Материал: азастан Республикасыны ылым жне жоары білім министрлігі Ш. Улиханов атындаы Ккшетау университеті кеа ОУдістемелік комплексі

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
негізделеді, сондықтан материалдық дидактикалық мазмұнынын тиісті дәрежеде, яғни проблемалы жағдайдың тізбегі ретінде берілуін талап етеді.Ғылыми білім логикасының түп-төркіні проблемалы жағдайлардың логикасы болып табылады. Проблемалық жағдайлар мазмұнның белгісіздігіне қарай, проблемалықтың деңгейіне қарай, ақпарат сәйкессіздігінің түріне қарай, басқа да әдістемелік ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Проблемалық оқыту технологиясы - бұл проблемалы жағдайларды, оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыруға негізделген технология. Педагогикалық проблемалық жағдай белсенділікті оятатын әрекеттердің, таным обьектісінің жаңалығын, маңыздылығын, сұлулығын және басқа да ерекшеліктерін айқындайтын мұғалім сұрақтарының негізінде туындайды. Психологиялық - проблемалық жағдай жасаудың өзіндік жеке ерекшеліктері бар. Тым қиын не тым жеңіл танымдық міндет оқушылардың ойында проблемалық жағдай туғызбайды.Проблемалық жағдайларды оқу үрдісінің барлық, яғни жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде, жаңа сабақты бекіту, тексеру кезеңдерінде ойластыруға болады. Мұғалім проблемалы жағдай (ситуация) туғызып, оның шешімін іздеуге оқушыларды бағыттайды. Сөйтіп, бала өз оқуының субьектісіне айналады, соның нәтижесінде бала жаңа білім игеріп, әрекет әдістерін меңгереді.9.2. Компъютер қолданылатын – физикалық білім беруге арналған - оқыту, анықтамалық, модельдеу бағдарламалары.Қазіргі жаңа компьютерлік технологиялардың құрылымын және аппарат бағдарламасының құралдарын оқу процесінде базасы функционалды, есеп шығару техникасы, сонымен қатар ақпарат жүйе ауысуы және қазіргі құрылымы, жинақтау жөнінде операцияны қамсыздандыру, өндірістік толықтыру, сақтау өңдеу, ақпаратты жіберуі түсіне аламыз, Оған СНИТ, ЭВМ, ПЭВМ кіреді: барлық сыныптарда ЭВМ үшін терминалдық жабдықтар жиынтығы, санау есеп шығару локальдісі, ақпараттық кестесін және мәтін манипуляциясын және шешу құруын, қазіргі ЭВМ - нің перефириялық жабдықтарының және басқа мұраның сақтау ақпаратын үлкен көлемінде кұруы; дыбыстық түрлерін ұсынуын берілгені сандық және керісінше берілген кестенің жаңарту құруы аудивиуалдық ақпараттың манипулированияның құруы (технология
базасынд амультимедиа және жүйе «виртуальдынақтылық») құралдар; қазіргі байланыс құралдары; жасанды ақыл жүйелері; машиналық кесте жүйелері; бағдарламалық кешендері (бағдарлама тілдер, трансляторлар, компиляторлар, операциялық жүйелер, қолданбалы бағдарламаның пакеті және т.б.). Ғылыми-техникалық прогресті тездетуі, иілгіштік автоматтандырылған өндіріске енгізу негізінде, бағдарлама құруын және шағын процестерінің құралдарын басқару, өңдеу орталықтарында және роботтарды, өсіп келе жатқан ұрпақты дайындау және тәрбиелеу мақсатында қазіргі педагогикалық ғылымның керектігінде қойылуы, белсенді қосу қабілетін қазіргі жаңа кезең қоғамда дамуы, информатизациямен байланысты. Жоғарыда аталған мақсаттың шешімінің әлеуметтік қоғам тапсырысын орындау бұрыннан келе жатқан оқу бөлімінде электрондық есеп шығару техникасын перифирия сәйкестік техникалық құралдарының тәуелдену, оқуының демонстарциялық техникалық құрылымы, СНИТ базасында функционалдау, оқу дайындығына қарай нығайту оқуы ақпарат ағымының әрқашан өсуі, оқуының түріне қарай бөлінеді. Ақпараттық қорлардың жаппай қолданылуы, интеллектуалдық қызметтің өнімінің халық қоғам мамандығының бөлігі жөнінде жұмысқа қабілеттілігі, келесі ұрпақтарға шаруашылық белсенді резервке керекті дайындықты анықтауы. Себеп жөнінде актуалдық
құрудың құрылуына білім ойын даму жетілдіруін әдістемеге келуін қолдануын СНИТ - те анықтайды, оқушының жеке дамуы. Жекелегенде, индивид шығармашылық потенциалының дамуы, оқитын білімін қалыптастыру өзінің қызметтік нәтижесін болжауын жүзеге асыру, мақсат әдістеме шешімін және іздеу жолдарын арнайы оқулықты және әжірибелі стратегия түрінде әзірлеу.Компьютер, мультимедиа техникалық құралдарын қамтамасыз етеді, аудио - видео ақпараттарда дидактикалық мүмкіншіліктерде қолданады. Шағын мәтін жүйесінің көмегімен сілтемелерді жасауға ең маңызды сөздер мен хабар іздеу керек екендігі жеңілдетіледі. _ Мәтін үзінділері тек қана гипермедиа жүйелерімен ғана емес бірі- біріне байлауға рұқсат етеді, сонымен қатар кестеге сандалған сөйлеу, дыбыс жазу, фотосуреттер, мультфильмдер, бейнетаспалар рұқсат
етіледі. Сондай-ақ жүйелерді қолдануға көбейту рұқсат етіледі, лазерлік компакт-дисктарда «электрондық» басқару, анықтамалар, кітаптар, энциклопедиялар қолданады.9.3. Жаңа педагогикалық оқыту технологияның түрлеріА.А. Жунусбаев оқу тәрбие ісінде педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану туралы жазды. Ол педагогикалық жаңа технологияны ұтымды пайдалана отырып, жақсы жетістіктерге жету үшін алдымен білім берудің 17 жаңа технологияларын білу қажет екендігін айтып сол технологияларға тоқталды. Яғни:1. Білім берудің ізгілендіру технологиясы (Ш.А. Амоношвили)Мақсаты мен мағынасы: Оқушыны азамат етіп тәрбиелеу, олардың таңымдық күшін қалыптастыру және дамыту, оқушының жаңы мен жүрегіне жылылық ұялату, адамгершілік тәрбие беру.2. Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы (Шаталов. В.Ф.)Мақсаты мен мағынасы: Білім, білік, дағдыны қалыптастыру, барлық оқушыларды оқыту, оқытуды жеделдету. Үнемі қайталау, міндетті кезендік бақылау, блокпен оқыту, тірек қолдану, еркімен оқыту, оқыту мен тәрбиенің бірлігі.3. Ойын арқылы оқыту технологиясы.Мақсаты мен мағынасы: Ойын арқылы қызықтырып оқушылардың бойындағы білімдік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсу.4. Модульдік оқыту технологиясы.Мақсаты мен мағынасы: Оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс. Оқу модулі үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, негізгі және қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде оқытушы студенттерді оқу модулінің жалпы құрылымы мен оның мақсат міндеттерімен таныстырады. Содан соң осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу (10-20 минут ішінде) сызба кесте, карта және т.б сүиене отырып түсіндіреді. Негізгі бөлімде студенттердің оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдану жүзеге асырылады. Үш деңгейлік тапсырмалар беріледі: «Жеңілдетілген стандарт», «Стандартты», «Стандарттан жоғары» оқу модулінің қортыңды бөлігі – бақылау. Қортынды бөлімде мемлекеттік білім стандартына сай тапсырмалар беріледі.5. Проблемалық оқыту технологиясы.Мақсаты мен мағынасы: Оқу материалында студентті қызықтыратындай мәселе туғызу оны шеше отырып студенттер білімді белсенді қабылдайды.6. Дамыта оқыту технологиясы.Мақсаты мен мағынасы: оқыта отырып жеке тұлғаны және оның қабілеттілігін дамыту. Барлық студенттің дамуы жолындағы жұмыстарды қамыту.
7. Түсіндіре басқарып, өзара оқыту технологиясы.Мағынасы мен маңызы: барлық студентті табысты оқыту. Сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең сонында нашар оқитындар қатыстырылады; бірте – бірте толық дербестікке жету, өзара көмек, білім, білік дағдыны дамыта меңгерту.8. Оқытудың компьютерлік технологиясы.Мақсаты мен мағынасы: студентті «ақпараттық қоғамға» даярлау. Мұнда оқыту студенттің тікелей компьютермен қатынасы арқылы орындалады; жеке қасиеттеріне қарай компьютерге бейімделеді.9. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы.Мақсаты мен мағынасы: әр студентті оның қабілеті мен мүмкіндігінің деңгейіне орай оқыту, оқытуды студенттерің әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ынғайлау, берілген тапсырмаларының саралануы. Әр топта үлгерімі орташа, жақсы, үздік студенттер болады оларға деңгейлік тапсырмалар қолдану қажет: 1 – деңгей – мүмкіндік; 2 – деңгей – міндетті; 3 – деңгей – эвристикалық; 4 – деңгей – шығармашылық.10. Бағдарлы оқыту технологиясы.Мақсаты мен мағынасы: ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру. Бағдарламаланған оқу материалдары кадр, файл сияқты оқыту бөлігі арқылы беріледі. 11. Өздігінен даму технологиясы.Мақсаты мен мағынасы: дербестікке тәрбиелеу. Әркім табиғат берген даму жолымен жүреді, өзін – өзі дамытады.12. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.Мақсаты мен мағынасы: білімнің болашақта қажетке жарауын қалыптастырады. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығущылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезендерінен түзіледі. Сабақ кезінде үйренуші не үйренгенің саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді; қайта қарап, өзгерістер еңгізеді.13. Шоғырландырып оқыту технологиясы.Мақсаты мен мағынасы: оқу процесі құрылымның психологиялық табиғи ерекшеліктерін қабылдауға жағдай туғызу. Сабақтарды блокқа біріктіру арқасында пәндерді терең үйрену.14. Белсенді оқыту технологиясы.Мақсаты мен мағынасы: Студенттердің белсенділігін ұйымдастыру. Болашақ кәсіптік қызыметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын моделдеу.15. Толық меңгерту технологиясы.Мақсаты мен мағынасы: меңгерген білімін тәжірибеде жүзеге асыру, қолдану.16. Жеделдетіп оқтыту технологиясы.Мақсаты мен мағынасы: Бастауыш топтың білімін жалғастырушы топтың біліміне қысқа мерзімде үйлестіру. Қазіргі қоғам үрдісіне сай иновациялық технологиялармен білім беру.
17. Кәсіби бағдар беру технологиясы.Мақсаты мен мағынасы: кәсіптік ағылшын тілін жетілдіру. Оқу – жұмыс бағдарламасына мамандыққа сай тақырыптар ендіру. Берілген білімнің тәжірибеде қолдану қажеттілігі. Осыны қортындылай келетін болсақ: оқыту технологиясы дегеніміз қойылған мақсатқа тиімді, нәтижелі жолмен қол жеткізуді қамтамасыз етуші жүйе.9.3. М.М. Жанпейісованың модульдік интерактивтік оқыту технологиясыБұл технология 2000 жылдан бастап мектеп тәжірибесіне енді. Ақтөбе қаласында сынақтан өтті. Модульді оқыту тәжірибесін зерттеген ғалым М.М. Жампейісованың “Технология модульного обучения” атты еңбегі жарық көрген. Модульдік оқыту технологиясы - ойын түрлері арқылы баланың қиялын дамытуға, зейінін тәрбиелеуге, халықтық педагогикамен қаруландырып, терең білім беруге негізделген.Модульдік интерактивтік оқыту технологиясының тиімділігі: Оқушыларды оқытудың мақсатымен, жалпы оқыту модулінің мазмұнымен таныстыру; мұғалімнің материалды қысқаша түсіндіруі (сызба, график, кесте және т.б.); оқу материалын зерттеу жұмысы негізінде беру; оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогты қарым-қатынас негізінде оқушының танымдық іс-әрекеті ұйымдастыру. Жалпы тарауды, тақырыпты 4-7 рет қайталау негізінде оқу материалын меңгерту;Барлық тақырып бойынша тест (сынақ, сынақхат, бақылау жұмысы т.б.) жүргізу.Модульдік оқыту технологиясының мақсаты:Оқу үрдісінде оқушының шығармашылығын дамытуға қолайлы жағдай туғызу, эстетикалық сезімін, зейінін тәрбиелеу.Міндеті: Жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыру; таным үрдістерін дамыту; танымдылық қабілеттерін дамыту; сөздік қорын дамыту; өзара көмек және бірге бастан өткізу; оқу себептілігінің өзгеруі.Интерактивтік модульдiк оқыту технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылығын дамытудың жүйесiОқу модулi – оқу ақпаратының бiршама дербес блогы, оған оқу мақсаттары мен мiндеттерi, әдiстемелiк нұсқаулар, шамамен алғандағы iс-әрекеттер негiзi,оқу қызметiн атқару жетiстiгiн бақылау(өзiн-өзi бақылау) құралдары енедi. Интерактивті үрдіс дегеніміз—педагогикалық үрдіс қатысушылардың өзара ықпалдастығы мен бір-біріне өзара әсерінің мақсатқа бағытталған түрдегі үрдісі. Бұл ықпалдастықтың негізінде оған қатысушылардың әрқайсысының жеке тәжірибесі жатыр.
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/273287