Материал: Сз есептер

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

ы. Сауыттан қанша жаңғақ алды?

3. Мәликада 10 дәптер болды. Ол бірнеше дәптерді жазып бітіргенде, онда 6 дәптер қалды. Мәлика қанша дәптер жазып бітірді?

4. Тәрелкеде 9 шабдалы болды. Бірнеше шабдалыны жеп қойған кезде, тәрелкеде 3 шабдалы қалды. Қанша шабдалыны жеп қойды?

5. Дүкен сөресінде 8 қуыршақ тұрды. Бірнеше қуыршақты сатқан кезде, 5 қуыршақ қалды. Қанша қуыршақ сатылды?

6. Жөндеуге 6 орам түсқағаз сатып алды. Бөлмені жабыстырып болғаннан кейін, 2 орам тұсқағаз қалды. Жөндеуге қанша орам тұсқағаз кетті?

7.Сауытта 9 алма жатты. Одан бірнеше алма алған кезде, онда 1 алма қалды. Сауыттан қанша алма алды?

8. Сәуленің күнделігінде 3 «бес» деген баға болды. Сәуле тағы бірнеше «б

ес» алғаннан кейін, олардың саны5 болды. Сәулетағы қанша«бес» алды?
9. 6орындық сырланған болатын. Тағыбірнеше орындықты сырлаған кезде, олардың саны 9 болды. Тағы қанша орындық сырланды?

10. Қарбыз бен қауынның салмағы 12 кг. Қарбыздың салмағы 9 кг. Қауынның салмағы қаншаға тең?

11. Сыныпта 25 оқушы бар. Бірнеше бала ауырып қалған кезде, мектепке 20 оқушы келді. Қанша бала ауырып қалды?

12. Әткеншекке 28 бала мінді. Бірнеше бала түсіп қалган кезде, әткеншекте 21 адам қалды. Қанша бала түсіп қалды?

13. Автобуста бірнеше адам келе жатты. Автобусқа 14 адам кірген кезде, 32 адам болды. Автобуста қанша адам келе жатты?

14. Автобуста 14 адам келе жатты. Аялдамадан бірнеше адам мінді, сонда автобуста 25 адай болды. Автобус

қа қанша адам кірді?

15. Мектеп жанында 20 терек өсіп тұрды. Күздігүні тағы бірнеше терек отыргызған кезде, олардың саны 43-ке жетті. Күздігүні қанша терек отырғызылды?

86


16. Бөшкеде 40 литр су болды. Одан суаруға| бірнеше шелек алған кезде, онда 31 шелек су қалды. Бөшкеден қанша шелек су алынды?

17. Спортзалда 18 адам шұғылданды. Залға тағы бірнеше адам келген кезде, онда 32 адам болды. Спортзалға қанша адам келді?

18. Лаура жерге түскен бірнеше жапырақты кептіріп, 15 жапырақты құрбысына сыйлады. Осыдан кейін онда 27 жапырақ қалды. Лаура қанша жапырақ кептірді?

19. Тікұшақтан 12 адам шыққан кезде, онда 3 адам қалды. Тікұшақта қанша адам болды?

20. 36 кг қиярды сатқаннан кейін, сатуға 17 кг қалд

ы. Сатушыда қанша килограмм қияр болды?

21. Монтер жөндеуге 43 метр сым жұмсады. Оның әлі 17 метр сымы калды. Монтерде қанша метр сым болды?

22. Гараждан 19 машина шығып кеткеннен кейін, онда 24 машина қалды. Гаражда қанша машина болды?

23. Екі сыныпта 71 адам. Бір сыныпта 32 оқушы. Басқа сыныпта қанша оқушы?

24. Екі сөреде 45 кітап. Оның біреуінде 20 кітап. Екінші сөреде қанша кітап тұр?

25. Бір сыныпта 37 бала оқиды. Олардың 18-і қыз бала. Сыныпта қанша ұл бала оқиды?

26. Сатушыда 40 шар болды. Оның 25 шары - қызыл, ал қалғандары - ақ түсті. Сатушыда қанша ақ түсті шар бар?
27. Трамваймен 30 адам келе жатты. Аялдамадан бірнеше адам түсіп қалған кезде, трамвайда 23 адам

қалды. Қанша адам шығып кетті?

28. Бір қайық 6 адам таси алады. 24 адамды тасу үшін қанша қайық керек?

87

29. Әскери аэродромда 34 ұшақ бар. Әскерй тапсырмаға бірнеше ұшақ ұшып кеткенде аэродромда 18 ұшақ қалды. Тапсырмаға қанша ұшақ ұшып шықты? (28,62,16,22)

30. Тыстау шеберханасына 25 кітап әкелді. Бірнеше кітапты тыстаған соң, 8 кітаптан 2 бума кітап қалды. Қанша кітап тысталды? (9,41,16,17),

31. Пішенде 140 кг шөп болды. Әрбір сиырға 3 кг шөптен берген кезде, 20 кг қалды. Барлығықанша сиыр болды? (40, 53,360,60)

32. Мектеп аумағында 30 оқушы жұмыс істеп жүрді. Сабаққа бірнеше оқушы кетіп қалғаннан кейін, аумақта 20 оқушы қалды. Сабаққа қанша оқушы кетіп қалды? (40,10, 50,60 оқушы)

Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/179543