Физиканы оқыту әдістемесінің физикамен байланысыБізді қоршаған орта: адамдар, жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар табиғат ұғымды білдіреді. Яғни, физика — табиғат туралы ғылым. Физика ғылымын оқыту кезінде ең алдымен оқушылар табиғат, адам және ұғымдарымен таныстырылады. Содан кейін табиғат пен адам арасындағы байланыстар түсіндіріледі, табиғаттағы сан алуан өзгерістер туралы айтылады, физикалық құбылыстар, теориялар, анықтамалар, заңдар толығымен түсіндіріледі. Физиканы оқыту әдістемесінің басты мақсаты — оқушыларға физика пәнің қалай түсіндіру керек, қандай әдіс-тәсілдер қолдану керектігі, оқушыларды қызықтыратын сабақтардың қандай түрлерін қолданылуға болатының зерттеу және анықтау.Физиканы оқыту әдістемесінің философиямен байланысыӘрбір адам жастайынан дүниені танып біле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында білімдер жинақтайды, ара-арасында ол заттар мен құбылыстар неге олай, дүние неге бұлай құрылған, т.б сұрақтарды өз-өзіне қояды. Дүние және адамның ондағы орны жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниекөзқарас деп аталады.Көпөлшемді бұл құбылыс адам өмірінің, тәжірибелік іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады. Дүниекөзқарасты құратын рухани құбылысқа философия кіреді.Философия — адамзат дамуының қайнарынан бастау алатын ғылым. Философия нақты фактілерге жүгінеді. Сондықтан философия басқа ғылымдар сияқты қашанда объективтік факторларға сүйенеді. Басқа ғылымдар сияқты оның заңдары мен категориялары бар. Философия бүкіл әлемді, оның басты салалары — табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады, объективтік шындық жөніндегі белгілі қағидалар жүйесін қалыптастырады. Бәрі де «материя» ұғымынан басталады.Материя ұғымы — дүниені адамның санасынан тыс, әрі тәуелсіз объективті шындық деп қарайтын дүниетанымның түп қазығы, мән–мағынасы болып табылады. Эпикур мен Тит Лукреций Кар дамытқан ой - пікір бойынша бұл ілім мынаған саяды. Әлемдегі барлық дүниелер мен заттар атомнан құралады. Атом — пайда болмайтын, жоғалып та кетпейтін, кеңістікте мәңгілік қозғалып отыратын, бөлінбейтін ең кішкене бөлшек. Денелер мен заттардың және олардың қасиеттерінің әр түрлі болуы құрамындағы атомның санына және ол атомдардың өзара орналасуына байланысты. Міне, осының бәрі де физикамен байланысты. Және осының бәрін ескере отырып, «Физиканы оқыту әдістемесі» жүргізіледі.
Физиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен байланысыМектептегі орта және жоғары сыныптағы балаларға физика пәнінен сабақ берген кезде оларға тәрбие бере отырып сол сабақтың оқыту мақсаттарын, міндеттерін, әдістері мен принциптерін, формаларын, мазмұнын және сол сабақтың нәтижесін зерттеуге көмектеседі.Педагогика — адам дамуы мен қалыптасуының мән-мағынасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіс сипатындағы білім беру мен тәрбие теориясының мәнін заңдылықтарын, тенденциясы мен перспективасын зерттейтін ғылым. Осыған сүйене отырып пәнді қалай жүргізу керек, қандай тәсілдер пайдаланылу керектігі қарастырылады.Физиканы оқыту әдістемесінің психологиямен байланысыПедагогикалық психологияның дамуы, жаңа психологиялық концепциялар мен теориялардың пайда болуы, көбінесе ойлау әрекетінің этапы қалыптасуы, дамып келе жатқан білім берудің даму теориялары, жалпылаудың теориялық концепциялары физиканы оқыту технологияларының қалыптасуына әкеледі.Әр оқушының психикасын жақсы білу үшін психологиялық тесттер, әдістер, т.б. тәсілдерді физиканы оқыту әдістемесінде қолданады.Негізгі әдебиеттер: [1,4,5]Қосымша әдебиеттер: [22,24,28]Тақырып 2. Физика пәнінің мектепте оқытудың негізгі міңдеттері.2.1. Мектепте физиканы оқытудың маңызы.2.2. Физиканы оқытуда қойылатын міндеттер.2.3. Оқыту үрдісінде оқушылардың физикалық ойлауын дамыту.2.4. Физикалық ұғымдардың жүйесін қалыптастыру.Политехникалық білім беру2.1 Мектепте физиканы оқытудың маңызыФизика материя қозғалысының неғұрлым жалпы касиеттері мен заңдарын зерттейді. Ол осы заманғы жаратылыс тануда жетекші роль атқарады. Мұның өзі физикалық заңдардың, теориялардың және зерттеу әдістерінің барлық жаратылыс ғылымдары үшін шешуші мәні барлығымен байланысты. Физика — қазіргі заманғы техниканың ғылыми негізі. Электротехника, автоматика, радиотелеметрия және техниканың басқа да көптеген салалары физиканың сәйкес бөлімдерінен дамып өрістеді. Ғылым мен техниканың әрі қарай дамуы физика жетістіктерінің техника мен өндірістің түрлі салаларына одан әрі неғұрлым терең енуіне алып келеді.Жаратылыстану үшін және техниканы дамыту үшін физиканың мәні арта беруіне байланысты, физиканы білу қазіргі қоғамның әрбір адамына қажетті бола түсуде. Мектептерде физиканы оқып үйренуге үлкен назар аударылып отырылуын осы айтылғаңдармен түсіндіруге болады.
Физиканы оқыту үрдісінде оқушыларды физиканың өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы, көлік пен медицинадағы аса маңызды қолданыстарымен таныстыруға, автоматика туралы түсінік беруге, тәжірибеде кеңінен қолданылатын өлшеу құралдарымен және құрал-жабдықтарымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік туады. Оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке дайындау үшін мұның үлкен маңызы бар.Физиканы оқып үйрене отырып, оқушылар көптеген табиғат құбылыстарымен және оларға берілген ғылыми түсініктермен танысады, балалардың бойында дүниенің материялылығы туралы, қандай да болсын жаратылыстан тыс күштің жоқтығы, адамның қоршаған әлемді тану мүмкіндігінің шексіздігі туралы сенім қалыптасады. Физика мен техниканың даму тарихымен таныса келе, оқушылар адамның, ғылыми білімдерге сүйене отырып, айналадағы шындық болмысты қалай қайта өзгертетінін, өзінің табиғатқа билігін қалай арттыратынын түсіне бастайды. Мұның бәрінің оқушылардың бойында диалектикалық – материалистік көзқарасты қалыптастыру үшін маңызы зор.Физикалық теориялар мен заңдарды оқып үйрену, кұбылыстар арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтау, нақты физикалық есептерді шешуге теориялық білімдерді қолдану оқушылардың логикалық ойлануын, олардың танымдық қабілеттерін дамытуда үлкен роль атқарады.Физиканы оқып үйрене отырып, оқушылар аса көрнекті прогресшіл ғалым физиктердің қызметімен, ғылымы мен техникасының, сондай-ақ барлық елдер ғылымы мен техникасының озат сипатымен танысады. Мұның бәрінің үлкен тәрбиелік мәні бар.
2.2. Физиканы оқытуда қойылатын міндеттерФизиканы оқыту міндеттеріне мыналар жатады:
-
ғылыми-техникалық прогресті жетілдіруде физиканың атқаратын маңызын және оның даму болашағын ғалымдардың физика мен техниканы дамытуда қосқан үлесін ашып көрсету негізінде оқушыларға тәрбие беру;
-
ғылыми білімдерді, эксперименттік фактілерді, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, физика ғылымының өзіндік әдіс-тәсілдерін, дүниенің қазіргі бейнесін қалыптастыру;
-
материяның құрылымдық сарқылмастығы мен біртұтастығын, физикадағы аса маңызды сақталу заңының жан – жақтылығын, физикалық құбылыстардың диалектикалық сипатын, физикалық теориялардың сабақтастығы, физиканы дамытудағы теория мен тәжірибе арақатынасының міндетін, танымдағы іс-тәжірибенің атқарар маңызын ашу;
-
ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарымен, атап айтқанда кешенді автоматтандырумен, электрониканың және микропроцессорлық техниканың, автоматтық энергетиканың дамуымен, жаңа материялдарды жасау және өңдеу технологиясымен, физика заңдарының техника және өндіріс технологиясын да қолданылуымен таныстыру;
-
өз бетімен білім алу және алған білімдерін қолдана білу, физикалық құбылыстарды бақылай және түсіндіре білу, сондай-ақ, оқулық, анықтамалық және хрестоматия әдебиеттерін пайдалана білу бейімділігін қалыптастыра білу;
-
қайсыбір экспериментік икемділікті қалыптастыру, құралдар мен аспаптарды пайдалана білу, өлшеу нәтижелерін шығара білу және тәжірибе мәліметтері негізінде қортынды жасай білу, қауіпсіздік техникасы ережесін сақтай білу;
-
физика мен техникаға деген танымдық ықыласын, шығармашылық қабілетін дамыту, ілімнің саналы мотивтерін қалыптастыру; мамандықты саналы таңдауға дайындау.
-
оқушыларға адамгершілік тәрбие беру, білім беру және сол білімдерін жетілдіру, еңбек етуге дайындау;
-
оқу материалын саралау принципін жүзеге асыру - негізгі фактілер, ұғымдар, заңдар, теорияларды және физика ғылымының әдістерін оқып үйренуге, теория негізінде физикалық құбылыстардың кең ауқымын қортындылауға үйрету;
-
физикалық құбылыстарды, тәжірибе нәтижелерін аспап пен қондырғылардың жұмыс тәртібін өз бетінше түсіндіріп беруге, ғылымның негізгі бастапқы қағидаларын қолдана білуге үйрету;
-
оқушыларға физиканың ғылыми және теориялық негіздерін меңгерту;
-
оқушылардың жалпы ғылыми ойлауын дамыту-физикалық құбылыстардың, заңдар мен заңдылықтардың, қағидалардың мәнін олардың болу себептерін түсіндіру, құбылыстардың қалай болатынын алдын ала болжау;
-
оқушылардың алған теориялық білімдерін, табиғатта, техникада, өмірде, жұмыста кездесетін физикалық құбылыстарды түсіндіруге қолдана білуге үйрету;
-
оқушыларға патриоттық және ұлтық мақтаныш сезімін тәрбиелеу;
-
физика курсын өз бетінше оқып үйренуге тәрбиелеу;
-
оқулықта және арнайы берілген тапсырмалар бойынша оқу материялдарын
талдай білу;
-
физикалық жаттығуларды, экспериментік және оқыту тәжірибелерін, зертханалық жұмыстар мен есептер шығаруды еркін меңгерту және т.б.
2.3. Оқыту үрдісінде оқушылардың физикалық ойлауын дамытуОкушылардың физикалық ұғымдарды түсініп, талдап ұғуы, олардың логикалық және диалектикалық ойлауын дамытуға зор ықпал етеді. Академик С.И. Вавилов айтқандай, физикалық ойлауға дағдылану керек, оған көп жаттығу мен ұзақ үйренудің нәтижесінде қол жеткізуге болады, бұл физиканы оқытудың ең басты міндеттерінің бірі болуы тиіс.Физика – табиғат туралы ғылым. Оның басты мақсаты – заттар мен денелердің, құбылыстар мен процестердің негізгі қасиеттерін біліп–тану, табиғат құбылыстарының заңдылықтарын зерттеу. Сабақта мұндай танымдық үрдіс оқушылардың физикалық ойлауын дамытуды қажет етеді. Бұл үшін оқыту үрдісінде анализ және синтез, салыстыру мен аналогия, классификация және жүйелілік, абстракция және жинақтап қорытындылау сияқты логикалық ойлау амалдарын пайдаланамыз. Демек, физиканы осындай логикалық талапқа сай оқытып, физика ғылымы негіздерінің логикалық жүйесін ашу арқылы оқушы жастардың физикалық ойлауы дамытылады. Бұл, әрине, алдымен мұғалімнің физикалық білімдер жүйесі мен оның құрылымының ерекшелік сипаттарын білуін қажет етеді.
Оқушылардың физикалық ойлауын дамытуда ең алдымен оларды диалектикалық ойлауға, яғни физикалық құбылыстар сырының қалай ашылғандығына (мысалы, Архимед күші, электрмагниттік толқын, радио байланыс, т.б.) үйретіп, әлі шешілмеген мәселелердің зерттеліп толық білімге айналатындығын (атомның және ядроның құрылысы, ғарыш кемелерін ұшыру, теледидарлық хабар беру, т.б.) түсіндіріп, физикалық заңдылықтардың өзара байланысын (газ заңдары, уранның тізбекті реакциясы, т.б.) ашып көрсетуіміз қажет.Мектепте физиканы оқыту кезінде окушыларды логикалық ойлаудың негізінен мынадай түрлеріне үйретуіміз керек:
-
физикалық ойлау;
-
ғылыми-техникалық ойлау;
-
диалектикалық ойлау;
-
индуктивтік ойлау;
-
дедуктивтік ойлау;
-
абстракты ойлау.
Әрине, мұның бәрі бір сабақта немесе бір тарауды оқытумен бітетін іс емес, мұны оқушылардың мектепті бітіргенге дейін дамытылатын қабілеттері деп түсінуіміз тиіс. Физикалық ойлау деп оқушылардың:а) физикалық құбылыстарды бақылау,ә) күрделі құбылыстарды құрамды бөліктерге жіктеу,б) олардың арасындағы өзара байланыстар мен қатынастарды анықтау,в) физикалық құбылыстар мен шамалардың арасындағы сандық және сапалық байланыстарды тағайындау,г) физикалық теориялардан шығатын салдарларды көре білу,д) физикалық білімдерді тәжірибеде қолдана білу ебдейліктерін дамытуды түсінеміз. Мұның сапалық дәрежесін оқушылардың мынадай іс-әрекетінен көруге болады: а) ой еңбегін жеңілдететін логикалық тәсілдерді қолдана білуі,ә) физикалық өрнектердің дұрыстығына сеніп, тексере білуі, б) есеп шығаруда тиімді тәсілдерді дұрыс тандап ала білуі, в) физикалық шамалардың өлшем бірліктерін тексере білуі, физикалық заңдылықтардың өмірде қолданылуын түсіндіре білуі, т.б.Оқушылардың ғылыми–техникалық ойлауы физика мен математиканың арасындағы терең байланысты таба білуге, олардың техникада қолдану мүмкіндіктерін алдын ала болжай білуге, физикалық идеялардан түрлі техникалық конструкциялар мен модель, сүлбелерді жасай білуге үйрету арқылы дамытылады. Бұған жартылай өткізгіштер мен электрмагниттік толқын теорияларын мысал ретінде алуға болады, себебі оның негізінде электрониканың және радио–теледидарлық техниканың дамығаны белгілі.Табиғаттың объективті заңы – энергияның сақталу және айналу заңы-мектепте оқытылғанда, табиғат құбылыстарының өзара байланыстылығы, энергияның сақталуы туралы ол заңның негізгі идеясы бүкіл физика курсын «қызыл жіптей көктеп» өтеді. Бұл оқушылардың диалектикалық ойлауын дамытуға қолайлы мүмкіндік туғызады. Физикалық құбылыстардың арасындағы байланыстардың себеп-салдарларын анықтай білуге үйрету-оқушылардың диалектикалық ойлауын дамытуға өте пайдалы әдістемелік тәсіл. Мысалы, капиллярлықтың себебі – сұйықтардың беттік керілу кұбылысы, жарық жылдамдығының бір ортадан екінші ортаға өткендегі өзгеруі–жарықтың сынуының себебі; дене жылдамдығының өзгеруі–күш әсерінің салдары, ал ауа салмағының салдары–атмосфералық қысым болып саналады; физикалық парадокстарды шешу де – бұл мақсат үшін әсерлі тәсілдің бірі.