Материал: Коммуналды мемлекеттік мекемесіні зінзі баалау орытындысы (2021202 оу жылы) Жамбыл облысы кімдігіні білім басармасы Байза ауданыны білім бліміні ани Мратбаев атындаы гимназиясы

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам


Жаңадан келген оқушылар тізімі жасалынып, 2-5 сыныптар аралығында аталған оқу жылында 32 оқушы қабылданды.

5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуін бақылау, анықтау мақсатында сауалнама алынды.

ЮНИСЕФ бойынша барлық анықтау жұмыстарының нәтижелері ережеге сәйкес жинақталды.

Диагностикалық анықтау жұмыстары нәтижесінде оқушылардың жеке даралық дарындылық түрлері анықталды.

«Жыныстық тиіспеушілік және зорлық-зомбылықтың алдын алу» бойынша анықтау жұмысы бойынша:7,8,9,10 сыныпе оқушылары қатысты.

Үйде білім алатын оқушылардың ата-аналарынан 6 сұрақтан тұратын сауалнама алынды.

5-10 сынып оқушылардың пәнге деген мотивациясын анықтау мақсатында «Сауалнама» алынды.

Келеңсіз оқиғалардың алдын алу тақырыбында сынып жетекшілер мен пән мұғалімдерінің отырысы.

Психологиялық түзету, алдын алу

6-7 сынып оқушыларына тренинг барысында қатысушыларға жеке бақылау жасалды. Ұжымдық ынтымақтастық сақталған, өзара қарым қатынастары өте жақсы.Жаңа оқу жылына психологиялық дайындықтары орташадан жоғары деңгейде.

Мамандық пен таңдау барысында жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескермеген оқушылар зерттеу нәтижесінде анықталғанымен консультация кезінде өз мамандықтарын нақты таңдап отырғандарын, сонымен қатар сол мамандыққа байланысты ЖОО-нына түсу үшін қорытынды аттестацияға дайындықтарын бастап кеткені анықталды. Оқушылардың белгілі бір мамандықты таңдау себептерінің бірі болып табылатыны нарық талаптары екендігі анықталды.

Гимназияға жаңадан қабылданған барлық оқушылармен жеке психологиялық сұхбаттасу жұмысы жүргізілді.

Аталған бағдарлама бойынша барлық сыныптардан диагностикалық жұмыс жүргізілді. ЮНИСЕФ бойынша барлық анықтау жұмыстарының нәтижелері ережеге сәйкес жинақталды.

«Жыныстық тиіспеушілік және зорлық-зомбылықтың алдын алу» бойынша оқушылармен анықтау жұмысын бастамас бұрын АКТ залына жиналып аутотренинг жасалып, нақты түсіндірме жұмысынан кейін аталған сауалнама алынды. Сонымен қатар сауалнама анонимді болса да жауабын жазуға қиналатын оқушылар болса, психологтың қабылдауына кез-келген уақытта келулеріне болатындығы жіті түсіндірілді.Сауалнама нәтижесі бойынша зорлық-зомбылыққа кезіккен оқушылар анықталған жоқ.

Үйде білім алатын оқушылардың ата-аналарынан 6 сұрақтан тұратын сауалнама алынды. Сауалнама жауабына қарай ата-аналарды баламен мұғалім арасындағы қарым-қатынасы қанағаттандырады. Балалардың оқу үлгерімінде алға басу бар. Әр ата-ана баласымен соңғы рет не туралы сөйлесті, сол жайында баяндап берді. Әр баланың сабаққа деген ынтасы жақсы.


Оқу процесінде оқушылардың дарындылығын дамыту мақсатында олардың қызығушылықтарын анықтап алған, соның ішінде пәнге қызығушылығын анықтау жұмысы маңызды. Анықтау жұмысының беретін мүмкіндіктері де зор, мысалы өзінің ең ұнамды пәнін көрсеткен бала өз мүмкіншіліктерін одан әрі қосымша дайындық жұмыстары арқылы шыңдай түседі, екіншіден балалармен жеке және топтық жұмыс жасайтын ұстаздарға оқушылар арасынан өз пәніне қызығушылық танытантын балалар тобының тізімімен өз пәні бойынша жоспарлы түрде тереңдетіп жүйелі жұмыс жасауға кірісе отырып, ең үздік нәтижелерге қол жеткізе алады.


Жақсы жақтары

Әлсіз жақтары

Ата-аналарға бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу жұмыстарын жүргізу

Жаңадан келген оқушының сыныпқа бейімделуі. Білім берудің жаңа деңгейіне көшу жағдайы кез келген балаға өте қиын

Мүмкіндіктер

Қауіптер

Жаңадан келген оқушыларды психологиялық қолдау, сыныпқа бейімделу мақсатында тренингтер өткізу, достық атмосфера құру

Жаңадан келген оқушының сыныптан шеттетіліп қалуы


Психологиялық ағарту, кеңес беру

5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделу кезіндегі психологиялық сүйемелдеу жұмыстары бойынша алдын алу және анықтаумен қатар дамыту-түзету, ағарту мақсатындағы психологиялық тренингте арт терапия элементтерімен өткізілді.

3,4,7,9,11 сынып оқушыларына уақытты үнемді пайдалануға жігерлендіру мақсатында өткізілген психологиялық тренингке барлық аталған сыныптар қамтылды.

тренинг адамның нашақорлық пен зиянды іс-әрекеттерге беру себептерінің басталу себептері мен нәтижесі туралы анық мысал келтіре отырып, түрлі бейнероликтер және статистика бойынша көрсеткіштер сонымен қатар ол көрсеткіштердің қоғамға, демографияға әсері туралы жетік түсіндірілді. Балалардың ой пікірлері мен жалпы көзқарастарын бақылай отырып, нақты кеңестер беруге мүмкіндік туғызыды.

Психологиялық 10 күндік 4 сныптардан құралған еріктілер тобымен гимназия ұстаздары мен оқушылары, кіші қызметкерлер мен гимназия әкімшілігіне алғыс-тілектерін білдіру (сыйлықтар (өз қолымен жасалған), алғыс білдіру-құттықтау қағаздарын тарту) акциясы «Баршаға бақыт тілейміз» тақырыбымен өтті. 5-6 сыныптар арасында «Мен талантты жанмын!» сурет конкурсы өтіп, жеңімпаздар марапатталды. «Ұстазым саған мың алғыс» тақырыбында бейнероликтер мектеп ұстаздарының назарына ұсынылды (мектепке кіре беріс фаесінде теледидардан көрсетілді) «Өмірде бимен» би терапиясы бойынша 9-сыныптар арасында өтті.

Қашықтықтан білім беру басталған уақытта Instagram желісі арқылы оқушылармен жұмыс жасау мақсатында gani_psh парақшасы ашылған болатын. Негізгі мақсаты: оқушылармен үнемі байланыста болу, оқушылар үшін пайдалы посттар жариялау.

Психологиялық қызмет жүйесі қазіргі таңда жаңа талаптарға сай дамуын жалғастыруда. Атап айтатын болсақ, қашықтықтан оқыту барысында психологтардың ата-ана және балаларды сүйемелдеу жұмыстарының маңызы ерекше екендігі анық.Осы білім беру саласының сыни шақтарында алдын алу, түзету, ағарту, кеңес беру бағыттары қашықтықтан жұмыс барысында іске асуда. Мысалы: әлеуметтік желілері арқылы (Instagram, WhatsApp, Facebook). Оқушылар мен ата-анеалардың қашықтықтан оқу кезінде жедел әрі сапалы қолдау мақсатында сall—центердің құрылуы. Жоғарыда көрсетілген психологиялық бағыттары іске асыруда ата-аналар мен оқушыларға желілер арқылы жіберілді.

Жеке және топтық кеңес беру жұмыстарының саны: 210

Жақсы жақтары

Әлсіз жақтары

Гимназияда психологиялық кабинет және құрал-жабдықтармен толығымен қамтамасыз етілген. Жеке кеңес беру жұмысын жүргізу үшін, психолог пен оқушыға арналған үстелмен жабдықталған. Психологтар тарапынан кеңес беру журналы арналды

Кеңес беруге келген оқушылардың сұраққа жауап беру кезінде белгілі бір себептермен шындықты айтпауы, түрлі себептермен жасырып қалуы

Мүмкіндіктер

Қауіптер

Қашықтықтан білім алу кезінде әлеуметтік желі арқылы, оқушыларға бейнеқоңыраумен хабарласып кеңес беруге, WhatsApp желісі арқылы, түрлі тақырыптарда слайд, бейнероликтер жіберуге

Оқушының осы себептерден мазасыздық күйіне, жалғыздық сезіміне түсуі


Атқарылған жұмыстар саны

Сауалнама

Тест

Тренинг

Кеңес беру

Ата-аналар жиналысы

4

6

19

210

12


Ұсыныс: Жаңадан келген оқушылардың сынып ұжымына бейімделуіне ықпал ету.

Жаңа мектепке, жаңа сыныпқа, білім берудің жаңа деңгейіне көшу жағдайы кез келген балаға өте қиын. Балалардың танысу үшін өзара әрекеттесуін ұйымдастыру және жаңадан келген оқушы жаңа ортаға бейімделу үшін қолайлы жағдайлар жасау. Мысалы, достық атмосфераны құру, мазасыздықты азайту, топта өзара әрекеттесуді ұйымдастыру, балаларға өздерін, күшті жақтарын білуге, белгісіздіктерді жеңуге көмектесу; қатысушыларға әрқайсысын басқалардың алдында бір-бірімен жақсы танысуға мүмкіндік беру. Отбасы мен баланың қарым-қатынасын анықтау. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу; ата - анаға деген бала махаббатын ояту; отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу мақсатында тренинг өткізу. 

Келесі оқу жылына психологиялық қызмет мынадай жұмыстарды іске асыруды жоспарлайды:

1. Бірыңғай мемлекеттік емтиханға дайындау кезеңінде және оның барысында мінез-құлық стратегиясын және тактикасын әзірлеу;

2. Өзін-өзі реттеу және өзін-өзі бақылау дағдыларына үйрету;

3. Қорқыныш пен қобалжудағы кедергілерді жеңу, өзін-өзі сенімділікті күшейту және олардың күш-жігері мен мүмкіндіктерін арттыру.

4. Кеңес беру жұмысын күшейту.
Ғани Мұратбаев гимназиясының «ЖАҢА ҰРПАҚ» кешенді бағдарламасының «Саламат» жобасы бойынша «Мейірім» әлеуметтік орталығының талдауы.

2019-2020 оқу жылы

Ғани Мұратбаев гимназиясының «ЖАҢА ҰРПАҚ» кешенді бағдарламасының «Саламат» жобасы бойынша «Мейірім» әлеуметтік орталығының 2019-2020 оқу жылдарында атқарған жұмыстарының талдауы.


Әлеуметтік педагогтың жұмысының негізгі мақсаты - оқушылардың дамуын, тәрбиесін, білім алуын, әлеуметтік ортаға бейімделуін әлеуметтік тұрғыдан қорғау.

Міндеттері:

1.Оқушыға қажетті қолдау мен әлеуметтік көмекті өз уақытысында көрсету;

2.Оқушыларды қолдау мен көмек көрсетуде т.б. әлеуметтік қорғау барысында шара қолдану;

3.Мектепте, отбасында және қоршаған әлеуметтік ортада білім алушы жеке тұлғаның қауіпсіздігі мен психологиялық үйлесімділігіне жағдай туғызуына ықпал ету;

4.Оқушының салауатты өмір салты үшін әлеуметтік ауытқушылық пен құқық бұзушылығының алдын алу;

5.Оқушыларға көмек көрсету үшін мұғалімдердің, ата-аналардың, әлеуметтік қызмет көрсету мамандарының әкімшілік ұйым өкілдерінің өзара әрекетін үйлестіру.

«Мейірім» әлеуметтік орталығы оқушылардың қоғамға, әлеуметтік ортаға бейімделуіне, қоршаған ортасымен дұрыс қарым-қатынас орнатуына ықпал етеді.

«Мейірім» әлеуметтік орталығының жұмыс бағыттары:

  1. Әлеуметтік көмекті қажет ететін балаларды анықтау жұмыстары оқушының тұрмысын зерделеу картасы, сынып жетекшімен, ата-анамен тығыз байланыс жасау арқылы жүзеге асырылады.

  2. Қайырымдылық шараларының нәтижесінде, аз қамтылған отбасылар анықталып, жыл бойы мемлекет тарапынан да, демеушілер тарапынан да рухани және әлеуметтік көмекпен қамтылады.

3. Кеңес беру және қорғау бағыты бойынша, кеңес алушының тек материалдық мәселелерді шешу ғана емес, сондай-ақ қаржылай сауаттылық, денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын сақтау, мамандықты дұрыс таңдау, өз құқықтарын білу, дұрыс тамақтану және оқушының қоршаған ортасымен қарым-қатынасы қарастырылған. Балалардың денсаулығы мен олардың толыққанды дамуы көбінесе олардың құқықтарын қорғау тиімділігімен анықталады, сол себепті оқушыларға құқықтарын түсіндіру жұмыстары тәрбие орталығымен тығыз жұмыс жүргізу барысында жүзеге асырылады. Әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектерді ата-аналарға хабарлап, кеңестер беріліп отырады.

4. Оқушыларды сауықтыру, бос уақытын ұйымдастыру бағыты бойынша, лагерьлерге жолдамалар беру
Источник: https://tut-files.ru/previewfile/6693