а) Физикалықдиктантжеке сұрақтардан тұрады. Сұрақтар мына мәселелерді қамтиды:—физикалық шамалардың әріптік белгіленуі, олардың өлшем бірліктері (1-саты);— физикалык шамалардың анықтамалары, олардың өлшем бірліктері, бірліктердің арақатынасы (1- жөне 2-саты);— физикалық кұбылыстар мен заңдардың тұжырымдамасы, физикалық шамалардың өзара математикалык байланысы (2-саты);— физикалъқ шамалардьң өзара графиктік байланысы (2,3-сатылар);— физикалық құралдардьң атқаратьн қызметі және олардың жұмыс істеу принциптері (1- және 3-саты).Физикалық диктантты өткізу әдістемесінің қиындығы жоқ. Мұғалім оқушыларға мәтіннің сұрағын оқып береді (екі рет қайталап оқыса жеткілікті) немесе магнитофондық жазуды, проекциялық кұралдарды пайдаланады. Нұсқалар саны екіден артпайды. Оқушылар қойылған сұрақтарға берілген уақыт ішінде жауаптарын жазады.ә)Өзіндік және бақылау жұмыстарыӨзіндік жұмыстыңнегізгі мақсаты - оқылған білімді қайталап бекіту, жалпылау, жүйелеу; келесі кезеңдегі оку материалын окуға көшу мүмкіндігін анықтау. Жаңа оқу материалын бастау үшін бірінші және екінші сатыдағы білім мазмұнын барлық оқушының 80 пайызы меңгеруі міндетті. Оқушылар сабақта өзіндік жұмыстың қандай түрін орындаса да, жетекшілік роль мұғалім болуға тиіс. Бақылау жұмысы - мектепте алған білімді тексеру және есепке алудың маңызды құрамдас бөлігі. Оның нәтижесі бойынша ұстаз белгілі бір уақыт аралығындағы оқу жұмысының қорытындысын шығарады. Бақылау жұмысынын көрсеткіші бойынша оқу материалының игерілу сапасы бағаланады, оқушылардың келесі оқылған материалды қабылдауға даярлық дәрежесін айқындайды. Бұлар мұғалімнің оқу процесін жақсарту шараларын белгілеуге мүмкіндік береді.Тақырыптық және қорытынды бақылау жұмыстарыАл тақырып оқылған соң тақырыптық бақылау жұмысы орындалады. Қорытынды бақылау жұмыстары ірі тараулардьң соңында жүргізіледі.Осы құралда жинақталған жұмыстар оқушы білімін бағдарлама талабына сәйкес үш деңгейде тексеруге мүмкіңдік береді.1-деңгей. Оқу материалын қайталап айтуы.2-деңгей.Білімі мен дағдысын оқу процесінен белгілі жағдайларды түсіндіруге қолдануы.3-деңгей.Білімі мен дағдысын оқу процесінен таныс емес жағдайларды түсіндіруге қолдануы.Осы жүйемен құрастырылған тақырыптық және қорытынды бақылау жұмыстарынан нәтижесінде физикадан ең негізгі білім элементтері мынадай төрт бағытта тексеріледі.
I. Физикалық шамаларды білу:1) шамалардың анықтамасы;2) олардың шартты белгіленуі;3) есептеу формуласы;4) формулаға кіретін шамалардың өзара байланысы;5) физикалық шаманың өлшем бірлігі;6) физикалық шамаларды өлшеу тәсілдері.II. Физика заңын білуі: 1) заңының тұжырымдамасы;2) заңның математикалық жазылуы, олардың өзара байланысы;3) формулаға кіретін шамалардьң өзара байланысын графикте бейнелеу;4) заңньң қолданылу шегі.III. Физикалық байланыс формуласын білуі:1) формуланың математикалық жазылуы;2) формулаға кіретін коэффициенттің физикалык мағынасы, оның бірлігі;3) формулаға кіретін шамалардьң өзара байланысы;4) формулаға кіретін шамалардың өзара байланысын графикте кескіндеу.IV. Физикалық кұбылыстарды білуі:1) кұбылыстың физикалық мәні;2) құбылыстың туу шарты;3) құбылысты түсіндіретін теория;4) құбылыстың өту шартын теория негізінде түсіндіру;5) теорияның қолданылу шегі.Бақылау жұмыстарының қорытындысын осы көрсетілгендей бағыттарда жеке білім элементтері бойынша тексеру әр оқушының білімін тақырып бойынша есепке алып отыру мүмкіндігін туғызады. Тексеру арқылы оқушылардың білімдері қалыптасып қана қоймай, нақтылана түседі: физика мен бірге басқа пәндер оқушылар тарапынан жоғары дәрежеде жүйеге келтіріледі.Білімдерді тексеру – бүкіл сабақ бойындағы мұғалім мен оқушы арасындағы байланыстырушы құрал болып табылады. Тексерудің оқу процесіндегі мақсаты мен маңызына, тәсілдеріне байланысты ол түрлі
қызметтерді атқаруы мүмкін:
-
бағыттыу қызметі;
-
талдау қызметі;
-
білім беру қызметі
-
тәрбие беру қызметі;
-
дамыту қызметі;
-
бақылау қызметі;
Физика пәні бойынша оқушылардың білімдері мен іскерліктерін тексерудің негізгі тәсілдері мыналар:
-
ауызша тексеру;
-
жазбаша тексеру;
-
практикалық тексеру;
-
графиктік тексеру;
Кейде соңғы әдісті алдыңғы 2 әдістерге қосып, тексерудің 3 әдісін бөліп қарастырады: жазбаша, ауызшы және практикалық.Алайда физика курсында физикалық шамалардың арасындағы тәуелділік графиктерін оқи білу және сол графиктерді сала алуына көп көңіл бөледі,сондықтан физика пәні үшін графиктік әдіс қажетті болып табылады.Тексерудің
негізгі түрлері мыналар:
-
күнделікті(ағымдағы)тексеру;
-
тақырыптық тексеру;
-
қорытынды тексеру;
Тақырыптық тексеру қорытынды тексерудің бір түрі болып табылады,өйткені қорытындыны тақырып, бөлім, тоқсандағы бірнешще тақырыптар бойыншы шығаруға болады. Жылдық емтихандар да осыған жатады. Сондықтан тексерудің 2-түрін бөліп қарастырады: ағымды және қорытынды тексеру.Физика бойынша оқушылардың білімдері мен іскерліктерін тексерудің негізгі қызметтері мен олардың оқу процесіндегі рөлдерін қарастырайық.Тексерудің бағыттау қызметінің нәтижелері мұғалімге оқушылардың іс-әрекеттерін олардың білімдеріндегі кемшіліктердегі жою үшін және оқу материалын одан әрі жетілдіре оқыту үшін бағыттауға мүмкіндік береді.Оқыту процесін қай түрде өтуіне қрмастан оқушыларға жауаптары сабақтың негізгі мақсатын қамтитын сұрақтар қоюы тиіс. Мұнда да тексерудің бағыттау қызметі көрініс табады,өйткені ол бір жағынан, оқушыларды негізгі материалды ажыратуға бағыттасы, екінші жағынан мұғалім әр сабақта осы негізгің материалдды оқушылардың қалай меңгергендігі жайлы мәләмет алады.Егер тексеру арқылы білімдер мен кемшіліктерді анықтаумен қатар, білім сапасының жақсы немесе нашар болуының себептерін анықтаса, онда бұл жағдайда тексерудің диагностикалық (талдау) қызметі жүзеге асады. Тексерудің диогностикалық бағытын күшейту үшін тапсырмалыр дайындауда алдымен оқушылардың білімдеріндегі артықшалықтар мен кемшіліктер себептері жайлы нақты болжамдар келтірілуі тиіс. Диагностикалық тапсырмалар мұғалімге оқушылардың білімдеріндегі кемшіліктерді нақтырақ анықтауға және олардың білім дәрежесін көтеру үшін жасайтын өз еңбюегін белгілі бір мақсатқа сай жүргізуіне мүмкіндік береді.Бұл жағдайда тексерудің жетілдіру (дамыту) қызметі көрініс табады. Мысалы, физикалық құбылыстарды үйреніп – игерілген ұғымдар, заңдар, теориялар негізінде түсіндіру; өзгертілген жаңа жағдайларда өз білімдерін қолдана білу іскерліктерін тексеру осы іскерліктердің қалыптасуын анықтаумен қатар, сол қалыптасқан білімдер мен дағдыларын өз бетінше қолдануға; өз түсінігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тексеру барысында оқушылардыңм ойлау қабілетін жетілдіру мәні де осыда жатыр.Тексрудің тәрбиелік қызметі оқушылардың өздерінің оқу жетістіктері жайлы алғашқы, әрі маңызды есепберуінің түрі болып табылады. Тексеру барысында оқушы мұғалім және сыныптас құрбыларын алдында өзінің оқудағы нәтижелерін жөнінде мәлімет береді. Білім беру нәтижелерінің анықтаудың
күнделікті және
қорытынды тексеру тәсілдерін қолданылуы мүмкн, алайда ол көбіне
жеке және
фронтальді түрде сұрақтар қою арқылы жүргізіледі.Күнделікті тексеруде есептерді шығару (тақтада және жеке дара),яғни жазбаша тексеруге көп көңіл бөледі. Оқыту үрдісінде білім сапасын анықтау үшін оқушылардың алған білімінің мөлшерін анықтап, тексеру мен бағалау, нәтижесін саралау ең маңызды роль атқарады.Бірақ қазіргі таңда олардың алған білімінің мөлшерін анықтау, бағалау үшін әртүрлі тәсілдермен қатар әр түрлі критерийлер қолданылады. Бүгінгі күні білім беру мен оқушылардың алған білім деңгейін айқындап тексеру, саралауда өзекті мәселелердің бірі – жаңа технглогиялық әдістерді қолдану.Бұл тұрғыда Қазақстандық білім беру жүйесінде білімді тексерудің тестік рейтингтік жүйесі кең көлемде қолданыс табуда.Оқушы өз жауабы қате болса, оны қызыл түсті сиямен сызып, дәптеріне дұрыс жауапты жазады да, өз жұмысын бағалайды және дәптерін мұғалімге өткізеді. Келесі сабақта ұстаз жұмыстарға талдау жасап, бағаларын бекітеді. Бұл, бірішіден, шәкірттерді бақылау жұмысын орындауға ынталандырады, екіншіден, оларда өзіне-өзі сынай караушылық сияқты өнегелі қасиеттер қалыптастырады.
Ауызша жауап беруді бағалау.Егер оқушы:
-
қарастырылып отырған құбылыс немесе заңдылықтың физикалық мағынасын толық түсінсе; заңдар мен теорияларды білсе және оларды нақты мысалдармен бекіте алса сонымен қатар оларды жаңа жағдайларда,практикалық жұмыстарды орындау барысында қолдана алса;
-
негізгі ұғымдар, заң-теориялардың нақ анықтамасы; өлшем бірлігі мен өлшеу тәсілдерін білсе;
-
өз жауабын қарапайым демонстрациялық тәжірибелермен нақтылай алса онда ол оқушыға“5” деген баға қойылады.
-
1 немесе 2 болмашы қателік жасаса және оларды өз бетінше немесе аздап мұғалімнің көмегімен түзете алса онда ол оқушыға “4” деген баға қойылады.
-
оқулық мәтінін толық түсінбегенін байқатса және жауап бергенде бір-екі қателіктер жіберсе онда ол оқушыға “3” деген баға қойылады.
-
бір ғана сұраққа жауап бергенде екіден көп қате жіберіп, оны тіпті мұғалімнің көмегімен де түзете алмаса онда ол ол оқушыға “2” деген баға қойылады.
Егер оқушы қойылған сұрақтардың біреуіне де дұрыс жауап бермесе, ол оқушыға
“1” деген баға қойылады.
Жазбаша өзіндік, диктант және бақылау жұмыстарын бағалау.Тақырыптағы анықтамалар мен негізгі формулаларға балалардың назарын аудару және оларды есте сақтау мақсатымен физикалық диктант жұмысы өткізіледі. Оның мазмұны магнитофоннан (алдын ала жазылған) тыңдалады. Бұл мұғалімнің жұмысты әр оқушының өздігінен орындауын қадағалауға мүмкіндік береді.
7.2. Физикалық экскурсиялардың маңызыЭкскурсия оқушыларды табиғат және өндірісте болып жатқан құбылыстарды, процестерді бақылауға, олардың өзара байланыстылығына және өзара шарттастығына, техниканың дамуындағы ғылымның маңызын тереңірек түсінуге үйретеді.Экскурсиялар кезінде оқушылар мекемелердің адамдарымен, олардың жасаған еңбегімен танысады. Еңбек топтарының мүшелерімен, өнертапқыштармен өткізілетін кездесулер оқушылардың еңбекке деген шығармашылық қатынасын қалыптастыруға ықпал жасайды. Экскурсияда оқушылар әр түрлі кәсіптер жөнінде түсінік алады, бұл — олардың кәсіптік бағдарлануы үшін маңызды.Сөйтіп, экскурсиялар физиканы оқып үйренуді өмірге жақындатады, оқып үйренілетін материалға қызығушылығын өрістетуге ықпал жасайды, табиғат құбылыстарымен және қазіргі техникамен таныстырады, оқушыларға кәсіп таңдауда көмектеседі.Экскурсияларды мазмұны бойынша және оқу мақсатына қарай классификациялауға болады. Экскурсиялар мазмұнына қарай тақырыптық және кешенді болып бөлінеді. Тақырыптық экскурсияларды қандай да бір тақырыпты немесе бөлімді оқып үйренуге байланысты өткізеді, кешенді экскурсиялар физика бойынша және басқа оқу пәндері бойынша мәселелердің ауқымын кеңінен қамтиды.Экскурсияларды дидактикалық мақсаты бойынша күнібұрынғы және қорытындылаушы деп бөледі. Біріншісін қандай да бір тақырыпты оқып үйрену алдында оқушылардың жаңа тақырыпты оқып үйрену үшін көріп-білу қорын жинақтау мақсатымен өткізіледі. Қорытындылаушы экскурсиялар, тақырыпты немесе бөлімді оқып үйренудің соңында, оқушыларды оқып үйренілген құбылыстар мен заңдарды техникада қолданылуымен таныстыру мақсатында өткізеді. Сондай-ақ өндірістік экскурсиялар және табиғатқа жасалатын экскурсиялар деп те ажыратылады. Өндірістік экскурсиялардың негізгі мақсаты — физикалық құбылыстар мен заңдарды өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында, көлікте және байланыста, медицина мен ғылыми зерттеулерде қолдануларын керсету.Өндірістік экскурсиялар әдетте казіргі ірі мекемелерде өткізіледі, бірақ оқушыларға неғұрлым қарапайым шағын шеберханалардағы құрал-жабдықтарды көрсетуге болатынын ескермеуге болмайды.Мұражайларға, жоғары оқу орындарының және ғылыми-зерттеу институттарының оқу зертханасына, мектеп оқушылары машина модельдерімен, станоктармен, қондырғылармен, ең жаңа физика-техникалық құрал-жабдықтармен танысатын техника жетістіктерінің көрмесіне экскурсиялар жасау пайдалы.