н топырақтың 2 см-не дейін әкетуі мүмкін. Жаз айлары орын алатын 5 құйынды желден кейін қалған топырақ қалыңдығы қандай болады?
18. Сахель - саванна және Сахара шөлінің арасымен өтетін 200 километрлік шекаралық аймақ. Сахель жыл сайын 50 км жылдамдықпен шөлге айналып келеді. Үш жылдан кейін Сахель туралы не айтуға болады?
113
ісінің ұзындығы 75 метр. Бестен бір бөлігін сатып жіберді. Қанша метр мата қалды?
15. Үйде 18 қабат. Қабаттардың үштен бір бөлігіне тұрғындар қоныстады. Әлі қанша қабатты қоныстандыру қалды?
16. Мерекеге 15 қонақ келуге тиісті. Қонақтардың бестен бір бөлігі келді. Сонда қанша қонақ келмеді?
17. Саяхатшьшар екі күнде 24 км жүрді. Бірінші күні олар барлық жолдың үштен екісін жүріп өтті. Екінші күні олар қанша километр жүрді?
18. Дүкенге 200 жай және 400 түрлі түсті қарындаш әкелді. Барлық қарындаштың алтыдан бір бөлігін сатып жіберді. Қанша қарындаш сатуға қалды?
19. Пәтердің ауданы 100 шаршы метрге тең. Қонақбөлме барлық ауданның бестен бір бөлігін алады. Қонақ бөлменің ауданын тап.
20. Көкөніс өсіруші 5 ц қияр
жинады. Бесінші бөлігін әрбіреуіне 10 килограмнан жәшікке салды. Ол қанша жәшікті толтырды?
21. Окушы кітаптың сегізден бір бөлігін оқып шықты. Егер кітапта барлығы 320 бет болса, қанша бет оқыды? Оған әлі қанша бет оқу қалды?
22. Көк жиектеменің ұзындығы қызыл жиектеменің төрттен бір бөлігін құрайды. Егер қызыл жиектеменің ұзындығы 40 см болса, көк жиектеменің ұзындығын тап.
23. Мектепте 700 оқушы. Оқушылардың жартысы спорттық секцияда шұғылданады, барлық оқушының жетіден бір бөлігі музыка үйірмесіне қатысады, ал қалғанының бесінші бөлігі хорда өлең айтуға барады. Әртүрлі үйірмелерде қанша бала шұғылданады?
24. Шаруа қожалығында 600 л сүт сауып алды. Сүттің алтыдан бір бөлігін сатып жіберді, ал қалған сүттің бестен бір бөлігінен ірімшік дайындады. Шаруа қожалығ