшбасшылыққа

қалыптастыру;




«Жас Ұлан» ұйымындағы оқушылардың 2020-2021 оқу жылындағы

қабылданған оқушылар саны


175

150

325

«Руханият» бағыты бойынша – «жасұландықтардың» өзіндік жəне басқа халықтардың адамгершілік, этикалық, бейнелеу- эстетикалық негіздерін дамытуға жəне қалыптастыруға, өз түсініктеріңді басқа адамдар мен əлеуметтік топтардың қызығушылықтарымен біріктіруге, жеке тұлғаның əдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дəстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін жəне бағдарларын қалыптастыруға арналған бағыт.

«Ұстазым ұлы тұлға» тақырыбында біріңғай ашық тәрбие сағаттары, мерекелік құттықтау іс-шаралары ұйымдастырылды. Аталмыш шара ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту. Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру.

«Кемелді келешекке – кемеңгер Елбасымен» атты аудандық форумға Жас Ұландықтар белсене қатысты. Алғыс хатпен марапатталды.

«Отан» бағыты – жасұландықтардың санасында қазақстандық танымның жəне мəдени түсініктің қалыптасуына, азаматтық парыздың орындалуына, толеранттылық пен патриоттық, отанға қызмет етудің маңыздылығы, өз халқың үшін мақтаныш сезімі, мемлекеттік рəміздерді, мемлекеттің жəне туған өлкеңнің идеологиялық негіздерін білуге жағдай жасайтын бағыт.

Жалғызілікті қарттарға оқушылардың қолдан келген көмектерін көрсетіп, балаларды жанашырлық, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіру, қарттарымызды құрметтеп, сыйлауға, үлкенге өнеге кішіге үлгі бола білуді үйрету мақсатында «Қарияларға қамқорлық көрсетейік» тақырыбында жалғызілікті қарт кісілерге көмек көрсету іс-шарасы өтті.

Жасұландық оқушылар 1 қазан мерекесіне орай Төле би №45 үйдің тұрығыны Малгелдиева Әтіркүл анамен кездесіп келді. Әтіркүл апайдың үйіне барып көмектесіп, бақшасындағы арам шөптерден тазалап, тазалаық жұмыстарын жүргізді. Мерекесімен құттықтап, ән шашуларын арнап көңілін көтеріп қайтты.

Ғазиз Байтасовтың өмірі мен ерлігі атты дөңгелек үстел өткізілді. Оқушыларымыз Ғазиз Байтасовтың өмірі мен ерлігі туралы видеороликтер көріп өз ойларын ортаға салды.

«Жеті жарғы» бағыты- мектеп Жарғысын, оқушыларға арналған мінез –құлық ережелерін білуге оны сақтауға, мемлекет пен оның заңдарын құрметтеп қарауға, ел байлығын халық игілігіне жұмсауға ат салысатын оқушылардың азаматтық белсенділігін қалыптастыруға, заң бұзушылыққа қарсы күресуге ықпал ететін шараларды, жастар арасында әр түрлі жүргізілетін әлеуметтік-құқытық маңызы бар шараларды қамтиды.

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына «Мен Тәуелсіз елдің ұланымын» тақырыбында ұйымға оқушыларды салтанатты қабылдау. Жалпы ұйымға бастауыш, орта буын оқушылары қабылданды.

2-4 сынып оқушылары жалпы 10 оқушы «Жас қыран» қатарын толықтырып, оларға жас қыран төсбелгісі берілсе, орта буынның 5-7 сыныптың 25 оқушысына «Жас ұлан» төс белгісі тағылды.

«Жол ережесінің қауіпсіздігі» атты аудандық айлық өткізілді. Тақырыпқа сай оқушылар арасында ашық тәрбие сағаты, мектеп инспекторымен кездесу, сурет көрмесі өткізілді.

«Зерде» бағыты бойынша – «жасұландықтардың» интеллектуалдық мəдениетін, ойлау қабілетінің белсенділігін, ақыл-ой деңгейін жəне шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға жəне дамытуға арналған іс-шаралар.

1 қыркүйек Салтанатты жиын.

«Тілім менің тірегім» мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға оқушылар белсенді түрде қатысып, мақтау грамоталарына ие болды.

9-10 сынып оқушылары арасында «Көшбасшы» интелектуалды ойын ұйымдастырылды. 10 « А» сынып оқушылары жеңіске жетіп мақтау грамотларымен марапатталды.

«Салауат» бағыты бойынша – «жасұландықтардың» салауатты өмір салтын қалыптастыруға, спорттық, туристік, экспедициялық жəне өлкетанушылық бағдарламаларды ұйымдастыру арқылы дене шынықтыруды дамытуға əсер ететін бағыт.

Отбасы күніне орай «Отбасы бақыт мекені» тақырыбында бейнероликтер байқауы өтті. Сайыстың мақсаты балалардың денсаулығын нығайту, ұйымшылдыққа баулу, балалардың қимыл-қозғалыстарын жетілдіру, түрлі спорттық түрлерін еркін ойнауға үйрету, спортқа қызығушылықтарын арттыру.

«Денсаулық» фистивалі ұйымдастырылды. Оқушыларымыз белсене ат салысып қатысты.

«Жастар есірткісіз өмірді қолдайды» тақырыбында мектебіміздің медбикелермен танымдық сағат өткізілді. Мектебіміздің медбикесі Г.Әбілдаева оқушыларға ақыл кеңесін беріп өтті.

«Еңбек» бағыты бойынша – «жасұландықтардың» бойында еңбектің ең бірінші өмірлік қажеттілік, өмірлік табыстарға жетудің басты тəсілі мен жоғары құндылық екендігін түсіндіретін, олардың мамандандырылған бейініне əсер ететін, «бизнес-инкубаторлар» мен балалар кəсіпорындарын құру арқылы кəсіптік білім беретін, кəсіпкерлік, экономикалық жəне құқықтық біліктіліктерін қалыптастыратын бағыт.

«Күз береке, күз мереке» тақырыбында өткен мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылды.

Мақсатында оқушыларды ұйымшылыққа, адалдыққа, еңбекқорлыққа, кәсіпкерлік қабілетін шыңдауға дағдыландыру. Шараға 5-7 сынып оқушыларынан құралған 16 топ қатысып, өз белсенділіктерін көрсетті.

1-10 сынып оқушылары арасында "Тән саулығының тамыры-тазалықта" тақырыбында сенбілікке шығып өз аулаларына тазалық, тал отырғызу, оны күтіп-баптау сынды жұмыстар жасады.
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/6693