Диагноз: ДакриоциститЕсеп 15Науқас оң жақ көзінде бөгде денені сезінетіндігіне, жиі жыпылықтайтынына, жас ағу, көзінің қызаруына шағымданады. Тексеру кезінде қабақтың кірпіктер өскен алдыңғы қыры көз алмасына қарай бағытталған, көз алмасының беттік инъекциясы анықталды. Қасаң қабықта кірпікпен байланысқан жердің маңайында жара бар. Ең ықтимал диагноз. Дәрігердің тактикасы.Диагноз: ЭнтропионЕсеп 16Монтажшы 40 жаста, оң көзінің көруінің күрт төмендегенін 2 күн бұрын біліп, окулистке келген. Бір апта бұрын жедел оң жақтан болған гайморитпен ауырған. Объективті: Vis OD=0,2 түзетілмейді , Т= 22 мм сн.бғ., OS=1,0, Т=23 мм сн.бғ. Оң көзі тыныш, оптикалық орта мөлдір. Көз түбі: КНД – қызарған, шеттері көмескі, ісіңкі, шынытәрізді денеге шығыңқы, артериялар кеңейген, веналар ирелеңдеген, тамырлы түтікше экссудаттармен толған. Макулярлы аумақ пен периферия патологиясыз. Сол көз - сау. Ең ықтимал диагноз қандай? ЕмдеуДиагноз: Көру нервісінің интрабульбарлы невриті (папиллит)Есеп 17Екі жыл бұрын ер адам оң көзден жұмыр затпен жарақат алды, операция жасалған. Объективті: көз тыныш, қасаң қабақ мөлдір, алдынғы камерасы терең, иридодонез. Сіздің диагнозыңыз. Реабилитация жолдары.Диагноз: АфакияЕсеп 18Құрылыста жұмысшының көзіне цемент ерітіндісі тамып, зардап шегуші көзін өзі жуып тастаған. Тексеру кезінде конъюнктива қызарған, ісінген, қасаң қабықта шектелген жылтырауы жоқ сұр түсті аумақтары бар. Диагноз қойыңыз. Емдеу тактикасы.Диагноз: Қасаң қабықтың 2-дәрежелі күйігі, конъюнктиваның 1-дәрежелі күйігі.Есеп 19 Тексерілуші оң көзімен жарықты көріп, оның бағытын дұрыс анықтайды, сол көзімен жарық бағытын мұрын жағынын дұрыс анықтай алмады . Көру өткірлігін зерттеу нәтижесін жазынызЖауап:Visus=1/ ∞ proectio lucis incertaЕсеп 20 Бауыр циррозымен ауыратын науқас ымырт кезінде көру қабілетінің нашарлауына шағымданады. Сіздің қорытындыныз. Жауапты негіздеңізЖауап: Функционалдық гемералопия ( куриная или ночная слепота)Есеп 2155 жасар науқас сол көзінің көруінің кенеттен нашарлағанын байқаған. Оң көздің көру өткірлігі 1,0, сол көз -0,2. Сонымен бірге сол көзде афферентты қарашықты ақау мен түсті сезінудің нашарлауы анықталды. Көру аумағын зерттеу кезінде сол көзде төменгі алтитудиналды ақау байқалды, оң көздің көру аумағы қалыпты. Көз түбін тексеру кезінде сол көздің көру нерві дискісі бозғылт, жоғарғы бөлімдерде диск тканьдерінің ісінуі байқалады. Ең ықтимал диагноз қандай: Алдыңғы ишемиялық нейропатия
Есеп 2226 жастағы науқас К. жабық бас сүйек ми жарақатынан кейін, экзофтальм, көздің солқылдауы және бастың соған сай жартысында құлақта шуыл кенеттен үдей түскен. Науқас соғып тұрған осьтік экзофтальм әсерінен сыртқа қараған кезде диплопияны байқайды. КТ мен МРТ кезінде көлемі ұлғайған кавернозды синус, кеңейген жоғарғы көздік вена жақсы көрінеді.
Ықтимал диагноз? Коротидно-кавернозное соустье Есеп 23 Жұмысшының көзіне сылақ жұмыстары кезінде әк түскен. Объективті –қасаң қабық фарфор шынысы тәрізді ақ түсті болып көрінеді. Сіздің диагнозыныз:
Қасаң қабықтың химиялық күйігі, ауыр дәрежесі IVЕсеп 24ОМО-ның қабылдау бөліміне 20 жасар, мамандығы слесарь келді. Ол жұмыс істеген ғимараттың ішінде электрлі дәнекерлеу жұмыстары жүргізілген. Түн ішінде көзінде күрт ауырсынулар, жарықтан жасқану, жас ағу пайда болған. Науқас «жедел жәрдем» көлігімен офтальмологиялық травматологиялық пунктке жеткізілген. тексеру кезінде анықталды: анық қасаң қабықтық синдром, қасаң қабықтағы ұсақ нүктелі жаралар байқалады. Диагноз.
ЭлектроофтальмияЕсеп 25Науқас көзінің түйіліп ауруымен, қабақ астынан құм тұрғандай сезінетіндігімен және екі көзінен бірдей бөлінушілікке шағымданды. Анықталғаны: екі көздің қабағы жеңіл ісінген және қызарған, қабақ конъюнктивасы күрт гиперемирленген, барқыттәрізді, шеміршектегі безше суреттері көрінбейді. Қабақ конъюнктивасында жеңіл алынатын сүр түсті пленкалар. Склера конъюнктивасында көптеген қан құйылулар.
Ықтимал диагноз? Пневмококкты конъюнктвитЕсеп 26 Науқаста көру жітілігі 1,0ге тең, сфералық шыны +1,0 Д көру жітілігін жақсартты. Сіздің диагнозыңыз. Ол 50 жаста қандай шынымен түзетуді қажет етеді, қандай мақсатпен, көзілдірікке рецепт жазыңыз.
Диагноз: Гиперметропия легкий степени, пресбиопия -
аста: +1,0 + 2,0 дптр= 3,0 дптр
Есеп 2735 жастағы науқаста көру өткірлігі 1,0ге тең , +0,5Д, +1,0Д, +1,5 Д шынылармен жақсы көреді, ал +2,0Д нашар көреді. Сіздің диагноз. 45 жасында қандай шынымен түзтуді қажет ететді, қандай мақсатпен , көзілдірікке рецепт жазыңыз.
Диагноз: Гиперметропия легкий степени.Рецепт: 45 жаста: 1,5Д+ 1,0дптр+0,5дптр= 3,0 дптрЕсеп 28 Науқас оң көзімен зерттеушінің саусақтарын 4.5 м қашықтықтан, сол көзімен 7-жолдың барлық белгілерін ажыратады (8-жолда 2 қате жасайды). Көру өткірлігін зерттеу нәтижелерін жазу
ЖАУАП:Visus OD= 4.5/50= 0.09 Visus OD=0.09.D=50/7=7.14Visus OS= 0,8 Өйткені науқас Жауабы: Visus OD=0.09. Visus OS=0,8. 8-жолда 2 қате жасайдыЕсеп 29Алкогольді мастық кезінде неге диплопия (қосарлану) болады ? Жауап:Екі еселену немесе диплопия, адамның қос көруі бар жағдай, интоксикацияның ең жиі кездесетін симптомы болып табылады. Алкоголь ең алдымен миға әсер етеді. Диплопия көздің қозғалғыш бұлшықеттерінің әлсіреуі немесе парезі, немесе ми бағанының құрылымдарының зақымдалуынан туындауы мүмкін - көздің қозғалысына жауапты бассүйек нервтерінің ядроларында орналасқан көз қозғалғыш нервтердің (немесе бір нервтердің) зақымдалуы жүреді. Осыған байланысты көздің барлық құрылымдарының қызметі төмендейді. Этил спирті қанның сапалық құрамын өзгерту қабілетіне ие. Эритроциттердің концентрациясы күрт төмендейді, бұл эритроциттердің деңгейінің төмендеуіне әкеледі, яғни. гемоглобин. Нәтижесінде оттегінің мүшелерге жетуі қиындайды, гипоксия дамиды. Оттегі ашығуы көздің тіндерімен де кездеседі.Бұлшықеттерде нәрлендіру болмағандықтан көздің бұлшықеттері баяу жұмыс істейді, көру осьтері ығысады. Бұл жағдайда сол және оң көздің көз бұлшықеттері де үйлеспей жұмыс істейді. Адам бір суретке біріктірілмейтін екі түрлі бейнені алады. Бұл симптом алкогольді көп мөлшерде тұтынған кезде ғана пайда болады. Есеп 30.55 жастағы 2.0 D бар гиперметропқа қандай көзілдірік тағайындау керек?Rp.: Очки для дали:OU: Sph. convex (+)4,5 D2+1+0,5+0,5+0,5=4.5Диагноз: жеңіл гиперметропия. Пресбиопия.Есеп 31Рефракцияны зерттеу кезінде 25 жастағы пациент көру жітілігінің нашарлауын +0,5 D шынымен және өзгерудің болмауын – 0,5 D шынымен көрсетеді. Науқаста рефракцияның қандай түрі бар? Бұл жағдайда рефракцияны зерттеудің қандай әдісі қолданылады?ЖАУАП:.Миопия әлсіз дәрежеліЕсеп 32Жинақтаушы шыныны қолданудан көру қабілеті бұзылған жағдайда -0,5 диоптрлік диффузиялық линза қолданылады.Диффузиялық (-) шыны қолданғанда көру жақсарды, яғни зерттелушіде миопия (әлсіз дәреже) бар.Миопияның дәрежесі ең жақсы көруді беретін ең әлсіз теріс әйнекпен сипатталады. Біздің жағдайда бұл -0,5D.2.Обьективті әдіс.Скиаскопия.Есеп 335 жасар бала тамағының ауыратынына, дене қызуының көтерілуіне, екі көзінің қызаруына және оң көзінен болған бөлінулерге шағымданды.Дене қызуы 37,8 c.бала көңілсіз, қозғалыссыз, аңқа қызарған, бадамша бездер ісінген, кір сұр пленкалармен жабылған, қабақтары ісінген,екі көзінің қабақтары күрт қызарған, қопсыған, барқыттәріздес, соңы қансыраумен аяқталатын әрең алынатын сұр түсті қабыршықтар бар. Қандай аурудың түрі туралы ойлаға болады. Емдеу.
1.Диагноз: Дифтериялық конъюнктивит.Есеп 34Науқас 8 жаста. Оң жақ көзі қабағының терісінің астында 4 ай бұрын пайда болған, біртіндеп ұлғайып келе жатқан, ауырмайтын өсіндінің барына шағымданды: VIS OD = 1,О VIS OS = 1,ООбъективті: OD – төменгі қабақтың үштен бірінің ортасында өзгермеген терінің астында бұршақ көлеміндей тығыз өсінді көрініп, саусаққа білінеді, ауырсынусыз, терімен бітіспеген. Өсіндінің маңайындағы қабақ конъюнктивасы гиперемирленген. Көз алмасы тыныш, орталары мөлдір, көз түбі қалыпты. Диагноз. Емдеу.Диагноз: ОД – төменгі қабақтың халазионы.Есеп 3530 жастағы ер адам. Эндокардитпен ауыратындығынан оң жақ көзінің кенеттен көрмей қалғандығын аңғарды. Көру өткірлігін анықтау кезінде офтальмолог оң жақ көзіндегі соқырлықты және сол жақ көзінің көру өткірілігінің 1,0 екендігін анықтады. Артериялық қысымның көтерілгені (150/90 мм.сн.бғ) байқалды. Ықтимал диагноз. Дәрігердің тактикасы. Болжам ЖАУАП:Торлы қабықтың орталық артериясының окклюзиясыЕсеп 3654 жастағы науқас әйел, бір апта бойы оң көзінің қызарып, жас ағып, жарықтан қорқатынын байқады. Өздігінен альбуцидпен емделген, еш әсерсіз. 2 күн бұрын ауру күшейіп, көруі төмендеген. Обьективті: Vis OD= 0,08 түзетілмейді, КІҚ=36 мм сн.бғ. оң жақтан көз алмасының аралас иньекциясы. Қасаң қабықтың төменгі сегментінде –майлы преципитаттар, алдыңғы ұңғыл ылғалы жеңіл опалесценцияланған. Нұрлы қабық лас түсті, суреттері күнгірттенген. Қарашық тар, артқы синехиялар периметр бойында. Қарашық маңайында – экссудат пленкалары. Цилиарлы ауырсынуы. Ең ықтимал диагноз қандай? ЕмдеуЖАУАП:ИридоциклитЕсеп 37Жоғары миопиясы бар науқас басына алған соққыдан соң, тәулік ішінде төмендей беретін сырт жақтан пайда болған пердеге шағым білдірді, көруі күрт нашарлады. Себебін көрсетіңізЖАУАП:Отслойка сетчатки.Тракционная Есеп 38 40 жастағы науқасқа пресбиопияны түзету үшін қандай көзілдірік тағайындау керек, егер ол алыс қашықтыққа +1,0 дптр көзілдірік кисе?Гиперметропия, 1дптр+1д = 2дптр.Для чтения ODsph= 2.0Д, OSsph= 2.0ДЕсеп 39 Науқаста екі көздің көру жітілігі төмендеді, сфералық шыны +0,5D, көру өткірлігін нашарлатады, ал шыны - 3,5 D, -4,0 D және -4,5 D көру жітілігі 1,0-ге тең етеді. Болжамды диагноз қандай? Оны қандай шынымен түзету көрсетілген? Миопия среднего степени обоих глаз, ODsph= 3,5Д, OSsph= 3,5ДЕсеп 40Жасөспірімде көктемгі-жазғы кезде күрт дуылдап қышу мен жас ағу пайда болады. Объективты – жоғарғы қабақтың конъюнктивасында "тас төселген көшені" еске салатын емізікшелер бар. Сіздің диагнозыныз. Жалпы және жергілікті емдеу
Аллергиялық коньюктивит. Коньюктивалды түріЕсеп 41Қабылдауға 60 жастағы ер адам оң жақ көзінен жас ағып, қызаратынына шағымданып келді. Объективті: OD көз саңылауы зақымданған жағына қарай кеңейген, төменгі қабақ көз алмасына жанаспайды, жас тесігі көз алмасынан сыртқа қарай бұрылған. Қабақты жабуға әрекеттенгенде көз саңылауы ашық қалпында қалады. Ең ықтимал диагноз. Емдеу тактикасы. Қабақтың сырт айналуы, кәрілік сырт айналуЕсеп 42Науқас көзіне тиген соққыдан кейін түстерді ерекше қабылдайтынын аңғарған – қызыл түсте көреді. Себебін көрсетіңіз.ГифемаЕсеп 43Кварц лампасымен жұмыс жасаған ер адамда 6 сағаттан соң, қатты жас ағу, жарықтан қорқу шағымы пайда болды. Тексеру кезінде OU- блефароспазм, конъюнктива гиперемияланған және қасаң қабық эпителиінің тұтастығында нүктелі бұзылулар. Ең ықтимал диагноз. Емдеу тактикасыУльтра күлгін сәулемен зақымдалуЕсеп 44Окулистің қабылдауында болған науқас оң жақ көзінің көруінің төмендеуімен, заттардың пішіні мен көлемінің бұрмаланып көрінетініне шағымданды. Объективті: Vis OD = 0,08 түзетілмейді, Т=23 мм сн.бғ., OS=1,0 Т=21 мм сн.бғ. Оң жақ көзі тыныш. Алдыңғы кесінді патологиялық өзгеріссіз. Оптикалық ортасы мөлдір. Көз түбі: КНД бозғылт-қызғылт, шеттері анық, физиологиялық экскавация, артериялар шамалы кеңейген. Макулярлы аумақта – сарғыш-сұр түсті дөңгелеген ошақ, көлемі 0,5 мм, шеттері анық емес және айналасы қызғылт жиекті. Ошақ айналасындағы тор қабық жеңіл ісінген. Қандай диагноз болуы ықтимал? Емдеу тактикасыМакула дистрофиясыЕсеп 45 Науқас оң көзімен 5 метр қашықтықтан 3 жолда – 2 қателік жіберді.Сол көзімен 3 метрден саусақтарды санайды.Көру өткірлігін анықтау.VisusOD= 5/25= 0.2. OD=0.2 формула Снеленна. VisusOS= 3 метрден = 0,06Есеп 46 Көру алаңының тарылуы. Мұрын тұсынан фиксация нүктесіне дейін.Өйткені ішкі жағынан – 60 градус, самай тұсынан 90 градус болуы керек нормада. Мұрын тұсынан тарылу.Есеп 47Науқас 6 жолдың оптотиптерін оң көзімен 5 метрден, сол көзімен 10 жолдың оптотиптерін - кестеден 5 метрден анықтайды. Зерттеу нәтижесін жазыныз