Материал: азастан Республикасыны ылым жне жоары білім министрлігі Ш. Улиханов атындаы Ккшетау университеті кеа ОУдістемелік комплексі

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
Политехникалық білім берудің мақсаты оқушыларды үш фазалы токты алу, үш фазалы токтың асинхронды двигателі мен үш фазалы электр энергиясын тасымалдау жүйесін қарастыруда жүзеге асырылады. Жарықтың толқындық қасиеттерін қарастырғанда Френель зонасы, Гюйгенс-Френель принциптері туралы түсінік беріледі. «Кванттар» тақырыбы бойынша материаның корпускулалық-толқындық қасиеттерін дәлелдейтін фотонның нақты өмір сүретінін дәлелдейтін материалдар қарастырылады. «Ҝолданбалы физика» факультативтік курстарында уақыттың көбі практикада кеңінен қолданылатын механизмдердің, машиналардың, автоматтық қондырғылардың жұмыс істеулерінің физикалық принциптерін қарастыратын практикалық сабақтарға бөлінеді. Мысалы, 7-8 сыныптарда «Физикалық шамалар және оларды өлшеу». Курстың міндеттері: - оқушыларды физикалық шама, өлшеуіш құралдар, өлшеу әдістері, өлшеу қателіктері, экспериментальдық зерттеу деген сияқты ұғымдармен таныстыру;- өлшеу құралдарын қолдануға үйретіп, өлшеу дәлдігі ұғымын қалыптастыру; - оқушыларды экспериментальдық алған білімдері негізінде экспериментік зерттеудің зерттеу мақсатына сәйкестігі туралы қорытынды жасауға үйрету; - техникадағы өлшеулердің ролін көрсетіп, жанама өлшеулер туралы түсінік беру; - еңбек ету қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, оларды орындауға үйрету. Оқушылар тәжірибелік (демонстрациялық, зертханалық) зерттеулер жүргізу арқылы экспериментті жоспарлау, нәтижесін кесте, график, диаграмма түрінде көрсету сияқты эксперименттальдық біліктерді меңгереді. Курс теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Теориялық бөлімінде экспериментальдық физикалық зерттеулердің әдістері мен принциптері туралы қажетті білімдер, құралдардың құрылысының негізінде жатқан физикалық принциптер туралы мәліметтер беріледі. Практикалық бөлімі фронтальдық зертханалық, практикумдық жұмыстардан және экскурсиядан тұрады. Факультатив сабақтарында оқытудың әртүрлі әдістері қолданылады: лекция, семинарлар, конференциялар, практикалық, есеп шығару, фронтальды зертханалық жұмыстар, физикалық практикум, экскурсиялар. Факультативтік сабақтардағы оқыту формалары: Дәрістер әдетте, теориялық сұрақтар бойынша оқылады. Дәрістерде негізгі, түйінді материал оқылып, ол кейін семинар және практикалық сабақтарда талқыланады. Дәрістер безендірулермен, тақтаға жазулармен, көрсету эксперименттермен сүйемелденеді. Семинар сабақтары теориялық сұрақтарды талқылауға, оларды едәуір терең пысықтауға арналады. Оқушыларға алдын-ала семинар сабағының жоспары беріледі, оған оқушылар міндетті түрде дайындалуы тиіс сұрақтар енеді. Семинарда талқыланатын әрбір сұрақ бойынша міндетті түрдегі және қосымша әдебиеттер көрсетіледі. Семинар сабақтарында тақырып бойынша оқушылар шағын хабарлама жасап, соның маңайында пікір-талас болады. Семинарға әзірлік барысында оқушылар әдебиеттермен жұмыстанып, жасайтын хабарламаларының жоспарын құрып, өз ойларын тиянақты, жүйелі түрде баяндауға әзірленеді. Семинарларға қатынасу барысында оқушылар өз ойларын дұрыс физикалық тілмен жеткізуге, пікір таласқа қатысуға, өзінің және жолдастарының жұмыстарына сыни тұрғыдан қарап бағалау дағдыларын меңгереді. Баяндау барысында әр түрлі көрнекіліктерді қолданып, тәжірибелер көрсеткен оқушылардың қызығушылығын туғызады. Факультативтік сабақтардың ерекше түрлерінің бірі - физикалық есептерді шығару практикумы. Ол 9 сыныптан бастап ірі тақырыптар бойынша есептерді шығару сабақтары түрінде өткізіледі. Есептерді шығару практикумы ірі тақырып бойынша алған білімдерін біріктіріп қолданылуымен физиканың негізгі курсында есептерді шығару сабақтарынан ерекшеленеді. Осы практикумның сабақтарында зерттеушілік мақсаттағы күрделі есептерді, берілгені толық емес немесе артық мәнді берілген есептерді шығарту арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыстануына, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасалынады. Факультативтік курстар бағдарламасы сабақтардың фронтальдық зертханалық жұмыстар және зертханалық практикум сияқты формаларын қарастырады. Фронтальдық зертханалық жұмыстар теориялық материалды тереңдетеді, оқушыларда бастапқы эксперименттік іскерліктерді қалыптастырады. Фронтальдық зертханалық жұмыстарға әртүрлі өлшеулерді орындаумен, аспаптарды құрастырумен, зерттеу жұмыстарымен байланысты жұмыстар енгізіледі. Зертханалық жұмыстың басқа формасы физикалық практикум болып табылады. Оны жүргізу оқытуды жекелендіруге, оқушылардың бейімдері мен қызығушылықтарын есепке алуға үлкен мүмкіндіктер береді. Практикумға оқушылардың іс әрекеттерінің сипаты бойынша, олардың іс әрекеттерін басқаруға байланысты деңгейі күрделі әртүрлі жұмыстарды енгізуге болады. Егер оқушы физиканың қандай да бір болмасын тарауына қызығушылық танытып отырса, онда оған өз қызығушылығы саласы бойынша эксперименттік жұмыспен айналысуға мүмкіндік беруге болады.
8.4. Физика бойынша өтілетің сыныптан тыс жұмыстардың маңызы.Мектеп физикасы бағдарламасында көрсетілген білімдер мен дағдыларды оқушыларға меңгертумен физиканы оқытудың мақсаттары толық орындалды деп айтуға болмайды. Өйткені, физиканы сүйетін оқушылардың білімін тереңдетіп, дағдыларын дамытумен қатар, нашар үлгеретін балалардың ынта-ықыласын көтеріп, олардың бұл пәнге деген қызығушылығын артттыруымыз керек. Бұл міндетті нәтижелі шешудің бір жолы физикадан – сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білу. Әрине, ол мұғалімнің теориялық, физика-техникалық, эксперименттік дайындығының дәрежесіне және оның әр жақты әдістемелік шеберлігіне байланысты. Оқу жоспарынан тыс, үйде немесе зертханада, сабақтан тыс уақытта, мұғалімнің жетекшілігімен, бірақ, оқушының өз ыңта еркімен әрі олардың қалаулары бойынша орындалатын дербес оқу жұмысы сыныптан тыс жұмыс деп аталады.Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізгенде мұғалім негізінен мынадай мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді:

  1. Оқушылардың физика-техникалық білімдерін толықтыру, тереңдету, кеңейту, дамыту.

  2. Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыс істеуге ынта-ықыласын, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

  3. Жас жеткіншектердің политехникалық дағдыларын қалыптастыру.

  4. Оқушыларды оқулықпен, ғылыми-көпшілік әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.

  5. Жастарға ғылыми-материалистік, эстетикалық, тәрбие беру.
Сыныптан тыс жұмыстың білімдік және тәрибелік мәні өте зор. Ол оқушыларды белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, әр түрлі есептерді шығаруда, шығармашылықпен ойлануға және оқушыларда ұжымдық пен жолдастық сезімін тәрбиелеуге мүмкіндік береді.Сыныптан тыс жұмыс оқушылардың қабілетің дамытуға және олардың физика мен техниканың белгілі бір саласына деген ерекше ықыласын қалыптастыруға әсер етеді.Физика бойынша өтілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мен әдістеріФизика пәні бойынша орындалатын сыныптан тыс жұмыстардың бәрі үлкен екі топқа бөлінеді. 1.Физика оқу бағдарламасының ауқымына кіретін сыныптан тыс жұмыстар. Оған физика сабақтарына қатысты жүргізілетін қосымша сабақтар жатады:

  • Бағдарламада көрсетілген жұмыстарды өткізу;

  • Физикадан нашар үлгеретін оқушылармен істелетін жұмыстар (қосымша сабақ, әр оқушыға жеке түсіндіру, емтиханға және зертханалық жұмыстарға дайындау);

  • Физиканы қызыға оқитын жеткіншектермен қиын және қызықты есептер шығару, физика кабинетінде зертханалық жұмыстар қою, демонстрациялық эксперименттерді даярлау, қолдан физикалық құралдар мен көрнекі модуль-құралдар жасау, олимпиада өткізу, жаңа құралдармен таныстыру;

  • Оқушылардың үй тапсырмасын орындауына көмектесу (консультация, реферат, баяндамалар жаздырту, табиғат құбылыстарын бақылау, үйде тәжірибелер жасау, әртүрлі өлшеулер жүргізу);
Мұндай жұмыстар физикалық оқу материалының қалыпты және нәтижелі өтуіне, оқушылардың білімдерімен дағдыларының жүйелі түрде сапалы қалыптасуына сынып оқушыларының жалпы үлгерімін жақсартуға жәрдемдеседі.2. Физика оқу бағдарламасының шеңберінен тыс жататын жұмыстар. Олардың физика сабағына тікелей қатысы бола бермейді. Бұл оқушылардың өздерінің еркі мен тілегі бойынша ұйымдастырылуы керек. Мұның жүйесі мынадай жұмыстардың тұрлерінен тұрады:

  • Оқушылардың арнаулы физикалық және политехникалық білімдерін тереңдету;

  • Қолданбалы физика салаларын оқу;

  • Физика-техникалық құралдардың, қондырғылардың модельдерін жасау;

  • Өнертапқыштық жұмыстармен айналысу;
Бұларды ұйымдастырудың да формалары сан алуан: қосымша әдебиеттерді оқыту, реферат жаздырту, физикалық кеш өткізу.Сыныптан тыс жұмыс әр түрлі түрде және әдістерде іс-жүзінде жүзеге асырылады. 1. Жеке дара жұмыс – оқушыларды жеке оқыту, оның мақсаты сыныптан тыс физиканы және техниканы оқуға үйрету, осылардың негізінде реферат, баяндама, шығарма жазуға; балаларды шығармашылық жетектеу – құрастыру, моделдер мен құралдар жасау; оқушы – лабаранттар мен жұмыс мектеп кабинеттерін демонстрация және зертханалық тәжірибе, құрал жабдықтарды әзірлеу үшін дайындау; өте қиын есептерді шығаруға көмектесу, оқушыларға үйге берген эксперименттік және зерттеу жұмыстарына жетекшілік ету және т.б.2. Топтық жұмыс – жүйелік жұмыс, шағын тұрақты оқушылар тобымен өткізілетін және балалардың нақты бір қызығушылықтарын қанағаттандыруға; жаңа біліммен тәжірибелік игеруді қалыптастыру, әдетте, физикалық және физика – техникалық формасында, шығармашылық топтар формасында өткізіледі.3. Көпшілік жұмыс – ұжымдық жұмыс, көп балалар тобымен өткізілетін дәрістер, кештер, конференциялар; ауызша журналдар мен әңгімелер; пәндік декадалар, физика және техника апталығы, олимпиадалар мен сайыстар, көрмелер, бағдарламадан тыс экскурсиялар. Тәжірибеде сыныптан тыс жұмыстардың 3 түрі тығыз байланысты. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ең көп тараған формасы дәстүрлі түрі – үйірмелер, олимпиадалар және кештер жатады.
Физикалық үйірмелер, олипиадалар және физикалық кештер.Физикалық үйірмелер. Жүйелі түрде жүргізілген сыныптан тыс жұмыс оқушылардың қабілетін дамытуға және олардың физика мен техниканың белгілі бір саласына деген ерекше ықыласын калыптастыруға әсер ететіндер - физикалық және физика-техникалық үйірмелер, олимпиадалар,физикалық кештер.Физиканы оқытуда артта қалушылықты жою мақсатында бір сыныптың оқушыларын біріктіруді мектеп тәжірибесінде кейде үйірме деп атайды. Мұғалім алдымен оқушыларды зерттеп, олардың ішінен физика мен техникаға қызығушыларын бөліп алуы керек. Мұғалімнің оқушыларды алдын ала жақсы білуі, оған олардың өз ынтасы мен қабілетіне сәйкес үйірме тандауына көмектесуте, сонан соң үйірме мүшелеріне тапсырмаларды дұрыс бөліп беруіне мүмкіндік береді. Әр үйірме мүшелерінің саны 12—15-тен артық болмауы тиіс. Үйірме жұмысының жоспары мен мазмұнын мектеп оқушыларының ынтасымен, жеке басының ерекшелігі мен жас ерекшелігіне қарай кұру керек. Бірақ үйірме жұмысының жалпы бағытын мұғалім алдын ала өзі анықтайды. Оны таңдап алу мұғалімнің көздеген мақсаты мен дайындық дәрежесіне, оқушылардың тілегіне, мектеп талабына, физика кабинетінің жабдықталу жағдайына, материалдардың бар-жоғына және бірқатар басқа да факторларға байланысты. Мысалы, мұғалім физика кабинетін жабдықтау жөнінде жалпы мәселе қойып, осының негізінде бұл жұмысқа қатынасқысы келген оқушылардан үйірме құруына болады.Үйірме мүшесіне берілетін тапсырма әрі оның шамасы жететіндей, әрі жеткілікті дәрежеде күрделі болуы керек. Аса терең ойлану мен шығарманы қажет ететін тапсырманы орындағанда ғана оқушы моральдық қанағаттанушылық алатыны және оған пайдалы болатыны ескерілуі қажет. Сондықтан әр тапсырма олар үшін жаңа, сапа жағынан олардың жұмысының өсу сатысы болуы тиіс.Үйірме жұмысынын жемісті болуы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру, бақылау және есепке алып отыруға да байланысты болады. Сондықтан әр жұмысты түбегейлі аяқтап, нәтиже үйірме отырысында жан-жақты талқылап және арнаулы журналға тіркеп отыру керек. Жылына бір-екі рет істелген жұмыстардың есепті көрмесін өткізіп отырған жөн. Негізінде теория мен тәжірибенің тығыз байланысы орын алатын үйірмелер оқушыларға үлкен пайда береді. Тек осы жағдайда ғана үйірме жұмысы оқушылардың ынта-ықыласын дамытып, шыңдай алады. Эксперименттік бағыттағы үйірмелер үшін теория мен тәжірибенің байланысын іске асыру шаралары жетекшінің әңгімесі мен лекциясы, үйірме мүшелерінің баяндамалары мен рефераттары болып табылады. Әрбір үйірме мүшесі жылына кемінде бір хабар немесе шағын баяндама дайындағаны жөн. Үйірме сабағында газет, журналдардан ғылым мен техника жетістіктері туралы қызықты да маңызды мақаламен үйірме мүшелерін таныстырып отыру пайдалы. Теориялық бағыттағы үйірмелерде теория мен тәжірибенің байланысы баяндамаға коса көрнекті кұралдар демонстрациялау, эксперименттік есептер шығару, экскурсиялар ұйымдастыру арқылы іске асырылады.
Егер оқушы өз білімін қандай да болмасын бір қоғамдық пайдалы істі шешуге колдана алса, онда оның физикаға және шығармашылық жұмысқа деген қызығуы ерекше артады. Осыны ескере отырып, кейбір мұғалімдер үйірме жұмысын өндіріспен тікелей байланыстыра ұйымдастырады. Мектептің өзінде-ақ үйірме мүшелерінің күшімен көп пайдалы істер істеуге болады. Мектепті радиоландыру мен телефондандыру, кабинет үшін құралдар жасау оқушылардан физиканы білу мен шығармашылық ойлануды талап етеді. Жаңадан қатысушылар үшін физика үйірмесі. Бұл үйірменің мақсаты — оқушыларды физика пәніне деген сүйіспеншілікке баулу, жеке оқушылардың ынтасы мен қабілетін анықтау, барлық үйірме мүшелеріне, физикалық үйірменің алдағы жұмыстарын игеріп кетуі үшін, ең қажетті икемділік, шеберлік беру. Жыл бойы оқушылар дәнекерлеуді, ағаш, резеңке және шыныдан жасалған бұйымдарды желімдеуді, нәрселердің бетіне майлы бояу және лак жүргізуді үйренуі керек. Олар шыны түтіктерді ию, созу және дәнекерлеуді, әйнекті кесіп, тесуді үйреніп және қағазбен, картонмен жұмыс істеуде кейбір шеберліктеріне ие болуы керек. Осы дағдылардың барлығын оқушылар, мүмкіндігінше қоғамдық пайдалы сипаттағы нақты тапсырмаларды орындау процесінде алады.Тек негізгі тәжірибелік шеберлікке үйреніп қана қоймай, оқушылар эксперименттік үйірмедегі болашақ жұмыстарына қажетті, оларға таныс емес физикалық құбылыстар мен оның тәжірибелік қолданылуы туралы ұғым алып, жаңа физикалық құралдар мен танысып, қызықты есептер шығарады және оқу кинофильмдерін көреді.Жаңадан қатынасушылар үйірмесі жұмысының қажетті шарты – жұмыс формасының әртүрлілігі, шұғылдану элементінің, сондай-ақ теория мен тәжірибенің тиімді ұштасуы болып табылады. Жаңадан қатынасушылар үшін үйірме әдетте физикадан сыныптан тыс оқудан тәжірибесі жоқ оқушылардан құрылады. Олар үшін мерзімі бір жылға созылады. Осы уақыттың ішінде оқушылардың ынта-ықыласы, қызығушылығы анықталады да, ал келесі жылы олар арнаулы немесе жалпы физикалық үйірмелерге өтеді. Бұл үйірменің жұмысы программадағы негізгі тақырыптарды терең оқып үйрену мақсатында болғаны жөн.Физикалық құралдар дайындау және конструкциялау үйірмесі. Оқушылардың мұндай жұмысқа деген тұрақты қызығушылығы мен тәжірибелік бағдарының арқасында, бұл үйірме кең қолдау тапты. Алайда, үйірмедегі оқу тек оқушылардың тәжірибелік жұмысымен ғана шектелсе, онда тәжірибенің көрсетуінше, оқушылардың қызығушылығы тез жоғалады. Бұл үйірмеде оқушылар тек қана тәжірибелік шеберлікке ие болып қоймай, сонымен бірге конструкторлық және теориялық білім алса, сонда ғана үйірме жұмысы жемісті болмақ. Оқушы қандай да бір құрал жасау үстінде, оның атқаратын қызметін айқын біле тұра, сонымен қатар осы құралдың көмегімен демонстрацияланатын физикалық құбылыстың табиғаты қандай, бұл құбылыс қайда кездеседі, оның демонстрациясының тиімді болуы қандай факторларға байланысты деген сұраққа жауап бере алуы керек. Мұндай сұрақтардың қойылуы оқушыдан тиісті әдебиетпен жұмыс істеуді талап етеді. Ал бұл өз тарапынан, үйірме барысында оқушы жаңа құралды демонстрациялаумен қатар, барлық үйірме мүшелерінің жан-жақты дамуына пайдалы боларын мазмұнды хабарлар, баяндамалар жасауына әкеліп соғады. Жасалған прибордың сыртқы көрінісіне де ерекше көңіл бөлген жөн. Құралды мұқият өндеу қажеттігі оқушыны шыдамдылыққа, жігерлікке, құрал-жабдықтарға ұқыпты болуға, басқалардың еңбегін бағалауға тәрбиелейтіндігінен туады. Ал мұғалімнің өзі де оқушылардың жұмысына үлкен құрметпен қарауы керек.
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/273287