-Тiлiмшектi сорғы (Насос пластинчатый) -жұмысшы органдары ерсілі-қарсылы қозғалатын айналмалы роторлы сорғы. Роторда орналасқан сорғының тілімшектері арқылы орындаушы механизмдерге сұйыктық беріліп отырады.-Радиал-поршеньдi сорғы (Насос радиально-поршневой) -ротордың айналмалы қозғалысы мен поршеньнің ерсілі-қарсылы қозғалысынан механикалық энергия алатын роторлы сорғы; Радиал-поршеньдi сорғы қысымы жоғары гидрожүйелерде қолданады.-Тiстегергiштi сорғы (Насос шестеренный) -жұмыс органы екі тістегергіштен тұратын роторлы сорғы; Тiстегергiштi сорғыда сұйықтықтың үлкен қысым мөлшерін реттеп отыратын сақтық клапаны орналасқан.
(t2-t1). Егер дененің температурасы жоғарыласа, онда ол дененің қандай да бір жылу мөлшерін алғанын, егер төмендесе, онда жылу шығарғанын көрсетеді.
Массасы 300 г темір ыдыста 100 г қалайыны балқытты. Егер темір ыдыс пен қалайының бастапқы температурасы 32°C болса, онда ыдысты қыздыруға және қалайыны балқытуға қандай жылу мөлшері қажет? m1 = 300г = 0,3 кгс1 = 460 Дж/кг*Сm2 = 100г = 0,1 кгс2 = 250 Дж/кг*Слямбда = 5,9 * 10^4 Дж/кгt1 = 32 Ct2 = 232 CQ = ?Решение:На нагревание коробки пошло следующее кол-во теплотыQ1 = c1m1* ( t2 - t1 ) = 460*0,3*200 = 27,6 кДжНа нагревание и плавление оловаQ2 = c2m2* (t2 - t1) + лямбда*m2 = 250*0,1*200 + 5,9*10^4*0,1 = 10,9 кДжQ = Q1+Q2 = 27,6 + 10,9 = 38,5 кДжОтвет: 38,5 кДжЖылу тасығыш -жылуды апару үшін қолданылатын қозғалатын орта (газ, бу, сұйық).Жылуды беру -екі жылутасығыш арасындағы жылуалмасу.Жылуалмасу процестеріне жылуды алып келу немесе алып кету жылдамдығымен анықталатын технологиялық процесер жатады. Оларға: қыздыру, буландыру, суыту және конденсация. Аталған процестер жүретін аппаратар жылу алмасу аппараттары деп аталады.Қыздыру -материалдарға жылуды алып келу жолымен олардың температурасын көтеру процесі. Тамақ технологиясында ыстық сумен немесе сулы бумен, оттық газбен және электр тогымен қаныққан басқа да сұйық тасушылармен қыздыру әдістері кеңінен тараған. Бұл мақсаттар үшін әртүрлі құрылымды жылуалмасу аппараттарын қолданады.Буландыру -сұйыққа жылуды алып келу жолымен оны буға айналдыру процесі. Сұйық қайнау кезінде тиімді буланады. Тамақ технологиясында суды тұщыту, ерітінділерді концентрациялау және т.б. қолданады. Буландыру буландырғыштарда жүреді. Суды тұщыту үшін қолданылатын аппаратарды тұщытқыш, ал ерітінділердің концентрациясын көтеру үшін қолданылатын аппарататрды бушықтыру аппараттары деп атайды. Суыту – материалдан жылуды алып кету жолымен оның температурасын төмендету процесі. Тамақ технологиясында 15-200С дейін газдарды, булрды және сұйықтарды суыту үшін су мен ауаны қолданады. Ал өнімдерді төмен температураға дейін суыту үшін төмен температуралы хладагенттерді қолданады.Конденсация -заттан жылуды алып кету жолымен бу немесе газ тәрізді күйден сұйық күйге өту процесі. Бұл процесс конденсоторларда жүреді. Конденсациялау процестері тамақ технологиясында әртүрлі заттарды сұйылту үшін кеңінен қолданылады.Стационар күй -белгілі бір шамаларының маңызды сипаттамалары (әр түрлі жағдайда түрліше болады) уақытқа тәуелсіз физикалық жүйе күйі. Мысалы, егер қозғалыс жылдамдығы кеңістіктің әрбір нүктесінде уақыт бойынша өзгермесе, онда сұйықтық ағысының күйі стационарлы. Кванттық механикада
стационар күй деп энергия белгілі бір мәнде (уақыт бойынша өзгермейтін) болатын күйді атайды.Температура өрісі уақыт өте келе өзгеретін тұрақсыз жылу процестерін қарастырайық, яғни. уақыт функциясы. Жылу процестерінің стационарлық емес сипаты дененің энергиясының өзгеруіне байланысты және әрдайым денені қыздыру немесе салқындату құбылыстарымен байланысты. Стационарлық емес процесте жылу кірісінің қарқындылығы уақыт бойынша тұрақты болмайды. В суреттегі қисық сызық жылумен жабдықтау өзгерісінің табиғаты туралы түсінік береді. Дене жылынған сайын жылу беру қарқындылығы біртіндеп азаяды және шегі нөлге тең болады.Стационарлық емес процесі дененің энергиясының өзгеруімен байланыст. Дененің энергиясының (энтальпия) өзгеру жылдамдығы материалдың жылуды өткізу қабілетіне тікелей пропорционал (яғни, жылу өткізгіштік коэффициенті λ) және оның сақтау сыйымдылығына (ρ-мен) кері пропорционал. Жалпы алғанда, тұрақсыз жағдайларда жылу процесінің жылдамдығы жылу диффузиясының коэффициентімен анықталады. Қолданылуы. Жылу процестері теориясы қозғалтқыштарды, тоңазытқыш қондырғыларда, химия өнеркәсібінде, дәрі-дәрмек жасауда, метеорологияны жобалауда қолданылады, сондай-ақ тамақ өнеркәсібінде, тұрмыста да кенінен қолданылады.Бақылау сұрақтары.1.Жылу процесстері дегеніміз не?2.Жылу процессінің қолданылуы?3.Жылу алмасу?4.Стационарлық емеске мысал келтір5.Жылу алмасу процессі қалай жүреді?Дәріс 12. Жылулық алмастырғыштардың жіктелуі,олардың жобалық сипаттамалары.Жылуалмастырғыштарды есептеу әдістері.Температура -химия өндірістеріндегі ең негізгі технологиялық жəне экономикалық мəндердің бірі. Қондырғыларда біркелкі температура ұстап тұру үшін, оны бірде қыздыруға (жылуберуге), бірде суытуға (жылу алуға) тура келеді. Яғни, барлық жағдайда, жылутасымалдағыштардан жылытылатын денеге, суытылатын заттардан суық агенттеріне, дененің бір жағынан екінші жағына жылуды көшіру (беру) керек. Мұндай əртүрлі температурадағы денелерде, жылудың бір жағдайдан екіншісіне өтуі жылуалмасу үдерісі деп аталады. Жылуалмасу үдерісінің қозғаушы күші – ыстық жəне суық денелердің температураларының айырмасы – ∆t болады.Жылуалмасу негізінде үш түрлі əдіспен беріледі.
Жылуөткізгіштік -əртүрлі температурадағы қатты денелер бір-бірімен жанасқанда бірінен-біріне көшетін жылу. Бұл үдерістегі жылудың бір бөлшектен бір бөлшекке берілуі олардың тəртіпсіз қозғалысының нəтижесі деп қараған жөн. Мұндағы бөлшектердің жалпы бір бағыттағы қозғалысы (су сияқты) болмайды. Жылуөткізгіштік таза түрінде тек қатты заттарда ғана байқалады, ал тамшылы сұйықтар мен газдарда конвекция құбылысы жоқ кезінде ғана болады.Конвекция -тек сұйықтар мен газдарда, олардың молекулаларының өзара алмасуы нəтижесінде болатын жылу таралуы.Конвекция -еркін жəне еріксіз деп екіге бөлінеді. Газ немесе сұйық көлемінің əртүрлі нүктелеріндегі температуралар айырмашылығы салдарынан, осы нүктелердегі тығыздықтар айырмасының нəтижесінде болатын жылуалмасуды еркін конвекция деп атайды. Газ немесе сұйық көлемінің еріксіз қозғалысы (мысалы, насоспен айдағанда) салдарынан болатын жылуалмасуы еріксіз конвекция деп аталады.Жылулық сəуле шығару -жылу энергиясының электромагнитті (инфрақызыл) толқындар арқылы таралуы. Бұл ретте жылу сəулесін таратын денеде жылу, сəуле энергиясына айналып кеңістікке таралады да, жолында кездескен денелерге соғылғанда, бұл сəулелі энергия жартылай жылуға айналады, жартылай шағылысады, жартылай сол денеден ары өтіп кетеді. Техникада жоғарыдағы жылуалмасу үдерістері жеке түрінде өте сирек өтеді. Олар əрқашан екі үдеріс, кейде үш үдеріс түрінде бірлесе өтеді. Мысалы, қатты қабырға мен газ арасындағы жылуалмасуда осы үш үдеріс те болады. Осыған байланысты жалпы жылуалмасу үдерісін екі түрлі ішкі үдерістерге бөлуге болады.Жылу беру -қатты заттар мен сұйықтардың (газдардың) арасындағы тікелей жылуалмасу үдерістері.Жылуөту -сұйық пен сұйықтың, газ бен газдың, газ бен сұйықтың, қатты қабырға арқылы жылуалмасу үдерістері.Кез-келген жылу үдерісінің негізгі сипаттамасы алмасатын жылу мөлшеріне байланысты. Жылуалмасу қондырғыларының өлшемдері осы шамаға байланысты болып келеді. Жылуалмасу қондырғыларының негізгі өлшемі жылу беретін бет немесе жылуалмасу беті болып табылады.Қондырғыдағы берілетін жылу шамасы мен жылуалмасу бетінің арасындағы байланыс жылу таралудың кинетикалық теңдеуінен анықталады:d2Q=KЛ∆tdFd τ (2.1)мұндағы d2Q -берілген жылу мөлшері; Kл -орталар арасындағы жылуалмасудың локальды коэффициенті; ∆t -орталар арасындағы температуралар айырмасы; dF -жылуалмасу бетінің қарапайым бөлігі; dτ -жылуалмасу үдерісінің ұзақтығы.