Материал: Коммуналды мемлекеттік мекемесіні зінзі баалау орытындысы (2021202 оу жылы) Жамбыл облысы кімдігіні білім басармасы Байза ауданыны білім бліміні ани Мратбаев атындаы гимназиясы

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам


Күтілетін нәтиже: Оқушылардың білім сапасы көтеріледі; Мектеп-ата-ана-оқушы ынтымақтастығы дамиды;Мұғалімдердің кәсіби біліктілігі артады.

  • «Табысты гимназия-2025» стратегиялық даму бағдарламасы «Заманауи мектеп» және «Жаңа ұрпақ» кешенді жоспарларынан тұрады. «Заманауи мектеп» кешенді жоспары:

  • «Шебер ұстаз» жобасы

  • «Цифрлы гимназия» жобасы

  • «Гимназиялық сапа» жобасы

«Заманауи мектеп» кешенді бағдарламасының «Гимназия сапасы» жобасы.

Мақсаты: Жалпы білімдік іскерліктер мен нәтижиеге бағытталған оқу дағдыларын меңгерген, функционалды тұрғыдан сауатты, ұжымдық жұмысқа бейімдескен тұлға қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Білім беру сапасын бағалаудың айқын жүйесін әзірлеу;

  • Жекелеген пәндерді оқытуды кеңейту және тереңдету;

  • Қалай оқу керектігін үйрету;

  • Коммуникативті қарым-қатынас тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды пайдалану;

  • Оқушының адамгершілік - рухани қасиеттерін қалыптастыру;

  • Инновациялық білім негіздерін терең меңгеру;

  • Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсу;

  • Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту.

«Гимназия сапасы» жобасы 3 бөлімнен тұрады:

І бөлім: ’’Гимназиялық бақылау’’білім сапасының мониторингілеу жүйесі

  • Білім сапасын арттырудағы тәуелсіз бақылау жүйесін енгізу жұмыстары

  • Тесттік бақылау жұмыстарының базасын жасау және жетілдіру

  • Мониторинг талдау, түзету жұмыстарын сараптау орталықтандыру және сәйкестендіру

  • Пәндердің оқытылу сапасын бақылау

  • Ата –анаға ашық білім сапасына қол жетімділігін арттырып кері байланыс алу

ІІ бөлім:’’Өзіңе сен’’ метатаным орталығы

  • Зерттеу сабақтары арқылы оқу мен оқытуды қолдау

  • Педагогикалық консилиум

  • "Оқушы үні - оқыту кілті"(психо-әлеуметтік қолдау жұмыстары)

  • "ЖАДА” оқу мен оқытуды қолдау орталығы

ІІІ бөлім:’’Шабыт’’ дарындыларды дамыту орталығы

  • ’’Гимназия көшбасшылары’’ (үздік оқушыларды қолдау байқаулары)

  • Білім беру сапасының деңгейі халықаралық TIMSS, PISA және PIRLS (мониторинг зерттеулері арқылы анықтау, оқушылардың қабілетін бағалау)

  • ’’Зияткер тұлға’’(жаратылыстану және гуманитарлық бағыттағы пәндерді терең меңгеру мақсатында танымдық жарыстар)

  • ’’Полиглот’’(интеллектуалды-танымдық кіріктірілген ойындар жүйесі)
  • 1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   130

Күтілетін нәтиже:

  • Білім сапасы әділ бағаланады;

  • Оқушылар проблемаларды қайта қарауға ұмтылады, идеялар

  • ұсынып, болжам жасайды;

  • Өзін-өзі сынау және бағалау, кері байланыс беру дағдылары қалыптасады;

  • Түйінді қағидаттарды жеңіл игереді;

  • Оқушылар өзін-өзі реттейді және өзіндік мақсат қоя біледі;

  • Коммуникативті тұлға қалыптасады;

  • Қоғамдық жағдайларда көшбасшылық орната алады;

    Білім сапасын арттырудағы тәуелсіз бақылау жүйесін енгізу жұмыстары жалғасын табуда.Мектепішілік тәуелсіз бақылау форматы 2017-2018 оқу жылында 1000 сұрақ

    (сұрақ-жауап форматы), 2018-2019 оқу жылында «Гимназиялық бақылау сынамасы» (тест парақшасы форматында), 2019-2020 оқу жылынан бастап «Гимназиялық бақылау сынамасы» (Электронды форматында) жүгізіледі. «Гимназиялық бақылау сынамасы» тестілеуіне 3-10 сынып аралығындағы барлық білім алушылар қатыстырылады. «Гимназиялық бақылау сынамасы» тестілеуі білім деңгейінің өсу динамикасын арттыруға бағытталады.«Гимназиялық бақылау сынамасы» тестілеуін өткізу арқылы оқыту мен оқытудағы кедергілер анықталады, білім сапасын арттырудың жаңа жолдары қарастырылады.Мектеп пен ата-аналардың балаларға берілетін білімінің ортақ мәселелері талқыланады.

    Тестілеуді өткізудің тәртібі:

    • «Гимназиялық бақылау сынамасы» тестілеуін өткізу алдында арнайы тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу комиссиясы бұйрықпен бекітіліп, құрылады. Комиссия құрамына ата-аналар комитетінің мүшелерінен 2-3 ата-ана және мектеп директорының оқу ісі орынбасарлары мен мектеп кәсіби қоғамдастығындағы шығармашыл мұғалімдер алынады.

    • Арнайы комиссия мектеп директоры тапсырмасымен жасалған тест материалдарын бірлесе қарап, ортақ келісімге келеді немесе түзетуіне болады.

    • Тестілеу нысаналы сыныптардың кез-келген негізгі пәндерінің тұруы мүмкін, бірақ пәндер уақыт шектеулілігіне қарай таңдалады.

    • Тестілеуді ұйымдастыру комиссиясы оқушылардың жас ерекшелігін, сыныбын ескере отырып, алдын-ала сұрақ көлемі мен өтілу уақытын және тест алу уақытын белгілейді.

    • Тестілеу өтілетін күні тестілеуге оқушылардың толық қатысуы қажет (себепті жағдайда қатыса алмаса анықтамасының болуы тиіс және қатыспаған оқушылардан қайта алынады), сондықтан жауапкершілікпен қатысуы сынып жетекшілері тарапынан қатаң бақылауға алынуы тиіс.

    • Барлық тестілеу материалдары қатаң бақылауда болады және нәтижелері талданып, мектеп директоры жанындағы кеңесте қаралады.

    • Тест өткізіліп, қорытынды нәтижесі анықталған соң, барлық сыныптарда ата-аналар жиналысы жасалып, әр баланың жетістігі әр ата-анаға жеке-жеке жазбаша таныстырылып, хаттама түрінде жазбаша таныстыру парағымен мектеп әкімшілігіне өткізіледі.

    • Директордың жиынтық бағалау тестілеуі оқу жылы барысында 2 мәрте алынады

    • (ІІ тоқсанның қараша айы мен ІҮ тоқсанның сәуір айында өткізіледі).


  • 4) білім алушылардың таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру (ағымдағы оқу жылының тәрбие жұмысы жоспарының көшірмесі қоса беріледі):

    2.4.1. Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмыстарының аналитикалық талдауы
    Байзақ ауданы әкімдігінің Білім бөлімінің Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясы КММ 2017-2018 оқу жылында 31.08.2017 жылы №1 педагогикалық кеңестің шешімімен Тәрбие орталығының жылдық жұмыс жоспары қарастырылып, бекітілді.

    Тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеті:

    Бүгінгі күннің сұранысы – білімді, бәсекеге қабілетті, белсенді, шығармашыл, өркениетті болашақ үшін барын салатын, жоғары мәдениетті, адамгершілік түсініктері берік бекіген, кез-келген ісінде патриоттық сезімі көрініс тапқан ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.

    Тәрбие беру бағытында мемлекеттік саясатты ҚР БҒМ білім беруді дамытудың 2010-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында білім беру жүйесін жаңғырту – жоғарғы мақсаттардың бірі. Тұлғаның өзін өзі билеуін, өзін өзі жүзеге асыру, отбасы және білім беру мекемелері педагогикалық ұжымдарының өзара іс-әрекеті үшін жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында тәрбиенің нақты мақсаттары мен міндеттерін анықтау, тәрбие кеңістігін модельдеу-рухани тұлға қалыптастырудың негізі болады.

    Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясы осы бағытта үздіксіз білім беру жүйесіндегі жеке тұлғаның ұлттық және жеке адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы, оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау, баланы тәрбиеленуі, білім алуы мен жан-жақты қалыптасуы, ана тілі мен салт-дәстүрлерін сақтауы, денсаулығын нығайтуы сияқты Қазақстандық патриотизмге, төзімділікке, жоғары мәдениеттілікке және құқық пен еркіндікті құрмет тұтуға тәрбиелеу - «Ұлттық рухани байлық» көзі ретінде қарастырылып, осы тұрғыда оқушылардың сана-сезімін қалыптастыра отырып тәрбиелеу міндеттелген.

    Мектеп-гимназияның тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын, білім беруді дамытудың меклекеттік бағдарламаларын, Тәрбиенің кешенді бағдарламасын, Мемлекеттік жалпыға білім беру стандартын, барлық үлгідегі, деңгейдегі және меншік түріндегі білім беру ұйымдарында оқу бағдарламалары мен оқулықтарды, тәрбие бағдарламаларын әзірлеуде негіз болды. 2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатын негізге ала отырып жұмыс жасады.


    Мектеп-гимназияның тәрбие жұмысының мақсаты:

    Бәсекеге қабілетті, өзін-өзі басқара білетін, қарым-қатынас, ақпаратты, интеллектуалдық, жұмыс істеу білу, мәдениеті дамыған және зерттей білетін, іс-әрекет жасай білетін, дағдысы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.

    Міндеттер:

    1. Жаңа демоктариялық қоғамда өмір сүруге қабілетті және патриот қалыптасуына: тұлғаның саяси, құқықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға, балалар мен жастардың құқықты санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатігездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұлға дайын болуына ықпал ету;

    2. Тұлғаның рухани-адамгершілік және эстетикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлері мен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттары қалыптастыруға ықпал ету;

    3. Тұлғаның жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлауына, ана тілді мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету;

    4. Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын психологиялық-педагогикалық құзіреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету;

    5. Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына, саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту;

    6. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамсыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастырылуына ықпал ету;

    7. Білім беру ұйымдарына көп мәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлқы дағдыларын қалыптастыру, тұлғаны өнерде және болмыста этникалық нысандарды қабылдау, меңгеру және ықпал ету;

    8. Салауатты өмір салты дағдыларының тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

    Тәрбие жұмысының басым бағыттары:

    Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының келесі бағыттары арқылы өтеді.

    1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық.

    2. Рухани-адамгершілік мәдениет

    3. Ұлттық тәрбие

    4. Зияткерлік

    5. Экономикалық, экологиялық тәрбие

    6. Көп салалы мәдениеттілік шығармашылық, көркемділік-эстетикалық және мәдени танымдылық

    7. Ақпараттық мәдениет

    8. Салауатты өмір салты және дене тәрбиесі.
    Источник: https://tut-files.ru/previewfile/6693