81) Кезекшіліктегі посттық мейірбикені өкпеден қан кеткен пациентке шақырды. Қан кету кезінде қолданылатын препаратты таңдаңыз:
1. гепарин
2. инсулин
+ 3. Дицинон
4. дротаверин
5. цефуроксим
82) Қабылдауға 3 апта бұрын дененің, тізенің және шынтақтың терісіндегі қабыршықтанған қызғылт қышымалар пайда болған бірінші курс студенті жүгінді. Қарау кезінде: күміс-ақ қабыршақпен қапталған, қоршаған теріден кенет шектелген , аяқ-қолының иілу беткейлерінде симметриялық түрде қызғылт түйіншектер орналасқан. Денесінде ретсіз қызғылт қабыршықтанған папула. Аталған симптоматика тән:
1. экзема
+ 2. кәдімгі псориаз
3. оғаш дерматит
4. рубромикоз
5. сифилис
83) Медициналық пункке үшінші курс студенті табаны, табанның саусақ аралық бүкпесіндегі бөртулерге, қышуларға шағымданды. Бір ай бұрын табанның саусақ аралық бүкпесінде терінің қабыршықтануын байқады. Біраз уақыт өткен соң теріде саусақ аралық бүкпесінде жарылулар және қышулар мазалады. Соңғы апта бойы табанында көпіршіктер пайда болды. Қарап тексергенде: табанның саусақ аралық бүкпесінде қабыршықтану бар. Төртінші және бесінші саусақ аралық бүкпелерінде ісіну жіне эритема аясында – жарылу, эпидермистің мүйізімен көмкерілген сызат. Бұл сиптоматика тән:
+ 1. табан микозына
2. кебек тәрізді теміреткі
3. псориаз
4. онихомикоз
5. қант диабеті ( диабеттік табан)
84) Әйел өткен қайталама мерезбен ауырған. Бір жылдан кейін есептен шығарылғаннан кейін жүктілік болды. Туа біткен мерезді болдырмау үшін жүкті әйелге қатысты тактика қандай болуы мүмкін?
1. емдеуге жатпайды, себебі емдеу жүктілік басталғанға дейін аяқталды
+ 2. Емдеуді қажет етпейді, себебі есептен шығарғаннан кейін жүктілік басталды
3. клиникалық-серологиялық бақылауға жатады
4. профилактикалық емдеуді қажет етеді, себебі есептен шығарғаннан кейін осы жүктілік бірінші
5. емдеуге жатады, өйткені бұрын мерезбен ауырған
| ЦЕНОВАЯ ПОЛИТИКА ПРЕДПРИЯТИЯ НА ПРИМЕРЕ ООО «ДНС РИТЕЙЛ» |