Материал: азастан Республикасыны ылым жне жоары білім министрлігі Ш. Улиханов атындаы Ккшетау университеті кеа ОУдістемелік комплексі

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
Ерекшеліктері:Оқу материалының тұтастай берілуі; оқу үрдісінің интерактивті формада ұйымдастырылуы; оқу материалын жеңілдеп күрделіге қарай өсу бағытымен берілуі.Оқушылардың біліктілігін жүйелі түрде диагностикалауы; Оқушылардың ізденіс, шығармашылық жұмыстармен айналысуына жағдай туғызуы.Модульдік оқытудың құрылымы:Оқытуға мақсат қою; жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу; оқушылардың білім деңгейін алдын-ала (диагностикалық) бағалау; оқу әрекеттерінің жиынтығы; нәтижені бағалау.Оқыту модулі:Кіріспе бөлімі: (модульге , тақырыпқа енгізу). Сөйлесу бөлімі: (оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру).Қорытынды бөлімі: (бақылау).Интерактивтік үрдісті ұйымдастырудың жетекші қағидалары:Ойлау қызметін, мазмұнын, шығармашылық қызметін ұйымдастыру; таңдау еркі; рефлексияны ұйымдастыру.Оқу модулінің сөйлесу бөлімі

  • модульдің сөйлесу бөліміндегі материалдың негізгі мазмұнын белгілеу;

  • оқу материалын біртұтас, жинақы, ”өсу” бағытымен беру;

  • тақырып бойынша жеңілдетілген деңгейдегі және білім стандартының

  • талаптарын қамтамасыз ететін деңгейдегі тапсырмалар дайындау;

  • оқушылардың пәнге қызығушылығын және креативтілігін (шығармашылық қабілеттерін) дамытуға арналған шығармашылық сипаттағы материалдайындау;

  • осы бөліктің барлық сабақтарында өзара сөйлесуді қамтамасыз ету.
І кезең. Оқу модулін даярлау технологиясы Мұғалімнің модульді даярлауы: оқу материалын блок арқылы тақырыптарға бөлу; оқытудың нақты нәтижелері тізбегін құру (яғни оқушы нені біліп, үйренуі тиіс); модуль тақырыбын тұтас баяндаудың оңтайлы формасын ойластыру; тақырыптың негізгі түйінді ұғымдарынан тірек сызба-конспект құрастыру; диагностикалық және бақылау жұмыстарын әзірлеу; білім, білік дағдыларды түзетуге арналған тапсырмалар дайындау. ІІ кезең. Мұғалімнің сөйлесу бөлімін даярлау әрекетінің құрылымы:Сөйлесу бөлімінде жұмыс істеу үшін оқу материалының негізгі мазмұнын белгілеу; оқушылардың өзара сөйлесуін қамтамасыз ететін және алғашында оқу материалын оқып-үйреніп, бекітуге, соңынан білік пен дағдылар қалыптастыруға, алынған білімін талдап, топтауға мүмкіндік беретін оқытудың белсенді формаларындайындап алу; әр түрлі күрделілік дәрежесіндегі үш деңгейлік тапсырмалар және олардың жауап үлгілерін дайындау; әрбір оқушыға немесе топқа арнап үлестірмелі материалдар дайындау;
Сөйлесу бөлімінiң iс-әрекет қадамдары:ІІІ кезең. Қорытынды (бақылау) бөліміТест: Толықтыруды қажет ететін; еске салушы; балама жауаптары бар; таңдамалы; сәйкестілік; реттілік немесе бірізділік; құрама.Сынақ: релелік; айналмалы; қарапайым; блицтурнир.Жазбаша бақылау жұмыстары: диктант; шығарма; мазмұндама; бақылау жұмысы; мәнжазба және т.б.Модульдік оқыту технологиясы:

  • оқушынының мұғалімнен қабылдаған білімін шығармашылықпен жеткізуге үйрететін әдіс;

  • эмоциялық сезімге бойлап, әсерлі сезімде болуға жетелейді;

  • ойын түрлері арқылы баланың қиялын дамытады, зейінін тәрбиелейді, халықтың педагогикамен қаруландырады, терең білім береді;

  • ол сатыға жеткізуші дәнекер - ойдың модулі.
Модульдік оқыту технологиясының тұлға қажеттіліктерін қанағаттандыруға және оны дамытуға ықпалы.Негізгі әдебиеттер: [1,2,3,8,9,10]Қосымша әдебиеттер: [17,19,20,22,23,29,30]Тақырып 10. Физиканы оқытудың әдістемесі пәнінің дербес мәселелері.10.1. Физиканы оқытудың негізгі сатысы.10.2. Физиканы оқытудың жоғары сатысы.10.1. Физиканы оқытудың негізгі сатысы.10.1.1. Заттың құрлысы туралы бастапқы мағлұматтар.10.1.2. Қозғалыс және кұштер.10.1.3. Гидро- және аэростатиканың элементтері.10.1.4. Жұмыс, қуат және энергия.10.1.5. Жылу құбылыстары туралы алғашқы мағлұматтар. Жылу, жұмыс және ішкі энергия.10.1.6. Атом құрлысы және электростатика элементтері.10.1.7. Ток күші, кернеу, кедергі.10.1.8. Электромагниттік құбылыстар. Жарық құбылыстары.10.1.9. Денелердің қозғалыстары мен өзара эсерлесу заңдылықтары.10.1.10. Механикалық тербелістер және толқындар. Дыбыс тақырыбын оқып-үйрену әдістемесі. 10.1.11. Атом және атом ядросының құрлысы. Атом ядросының энергиясын пайдалану.

    1. Физиканы оқытудың жоғары сатысы.
10.2.1. Бағдарлы мектепте механиканы оқыту әдістемесі.10.2.2. Мектеп курсындағы молекулалық физика және оны оқып-үйрену әдістемесі.10.2.3. Газ заңдарын оқып-үйрену әдістемесі.
10.2.4. Термодинамика сұрақтарын оқып-үйрену әдістемесі.10.2.5. Мектеп курсындағы «Электродинамика» және оған ғылыми әдістемелік талдау жасау.10.2.6. Электродинамиканың негізгі ұғымдарын оқып-үйрену әдістемесі.10.2.7. Электродинамиттік өрісті оқып-үйрену әдістемесі.10.2.8. Электродинамиттік тербелістерді оқып-үйрену.10.2.9. Электродинамиттік толқындар және оны оқып-үйрену әдістемесі.10.2.10. Арнайы салыстырмалық теориясының элементтері.10.2.11. Кванттық физиканы мектеп курсында оқып-үйрену әдістемесі.10.2.1. Бағдарлы мектепте механиканы оқыту әдістемесі.Тәлімді мәселе механиканың негізгі ұғымдары (масса, күш, дене импульсі, энергия және т.б.) физика ғылымындағы түсіну инструменті мен анықталады. Осы тұрғыдан механиканы физиканың фундаменті деп санаймыз. Механикада оқыушылар Нъютонның классикалық механикасы физикалық теориясы мен, бүкіләлемдік тартылыс, импулъстің және энергияның сақталу заңдары мен механикалық жүйелердің тепе-теңдік шарттары мен және т.б. танысады.Механиканы оқып біле отырып табиғаттағы өзгерістерді диалектикалық - материалистік тұрғыдан түсіне бастайды. Өнеркәсіптегі транспорттағы, ауыл-шаруашылығындағы механизацияланудың жаңа түрлерінің пайда болу себептеріне ғылыми көз қарастары дағдыланады. Болып жатқан жаңалықтарға өз үлестерін қосуға патриоттық-интернационалдық тәлім алуға, механика саласында Қазақстан ғалымдарының сіңірген еңбектерін оқып білуге тырысады.Оқушыларда еңбекке деген қызығу пайда болып политехникалық тәлім арқылы өнеркәсіпті механизациялауды дамытады.Оқушылар қарапайым механизмдер олардың жұмыс істеу принциптерімен түрлі қозғалыстардың берілулері қозғалыс заңдарымен танысады. Еңбек сүю түрлі зертханалық жұмыстарды орындауда да дағдыланады. Еңбекке деген қызығу және тәрбие ғалымдардың жаңалықтарды ашудағы тынымсыз еңбектері арқылы да сана – сезімге еніп барады И. Ньютон айтқанындай «маған сеніңіздер, егер менің ізденулерім бірнеше қажетті нәтижелерді алып келген болса, ол тек еңбекке және сабырлыққа міндетті».Механиканы үйренуде оқытушы тек техникаға сүйенбей оның жалпы мәденитеттік тарапыны да көрсете білуі керек, яғни біздің өміріміздегі механикалық құбылыстарды да көрсете білуі шарт.Реактив қозғалысты үйренуде К.Э. Циалковскийдің қызметтерін, бірінші ракетаны амалға асырған Ф.А. Цандерді атап кеткені жөн. С.П.Королевті арнайы атап өту керек, ол бірінші басқарылатын бірнеше сатылы континенталараралық ракетаны жасаған. Ол арқылы жасанды Жер серіктері ұшырыла бастады.
Мехканиканы үйренуде өркендетуді оқытудың мәселесін шешуде оқушылардың диалектикалық, теориялық, ғылыми – техникалық, логикалық пікірлеулерін өркендетуге бағытталған, яғни олардың интелектік және шығармашылық қабілеттіліктерін өркендету. Шындығында, механиканың сатылы логикасы, механикалық теорияға әржақтама сүйенген жалпы тану әдісі болған, талдау және синтез, индуктив және дедуктив, мектеп оқушыларының логикалық пікірлеуін өркендетуде мүмкіндік береді. Механикадағы ғылыми жалпылаудың барлығы оқушыларда теориялық пікірлеуді дағдыландырып абстракциядағы икскінен негізгілерді таңдап, нақты қорытынды жасап, жалпыдан керектіге өтуде жол көрсетеді. Себебі, механикада оқушылар көптеген абстрак ұғымдарға материаль нүкте, санақ жүйесі, бірқалыпты және бірдей үдемелі қозғалыстар және т.б. кездеседі. Бұл ұғымдармен істеуде оқушылар құбылыс және обьект ғылымда қалай идеализациялау келп шығуын көреді. Ньютонның классикалық механикасын үйрене отырып, әлемнің физикалық көрінісін туралы көзқарас пайда болады. Классикалық механика табиғаттағы құбылыстардың шексіздігімен оны үйренуде шексіз екендігін көз алдыларына келтіреді. 10.2.1.1. Механиканың физика курсындағы ерекшелігі.1. Орта мектепте физика курсының механикадан басталуы механикалық процесстердің қозғалыс пішінде болып бақылау үшін ең тиімді болуымен түсіндіріледі. Физикалық жүйелерді модельдеу классикалық механикада олардың механикалық образ бейнелерін жасау арқылы да түсіндіріледі. Бұл оқытушыдан механиканы оқушылардың толық және мықты үйренулеріні талап етеді.2. Механикада физикалық теориялардың толық келтірілуі ( физика курсының басқа бөлімдерінде мұндай жоқ). Соның үшін оқытушыға механика мысалдары арқылы физикалық теорияның структурасын ашып көрсетуге мүмкіндік береді.Кез келген физикалық теорияда шартты түрде негізін ядросын және қорытындысын бөлуге болады. механикада механикалық теорияның негізін құрайтындар идеалдырылған обьект материалдық нүкте, эксперименталдық факттердің анықталған саны (Галлилей, Кавандиш және т.б. тәжірибесі) негізгі физкалық шамалар – орын ауыстыру, жылдамдық, үдеу, материалдық нүктенің массасы.Механикалық теорияның ядросы абстракциялар жүйесін өз ішіне алады (кеңістіктің біртектілігі мен изотроптығы, уақыттың біртектілігі, екі дененің материалдық жәрдемісіз тікелей бір – бірімен әсерлесуі), Ньютон заңдары, күштердің әсерінің бір – біріне тәуелсіздігі принципі, механиканың негізгі мәселелерінің келіп шығуы. Бұл теорияның қорытындысы кез келген уақыттағы, күштегі (немесе қорытқы күші) кеңістіктегі орнын анықтау мүмкіндігі.
Оқушылардың алатын негізгі қорытындылары:

  • Материалдық нүктелерден түзілген тұйықталған жүйенің берілген уақыттағы күйінің координаталарымен импульстері арқылы толық анықталуы,

  • Материалдық нүктлер өзара олардың импульстеррін өзгертетін күштермен әсерлесуі,

  • Механикалық жүйенің кейінгі уақыттағы күйі оның бастапқы күйінен келіп шығып және ол Ньютон теңдеулерімен анықталуы,

  • Өзара әсер қашықтықтан пайда болып (материалдық тасушыларсыз) және лезде беріледі (ұзақтан әсер ету принципі). Ньютон механикасы күштер табиғатын қарастырмайды.
3. Эксперимент теорияның көзі және нақтылықтың көрсеткіші болып табылады. Механикада ғылымның өркендетуші болып классикалық тәжірибелер үлкен мәнге ие, Галилейдің дененің еркін түсуін, Ньютонның маятниктерде инерттік және гравитациялық массалардың теңдігін дәлелдеуі, Кавендиш, Жолли, Рихарцтардың тартылу және гравитациялық тұрақтыны тәжірибеде анықтаулары. Бұларды мектепте жай түрде, қайталау мүмкін емес. Ал компьютерді видеофильмдерді, кестелерді қолдап отырп көру мүмкін. Бұдан тыс дидактикалық тәжірибелерді өткізу мүмкін бұлар үшін арнайы зертханалық құрал – саймандар және механика үшін арнайы приборлар жасалуда. 10.2.1.2. Механика бөлімнің құрамы мен мазмұны1. Кинематика денелердің бірқалыпты және бірдей үдемелі түзу сызықты, қисық сызықты қозғалыстары мен сипаттамаларын үйренеді. Материалдық нүкте, орын ауыстыру, және жол санақ жүйесі, жылдамдық, үдеу ұғымдарын енгізеді. Орын ауыстыру, жылдамдық, үдеулерді үйренуде векторлық сипаттамаларына үлкен көңіл бөлінеді.2. Динамикада алдымен, Ньютонның бірінші заңы көріледі, қозғалыстың негізі динамикалық сипаттамалары – масса және күш соң Ньютонның екінші заңы үдеу, масса және күш арасындағы өзара байланыс талқыланады. әсер үшін Ньютон заңын жазу үшін күштер қосуды үйрене отырып соң Ньютонның үшінші заңын енгізеді. Ньютон заңдары механикада негізгі болып саналады, олар амалда және экспериментте бекітілген, соның үшін бірінші оларды келтіріп шығарады соң эксперимент жәрдемінде көрсетеді.Механикадағы күштерді (гравитациялық, серпімділік, үйкеліс) үйренуде денелердің өзара орналасуына байланысты және қозғалыстарындағы жылдамдықтарына сәйкес тәуелділіктерін анықтайды. Соң гравитациялық күшті, үйрене отырып бүкіләлемдік тартылыс заңын, ауырлық күші, ол арқылы дененің қозғалыс жылдамдығының өзгерісін үйренеді. Бастапқы шарттардың ролін еске ала отырып бірінші космостық жылдамдықтың есептерін үйретеді. Соң Гук заңы, гравитациялық күшпен серпімділік күшінің денелердің өзара әсерлесу функциясы екендігін, ал үйкеліс күші салыстырмалы жылдамдықтың функциясы екендіктерін үйретеді.
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/273287