Материал: азастан Республикасыны ылым жне жоары білім министрлігі Ш. Улиханов атындаы Ккшетау университеті кеа ОУдістемелік комплексі

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам
Барлық шамаларды физикалық және математикалық шамалар деп есептеуге, бөлуге болады. Мысалы: қашықтықты, ауданды, көлемді, бұрышты дағды бойынша математикалық шамалар деп есептейді.Қысқасы, математика физикалық құбылыстарды түбегейлі түсіндірудің, құбылысты барынша айқын ашып берудің кілтіндей. Ал физика таза математикалық абстракциялаудан туған шамаларға мән-мағына, ұғым береді, жаратылысына түсініс береді. Бұл ретте физика мен математика қолданылатын бір ғана ғылыми ұғымдар үйлесімді, өзара толықтыратын түсінік берілетіндей болуы үшін ұмтылу маңызды, мысалы, жол, қашықтық, және т.б. ұғымдар. Сонымен бірге физикаға жиын теориясының негізгі ұғымдары мен символдары жетекші роль атқаратын осы заманғы математика тілін ендіруге көп көңіл бөлу керек.
Физика курсының алгебрамен байланысыҚазіргі уақытта оқушылар алгебра курсында шамалар арасындағы функциялық тәуелділікті және функциялар графигін ерте оқып үйренеді, бұл ұғымдардың теориялық-көптік, түсініктерімен танысады. Мұның бәрі физика курсы үшін өте үлкен маңызға ие, өйткені физиканы жеткілікті түрде жоғары математикалық дәрежеде дер кезінде оқып үйренуге қажетті дайындығы болуына көмектеседі.VII сыныпта оқушыларға бүтін теріс көрсеткішті дәреже ұғымы беріледі, нүктелер бойынша квадрат үшмүшеліктің графигін салудың мысалдары қарастырылады, жуық есептеулерді оқып үйренеді, нәтижелердің дәлдігін бағалай отырып, аудандарды өлшейді және т.б. Осының бәрі VII-VIII сыныптар физика курсында өрнектерді қолдану мәселелерін неғұрлым жоғары ғылыми дәрежеде қарастыруға, графиктер мен жуықтап есептеулерді неғұрлым толық пайдалануға мүмкіндік береді. Алайда бұл мәселелерді ойдағыдай шешу көп жағынан физика мен математика арасындағы пәнаралық байланыстың қаншалықты жүзеге асырылатынына байланысты және нақты жағдайлар ескеріледі.Физика мен математика байланысының маңызды формасы физикалық мазмұнды математикалық есептерді шығару болып табылады. Математика сабақтарында да, физика сабақтарында да шығарылатын есептер пайдалы (мысалы, денелер көлемдерінің, фигуралар аудандарының анықтамасы, қозғалыс графиктерін салу т.б.). Бірыңғай әдістемелік тұрғыдан және талаптардан шығу үшін, бұл есептердің мазмұны мен оларды шығару әдістерін математика мұғалімінің физика мұғалімімен келісіп алып отыруы қажет. Бұл ретте оқушылардың бойында физикалық шамалар бірліктерінің атаулары қарастырылған амалдарды орындау шеберлігін қалыптастыруға ерекше көңіл аударған жөн. Физика сабақтарында да, математика сабақтарында да, математикалық және физикалық шамаларға біркелкі анықтама беруге, ережелердің, теориялардың бірдей тұжырымдалуына, графиктік материал мен жазуларды қысқаша жазып-сызуға бірыңғай талаптар коюға тырысу керек.Физика курсының геометриямен байланысыМектепте математикалық білім берудің мазмұнындағы неғұрлым елеулі өзгерістер геометрия курсында, оның ішінде планиметрияда болды. Мұның өзі ең алдымен геометрияны оқып үйренудегі теориялық-жиындық тұрғыдан, геометриялық фигураны нүктелер жиыны ретінде түсіндіруден көрінеді. Геометрия сабағында да, физиканың соған сәйкес сабағында да геометриялық нүкте ұғымынан басқа материялық нүкте ұғымын да енгізген жөн болады. Сондай-ақ траектория ұғымы да маңызды болып табылады, оның әр нүктесінде қозғалыстағы нүкте біртіндеп болып өткен сызық ретінде анықтауға болады. Геометрияда және басқа математикалық курстарда қашықтық ұғым қолданылады, ол ұғым бұл курстарда анықталмайды.
Геометрия курсы геометриялық және теориялық-жиындық символикалар арқылы физика курсына мейлінше елеулі әсер етеді. Символикаларды енгізу ең алдымен геометрияға теориялық-жиындық тұрғыдан енгізуден келіп шыққан. Әрбір геометриялық фигура нүктелер жиыны болғандықтан, әр түрлі фигуралар үшін ыңғайлы атау-белгілеулерсіз бұл жиынды қолдану тәжірибелік жағынан мүмкін емес. Символикаларға қойылатын екінші талап оларға фигуралар мен оларға сәйкес шамаларды анық ажырату тілегі болып табылады.Символиканы енгізу математиканың барлық курстарында дәйектілікпен жүргізіледі. Оны аталған ұғымдарды белгілеу үшін физика курсында да пайдалану қажет.Физика курсының биологиямен байланысыФизика мен биологияның өзара байланысы – бұрыннан келе жатқан түбегейлі байланыс. Биологияны дамытуға көптеген аса көрнекті физиктер өз үлесін қосса, аса іргелі физикалық заңдарды биологтар мен жаратылыс зерттеушілері ашты. Физиканың биологиялық ғылымдармен байланысы соңғы жылдары ерекше өріс алды. Соның нәтижесінде биофизика, агрофизика, бионика сияқты жаңа ғылымдар пайда болды. Жаратылыстануды оқып-үйренгенде, оқушылар жылу, температура, жарық, ылғалдылық және басқа осы сияқты физикалық ұғымдарды пайдаланады, газдардың, сұйықтардың және қатты денелердің физикалық қасиеттерімен танысады. Биологиялық объектілердің физикалық қасиеттерімен, олардың құрылыс ерекшеліктерімен немесе оларда болып жататын процестермен оқушыларды демонстрациялардың көмегімен таныстыруға болады. Физика мен биология бойынша кешенді тәжірибелер мен зертханалық жұмыстар орындаған жөн. Физика курсының географиямен байланысыОқушылардың IV сыныптағы дүниеттану пәні мен VII сыныпта оқытылатын географиядан алған білімі физикалық алғашқы мәліметтерді көруге болады. IV сыныптғы дүниетану сабақтарында олар заттардың үш күйі туралы біледі. Ауаның қасиетін оқып–үйренгенде, мәселен, газдардың серпімділікке ие екенін және жылуды нашар өткізетінін біледі. Бүгінгі таңдағы география–табиғатты зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының бірі. Шынында, физикалық географияның зерттеу объектісі Жер шарының шолып құраушы қабығы. Оқушылардың VI-VII сыныптарда географиядан алған білімдерін есепке алу физикалық кейбір мәселелерді оқып-үйренуде қайталауды жоюға, ең бастысы, бұл білімдерді физика курсының көптеген тақырыптарын тереңдеп оқып-үйрену үшін мүмкіндік береді.
.Физика курсының химиямен байланысыФизика мен химия бір-бірін өзара жиі толықтырып отырады, өйткені осы пәндер сабақтарында бір ғана құбылыстар мен процестер әртүрлі жағынан қарастырылады. Осы жерде факті жүзінде де ұғымдықта, теориялықта, пәнаралық байланыстар толық түрде көрінеді. Физика мен химия үшін өте маңызды ортақ ұғымдардың қатарына зат, масса, салмақ, энергия ұғымдары, сондай-ақ энергияның, электр зарядтарының, электр өрісінің сақталу және айналу заңдары т.б. жатады. Физика мен химияның пәнаралық аса маңызды теориялық байланыстары екеуінде де бірдей теорияларды молекулалық-кинетикалық және электрондық теорияны, атом құрлысы теориясын т.б. үйренумен байланысты. Физика мен химияны оқытудың өзара байланыстылығы заттардың атомдық молекулалық құрлысын оқып үйренген кезде өте қажет. Атомдық молекулалық теорияның элементтерін молекула ұғымынан кейін атомдар, химиялық элементтер мен ұғымдар негізінде дамытылады. Атом мен молекула туралы ұғымдарды дамыту үшін химиялық өрнектері енгізудің, заттар мен химиялық реакциялардың химиялық қасиеттерін оқудың зор маңызы бар. Физика сабақтарында токтың химиялық көздерін оқып үйренумен бір уақытта дерлік химия сабақтарында мырыштың және басқа металдардың қышқылдармен өзара әсерін оқып үйренеді, металдар кернеулерінің электрохимиялық қатарын қарастырады. Физика мен химияның оқыту байланысының маңызды формалары – физикалық-химиялық немесе химиялық-физикалық есептер шығару, бірлескен, мысалы, дінге қарсы, кешенді экскурсиялар, кештер және қызықты физика және химия кештерін өткізу, физика химия үйірмелерін ұйымдастыру, физиканы да химияны да оқып үйренуге қажетті көрнекі құралдар жасап шығару.Оқушылардың химия сабақтарында алатын тәжірибелік дағдылары: зертханалық жабдықпен жұмыс істеу, өлшеу есептеулерді орындау, өрнектерді жазу және басқа дағдыларды ескеріп, пайдаланып отырған жөн. Бұл ретте тәжірибелік дағдыларды келісе отырып қалыптастыру керек, өйткені бірінғай талаптар мен ережелердің жоқтығы оқушыларды оқытуға өте ұнамсыз әсер етеді.Негізгі әдебиеттер: [1,4,5]Қосымша әдебиеттер: [17,18,19,22]Тақырып 4. Физикадан оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары. Физикадан оқу материалын ауызша баяндаудың ерекшелігі.4.1. Сабақ – оқу сабақтарын ұйымдастырудың негізгі формасы.4.2. Сабаққа қойылатың негізгі талаптар.
4.3. Физика сабақтарының түрлері және құрлымы.4.4. Семинар сабақтар.4.5. Оқу конференциялары.4.6. Физикадан оқушылардың өз бетінше істейтің жұмыстарын ұйымдастыру.4.7 Физикадан оқу материалын ауызша баяндаудың ерекшелігі.4.1. Сабақ – оқу сабақтарын ұйымдастырудың негізгі формасы. Оқу материалын тақырыптық және сабақтық жоспарлау.Мектепте физика бойынша оқу сабақтарын ұйымдастырудың негізгі формасы оқушылардың тұрақты құрамымен және белгілі шұғылдану кестесі бойынша өткізілетін сабақ болып табылады. Мұның негізін салған атақты чех педагогі Я.А.Коменский.Оқыту формасы ретінде сабақтың өзіндік қолайлы бірнеше ерекшеліктері бар:

  • сыныптағы оқушылардың жасы бірдей және олардың саны тұрақты;

  • сабақ кестесі өзгермейді;

  • сабақ мұғалімнің басшылығымен етіледі;

  • сабақта әр түрлі оқыту әдістері мен тәсілдерін қолданудың мүмкіндіктері мол;

  • оқытудың сабақтық жүйесі оқу материалын окушылардың меңгеруіне жақсы жағдай туғызады;

  • материалды жеке бөліктерге бөлшектеп түсіндіруге қолайлы;

  • әр сабақта әр басқа пән өтіліп, оны әр түрлі мұғалімнің оқытуы окушыларды жалықтырмайды;

  • сабақта неше түрлі оқыту әдістері мен тәсілдері қолданылудың нәтижесінде окушылардың оқуға деген қызығушылығы, ынта-ықыласы, белсенділік қабілеті арттырылады;

  • оқушылардың зейінін көтеріп, тәртібін түзу ұстауға мүмкіндік туады.
Алайда сабақ — оқуды ұйымдастырудың негізгі формасы болып қалып отыр. Сабақ — оку процесіндегі шешуші буын, сондықтан оқушылардың пән бойынша алған білімдерінің сапасы да ең алдымен әр сабақтың ғылыми-әдістемелік дәрежесіне және жалпы алғанда сабақтардың бүкіл жүйесіне байланысты.Басқа сабақтар сияқты физика сабақтарына да белгілі дидактикалық принциптердің талаптары қойылады:

  • оқу материалын баяндаудың ғылымилығы мен жүйелілігі;

  • оку материалының окушыларға түсінікті, меңгере алатындай болуы;

  • оқытудың көрнекілігі;

  • оқу материалын меңгеруде оқушылардың саналылығы мен белсенділігі;

  • оқушылардың білімдерінің беріктілігі;

  • оқытудың өмірмен байланыстылығы, т.б.
Физика бойынша оқу сабақтарының факультативтік сабақтар, қорытындылаушы семинарлар [9], конференциялар мен практикумдар сияқты жаңа формалары қолданылады.
Источник: https://files.student-it.ru/previewfile/273287